ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1-тақырып
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ

Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау - оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде Білім беру - бұл құндылық және оқу-білім саласындағы құндылықтар деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі - постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің Білім археологиясы атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді: 1)оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2)ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші - бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде - бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс - правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады. Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация - дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім кең ағартушылық түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем туралы философиялық түсінік, оның негізгі түрлері мен әдістері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы. Философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықталуы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия пәні және оның қызметі
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Философия және философ қоғам мен адам өмірінде
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Пәндер