ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Баяндамамның тақырыбы: "ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ. "
Бұл баяндамада жаңартылған білім беру бағдарламасын сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Бүгінгі таңда білім беруде өмірдің өзі жаңа идеялар мен әдістерді талап етеді. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ мұғалім атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, шәкірттерімнің өз ойларын еркін және ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім келеді.
Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары Бүгін физика сабағы ұнады. Өзімізді еркін ұстадық, Физика сабағының осылай өткені жақсы екен. Сурет арқылы ойымызды ортаға салдық, Сабақ өте қызықты өтті. Өзіміз жаңа сабақты аштық, Маған ұнағаны физикалық құбылыстарды ертегілерде, мақал - мәтелдерде қолданғанымыз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде Диалог арқылы оқыту мен Қалай оқу керектігін үйретуді ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік - сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Қалай оқу керектігін үйрету немесе метасана оқушыларды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.[1, 12 - б]
Сабақтарымда әр түрлі Блум өлшемдеріне негізделген сұрақтар, оқушылардың біріге отырып білім алуларына ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар арқылы диалогтік оқыту әдістерін енгіздім. Мысалы, заттың құрылысы тақырыбында дене мен затты ажырат аллюминий қасық ағаш үстелдің үстінде жатыр, жылу берілу түрлеріне байланысты Қандай аяқ киімде қыста аяқ тез тонады: тарда ма, әлде кеңде ме? немесе Көмірқышқыл газы бар ыдыс таразыда теңгерілген. Белгілі бір уақыттан соң тепе - теңдік бұзылды. Неліктен?, жылу құбылыстары бойынша бір жуан, бір жіңішке сұрақтар дайындап келу, жылу мөлшерін қорытындылау тақырыбында Жылу құбылыстарын Шықбермес Шығайбайдың үйінен іздейік, Мақал - мәтелдерден жылу құбылыстарына қатысты оқиғаларды тап деген сұрақтарға оқушылар бір - бірімен жарыса отырып жауап берсе, рөлдік ойындарға аса қызығушылықпен қатысты.
Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.[1, 40 - б]
Түрткі болуға арналған сұрақтар бойынша қарапайым, өткен материалға оралу, толық жауап беруге итермелеу болғандықтан мен өз сабағымда үй тапсырмасын тексеруде, бекітуде қолдандым. Мысалы: Молекула не екенін 7 кластан білеміз. Оның қасиеттері қандай? Диффузия заттың қай күйінде болады? Мысал келтіріңіз деген сұрақтарға оқушылар нақты, дәл, өткенді еске түсіре отырып, толық жауап беруге тырысты.
Сынақтан өткізу сұрағы анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеясын дамытуға көмектеседі.[1, 41 - б] Мұндай сұрақтарды Жылу берілу түрлерін өткен кезде Үйдің подвалы неліктен салқынырақ болады, Стаканға ыстық шай құймас бұрын қасық салынады. Неліктен? т. б. және жуан (Неліктен сулы қара түсті киімдерді ақ түсті киімдердің қасында ұзақ уақыт ұстауға болмайды?), жіңішке (Газ бен сұйықтың қайсысында диффузия құбылысы тез жүреді?) сұрақтар дайындауда қолданылды. Қайта бағыттау сұрақтарына Сынған карындашты біріктіре аламыз ба? деген сұрақтарды қолдануға болады.
Диалог арқылы оқыту оқушылар логикалық ойлай алатын, қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасай алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді және оқушыға жеңілден күрделіге бағытталған сұрақ қоя отырып, оның дұрыс жауап беруіне мүмкіндік беретін болсақ, оның өзіне деген сенімі артып, алған білімін қолданып, талдай алатындығына көзім жетті.
Қалай оқу керектігін үйрету модулінің атауы өзін - өзі реттеу үдерісіне жатады.
Өзін өзі реттеу әдісінің тиімділігі оқушы алдына мақсат қоя білуге үйренеді және сол мақсатқа жету үшін ізденіп, шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады.
Физика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету - күрделі мәселе. Дегенмен, өткізген сабақтарымда осы әдісті қолдануға тырыстым. Мысалы, жылу құбылыстарына қатысты бейнеролик көрсетіп (жыл мезгілдерінің ауысуы, судың қайнауы, оттың жануы т. б.), Не көрдік? Не байқадық? Ондай құбылыстар неге байланысты өзгереді? Жылу мөлшері. Жылу балансының теңдеуі тақырыбында әр түрлі денелерді қойып, Не сезіндің? Неге олай? деген сұрақтар арқылы оқушыларды ойлауға, өз бетімен саралауға, өз ойларын ашық айтуға, дұрыс сөйлей білуге бағыттадым. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте - бірте қадам жасала бастайды. Сыни ойлауды дамыту үшін оқушыларға ойланып - толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беріп, олардың әр түрлі идеяларын қабылдап, мадақтап, еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.
Сыни ойлау арқылы оқушылар өздеріне деген сенімдері артып, өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінеді, белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болады.
Оқушылардың сабақ соңында өз - өзін бағалау критериі бойынша бағалаулары, сабақтан соң сабақ туралы рефлексияларын жазуы олардың сыни ойлай алатындықтарын көрсетеді.
Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.[1, 57 - б]
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Оқыту әдістері мен түрлері
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлаудың мүмкіндіктері
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер