Заманауи экологиялық проблемалар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университет
ОБӨЖ
Заманауи экологиялық проблемалар
Орындаған: Артықбай А.
Тобы: экология 18-11.
Тексерген: Тусупова Б.
Алматы 2021.
Ғаламдық жағдай барған сайын күрделеніп, өткір сипат алып барады, Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі алға шығып отыр. Ғасырдың бас кезінде ақ В. И. Вернадский таяу болашақта Жердің табиғатындағы антропогендік сипаттағы, адамның қарекетінен болатын өзгерістер планеталық сипат алады деп болжаған еді. Бұл болжам нақты шындыққа айналып отыр.
Соңғы ғасыр ішінде дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі 50 еседен астам ұлғайды және осы өнімнін 5 - тен 4 бөлігі қазіргі кезеңге катысты. 50 - ші жылдардан бастап адамның өндірістік қарекеті ауқымынын және табиғатқа араласуының басқа да формаларының жорықсыз өсуі жағдайында ауа және су бассейндері барынша ластанып кетті. Атмосферада күкірт қос қышқылы, азот қышқылы, көміртегі кос қышқылы және басқа да органикалық қосындылар жиналып жатыр. Атмосфераның ластануы мен «қышқылды жаңбырлардың» салдарынан өнеркәсібі дамыған елдерде 31 млн. гектар жерлерге нұқсан келтірілді. Қалыптаскан тенденциялар сақталған жағдайда осы ғасырда планетаның ауа бассейндегі СО2 кұрамы индустрия болғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда екі есеге ұлғайады, мұның өзі «парниктік нәтиже» салдарынан климатты көп өзгертуі мүмкін. Ұлан ғайыр территорияларда қалдық пен қоқыс орасан көп мөлшерде жиналуда. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі азып барады. Жыл сайын 6 млн га жер құлазыған далаға айналуда, 11 млн орман кесілуде. Адамның, әсіресе материалдық өндіріс саласындағы қарекетінің табиғи ортаға тигізетін теріс әсері шын мәнінде дағдарысты сипат алып отыр. Бұл экономикалық механизмнің ұлттық шекараларда бұзылуы ғана емес, сонымен бірге су мен ауаның асып ластануы, табиғат жағдайларының ғаламдық көлемде нашарлауы.
Табиғат пен адам бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың адам тіршілігіне әсері. Табиғатта болып жаткан өзгерістердің көбі адам қолынан жасалады. Соның ішінде табиғатка зиян келтіретін келенсіз жақтары да бар. Бұл тұста жаңаның бәрі жақсылық емес дегек сөздің растығына көз жеткізгендей боласың. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялык апаттарға әкеледі.
Өмірлік көп проблсмаларды табиғи ресурстарды шектен тыс пайлалану есебінен біржақты шешу қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Казірдің өзінде экологиялық жағдай адам өміріне қауіп төндіруде. Адамның денсаулығына және ұзақ жасауына айтарлықтай кері әсер етіп, демографиялық қатерлі өзгерістердің зардабын шектіреді.
Еліміздің жеткілікті дамыған өндірістік-экономикалық потенциалы, аса бай минералды-шикізат ресурстары коры бар. Соған қарамастан, мынандай экологиялық проблемалар өзекті күйінде қалып отыр:
- жердің азуы және ландшафтардың азаюы (еліміздің территориясының 60% шөлейт далаға айналған) ;
- су ресурстарының тапшылығы (Қазақстан сумен қамтамасыз етуден ТМД елдері арасында соңғы орынды алады) ;
- Арал, Балқаш және Семей ядролық және әскери полигондары, Каспий маңы аймағының проблемалары,
- елді мекендердегі ауаның, жер қыртысы мен судың жоғары дәрежеде ластануы.
Осы және табиғи қорлардың бірте-бірте азаюы, тағы басқа жағдайлар экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге айтарлықтай кедергі жасап келеді.
Әлеуметтік-экономикалық ілім барлык құбылыстар мен процестер бір-бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Сондықтан қоршаған ортаның тепе-теңдігі, зандылықтарымен арнайы санасып отыруға тура келеді. Әйтпесе, адамның есепсіз әрбір қимылы бірте-бірте экологияның азып-тозуына, соның зардаптары орны толмас қыруар шығындарға ұшыратып, мемлекетіміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Алайда, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен қаруланған адамдардын іс-әрекеті миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңсіздікті бұзып, қоршаған ортаны аздырып, енді өздерінің өміріне қауіп төндіре бастады. Табиғи ортаны бұзулық, бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан жасалған зиянды табиғат өз күшімен жоя алмайтын, өздігінен бұрынғы калпына келе алмайтын күйге түсті.
Дүниежүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп отырады. Ол үшін қажетті шикізатты, құрлыс материалын, азык-түлік адамдар табиғаттан алады. Сөйтіп, 15-20 жылда табиғат ресурстарын пайдалану да екі есе өсіп отырады. Ал, табиғат байлықтары болса, мұндай қысқа мерзім ішінде қалпына келмейді. Сондықтан жыл сайын қолда бар қорлар азайып, кейбір түрлері таусыла бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz