Әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерi
ЖОСПАР
Кіріспе
I.ТАРАУ. Әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерi.
1.1. Кеңестiк Қазақстандағы әлеуметтiк саясаттың қайшылықтық сипаты..
1.2. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу ерекшелiктерi мен кезеңдерi.
II.ТАРАУ. Қазақстанда әлеуметтiк саясаттың қалыптасуының саяси.құқықтық негiздерi.
2.1. Қазақстанның 2010.жылға дейінгі даму моделі
2.2. Әлеуметтік саясаттың қызметі,негізгі мақсаты.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КIРIСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71- шi орында.
Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “…құқықтары мен бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар ұйымының мүшесi, бүгiнде бiздi жүзден астам мемлекет танып, жүзге жуық мемлекет дипломатиялық қатынас орнатып отыр. Әлеуметтiк саясат тақырыбын зерттеу қазақстанның өз егемендiгiн алғалы берi айтарлықтай маңызға ие болды. өйткенi Кеңес үкiметi кезiндегi орталықты басқарудың жетегiнде болған әлеуметтiк саясаттың қазiргi тәуелсiз қазақстан жағдайындағы орны бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтiк саясат орталыққа тиiмдi және әлеуметтендiрiлген коммунистiк

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Д.Жамбылов, «Саясаттану» Алматы-2003.
2. Р.Тәжітаева, «Саясаттану» Шымкент-2003.
3. Жамбулов Д, «Саясаттану негіздері» Алматы:Жеті жарғы, 1997.
4. Политология, Учебник. Под общей редакцией А.Н. Нысанбаева, Алматы-1998.
5. Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана; состояние и перспективы. Алматы-1996.
6. Интернет сайты http:www.Google
7. Интернет сайты http:www.Rambler
8. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мұстафиннің редакциясынан. Алматы-1994.
9. Политология. Энциклопедический словарь. М., 1993.
10. Основы политологии. Курс лекции. М.,1992.
11. Ә.Нысанбаев, Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. Алматы-1999.
12. Н.Ә.Назарбаев, Тарих толқынында. Алматы-1999.
13. Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан-2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы:Білім, 1997.
14. М.С.Машан. Политическая система Казахстана: трансформация, адаптация, целодостижение. Алматы: Білік, 2000.
15 .Соловьев А. Политология; политическая теория, политическая технология. Учебник. М.,2000.
16 .Л.А. Федун. О педмете и методе политолгии. Соц.-полит. Науки, 1991.
17 . М.Х. Фарукшин. Политическая ситема общества. Соц.-полит. Науки 1991.

I-ТАРАУ. Әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерi.
1.1. Кеңестiк Қазақстандағы әлеуметтiк саясаттың қайшылықтық сипаты..
1.2. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу
ерекшелiктерi мен кезеңдерi.
II-ТАРАУ. Қазақстанда әлеуметтiк саясаттың қалыптасуының саяси-құқықтық
негiздерi.
2.1. Қазақстанның 2010-жылға дейінгі даму моделі
2.2. Әлеуметтік саясаттың қызметі,негізгі мақсаты.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КIРIСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк
тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы
Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк
ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат
қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша
шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз
жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71-
шi орында.
Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990
жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы
декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған
мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы
желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “...құқықтары мен
бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi
билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға
бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш
етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты
мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар
ұйымының мүшесi, бүгiнде бiздi жүзден астам мемлекет танып, жүзге жуық
мемлекет дипломатиялық қатынас орнатып отыр. Әлеуметтiк саясат тақырыбын
зерттеу қазақстанның өз егемендiгiн алғалы берi айтарлықтай маңызға ие
болды. өйткенi Кеңес үкiметi кезiндегi орталықты басқарудың жетегiнде
болған әлеуметтiк саясаттың қазiргi тәуелсiз қазақстан жағдайындағы орны
бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтiк саясат орталыққа тиiмдi және
әлеуметтендiрiлген коммунистiк бағытта болды. Мұнда керiсiнше халықтың
әлеуметтiк саясатқа деген қызығу-шылығын, бостандығын жеке көзқарасын
жаныштап отырды.
Ал қазiргi демократиялық тәртiп - жоғарғы жақтан билеушi күштердiң
тарапынан жасалынатын бақылаумен сиыспайды. Басқаша сөзбен айтқанда
мемлекеттiң әлеуметтiк салаға араласу шекарасы шеткi нүктеден (бiрақ бұл
жол бұл таңда сирек кездеседi, өйткенi әлеуметтiк мемлекет туралы ойлардың
басым болуына байланысты) қисынды “алтын ортаға” дейiн. Бұл шекара
аралығында “халықты әлеуметтiк қорғау” мен “мемлекеттiң экономикасын
көтеру” қатар жүредi.
Мұндай әлеуметтiк саясат түрi мемлекеттегi саяси жүйенiң тұрақтануына,
либералдық демократиялық саланың дамуына жағдай жасайды. Қазiргi таңда
Қазақстан Республикасы әлеумет-тiк саясаттың жаңа бағытын таңдаған болатын.
Бұл бағытты таңдауға бiрнеше себептер болатын. Оған себеп:
1. әлеуметтiк шиеленiстердi шешетiн институттар саны мен тәжiрибенiң
жеткiлiксiз болуы ескi жүйеге деген сенiмсiздiк туғызды, жаңарған қоғам
құруға итермеледi;
2. демократиялық қоғамның- әлеуметтiк жаңарулармен қатар дамуы;
3. әлеуметтiк саясат әр кезде билiктiң легитiмдiлiгiне жағдай жасайды, ал
өтпелi кезең легитiмдiктiң жетiспеушiлiгiмен сипатталды.
Халықтың әлеуметтiк жағдайының төмендеуi саясатта алды-мен әлеуметтiк
мәселелердi шешуге итермелейдi.
Тәуелсiздiк алғалы бергi ондаған жылдардың iшiнде қазақстанның саяси,
экономикалық өмiрiнде өте күрделi өзгерiстер болып жатыр. Бұлардың ең
бастысы Республиканың кешегi Кеңестiк қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-
әлеуметтiк құрылымға көшуi. Екiншi сөзбен айтқанда ел нарықтық эканомикаға
бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегенiмiз қоғамда жаңа экономикалық
қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншiктiң пайда болуымен тығыз
байланысты.
Қазақстандағы бүгiнгi таңдағы жүрiп жатқан экономикалық процестер Батыс
елдерiнде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық процестерге бiрте-
бiрте ұқсауда. Ал, экономика-лық процестердiң - әлеуметтiк құрылымының
дамуында шешушi рөл атқаратындығы белгiлi. Егер қазақстанның нарықтық
экономикасы осы жолдан таймаса онда ол дамыған Франция, Германия, Жапония
секiлдi елдердiң әлеуметтiк құрылымына ұқсайтыны анық.
Әлеуметтiк саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың
арасындағы таңдау болғандықтан оған мемлекеттiң араласуы сөзсiз. Дәл
қазiргi уақытта әлеуметтiк саясат мәселесiмен негiзiнен экономистер ғана
айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Елiмiздiң
Президентi Н.Ә.Назарбаев өзiнiң кезектi қазақстан халқына Жолдауында айтып
өткендей, бүгiнгi таңда бiрiншi кезекте - ғылыми стратегиялы реформаны
таңдау, реттеу және орындау әлеуметтiк тәжiрибеде және мемлекеттiң өзiндiк
дамуында ерекше орын алады. “Бiз өзiмiздiң таңдаған бағытымызды нақты
бiлуiмiз және түсiнуiмiз керек, өйткенi осы бағыт арқылы көздеген
мақсатымызға жетемiз. өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге
төзiмдi де шыдамды болуымыз керек. Күштi және нақты бағыт таңдау арқылы бiз
кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз”- деген болатын. [1]
Кез-келген мемлекет өркениеттi елдер қатарына қосылу үшін алдымен өз
халқының әлеуметтiк жағдайын көтеру керек. Осы көзқарастар тұрғысынан
әлеуметтiк саясаттың дамуын оқыту өте маңызды орын алады. Қазiргi таңда
әлеуметтiк саясат айтар-лықтай жоғары өзгерiске түсуде. Өткен тәжiрибенi,
ондағы қателiктердi қайталамау үшін оларды оқып, реттеп отыру қажет.
Сондықтан да әлдеуметтiк саясатты зерттеп қарастыру маңызды мәселелердiң
бiрi болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар
тәжiрибелiк маңызы бар. Сондықтан да мен диплом жұмысымның тақырыбын
"Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу кезеңдерi" деп
таңдадым.
Зерттеудiң мақсаты- нақты-тарихи зерттеулер арқылы саяси даму
кезеңдерiмiздегi әлеуметтiк саясаттың қайшылықтық түстарын ашып көрсету
және егемендi мемлекетiмiздiң жаңа әлеуметтiк саясаттын саясаттану ғылымы
тұрғысынан сараптау. Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін мынадай зерттеу
мiндеттерi диплом жұмысында алға қойылды:
( әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерiн
саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау;
( кеңестiк қазақстан тұсындағы мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты тудырған
қайшылықтардың негiзгi себептерiн ашып көрсету;
( тәуелсiз қазақстан жағдайындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу
ерекшелiктерi мен кезеңдерi айшықтау;
( өтпелi қоғамдағы әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту
және еңбек саларындағы реформалардың саяси келбетiне тұжырымдамалар жасау;
( қазақстанда әлеуметтiк саясаттың қалыптасуының саяси-құқықтық негiздерiн
талдау;
( демократиялық қоғам құру кезiндегi мемлекетiмiздiң әлеуметтiк саясаттың
келешегiне болжамдар жасау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте қазақстанның тәуелсiздiгiн алған
жағдайындағы мемлекетiмiздiң әлеуметтiк саясатының негiзгi бағыттары саяси
талдау арқылы сарапталады. Бұл жұмыстың ерекшелiгi тәуелсiз мемлекетiмiздiң
қазiргi әлеуметтiк саясатын кеңестiк әлеуметтiк саясатпен салыстыр-малы
талдауында. Сонымен қатар жұмыста мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткiздi:
( мемлекеттiң әлеуметтiк саясаттының негiзгi бағыты жалпы саяси даму
сипатына тәуелдiлiгi айтыла келе, елiмiздегi әлеуметтiк саясаттың негiзгi
кезеңдерi анықталады;
( кеңестiк қазақстан тұсындағы әлеуметтiк саясат жан-жақты талданып, сол
кезеңге тән қайшылықтар айшықталады. Олардың iшiнен қазiргi кезеңге лайықты
маңыздылықтарға назар аударады;
( мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының бүгiнгi хал-ахуалын талдау арқылы оның
болашағы анықталған, әлеуметтiк саясат тиiмдiлiгi әлеуметтiк етенелеу
негiзi екендiгi тұжырымдалған.
( мемлекетiмiз өзiнiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу үшін қабылдаған заңдар
жан-жақты, жүйелi сарапталынып, ондағы кейбiр қайшылықтық түстар ашылып
көрсетiлген;
( елiмiздегi азаматтардың әлеуметтiк белсендiлiгi жоғары болып тұрған бұл
кезең билiк құрылымдарының барлық деңгейiнде жауапкершiлiктi талап етiп
отырғандығын айта келе, өркениетке бастауға байланысты тұжырымдар
келтiрiледi.
Зерттеу обьектiсi Қазақстандағы әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттарын
айқындау.
Зерттеу әдiстерi: Диплом жұмысы саясаттанудың жүйелiлiк, салыстырмалы,
нақты-тарихи зерттеу әдiстерiне сүйенедi. Қазақстан Республикасының iшкi
саясатының стратегиясы мен дамуының концепциясы- Қазақстан 2030
бағдарламасы жұмысқа саяси-әлеуметтiк бағдар болып табылады.

Қоғамдық қатынасты: экономикалық, әлеуметтiк, саяси және рухани деп бөлу
етек алған. Бұның iшiнде:
( экономикалық қатынас– бұл адамдар арасындағы өндiрiске қатысты
материалдық қорды пайдалану және бөлу қатынасы;
( саяси қатынас– бұл азаматтардың билiк жүйесi және мемлекеттi басқаруға
қатысуы жайлы;
( Рухани қатынас – рухани қажеттiлiктi өтеу үшін және рухани байлықтың
жеткiлiктi болуын қадағалау;
- экономикалық, саяси, рухани қатынастың негiзiнде әлеумет-тiк қатынас
қалыптасады.
-әлеуметтiк қатынас - әр адамның әлеуметтiк статусы, жеке қатынастар мен
топтық қатынас арқылы
қалыптасады. Әлеуметтiк қатынас: әр азаматтың, этникалық,, саяси, қызметтiк
айырмашылығы негiзiнде қалыптасатын әлеуметтiк әдiлеттiлiктiң шекарасы және
әлеуметтiк қатынастар-дың негiзi болып табылады.
Әлеуметтiк қатынас - әлеуметтiк саясат негiзiнде дамиды. ХХ ғасыр
көрсеткендей, кез-келген мемлекеттiң iшкi саясаты-ның негiзi болып,
әлеуметтiк саясат шешушi рөл атқарады. “Әлеуметтiк саясат” – мемлекеттiң
iшкi саясатының бiр бөлiгi, оның әлеуметтiк программалары мен тәжiрибесiн,
әлеуметтiк топтардың қызығушылығын реттейдi. Әлеуметтiк саясат экономикамен
тығыз байланысты. “Әлеуметтiк саясат - қоғамның ең жоғарғы деңгейде дамуын
қамтамасыз етуге, әлеуметтiк мақсат – мүдделер мен қажеттiктердi
қанағаттандыруға, лайықты өмiр салтын орнықтыруға бағытталған саяси
шешiмдер мен iс - әрекеттер жиынтығы” [2].
Оларға ең алдымен :
-халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, жалақының мөлшерiн көбейту, денсаулығын
сақтау, бiлiмiн жетiлдiру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.
Әлеуметтiк саясаттың басты мақсаты: қоғамдық қатынастары үйлестiру, саяси
тұрақтылықты және азаматтық келiсiмдi реттеу болып табылады. Бұған сонымен
қатар, тұрғындардың ақшалай табысы мен товарлық ресурстардың арасындағы
байланысты ұстап тұру, тұрғын үй проблемаларын шешу, тұрғындардың сұранысын
қанағаттандыру, халықтың денсаулығын сақтау, олардың мәдениеттiлiгiн,
бiлiмдiлiгiн арттыру мәселелерi де жатады.
Үкiметтiк деңгейде әлеуметтiк саясат мақсаты: қазiргi таңда Қазақстан
Республикасында тұрып жатқан азаматтардың өмiрiн тұрақтандыру, халықтардың
кедейленуiне жол бермеу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін экономикалық
және құқықтық жағдайлар жасау керек.Яғни қоғамның,халықтардың жоғарғы
деңгейде өмiр сүруi үшін қоғамдағы жұмыс iстеуге қабiлеттi азаматтар мен
жұмысқа қабiлетсiз азаматтар арасындағы байланысты ұстап тұру, жеке
,адрестiк әлеуметтiк көмектi жоғарылату,кедейлiктi жою, медициналық жағынан
көмектесу ,бiлiм және мәдениеттi көтеру, тұрғын үй мәселесiн шешу,
жұмыссыздықты қысқарту және ерiксiз көшiп келген мигранттарға көмектесу
секiлдi мәселелерге көңiл бөлу.
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының үкiметi басым бағытты-әлеуметтiк
саясатқа бұруда. Олардың қатарына: халық-тың табыс деңгейiнiң төмендеуiне
жол бермеу, жұмысшылардың экономикалық қызығушылығын арттыру, әлеуметтiк
саланы реформалау жатады. Негiзгi әлеуметтiк саясат мәселелерiнiң маңызды
сұрақтарының бiрi—кедейлiк мәселесi.Бұл негiзiнен жұмыссыздыққа байланысты
туындайды.Бұл үшін халықты жұмыспен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмiр
деңгейiн тұрақтандыру және табыстың әдiлеттi бөлiнуiн қадағалау көзделiп
отыр. Сонымен қатар халықтың табысы төмен бөлiгiне ,яғни: көп балалы
жанұяларға, жарымжан адамдарға, зейнеткерлерге, жұмыссыздарға әлеуметтiк
көмек көрсету.
Бұларға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында: жәрдемақы, зейнетақы мөлшерiн
жоғарылату, үйсiздерге тұрғын үй мәселе-сiмен көмектесу жатады.
Сонымен әлеуметтiк саясатқа: халықты әлеуметтiк қорғау, яғни халықтың
денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, еңбек саласын реттеу, миграциялық
қызметтi, зейнетақыны және жәрдемақыны реттеу кiредi. Бұл мәселелермен
мемлекеттiк органдар: Iшкi iстер министрлiгi, Бiлiм және Мәдениет
Министрлiгi, қ0орғаныс Министрлiгi, ал мемлекеттiк емес ұйымдардан:
қайырымдылық қорлары, мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары және тағы басқада
қорлар айналысады. Қоғамның әлеуметтiк саласы мемлекеттiң реформалық
бағытта дамуында шешушi рөл атқарады, ал әлеуметтiк ұйым тиiмдi әлеуметтiк
құрмет көрсететiн және халықты әлеуметтiк жағынан қорғайтын мамандар
дайындайды.
Кез-келген әлеуметтiк саясат тәжiрибе жүзiнде, әлеуметтiк қызмет арқылы
iске асады. Сонда ғана ол нақтылы нәтиже бередi.
Әлеуметтiк саясатты шартты, ахуалды, динамикалық ұлгiдегi бағыт ретiнде
қарастыруға болады. өйткенi ол қоғамда өз орнын табуға және қалыптастыруға
тырысқан халықтың, азаматтардың өмiрiн қорғаумен айналысады. Заңға және
құқықтық актiлерге, мемлекеттiк басқару органдарына сүйене отырып
адамдардың жаңа қабылданған нормаларға, заңдарға бейiмделуiн, әлеуметтiк
саясатын реттеп отырады. Салмақты саясат-нақты әлеуметтiк көмек пен
жәрдемге негiзделген заң жинағы болып табылады. өйткенi заңдар, құқықтық
нормалар сөз жүзiнде айтылып қана қойса, ал iс жүзiнде орындалмаса, онда ол
қоғамның дамуына айтарлықтай кедергiсiн келтiредi.
қызығушылыққа байланысты, әлеуметтiк, кәсiби, жасына байланысты топтарға
бөлу – бұл қиын, әрi күрделi процесс. Сол себептен әртүрлi топтардың,
олардың мүмкiндiктерi мен шарттарын бiрдей деңгейде, нақты және толық
қарастырғанда ғана әлеуметтiк саясаттың қызметi нәтиже бередi деуге болады.
Әлеуметтiк саясатта сабақтасқан, өзара әрекетескен екi элементтi
қарастыруға болады: 1. ғылыми - танымдық; 2. Тәжiрибелiк -
ұйымдастырушылық.
1) Ғылыми – танымдық элемент - қоғамдық қалыптасқан қажеттiлiктердi талдау
және ұғыну, бiржақты әлеуметтiк процестiң дамуын қадағалау ретiнде қызмет
атқарады. Ол қоғамның жәй – күйiн және көзқарасын және мемлекеттегi әр
халықтың тұрақты, орнықты дамуын реттейдi. Осы әдiстiк құжаттар мемлекетте
әлеуметтiк саясаттың концепцияларының қабылдануына негiз болады.
2)Тәжiрибелiк-ұйымдастырушылық элемент - әлеуметтiк саясаттың қабылдаған
шешiмдерiн жүзеге асырушы. Мұнда негiзiнен әлеуметтiк қызметтер мен
халықтың жағдайын жақсарту жөнiндегi iс -әрекеттер жатады.
Екi жақты өлшем: мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының ғылыми тұрғыдан
зерттелiнуi және халықпен күшнделiктi санасуы - әлеуметтiк жұмыстардың
негiзi болып табылады.
Әлеуметтiк саясаттың ұйымдастырушылық қызметiне: әлеуметтiк қызметтердi
дайындау, алға қойған әлеуметтiк шешiмдердi шешу, олардың бағыттарын
анықтау, еңбек бөлiнiсiн реттеу және сонымен қатар қабылданған
заңдылықтарды орындау жатады.
Осылайша, әлеуметтiк саясат және әлеуметтiк қызмет тығыз байланыста
дамиды. Бұл қатынас- диалектикалық мiнездi: әлеуметтiк қызмет - әлеуметтiк
саясат ұлгiсiнде болады. Екiншi жағынан әлеуметтiк саясат әлеуметтiк
қызметте iске асады. Алайда, әлеуметтiк саясат пен әлеуметтiк қызмет толық
сәйкес келедi деп айтуға болмайды. Әлеуметтiк саясат өзiнiң мағынасы
жағынан әлеуметтiк қызметке қарағанда кеңдеу, жылжымалы. Әлеуметтiк саясат
әлеуметтiк қызметтi анықтаушы болып келедi. [3]
Әлеуметтiк саясаттың маңызды қызметерiнiң бiрi: қоғамның тең деңгейде
дамуына қол жеткiзу болып табылады. Оған:
- апаттың салдарынан, аштықтан, аурудан, табиғи және техногендiк
апаттан (зiл заладан), демографиялық “жарылыстан” және тағы басқа
апаттардан сақтауға мемлекеттiк кепiлдiк беру.
- өмiрдiң анықталған белгiлi бiр деңгейiне бағытталған және оның
сапасын өзгертуге негiзделген материалдық қорды және
ұйымдастырушылық көмектi қайта бөлу. Әлеуметтiк қиындықтарды
төмендету.
- салықтың мөлшерiн қысқарту,қаржы мен қайырымдылықты көтеру,
кәсiпкерлiк бастама секiлдi өмiрлiк нұсқауларды реттеу жатады.[4]
Әлеуметтiк саясатты жетiлдiруде мемлекет алдында әлеуметтiк артықшылық
немесе әлеуметтiк мәселе жайлы сұрақ туындайды. Бұл сұрақтарға нақты
кезеңде, алғашқы кезекте қоғам жауап беруге мiндеттi. Себебi әлеуметтiк
орта, азаматтық құқық үшін күрес әлеуметтiк қажеттiлiк талаптарды
қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттiк саясат осыны қарастыруы тиiс.
Әлеуметтiк саясаттың жүргiзген межесi бойынша: қоғамдық өмiрдiң ұйымдасуын
үш негiзгi концепцияға бөлуге болады:
1. Мемлекет – “тұнгi күшзетшi ” ретiнде .
2. Мемлекет – “жалпы жарылқаушы ” ретiнде.
3. Коммунистiк бағыт концепциясы.
Концерватизм мен либерализм адамзаттың өркениеттi дамуы ретiнде: кейде
шатысып, кейде бiр - бiрiне қарсы тұрып әр қайсысы-жеке өзiндiк даму
жолынан өттi.
Концерватизм – саяси идеология ретiнде ХҮIII ғасырда, яғни жаңа дәуiрде
пайда болды. Ең алғашқы концерватизмнiң идеологы ретiнде Англияның саяси
қайраткерi, философ, публицист Эдмунд Берктi айтуға болады. 1790 жылы оның
“Франциядағы революция жайлы ойлар” атты кiтабы жарық көрдi. Бұл кiтабында
Берк алғаш рет концерватизм принциптерiн қалыптастырды. Ол Европаның
бiлiмпаздық идеясына және Француз революциясы идеясына қарсы шықты. Берк
қоғамдық өмiр – салт-дәстұр, әдеп-ғұрып, моралдiк және материалдық
байлықтар негiзiнде, алдыңғы ұрпақтан және өзара қатынас негiзiнде
қалыптасады дедi. “қоғам – философ ойынша – тұрақтылық, теңдiк және бiрте-
бiрте жаңару сияқты принциптерге еру қажет. Осы жағдайда ғана қоғамның
болашағы бар”[5].
Консерваторлық идеясын негiзiнде саясатқа мынандай қоғам қайраткерлерi,
саясаттанушылар енгiздi: О.Бисмарк. Б.Дизраэли. К.Метерних, У.Черчиль. Ш.Де
Голль, Л.Эрхарт. В.Жискарт, Эстан, Р. Рейган және М.Тэчер.
Ал консерватизм терминi ең алғаш рет Француз жазушысы Р.Чато Брионның 1817
жылғы “концерватизм” деген журнал шығарыла бастағанда қолданыс тапқан.
Содан берi концерватизм және концервативтiк сөздерi айқын мағына берiп,
еркiн қолданыла бастады. Бiреулер концерватизмдi ашық ойлау нұсқасы деп
түсiнсе, келесi бiреулер жүрiс – тұрыс стилi, үшіншiлер идеология формасы
деп түсiнедi. Бiздiң кезiмiзде концерватизмдi идеология формасы немесе
қазiргi постиндустриялды қоғамдағы концепция ретiнде қарастыру қызықтырып
отыр.“Саясаттану” энциклопедиясындағы “концерватизмнiң” анықтамасына
тоқталар болсақ, мұнда концерватизм идеология формасы ретiнде сараланып,
оны үш тұрге бөлiп қарастырады:
Концерватизмнiң бiрiншi түрi-дәстүрлiк концерватизм. Бұл әлеуметтiк
тұрақтылықты және нарықтық капитализмге тән моралдiк дәстүрдi сақтау. Бұл
бағыттың өкiлдерi Э.Берк, Ж.де Местр. Л де Бональд. ХХ ғасырда дәстүрлiк
бағыт АҚШ–та, жетпiсiншi - сексеншi жылдары “жаңа құқықтық ” қозғалысқа
бағыт алды.
Концерватизмнiң екiншi түрi – индивиттiң бостандығын шектемейтiн
антиэтетизм идеясын уағыздаушы либертализм. Концерватизмнiң бұл теориясын
негiзiн салушылар: Ф.Хайек. Дж.Роулс. Бұлардың ойынша индивит құқығы-
коллектив қызығушылығынан басым тұрады. Мемлекеттiң экономикаға араласуына
негiссiз, барлығын жарылқайтын мемлекет – социализм түрi ғана. Либертализм
поцизиясы әсiресе ХХ ғасырдың жетпiсiншi жылдарының соңында күшейдi.
Концерватизмнiң үшіншi түрi – неоконцерватизм. Неоконцерватизм саяси және
әлеуметтiк сұрақтарға жауап беру жағынан неолиберализмге ұқсас. Қоғамдық
даму, адамның табиғи, әлеуметтiк, және саяси белсендiгi, саясат және
әлеуметтiк қатынасты демократизациялау принциптерi ұқсас. Неоконцерватитiк
экономикалық саясаттың негiзгi әлеуметтiк тимсiз және кейнесиандық әдiстiк
мемлекеттiк реттеу.[6]
Концерватизм өзiндiк даму тарихында өзгерiп тұрады. Соңғы екi ғасырда ол
өзiнiң эволюциясын ескi бағытын жоғалтып, жаңа бағыттық сипат тауып,
жаңарып отыр.
Бiрақта оның негiзгi бағыттары сол күйiнде сақталып, оның ары қарай
дамуына негiз болып отыр. Концерватизм либерализммен, социалистiк –
демокртиямен және коммунизм мен қатар идеология ретiнде өмiр сүрiп отыр.
Бiрақта бұл бағыттардың концерватизмнен ерекшелiгi – дейдi В.Н.Горбузов –
ол ерекше қасиетке ие. Себебi ол осы бағыттардың әр қайсысының iшiнде,
құрамында өмiр сүредi.[7]
Ал ендi келесi бағыт: либерализмге келер болсақ ол алғаш идеология ретiнде
ХҮII - ХҮIII ғасырларда Англияда және Ақ0Ш-та пайда болды. Европада ХIХ
ғасырдың 30-40 жылдары либерализм түсiнiгi енгiзiлдi. Бұның негiзiн
салушылар Локк.Бекон. Вольтер Юм.Кант. Монтеське. И.Бентам.
Франклин,Джефферсон, А.Смит, Гете, Дидро, Дж. Дьюи және тағы басқалар.
Өз кезеңiнде либерализм туыстас идеологиялардың жиынтығы болып табылады.
Либерализмге адамдардың бостандығы тән. Либерализм ерекшелiгi “бостандық
рухы”- өзi ғана емес, осыны құру үшін құқықтық институттар қалыптастыруы.
ХХ ғасырда либерализм мен консерватизм бiр – бiрiне қарама - қарсы ағым
ретiнде өмiр сүрдi.
Концерватизм-бүкiл халықтық бiрлiктi және қандайда бiр таптық талап етуге
қарсы мемлекеттiк бағыт болса, либерализм-жеке адам бостандығын жақтаған
және ұйымдасқан көпшiлiк билiктi жақтады. Ал көпшiлiк билiктiң
демократиялық жолмен ұйымдасама немесе авторитарлық жолмен ұйымдасама, ол
жағына көңiл бөлмедi.
ХХ ғасырда классикалық либерализм бiрте-бiрте өз бағытын жоғалта
бастады.Бұл өз кезегiнде либерализнiң құндылықтарының дағдарысқа ұшырауына
алып келдi.Батыс Еуропада және Солтүстiк Америкада ескi либерализмдi екiншi
орынға қалып,социалистiк-демократиялық бағыттың бiрiншi орынға шықты.
.Мысалы:Ұлыбританияның партиялық жүйесiнде либерализм толық консерваторлық
бағдарламаның экономикалық бөлiгiне айналды.
Басқаша сөзбен айтқанда: либерализм консерватизмен бiрiгiп, эволютциялық
өзгерiске ұшырады.
Бұл жерде экономикалық либерализм: экономиканы-адамдар қызметiнiң және
мемлекет пен қоғамның дамуының доминанты ретiнде қарастырды.
Ал саяси либералим болса-ХХ ғасырдың өзiнде-ақ адамзат тарихында,батыс
қоғамында шешушi рөлдердiң бiрiн атқарды деуге болады.Кейiннен ол
экономикалық либерализмге жол бердi.
Экономикалық либерализм консерватизм бағытымен бiрiгуi нәтижесiнде әлемдiк
дамуда жаңа бағыт либералды-неоконсервативтiк бағыт қалыптасты. Бұл ағым:
жеке меншiк және еркiн нарықтық экономика, қоғамның эволютсиялық дамуы,
мемлекеттiң экономикаға аз мөлшерде араласуымен сипатталады.
Неоконсерваторлар реалистiк және рационалистiк бағытты ұстанады. Жаңа
либерализмнiң ерекшелiгi: азаматтық қоғамның негiзi саясаттан бөлiнген
экономика.
Осылайша либералдық - неоконсерваторлық ағым өкiлдерi мемлекеттiң
экономикаға қатысуын шектеп, азаматтардың экономиканы жүргiзуiн қалайды.
Басқа сөзбен айтқанда, неоконсерватизм идеологиясы-мемлекеттi әлеуметтiк
шектеу саясатын қолдайды. өйткенi олардың ойынша кез келген мемлекеттiң
әлеуметтiк бағдарламасы экономиканың құлдырауына алып келедi.
Мемлекеттiң “жалпы жарылқаушы” концепциясы мемлекеттiң “тұнгi күшзет” рөлi
ретiндегi және комунистiк концепцияларының альтернативасы болып табылады.
ХХ ғасыр бiрiншi жартысындағы батыстық капитализмнiң дамуындағы терең
дағдарыс (АҚШ және Англияда ) капитализмдi өзгерiс жолына түсуге алып
келедi.
Классикалық капитализм өзгерiп демократиялық-социализм бағытына ауысты.
Бұл бағытқа ауыса отырып классикалық капитализм, социализмнiң қазiргi
бағытын өзiнше демократияландырды.
ХХ ғасыр жартысында ескi капитализмнiң орнына тұрақты әлеуметтiк- нарықтық
постиндустриализм бағыты келдi. Бұл бағыт екi қоғамдық жүйенi: капитаизм
мен социализмдi ұқсастырды. Бұл жайлы кезiнде американдық экономист Д.К.
Гелбрейт жазса, атақты ХХ ғасыр гуманистi А.Д. Сахаров армандаған болатын.
Әлеуметтiк-экономикалық бағыттың негiзгi концепция-ларының бiрi
мемлекеттiң “Жалпы жарылқаушы”теориясының негiзiн салған автор Джон Кеннет
Гэлбрейт. Бұл концепсияның ХХ ғасырдың елуiншi жылдың аяғында және
алпысыншы жылдың басында дамыған бағыттардан айырмашылығы қазiргi
капиталистiк мемлекет бейтарап “тап үстiлiк” күш, барлық қоғамдық қабаттың
қызығушылығын қанағаттандырады. Мемлекет барлық жұмысшы халықтың кiрiсiн
реттеп, әлеуметтiк теңсiздiктi жояды. Яғни, әдiл реттеп, қоғамның әрбiр
мүшесiнiң мұңсыз өмiр сүруiне жағдай жасады.
Бұл теорияны жақтаушылар “аралас экономиканы” яғни, жеке және мемлекеттiк
меншiк экономикасын жақтайды. “Аралас экономиканы” концепциясы өз бастауын
ХХ ғасыр бiрiншi жартысынан алады. Сол кездiң өзiнде–ақ капиталистiк
елдерде мемлекеттiң экономикаға араласуы, әлеуметтiк және экономикалық
салаларды реттеуi көрiнiс бере бастады. ХХ ғасыр-дың аяғында “аралас
экономикаға”, мемлекеттегi экономиканың дамуына үлкен үлес қосқан
“кейсиандық төңкерiс” iлiмi келiп қосылды. Бiр шетiнен кейсиандық теория
неоконцерваторлық бағыты өзiне қарсы қойды, екiншi жағынан Дж.Кейнс iлiмi
маркстiк теорияға қарсы түрды. Марксттiк теория “тек қоғамдық меншiк қана
халықты жаппай жұмыссыздықтан және әлеуметтiк шығынан сақтайды” деген
бағытты ұстанған болатын. Кейсиондық концепция нарықтық жүйеге, оның
негiзгi сипатына өзгерiс жасауға ұсыныс жасады.
“Кейсиондық төңкерiстiң” нәтижесiнде мемлекеттiң-экономикаға араласуы
елеулi дәрежеде өстi, және нарықтық доктринаның ажырамас бөлiгi болып
қалды. Кейiннен кейсиандық бағыттың үш болжамдық түрi қалыптасты: консер-
ваторлық, либералды және радикалды.[8] Соңғылары дамыған капиталистiк
елдерде негiзгi мәнге ие болды: олар: консерватив-тiк орталықшыл түрi,
либералды-реформалық және радикалды-реформалық. Сонымен қатар бұларға
солшыл социал-демократиялық және әлеуметтiк бағыттарды жатқызуға болады.[9]
Жоғарыда аталған кейсиандық концепциялар нәтижесiнде түрлi “аралас
экономика” байланысты теориялар пайда бола бастады. Мұнда негiзiнен:
Әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономика немесе жеке кәсiпкердiң қоғамға
деген қызығушылығын қалыптастыруда мемлекеттiң қызығушылықты реттеу жатады.
Либералды-реформалық бағыт секiлдi социал-реформистiк экономиканың
“әлеуметтендiрiлген”, “экономикалық плюриализм” бағытын таңдайды. Әр түрлi
меншiктердiң қатар болуымен ерекшеленедi.
Либералды-реформалық және әлеуметтiк реформалық концепциясымен қатар
“аралас экономикада” консерваторлық концепция түрi де кездеседi. Бұл
концепцияның ерекшелiгi: мемлекет басты ролде, яғни мемлекет басқару және
мемлекет реттеу-жеке меншiктiң тиiмдi дамуына жағдай жасайды және нарықтың
шаруашылық жүйесiнiң дамуына өзiнiң оң әсерiн тигiзедi деген көзқарастарды
жақтаған болатын.
Әлеуметтiк саясаттың “коммунистiк концепциясы”, “жалпы жарылқаушы” және
“тұнгi күшзет” концепцияларынан айтартар-лықтай ерекшелiнедi. Дәстүрлi
либералды-консерваторлық және кейнсиандық теориялармен қатар ХIХ және ХХ
ғасырда коммунистiк-социалистiк даму жолын таңдаған концепция пайда болды.
Комунистiк концепция ХIХ ғасырда қоғам дамуының балама теориясы ретiнде
пайда болды. Қоғамда әлеуметтiк әдiлдiк орнатуды жақтаған бұл концепция ХХ
ғасырдың өзiнде-ақ көптеген елдердiң тарихында шешушi рөл атқарды. Сонымен
бiрге батыстық капиталистiк мемлекеттердiң iшкi өмiрiндегi өзгерiстер
негiзiнен маркстiк сынға және коммунизмнiң шынайы тәжірибесіне байланысты
болды.Марксизм теориясы тек коммунистiк концепциясының бастауымен ғана
емес, сонымен бiрге социал-демократиялық бағыттардың да бастауы болды.Бұл
концепцияның ерекшелiгi: халықтың табысын тең дәрежеде бөлу, яғни меншiктi
ортақтастыру негiзiнде әлеуметтiк теңдiк орнату.
Әлеуметтiк жүйеде халықтың төлем ақысы төмен болды. Бiрақ оларға сол
кәсiподақ тарапы әлеуметтiк көмектер көрсетiлiп түрды. Жұмысқа жарамды
тұрғындар тәртiп бойынша: жұмыстан босатылудан сақтанды. Сонымен бiрге дене
еңбегiмен айналысу-шылардың, ой еңбегiмен айналысқандарға қарағанда табысы
жоғары болды. Осындай концепциялар арқылы әлеуметтiк саясат өзiнiң мазмұн
жағынан саяси жүйенiң маңызды бейiмделген механизмi болып табылады. Дұрыс
әрi маңызды әлеуметтiк саяси таңдау арқылы саяси жүйе тұрақты дамиды.
Қоғамдағы әр түрлi концепцияның дамуына байланысты әлеуметтiк саясаттың
келесi бағыттарын қарастыруға болады.
Мемлекет “түнгi күзет” концепциясында әлеуметтiк саясатта келесi
бағыттарды ұсынады:
( шексiз индивид бостандығы;
( тиiмсiз әлеуметтiк және кейсиондық әлеуметтiк реттеу;
- әлеуметтiк қатынасты “адам бостандығына” қауiптi анархиядан сақтау.
- Нарықтық қатынасты әдiл реттеу.
- әлеуметтiк шектеу саясаты, кез – келген әлеуметтiк бағыттар шешiмi
тек дамытып қана қоймайды, сонымен бiрге экономиканың құлдырауына
да алып келедi.
Мемлекеттiң “жалпы жарылқаушы” концепциясында әлеуметтiк саясат келесi
бағыттарды ұсынады:
- қазiргi мемлекет бейтарап “тап үстiлiк” күш, ол қоғамның барлық
мүшесiнiң қызығушылығын реттейдi.
- мемлекет табысты реттейдi, әлеуметтiк теңсiздiктiң болмауын қадағалайды.
- мемлекеттiң қызығушылығын реттейтiн институттың және әлеуметтiк-қоғамдық
қызығушылығына жеке кәсiпкерлердiң бағынуы.
- адрестiк әлеуметтiк көмек көрсету.
- таңдаған реформалар “әлеуметтiк кернеу” немесе “әлеуметтiк жаратылыстан”
сақтаушы “катализатор” ретiнде қызмет атқарады.
Мемлекеттiң коммунистiк концепциясы әлеуметтiк саясаттың келесi бағытын
қарастырады:
- меншiк этатизмi;
- табыстың эгалитарлы бөлiнуi.
- әлеуметтiк теңдiктiң ерекшелiктерi.
- жұмыс iстеп жатқан кәсiподақтарға әлеуметтiк көмек көрсету.
- әлеуметтiк теңдiктi ұстап тұру.
Осы мақсаттарда нарықтан тыс тауарларды және көмектердi реттеу.
-“жаңа адам” құруға талпыну.
- толық мемлекеттiк билiке ие болу.
Қазiргi таңда қалыптасқан осы концепциялардың бiрiн таңдау демократиялық
даму жолына түскен қазақстан үшін тәжiрибелiк-әдiстiк және теориалық маңызы
зор. Сонымен қатар мемлекеттiк билiктi дұрыс таңдау,билiктiң өмiршеңдiгiн
көрсетсе керек. Әсiресе постсоциалиалистiк тоталитарлық жүйенiң құрсауынан
–Демократиялық даму жолына өткен қазақстан үшін бұл бағыттардың маңызы зор.
Қазақстан егемендiгiн алған жылдар-дан бастап, жаңа әлеуметтiк саясат
бағыттарын таңдау үстiнде. Осы бағыттардың негiзiнде жыл сайын қазақстанда
көптеген заңдар мен құқықтық-нормативтiк қаулылар қабылдануда. Бұл заңдар
халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту, денсулығын көтеру, бiлiмi мен
мәдениетiн жоғарылатуға негiзделген.

Кеңес одағы кезiнде, әлеуметтiк - өнеге жүйесiнде, қоғам қызметiнiң, оның
мүшелерiнiң азаматтық және экономикалық құқығын қорғауды қамтамасыз етуде
негiзгi белгi ретiнде әлеуметтiк әдiлдiк терминi негiзгi орынды алды.
Әлеуметтiк әдiлдiктi жүзеге асыру-партия идеологтарының пiкiрi бойынша, әр
азаматқа белгiлi деңгейде жеке құқық пен бостандық берумен және әлеуметтiк,
таптық, ұлттық, нәсiлдiк, жыныстық және басқа да белгiлерiне қарамастан тең
дәрежеде өмiр сүруiне жағдай жасаумен ерекшелендi.
Барлық қоғам мүшелерiнiң әлеуметтiк бiрлiкте өмiр сүруi тек социалистiк
қоғамда ғана мүмкiн деп есептелген. Социалистiк қоғамда әлеуметтiк
саясаттың негiзгi бағыты “әр түрлi әлеуметтiк топтар өмiрiнде интегративтiк
процесске жағдай жасау” болды.[10]
Социализм кезiнде әлеуметтiк әдiлдiк терминi “барлығына еңбегiне қарай”
деген тартымды сөз тiркесiмен шектелмедi. Бұл сөз тiркесiнiң тар көкжиегi
социализм кезеңiнде қоғамның келесi мiндеттердi атқаруына байланысты болды,
яғни “әлсiздерге, ауруларға, кәрiлерге, мүгедектерге, көп балалы аналарға
және жарымжан адамдарға,былайша айтқанда, қоғамдық өндiрiске толық қатыса
алмайтындарға” өз кезегiнде әлеуметтiк көмек көрсетуi шарт және барлық
қоғам мүшелерi өзiнiң өмiр жолы барысында мiндеттi түрде өз қабiлетiн ашу
және жетiлдiру үшін шамамен тең әлеуметтiк мүмкiншiлiктерге ие болуы
керек”. [11]
Социализм кезiнде әлеуметтiк саясат “теңестiру” бағытын ұстанды. Бұл
дегенiмiз; тұрғын үй, медициналық қызмет, мектепке дейiнгi балалардың
қоғамдық тәрбиесi, бiлiм алу мен мәдениет дәрежесiн көтеру сияқты
әлеуметтiк игiлiктермен тең дәрежеде халықтың барлық бөлiгiн қамтамасыз
ету.
Бұрынғы Кеңес одағы дүние жүзiндегi азаматтардың эконо-микалық құқұқ
жүйесiн конституция негiзiнде бекiтiп берген бiрiншi мемлекет. Мұны ол
“Бiрiншi ұрпақтың” классикалық буржуазиялық құқығын саяси және жеке жаңа
түрiмен толықтыру арқылы жүзеге асырды. Бұл “Екiншi ұрпақтың” құқығын
қалыптастыру есебiнде 1936 жылғы “Констуцияда” жарияланды. Бұл құқықтар
Кеңес Одағы мемлекетiнде: “төңке-рiстi жүзеге асыру, пролетариат
диктатурасын орнату, жеке меншiктi пен қанаушы топтарды жою сияқты”
шарттарды орындағаннан кейiн, барлық жұмысшыларға лайықты материалдық өмiр
деңгейiмен қамтамасыз етуге уәде берген марксистiк доктринаның басшылығымен
жүзеге асырылды.
Бiрақ экономикалық құқық жүйесiн Кеңес Одағы жағдайын-да жүзеге асыру,
мемлекеттiк саясат өмiрiне патернализмнiң енуiне, ал ол өз кезегiнде
әлеуметтiк керенаулықтың кеңiнен таралуына алып келдi.
Әлеуметтiк саясат стратегиясы барлық әлеуметтiк топтарды материалдық
молшылыққа жеткiзуге уәде бердi. Осындай жағдайларда тұтынушы талабының
деңгейiнiң едәуiр өсуi көрiндi, бұл сол кезде қалыптасқан әлеуметтiк-
экономикалық шеңберде тұтынушыларды заңды жолмен қанағаттандыру
мүмкiндiгiнен озып кеттi. Бұл өз кезегiнде тұтынушы талабының экономикалық
мүмкiншiлiк шегiнен шығып кетуiне және осының әлеуметтiк салдарынан-
әлеуметтiк әдiлдiктiң бағасының түсуiне, төмен пайда табатын топтар
арасында еңбекке деген құштарлықтың әлсiреуiне, агрессивтi тұтыну
психологиясының қалыптасуы мен қоғамдық байлықтарды және табысты бақылаусыз
жасырын түрде пайдалануға алып келдi. “Ресми Сталиндiк жеңiлдiк жүйесiнiң
басты шарттарын” өзгерiссiз қалдырылуы әлеуметтiк жiктелу, мемлекеттiк
мұлiктi тонау, ұрлық, пара алу мен алыпсатарлық сияқты жағымсыз қылықтардың
одан ары дамуына негiз болды.
Әлеуметтiк саясат шараларының басты мәселесi табыс көлемiн көбейту, тұтыну
құрылымын жақсарту, әлеуметтiк көмек көрсе-тудi арттыру едi, бiрақ бұл
мәселелер шешусiз қалды.”Әлеуметтiк бағдарлама” деген терминнiң өзi
халықтың жағдайын жақсартудың, ”бесжылдық, жоспарлық бағдарламасын”
белгiлеу үшін қызмет еттi. 1970-шi жылдардың ортасында ”халықтың тұрмыс
қалпын жоғары дәрежеге көтеру” мәселесi бiрiншi орынға қойылған кездiң
өзiнде, әлеуметтiк салаға” өзгерiс енгiзiлмеген болатын. Әлеуметтiк
саясаттың ескi жүйесi сақталды, яғни ол тек материалдық жағдайды
жақсартумен шектелдi”[12], және сол кездегi қабылданған бұл жүйе халық
санының төмен түсуiне байланысты туындаған болатын.
Үстемдiк етушi тәртiптiң: “жоғарғы әлеуметтiк жағдайға-аз шығынмен жету
принципi” әлеуметтiк саясатта жетпiсiншi жылдардың аяғы мен сексенiншi
жылдардың басында: мектептерге тегiн кiтаптар беру, жаңадан туылған
балаларға тегiн көмек көрсету сияқты мәселелер нәтижесiнде жүзеге асты.[13]
Мұның барлығы қаржының көп бөлiгiн халықтың өмiр деңгейiн жоғарылату
мақсатында; азық-түлiк мәселесiн шешуге, зейнетақы реформасын, әлеуметтiк
жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетудi қайта ұйымдастыру сияқты iрi
бағыттарға бұрды.
Жұмыссыздық сияқты жайттар Кеңес Одағында ресми идеологияның пiкiрiнше,
болуы мүмкiн емес. Кеңес Одағы тарихында еңбек биржасы бар кез ол жаңа
экономикалық саясат кезеңi болды. Жаңа экономикалық саясаттан кейiн ашық
жұмыссыздық әлеуметтiк құбылыс ретiнде жойылды. Бiрақ жабық құрылымдық
жұмыссыздық Кеңес қоғамында барлық уақытта болды. Кеңес Одағының
конститутциясында бекiтiлген “еңбек ету құқығы” бойынша еңбек ету
мәжбүрлiк, мiндетке айналды. Шын мәнiнде еркiн таңдау мүмкiндiгiн және
жұмыс бөлу жүйесiнде қызмет ауыстыру мүмкiндiгi жоққа шығарылды. Әлеуметтiк
еңбекке жұмылдыру шектелген күйде, жасанды жолмен iске асты. Яғни, тұрғын
үй мен жұмыс орнына әкiмшi-лiк тарапынан бекiтiлдi. Мемлекеттiң оңтүстiк
аудандарында аграрлық шаруашылықта халық тығыз болды, жұмыс орнының
жетiспеушiлiгi кiшi және орта қалаларда қалыпты құбылыс болды, ал үлкен
қалаларда өнер иелерiнiң бiраз бөлiгi жұмыспен қамтамасыз етiлмедi. Мұндай
тиiмсiз жағдайлар жұмыспен қамту жүйесiнде айқын көрiндi.
Жұмыс орнына азаматтарды қатал бекiту, Кеңес Одағының әлеуметтiк
саясатының ерекшелiктерiнiң бiрi болды, мұнымен кәсiпорындарда айналысты.
Әлеуметтiк мәдени кәсiпорын қоры, өндiрiстiк бiрлестiктер, салалық
министрлер, қоғамдық ұйымдастыру мекемелерi мен ведомствалар есебiнен
көрсетiлген жеңiлдiктер орталықтылынған қоғамдық тұтыну қоры ретiнде
қаралды.
Кеңес Одағы кезiнде оның бүкiл тарихы бойында басты мәселелерiнiң бiрi, ол
“кәрi және орта жастағы адамдардың жеткiлiктi өмiр сүруiн қолдау” болды.
Кеңес Одағының бiрiншi жылдары жәрдемақы тек кедейлер мен жұмыссыздарға
ғана төлендi. Кейiннен, яғни, бiрiншi бес жылдық кезеңiнде мүгедектiгiне
қарай зейнетақы төлеу және соғыстан алдыңғы жылдары кәрiлерге тағайындалған
зейнетақы барлық дәрежедегi тұрғындарға, колхозшыларға берiлдi. Кеңес
Одағында зейнетақы төлеуге байланысты шығын үлесi ұлттық пайда қатынасында
1960 жылы 4,9 % тен, 1984 жылы 7,4 %-ке дейiн өстi.[14]
КПСС әлеуметтiк саясатының басты бөлiгiнде болған әлеуметтiк кепiлдiктер
Кеңес халықтарының рухани және материалдық мұқтаждықтарын толығымен
қанағаттандыруды қамтамасыз ету керек болды. Кеңес қоғамында әр қоғам
мүшесiнiң нақты отбасылық табысы белгiленген деңгейден төмен болмауымен
ерекшелендi. Ал бұл деңгей теңдей бөлу саясаты” арқылы кепiлдендi.
Әлеуметтiк кепiлденген минимум тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ету социалистiк
қоғамда еңбек бөлiнiсiнiң басты функциясы болды. Мұнда оның түп-тамырлы
мақсаты мен құндылығын қамтып көрсеттi. Яғни, әр қоғам мүшесi, қоғамдық
өндiрiс амалдарын ортақ пайдалану, экономикалық жүзеге асудың басты түрi
болды. Үлестiру функцияларының барлығын тиiмдi жүзеге асыру базасына
қажеттi жағдай жасалды[15].
Кепiлденген минималды табыс келесi функцияларды атқарды:
1. Кәрiлiкке немес ауруына байланысты еңбекке жарамдылығын
жоғалтқан қоғам мүшелерi күшнелтуiне жететiн төлеммен
қамтамасыз етiлдi.
2. Күшнелту минимумы дәрежесiнен төмен емес дәрежеде барлық орташа
табыс табатын отбасыларды қолдау көрсетiлдi. Яғни, отбасыларды:
тегiн үймен, жәрдемақымен қамтамасыз ету.
3. өте қажеттi, маңызы бар жеке қажеттiлiктердi қанағаттандыру
тегiн жүргiзiлдi. Яғни, медициналық тегiн көмек, бiлiм беру,
тұрғын үймен қамтамасыз ету, бала-бақшада балаларға тегiн
тамақ, тағы басқа қажеттiлiктер мемлекет тарапынан тегiн
жүргiзiлдi.
Барлық үлестiру жүйелерi қоғамдық кепiлдiк негiзi болып табылады. Бiрақ
шектелген тұтыну қорларында барлық табыс бiрдей дәрежеде және жоғарғы
көлемде мемлекетпен кепiлден-дiрiлмедi. Кепiлдендiрiлген минималды табыс
нақты табысты ұйымдастырушы ретiнде болды. Мемлекет тарапынан: бiлiм беру,
денсаулық сақтау және мәдениет салаларымен тегiн қамтамасыз ету социалистiк
қоғамның өзгертiлмейтiн принципi болды және ол жетпiсiншi - сексеншi
жылдары толығырақ дамыды.
Кейiннен әлеуметтiк саясат алдында ерекше мәселелер пайда болды. Осындай
мәселелердiң бiрi – ертеректе тегiн қызмет еткен әлеуметтiк салаларды ақылы
қызметке ауыстыру. Екi принциптiң араласуы: еңбегiне қарай және әлеуметтiк
кепiлдiк, ешқайсысы толығымен iске аспады. Жұмысқа қызықтыру мақсатымен
пәтер берген кәсiпорындар кейiннен оларды жұмыс орнында ұстай алмады.
Ақырында бұл тиiмсiздiк кадрлардың тұрақсыздануына алып келдi.
Медициналық қызмет саласында бақталастықтың жоқтығы, денсаулық сақтау
жүйесiнiң тиiмдiлiгiн түсiрдi. Мемлекеттiк емхана жұмысына риза емес адам
альтернативтi жоғары сапалы маманға қарауға, одан мағлұмат алуға мүмкiндiгi
болмады. Мұның барлығы медициналық қызмет жүйесiнiң өзiнiң мiндетiн толық
атқаруына кедергi болды.
Кеңестiк социализмнiң басты идеясы – барлық азаматтар қоғам игiлiгi үшін
жұмыс iстедi, ал қоғам өз кезегiнде әркiмге белгiлi деңгейде материалдық
байлық, әлеуметтiк кепiлдiк пен қорғанысты қамтамасыз еттi. Азаматтар қоғам
байлығын көбейту үшін еңбек еттi. Ал өндiрiлген өнiм ортақ пайдалануға
түстi. Яғни мемлекет өндiрiлген өнiмдi барлық қоғам мүшелерiнiң арасына
теңдей үлестiрдi.
“Кеңестiк әлеуметтiк саясаттың” ерекшелiгi жұмысшы күшi мен оның отбасылық
жағдайына мемлекеттiң көп араласуы едi.
Ортақ әлеуметтiк қайырымдылық және “ортақ пайдалану жүйесi” қоғамда
арамтамақтар мен ерiншектердiң көбеюiне алып келдi. Қоғам тұтынушысы
мәжбүрлiк, қамқорлық, патернализм идеоло-гиясымен жаншылған едi. Ол
көмексiздiк пен жеке жауапкер-шiлiксiздiктi мадақтады, өзiнiң бюрократтық
әр бөлiгiнде азамат-тардың жеке абыройын қорғап және басып жаныштайтын
қайырымсыз мемлекетке, бар азаматтар әлеуметтiк тұрмысының барлық саласында
оларға қамқор болған мемлекетке тәуелдi болды. өткен жылдардың әлеуметтiк
саясаттарының әдеттен тыс ерекшелiктерiнiң бiрi- онда өзiндiк бастамалардың
жоқтығы болатын. Шындығында кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының
негiзгi мақсаты барлық топтардың тұрмыс жағдайын жақсарту емес, бұл мүмкiн
де емес. Оның негiзгi мақсаты: халықтың белгiлi бiр топтарының дамуын
жоғарылату, екiншi-лерiнiң жағдайын бiршама жақсарту, үшіншiлерiнiң
жағдайын тұрақтандыру.Шынын айтқанда әлеуметтiк саясатты- саясат қылатын да
дәл осы жағдай. Кеңес мемлекетi ”халықтың тұрмыс деңгейiн жақсарту,
халықтың сұранысы мен қажеттiлiгiн қанағат-тандыру” ұрандарын өмiрде жүзеге
асыруға тырысты. Бiрақ бұл бағыттар кейiннен қалыптан тыс ұлғаюға ұшырады.
Мұндай тәсiлдерде әлеуметтiк саясаттың бақылауынан: ортақтық пен әлеуметтiк
топтар арасындағы қарым-қатынастар, әлеуметтiк дифференциация мен
интеграция процестерiнiң үйлесiмдiлiгi, қоғамды бұқараландыру, жеке адам
бостандығы мен азаматтық құқығын жүзеге асыру сияқты процесстер тыс қалды.
Әлеуметтiк саясат алдына, қағида бойынша,халық табысының барлық
көрсеткiштерiн үздiксiз және жүйелi түрде жоғарылату мәселесi қойылды.
Кеңес Одағы кезеңiнiң әлеуметтiк саясаты “әлеуметтiк саясат бағдарламасын”
таңдауға халықты араластыр-маумен ерекшелендi. Кеңес Одағында әлеуметтiк
бағдарламалар мазмұны көбiнесе осыған бөлiнген қаржы көлемiмен белгiлендi,
ал кейiнгiлерi қалған принцип бойынша жүзеге асты. Мұндай жағдайдың үзақ
өмiр сүруi экстенцивтi экономикамен әкiмшiлiк - әмiршiлiк басқару тәсiлi
үшін тән болатын. Мұнда негiзiнен өндiрiске арналған өнiм шығаруды
арттыруға басты назар аударылды. Пайданы үлестiру функциясы ретiнде
алғашқыда әлеуметтiк концепция әлеуметтiк игiлiк деп аталатын өрiстi
қамтыды: денсаулық сақтау және бiлiм беру, тиiстi қажеттiлiктi
қанағаттандыру сияқты қоғам маңыздылығы әлеуметтiк игiлiк ретiнде шықты.
Шын мәнiнде медициналық қызмет және бiлiм адам капиталын ұдайы өндiру өрiсi
болып есептелдi және қоғам, халық мұқтаждығын қызықтырды. Еңбегiне қарай
үлестiру принципi бұдан бұлай болуы мүмкiн емес едi. өйткенi денсау-лық
сақтау мен бiлiм беру қызметiне мұқтаждықты қанағаттан-дыру жеке тұлғаның
өндiрiске қатысу мүмкiндiгiнiң төмендеуiмен байланысты болды. Сондықтан әр
мүшесiне, оның табыс мөлшерiне қарамастан тиiстi қызмет саласымен
қамтамасыз ету қажет болды. Бұл ұлгiге нормативтi тұрғын үй үлестiру жүйесi
тәртiп пен орналаспады. Бұл феномендi түсiндiру үшін әлеуметтiк-
экономикалық игiлiк түсiнiгi енгiзiлдi. Бұл игiлiктi пайдалану әлеуметтiк
қажеттiлiктi белгiленген межеге дейiн қанағаттандырады. Әрине қоғам тiкелей
үлестiру көмегiмен бұл мұқтаждықтың әлеуметтiк бөлiгiн қанағаттандыруды
кепiлдедi, ал жеке тұлғаға ақы төлей алатын сұраныс негiзiнде оның
экономикалық бөлiгiн қанағаттандыру құқығы берiлдi. Нормалы тұрғын үй
үлестiру жетпiс жыл бойы жетiспеушiлiкте болды. Тұрғын үймен қамтамасыз
етiлген орта көрсеткiш өте жәй өстi. Сонымен бiрге тұрғын үймен қамтамасыз
ету керек болған халықтың тұрмыс жағдайы өте төмен болды. Тұрғын үй
қажеттiлiгiн қанағаттандырудың ортақ тенденциясын жоғарылату халық
сұранысынан қалып отырды.
КСРО да 20-30 жылдарда орнаған экономикалық және социальдық доктрианалар
1970 жылдарда экономикалық және әкiмшiлiк қатынастың, құқықтық қағидалар
мен қоғамдық ұйымдардың құрылымының бiрiгуiне әкеп соқты. Сталиндiк дәуiрде
Кеңес мемлекетiнiң кейбiр либералистiк және десталинизациялық тармақтарымен
кемсiтiлген социалды идея-лар КПСС- тiң 20-сьезiнен кейiн ақталып шықты.
КПСС басшыларымен Кеңес үкiметi Чехославакияда өткен бес социалистiк
мемлекеттiң Варшавадағы келiсiмiнен кейiн, елге беделдiк мәртебе, саяси
бостандығы ұлы державалық амбициялар 1968 жылда айқындала бастады. КПСС-тiң
бағдарламасындағы 20 ғасырдың 80 жылдарында “коммунистiк қоғам орнату”
тапсыры-сы, iшкi саяси беталысты күшейтiп, қоғамдағы қайшылықтар мен
теңсiздiктi, терiс көзқарастарды, әкiмшiлiк саладағы пайдала-нылған және
жасырын келген резервтердi сақтауды қайта құрды.
Сондықтан 1967 жылы µлы Октябрь революциясының 501 жылдық жиылысында Кеңес
үкiмет басшысы Л.И.Брежнев “ССР-дi құруда коммунизм орнату емес социалистi
қоғам құрылуы тарихи болып табылады” дедi. Ол коммунистiк қоғам орнатудан,
ең болмағанда жақын арадағы тарихи болашақта, бас тартудың сыпайы түрi едi.
1977 жылы жаңадан енгiзiлген СССР конституциясында социалистiк қоғам дамуы.
Сапалы аппаратты қоғам дамудың дефинициясы әдiлеттi сипат алды. Осыған сай
жағдайлар: барлық бауырлас респуликалардың Конститутция-сында белгiлендi.
КССР құрамына кiрiп, өзiндiк егемендiгi болмағандықтан Қазақстан тек
одақтық құжаттарды өз заңына енгiзуден бөлек, солардың iске асуын
қадағалады. Москвадағы қабылданған заңдар Қазақстанда сөзсiз қайталанып,
заңдық акт түрiнде түрлендiрiлдi. Сондықтан Қазақстанның дамуы Совет
Одағының сатысымен сипаттас болды. Қазақстанның норма-тивтiк-құқықтың даму
сатысы, Кеңес мемлекетiнiң құрамында болғандықтан, дамып өзiнше өстi.
1978 жылы КСРО-нiң Конституциясында оның дербестiгi тұжырымдалынды,
Республиканың басқы заңының 68-тармағында Кеңестiк Социалистiк Қазақстан
Республикасы– егемен-дiк кеңестiк социалистiк мемлекетi деп жариялады.
Конституциямен Қазақстанның СССР құрамына егемендi орнықты. Саяси-құқықты
белгiлерi белгiленiп, өз еркiмен КСРО-ға кiрiп және өз еркiмен шығу құқығы
бар, өзiндiк ерiктi заңды шығар-машылық қызмет, өз территориясын
ысырылмайтын, басқарым-дық және мемлекеттiк үкiмдiлiкке құқы бар және
басқада мемлекеттiк iшкi және жоғарғы қызметтерге еркi бар республика болып
танылады.
Алайда шынайы өмiрде әрдайым Қазақстанның егемендiлiгi шектелiп келдi.
Республиканың құқығының кеңейуi мен шекте-луi КСРО басшыларының өзiндiк
саяси тәртiппен және iшкi саяси санасына байланысты болды. Iс жүзiнде КСРО-
нiң Политбюро мүшелерiнiң ғана ортасында сайланған ЦКК Компартиясының I-
секретары (хатшысы) басқарды. Республи-каның құқы iшкi саясат қызметтерiнде
ұдайы қысымда шектелiп отырды. КСРО-ның бiрiккен экономикалық комплексi тек
бiрiккен бiр бағдардағы, бiрiккен ұйымдық ортақталған, әкiмшi-лiк
жоспардағы жүйелердi бақылайды. Әр түрлi орталықталған мемлекеттерден
Қазақстанның едәуiр бөлiгi, жерлерi материал-ды қоры тыс қала бердi.
Мысалға СССР-дiң қорғаныс министрлiгiне қ0ССР- ның территориясындағы қордың
8%-нан хабардар болды. Бұл жағдай өте төзiмсiз және бұл уақытта
республикада едәуiр экономиканың мүмкiншiлiгi мол жағдайда болды. Сондай-ақ
ХХ ғасырдың 70 жылдардағы Қазақстан келесi экономикалық және әлеуметтiк
сипаттамаға ие едi.
- РСФСР-ден кейiнгi территориясы жағынан 2-орынға ие едi.
- Қазақстанның әлеуметтiк, экономикалық дамуының негiзi болған: табиғи
ресурстары мен әртүрлi пайдалы қазбалары көп болды.
- Ресей және Украинамен қатар ауыр өнеркәсiптiң: түрлi -түстi металл,
жанар-жағар және энергетикалық комплекстер, химия және мұнайхимиялық
өндiрiстердiң жоғарғы дәрежеде дамуы;
- Дән-дақылдарын егетiн едәуiр кең кеңiстiгi бар, КСРО мен салыстырғанда
адам басына шаққанда өте үлкен мөлшерде бөлiнетiн дақыл жинағы, сонымен
қатар мал шаруашылығының кешенi дамыған, адам баласына шаққанда ет өнiмдерi
Украина, Ресейге қарағанда орта деңгейден жоғары едi.
- ±ылымның әр саласында потенциалды даналық пен жоғарғы мамандар.
- Әлеуметтiк ортада маңызды потенциал (мүмкiншiлiк), мысалға, 1000 адамнан
1970 жылы 559 адам жоғарғы, жоғары, орта бiлiмдi аяқталмаған адамдар болса,
42-сi жоғары бiлiмдi болды.
- өнiм шығарудағы қордың қомақты бөлiгi;
- ұлттық кiрiстiң үлкен бөлiгi жөнiнен Қазақстан, Ресей мен Украинадан
кейiнгi орында болды.
Бiрақ КСРО-ның шаруашылық кешенiнiң бөлiнбес бөлiгi болғандықтан,
Қазақстанның кемшiлiктерi көп болды. Оның экономикасының айрықша белгiсi,
оның милитаризациясының жоғары деңгейi мен экономикасының күрделi құрылысы
жағы-нан айтарлықтай кемшiлiктер болды.
Қазақстанның iрi қалаларында iрi зауыттары жұмыс iстедi, оларға: Киров,
Калинин, Куйбышев зауыттары жатады, бұлар-дың әр қайсысы белгiлi бiр өнiм
шығарады. Ауылшаруашылық пен әскери машиналар осында жасалып шығарылды.
Мұндай бағдарлау Қазақстан шаруашылық кешенiн теңсiз бөлiкке бөлiп өз ара
байланыстыратын қосымша кешендерге бөлдi. Алғашқы-сында елдiң ауыл
шаруашылығына бағдарланған, екiншiсi КСРО-ның әскери өндiрiсiнiң кешенiн
қамтамасыздандырды, үшіншiсi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz