Өсімдіктер мен жануарлар гаметогенезі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “Өсімдіктер мен жануарлар гаметогенезі ”

Орындаған:Аликеева Айдана

БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген: аға оқытушы

Б. А. Далабаев

Алматы 2012 ж.

Гаметогенез

Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos - жыныс, жыныс клеткасы; genesis - шығу тегі) - жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жүмыртқалық) даму процесі.

Аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді. Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі. Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Өсімдіктер спорогенезі мен гаметогонезі

Өсімдіктер спорогенезі мен гаметогонезі. Өсімдіктер гаметогенезінің ерекшеліктері. Өсімдіктерде жыныс клеткаларының қалыптасу процесі екі кезеңге бөлінеді

: 1-кезең - спорогенез - гаплоидты клеткалар - споралар түзілуімен аяқталады; екінші кезеңге - гаметогенез - жетілген гаметалардың түзілуі кіреді. Өсімдіктерде микроспоралар немесе тозаң түйірлері түзілу процесі микроспорогенез деп, ал мегаспоралар (немесе макроспоралар) түзілу процесі мега немесе макроспорогенез деп аталады.

Өсімдіктердегі гаметогенез процесі негізінде жануарлардағы сондай процеске ұқсас болады, бірақ біршама басқа жол-мен өтеді. Өсімдіктерде ұрықтық жол, яғни жыныс клеткаларының окшаулануы ертерек болмайды («Гейетика жөнінен практикалық сабаққа басшылықтағы» 6-суретті қараңыз) . Микроспорогенез және микрогаметогенез. Жабық тұқымды өсімдіктерді жалпы мысал етіп алып, микроспорогенез бен микрогаметогенезді қарастырайық. Жас тозақдықтың субэпидермальды тканінде археспория деп аталатын клеткалар пайда болады, олардың әрқайсысы бірнеше рет бәлінуі нәтижесінде тозаңнық аналық клеткасына айналады да мейоздың барлық фазасынан етеді. Екі рет мейоздық бөліну нәтижесінде гаплоидты терт микроспора түзіледі. Олар төрт-төрттен жатады, сондықтан -ралар тетрадасы деп аталады. Пісіп жетілу кезінде тетрадалар жеке микроспораларға бөлінеді. Осымен микроспорогенез аяқталады. Бір ядролы микроспора түзілісімен микрогаметогенез басталады. Микроспоранын, митоздық бірінші бөлінуі нәтижесінде вегетативті және генеративті клеткалар түзіледі. Бұдан ары вегетативті клетка мен оның ядросы бөлінбейді. Онда қоректік заттар жиналады, ол заттар кейіннен генеративті клеткалардың бөлінуін және аналық жыныс мүшесінің бағанасындағы тозан түтігінің өсуін қамтамасыз етеді. Құрамында цитоплазмасы аз болатын генеративті клетка тағы бәлінеді. Мүндай бөліну тозаң түйірінде немесе тозаң түтігінде орындалуы мүмкін. Осының нәтижесінде аталық екі жыныс клеткасы түзіледі, олардын, жануарлар сперматозоидынан айырмасы қозғала алмайды және спермия деп аталады.

Сонымен, гаплоидты хромосома жиынтығы бар бір спорадан митоз жолымен екі рет бөліну нәтижесінде үш клетка түзіледі. Олардың екеуі - спермия, біреуі - вегетативті клетка. /^ Мегаспорогенез бен мегагаметогенез. Жас түқым бүршігінің субэпидермалық қабатында археспория клеткасы дараланып рқшауланады, көбінесе ол біреу ғана болады. Археспория клеткасы өсіп, мегаспораның аналық клеткасына айналады. Мегаспора аналық клеткасының мейоздық жолмен екі рет бөлінуі нәтижесінде мегаспоралар тетрадасы түзіледі. Тетраданың әр клеткасы гаплоидты болады. Ал осы тетраданың бір клеткасы ғана ары қарай дами алады, қалған үшеуі дегенерацияланады (дамып жетілудің моноспоралық типі) . Бүл клеткалардың тағдыры, жануарлардың жұмыртқа клеткасы пісіп жетілуі кезіндегі редукциялық денелердің тағдырына ұқсайды.

Келесі кезеңде мегагаметогенез іске асады. Ларамды күйінде қалған мегаспора ары қарай өсе береді, бұдан оның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бәлінеді. Сонымен клетканың өзі белінбейді, ол ұрық қалтасына айналады. Әр түрлі өсімдіктерде митоздар саны бірден үшке дейін өзгере алады. Қөпшілік өсімдіктерде (жабық тұқымдыларының 70%) бөліну үш реттен болады, осының нәтижесінде бірдей сегіз ядро түзіледі. Осындай бөліну уақытында ядролар полярлық күйде болады, олардың тертеуі микропильге (спермиялардың енетін жері) жақын жатады, ал қалған төртеуі халаза деп аталатын қарама-қарсы белігінде орналасады. Ары қарай ядролар дербес клеткаларға айналып оқшауланады, ол клеткаларда едәуір мөлшерде цитоплазма болады. Микропиледе орналасқан төрт клетканын, үшеуі - жұмыртқа клеткасымен синергидтер деп аталатын екі клетка - жұмыртқа аппаратын қүрады. Синергидтер ұрықтану кезінде көмекші қызмет атқарады, көп ұзамай олар ыдырап жойылады. Төртінші ядро ұрық қалтасының ортасына кетеді, сол арада халазалық шеттен келген бір ядромен қосылады. Орталық белікте құйылысқан екі гаплоид ядродан бір диплоидты ядро, екінші кезектегі, яки үрық қалтасының орталык ядросы түзі-леді. Ұрық қалтасынын, халаза шетінде қалған үш ядро клеткаға айналып оқшауланады; олар антиподтар деп аталады. Антиподтар, синергидтер сияқты, зиготаның дамып жетілуі кезінде кемекшілік қызмет атқарады да, кеп ұзамай, ыдырап бұзы-Сонымен, митоздық жолмен үш рет бөліну вәтижесінде ұрық қалтасында гаплоидты және бірдей 8 ядро түзіледі, солардың біреуі ғана жүмыртқа клеткасына айналады.

- Біз қарастырып отырған бір мегаспорадан сегіз ядролы ұрық қалтасының түзілу схемасы көп таралған. Бірақ әсімдік-тердің әр түрлі топтарында бүл процесс алуан түрлі болып өтеді. Өсімдіктер мен жануарлардың филогенездік ажырауы (дивергенция) клеткалы құрылым түзілуінің өте ерте кезінде болды. Соған қарамастан жануарларда және өсімдіктерде жыныс клеткаларының шсіп жетілуш салыстыру, олардың арасындағы толық параллелизмді көрсетеді.

Жануарлар гаметогенезі

Жануарлар гаметогенезі. Жануарлар гаметогенезінің ерекшеліктері. Жануарлардың жыныс клеткасы дене клеткалары сияқты эмбрионалдық клеткалардан пайда болады. Онтогенезде оқшауланатын, ал кейіннен одан жыныс бездері мен жыныс клеткалары дамитын бастама клеткалар ұрық жолы деп аталады. Ұрық жолының оқшаулануы әр жануарда онтоге-нездің әр кезеңінде, бірақ бәрінде де ол біршама ертерек өтеді. Өзіндей ұрпақ ендіруге және тұқым қуалаушы информацияларды беретін жыныс клеткалары ерте қалыптасып маманданады деп айтуға болады. Бастама клеткалар бірнеше қайтара бөліну арқылы гониальды клеткаларды - гонийлерді түзеді. Алғашқыда екі жыныс особь. тарында да гонийлер ұқсас болады, одан ары олар жікте-ліп, еркек организмде сперматогонийге, ұрғашы организмде оогонийге айналады. Олар бірнеше рет митоздық жолмен бөлінеді, бүл кезде хромосомалар жиынтығының диплоидты қалпы сақталады, бірақ шамалы кішірейіп бөлінуі тоқталады. Енді клеткалар өсу кезе-ңіне өтіп, келемі ұлғая бастайды. Хромосомалар жиынтығы диплоидты дамудың бүл стадиясында әлі пісіп жетіле қоймаған аталық. жыныс клеткаларын бірінші қатардағы сперматоциттер (I сперматоцит) деп, ал аналық жыныс клеткаларын бірінші қа-тардағы ооциттер (I ооцит) деп атайды. Аналық және аталық жыныс клеткаларының пісіп жетілу процесінде айырмашылық болады.

Сперматогенез. I сперматоцитте мейоз басталады. Жануар-ларда мейоздық бөлінуді пісіп жетілу бөлінуі деп те атайды. Өсу кезеңінің езінде-ақ I сперматоцитте мейоздың профазасына тән езғерістер басталады. Пісіп жетілу кезеңіндегі бірінші бөлінудің (редукциялық) нәтижесінде екінші қатардағы сперматоциттер (II сперматоцит) түзіледі. Олар гаплоидты болады. Пісіп жетілу кезіндегі екінші белінуден (эквациялық) кейін әр II спер-матоциттен екіден клетка түзіледі. Ол клеткалар сперматидтер деп аталады. Сонымен, диплоидты бір клетка - I сперматоциттен мейоздық жолмен екі рет бөліну нәтижесінде гаплоидты төрт сперматид түзіледі.

Жетіліп, қалыптасу кезінде сперматидтердің сперматозоидтарға айналу процесін спермиогенез деп атайды. Ядро мен цитоплазманың барлық элементтері осы процеске қатысады. Пісіп жетілген сперматозоидтың басы, орта бөлігі (мойны) және құйрығы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетика туралы
Генетика. Генетиканың пайда болуы және негізгі даму кезеңдері
Каспий орыс бекіресінің көбею жүйесі мен бауырының гисто – функциональды жағдайы
Кроссинговердің механизмдері. Мейоздық кроссинговер
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы
Клетканың органикалық заттары
Генетика пәні бойынша дәріс кешені
Жалпы және молекулалық генетика
Жыныс клеткаларының көбеюі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz