БУРАБАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЕУРОПА БҰҒЫСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

«БУРАБАЙ»МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЕУРОПА

БҰҒЫСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұршақбаева Л. . М

Кіріспе. «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи бағы биік және орташа таулы

рельефімен, далалық әсем ландшафттарымен бейнеленеді. Әсіресе ірі аңдары бар (бұғы, елік,

аю және т. б. ) қайыңды шоқ орманы мен қарағайлы ормандары, төмен шоқтылы қыраттары

мен көлдері көрік береді. Ұлттық табиғи бақтың территориясында қазіргі уақытта 305

омыртқалы жануарлардың түрлері тіркелген. Ең алғаш рет Ұлттық табиғи бақта ғылыми-

зерттеу жұмыстары 1816 жылы жүргізілді. Бурабайдың жануарлар дүниесін және

динамикасын зерттеуде С. Д. Лавров, Н. М. Михеля, Б. К. Штегман сияқты зерттеушілердің

атқарған жұмыстарының маңызы зор. Зерттеудегі басты кезең және жануарлар дүниесін

қорғау мұнда 1953 жылы ұйымдасқан мемлекеттік қорықтың ашылуымен байланысты.

Жануарлар дүниесінің құрамындағы басты өзгерістер 19 ғасырдың ортасында антропогендік

факторлардың күшеюінен, ( жерлерді жырту, ормандарды кесу, сутартқылардың көбеюі,

қарқынды аңшылық құру және т. б) сондай-ақ жылы және құрғақ климаттық кезеңнің әсер

етуінен болды. Осындай көптеген әр түрлі процесстердің нәтижесінде Ұлттық бақтың

ауданында қоңыр аю, марал, құндыз, тау ешкісі жойылып кетті. Осыған орай, Ұлттық бақта

адамдардың көмегімен жануарларды жерсіндіру, оның ішінде Еуропа бұғысының

биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады [1] .

Зерттеу материалдары мен әдістері. Аңшылық жануарлардың биологиясын және

экологиясын жақсы білу арқылы аңшылық және басқа шаруашылықтық салалар ара-

қатынасын реттеуге болады. Ұлттық табиғи бақта өсірілетін Еуропа бұғысының биологиялық

қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу әдістері:

1) Ұлттық табиғи бақтағы мекендеу ортасын анықтау

2) қоректенетін өсімдік түрлерін көрсету

3) қыс мезгілінде қосымша азықтандырудың нормасын анықтау

4) жануарларды есепке алу

«Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи бағының бастапқы құрылу кезеңінде

жануарларды жерсіндіру тәжірибесі үлкен маңызға иеленді. Жануарларды жерсіндіру

аңшылық қорларды толықтырудың басым бағыттарының бірі. Жерсіндірілген жануарды

жібермес бұрын оның мекен ету ортасындағы биоценотикалық орнын мұқият бағалауын

қадағалау қажет. Жерсіндірудің нәтижесі жануарларды жібергеннен кейін шаруашылықтағы

саны және олардан түскен пайданы есепке ала отырып бағаланады. 1966 жылы Аскания-Нова

қорығынан «Бурабай» МҰТБ-на әкелінген Еуропа бұғысы сәтті жерсіндірілді. Жерсіндірудің

басты мақсаты мен маңыздылығы Ұлттық бақтағы жануарлардың қорын толықтыру, шетел

аңшылық туризімін ұйымдастыру және трофей ретінде аңшылық объектісіне айналдыру [2] .

Зерттеудің нәтижелері. Аймақтың табиғи климаты шұғыл континентті, жазы құрғақ

әрі ыстық. Қыс қатты болғанмен қар аз түседі. Қыстан жазға өту мерзімі өте қысқа. Ауаның

абсолюттік жоғарғы температурасы 39-41ºС жетеді. Желдің жылдық орташа соғу

жылдамдығы 3, 1-3, 7 м\сек. Қыс мезгілінде жануарлардың азық іздеу барысында тәуіліктік

жүрістері 2500 м-ді құраса, азық мол болған жағдайда 500 м-ден ұзап кетпейді. Бұл бұғылар

сүтқоректілердің ішінде жұптұяқты отрядқа жатады. Дене бітімі ірі, сымбатты жануарлар.

Аталықтарының дене ұзындығы 2, 4 м, шоқтығының биіктігі 1, 5 м, салмағы 250 кг, ал

аналықтарының дене ұзындығы 2 м, шоқтығының биіктігі 1, 3 м, салмағы 160 кг жетеді.

Кеудесі созыңқы, аяқтары биік, жіңішке. Ересектерінің басы ұзынырақ, құлақтары үлкен және

өте қозғалмалы келеді. Тістерінің саны 34, құйрығы қысқа. Денесінің артқы бөлігінде ілгері

қарай орналасқан ақ дағы болады. Оны «айна» деп атайды. Ол жануарлардың бірін-бірі қалың

орманда жоғалтып алмас үшін маңызы зор. Қыс кезіңде түсі сұршыл, жазда қызығылт сары.

Мойынының төменгі бөлігі және бауыры әрқашанда ақшыл болады. Аталықтарының

мүйіздері жақсы жетілген, әр мүйізінде 5-6 қосымша тармақтары болады. Аналықтары

мүйізсіз.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ң Ғылым жаршысы /

Вестник науки КАТУ им. С. Сейфуллина. - 2011. - №2(69) . - С. 79-83. Жылда наурыз - сәуір айларында аталық бұғылардың мүйіздері түсе бастайды, ал тамыздың

аяқ кезінде жаңа, бұрынғыға қарағанда ірі және әдемі мүйіздер шығады. Аталықтарының ең

алғашқы мүйіздері тіршілік етуінің бірінші жылының аяқ кезінде маңдай үстіне сүйекті төбе

күйінде пайда бола бастайды. Екінші жылдың күзіне қарай мүйіздерінің өсуі тоқтап,

сүйектеніп, тері қабынан тазаланады. Бұл бірінші бұтақталмаған мүйіздерін «шырпы» деп

атайды [3] .

Ұлттық бақтағы әдеттегі мекендеу ортасы - жапырақты екпе ағаштар және қарағайлы

жас шыбықтар, алаңқайлы, жапырақ және қылқан жапырақ тұқымды ағаштар жақсы өсетін,

әртүрлі шөптесін өсімдіктер өсетін талды, аршалы шағын тоғайлы жерлер. Көктемге қарай

бұғылар таудың оңтүстік беткейіне шығады. Себебі мұнда шөптесін өсімдіктер орманды

жерлердің өсімдіктеріне қарағанда айтарлықтай ертерек шығады. Көбіне таңертеңгі және

кешкі уақыттарда жайылады, ал күндіз көбіне тынығады. Топтанып тіршілік етеді, әрбір топта

он басқа дейін болады. Бұдан да ірі топтар жануарларға қолайсыз кезең туған жағдайда

құрылады. Мысалы: қыстың ең қолайсыз күндері, қардың қалыңдығы 70 - 100 см биіктікке

дейін жеткенде 60 бастан тұратын табын құрады. Сондай-ақ ересек бұғылардың аталықтары

мен аналықтары күйекке түсу кезінде бір жерге топтасады. Басқа уақытта аталықтары орман

алабының шеткі аймақтарында, ал аналықтары орманның ішінде мекен етеді.

Еуропа бұғысы - тек қана өсімдікқоректі жануар. Көбінесе ағашты-бұталы

өсімдіктермен қоректенеді. Әсіресе жаз мезгілінде бұғылардың азықтары әр түрлі шөптермен

қоректенудің есебінен алуан түрлі. Жаздың аяғында және күзде емен жаңғағын жақсы жейді.

Күзде рационында азық түрлерінің мөлшері азаяды. Қыс кезінде азықтың басым бөлігін

ағашты, бұталы өсімдіктер құрайды. Бұғылар сондай-ақ ағаштар мен кейбір бұталардың

қабықтарын қорек етеді. Көбіне талдың жас бұтақтары, емен, үйеңкі, көктерек, шетен, шаған,

алма ағашы, қабыржық, қарабүлдірген, шәңгіш, таңқурай, қаражидек және шөптесін

өсімдіктермен қоректенеді.

1 кесте - Бұғылардың қоректенетін өсімдік түрлері

Қоректену

өсімдіктерінің түрлері

Өсімдік

түрлерінің

саны

Қоректену

өсімдіктерінің

түрлері

Өсімдік

түрлерінің

саны

Ағашты өсімдіктер 21 Өлеңшөп және елекшөп 7

Бұталы өсімдіктер 23 Қырыққұлақ 4

Дәнді өсімдіктер 18 Қырықбуын 2

Бұршақ тұқымдас 15 Қыналар 4

Түрлі шөптер 122 Саңырауқұлақ 5

Сонымен қатар қыс уақытында бұғыларды пішенмен, жапырақты ағаштардың

жапырақты сыпырғыларымен, шүйгін және дәнді дақылдармен қоректендіреді. Жазғытұрым

бұл аңдар қосымша азықтандыруды қажет етпейді. Өйткені, бұл кезде табиғи азықтар

жеткілікті болады. Қыстағы қосымша азықтандыруды бұғылар табиғи жапырақты азықтар аз

болғанда қажет етеді немесе қар қалың болғанда немесе қабыршақ мұз пайда болғанда.

Қосымша азықтандыруды дұрыс ұйымдастырғанда жануарлар қолайлы жерде шоғырланады,

оларға бақылау жүргізу жеңілденеді. Қосымша азықтандырудың нормасы әр түрлі болады,

олар шаруашылықтың географиялық орналасуы, алқаптар азықтылығы, табиғи азықтар қоры,

қар қалыңдығы және басқа да факторларға байланысты [4] .

2 кесте - Бұғыларды қосымша азықтандырудың нормасы

Қосымша азықтардың түрлері

Пішен, кг Сыпырғы, дана

Картоп және тамыр

жеміс, кг

Құнарлы азық, кг

3 3 1 0, 5

Аңдарды қосымша азықтандыру тек оң нәтижесін берді, осының арқасында олар

белгілі бір жерде тұрақтайды, санынын өсуіне, ал кейбір жағдайларда алқаптардың табиғиөнімділігін жоғарылатуға өте қолайлы. Бұғыларды қосымша азықтандыру арқылы олардың

биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін білуге үлкен мүмкіндік туды.

Бұғылардың шағылысу мезгілдері қыркүйектен басталып, қазан айына дейін созылады.

Бұғылардың өкіруі ауыр күрсінуге ұқсас үздік-создық және қарлыққан дауыстардан басталып,

ізінше төмен, күшті және созылыңқы мөңіреп шақырған дауыстар естілсе, кей уақытта күшті

және қуатты жабайы орман жануарының жабырқаған және аянышты дауыстарын да естуге

болады. Аталықтарының өкіруі көбінде тіршілігінің үшінші жылында басталады. Бірақ әдетте

үлкен және күшті аталықтары оларды аналық бұғыларға жақындатпайды. Көбеюге олар тек

қана төртінші - бесінші жылдарында ғана қатысады. Көктемнің аяқ кезі мен жаздың басында

аналықтары жалғыз, сирек егіз төл табады. Буаздық мерзімі сегіз айға дейін созылады. Төлдеу

кезінде ұрғашы бұғылар көзге шалына қоймайтын орындарға кетеді. Жаңа туған төлдің

салмағы 10-14кг төңірегінде болады. Енесінің сүтімен және көк шөп жеп азықтанған төлдер

тез өседі. Аналықтары төлдерінің маңында жайылып жүреді, қауіп төңген жағдайда жауының

назарын басқа жаққа аударып немесе алдыңғы аяқтарымен соғып, тап беріп, қарсылық

көрсетеді. Бір жұма өткен соң жас бұзау анасының жанында еріп жүре алады, ал үш жұмалық

жаста шөпті жұла бастайды. Табиғатта бұғылардың тіршілік ету ұзақтығы әдетте 11-14 жыл,

сирек 20 жылға дейін. Бұғылардың негізгі жаулары: қасқыр, сілеусін, бұралқы иттер.

Табиғи бақтың климаттық жағдайлары жануарларға жақсы әсер етуінен және әр түрлі

биотехниялық шараларды жүргізудің нәтижесінде олардың саны жылдан-жылға көбею

үстінде. Біздің елдегі және шет елдеріндегі зерттеулер көрсеткендей, адамның табиғатқа

жануарларға (оның ішінде аңшылық) әсері күшейе келе мазасыздандыру деп аталатын

фактордың қолайсыз әсері күшейе түседі. Адамдар мазасын алатын және мал жайылатын

алқаптарда аңшылық жануарлардың төлдеу деңгейі төмендейді. Осыған байланысты табиғи

бақта бұғыларға арналған «қауіпсіз» аймақтар жасалынған. Бұндай аймақтар табиғи бақтың

аяқ баспайтын жерлерінде, өзен арналарында, орман бұлақтары жырасында, сайларда, қалың

бұталарда орналастырылған. Бұл жерлерде ағаш кесу мейлінше қысқартылған, мал жаюға

тыйым салып, жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинайтын адамдардың саны шектетілген. Қауіпсіз

аймақтар тікенді бұталар және шыршалармен қоршалынып, бұғылар тынығу үшін қалқалар

жасалынған. Бұл аймақтар орманшы және қорықшылармен қорғауға алынады, әсіресе төлдеу

барысында. Қыстың қолайсыз күндері бұғылар жас қарағайдың ну тоғайында жасырынады,

сондықтан қарапайым қорғаныс ретінде орманда осындай қою қарағай ну тоғайларын

отырғызу керек және қыста осы тұяқтылар шоғырланатын жерде қою қарағай орналасқан

жерді сақтау керек. Қарағай тоғайы орналасқан жерге қыста сабан немесе қамыс төсеп

тастаған жөн [5] .

Бұғыларды шаруашылықта есепке алу көбіне қоректену кезінде көзбен санау арқылы

жүргізіледі.

3 кесте - «Бурабай» МҰТБ-дағы 2001 - 2009 жылдар аралығында жүргізілген есеп бойынша

еуропа бұғысының жалпы сан көрсеткіштері

Жануард

ың аты

2001

жыл

2002

жыл

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

2010

жыл

Еуропа

бұғысы

550 550 520 680 700 690 775 805 825 848

Қорытынды. Еуропа бұғысы өте бағалы аңшылық жануар. Оларға аңшылық құру

арнайы рұқсат етілген жағдайда жүргізіледі. Бұғы адамға әртүрлі бағалы өнім беретін

аңшылықтың сүйікті нысаны болып табылады. Алынатын негізгі өнімдер: ет, тері, мүйіз және

тағы басқа қосалқы өнімдер. Олардың еттері диеталық, жоғары дәмді сапасымен

ерекшеленеді, ал майын халық ерте кезден асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған.

Аяқтарынан сыпырылған терілерінен қысқы етік тігеді. Сондай-ақ еуропа бұғысының тұлыбы

- мұражай және көрмелерде өте жоғары бағаланады. Оның мүйізінің емдік қасиетін халықтық

медицина ертеден білген. Мүйізінен жүрек ауруы, құяң, өкпе қабынуы сияқты ауруларға ем

дәрілер алынады. Бұл жануардың эстетикалық мағынасы да зор. Ұлттық бақтың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы хайуанаттар бағы
Хайуанаттарды азықтандыру нормативтері
Ботаникалық бақтың реконструкциясы
Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Қазақстан Қызыл кітабы
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Миграция. Түлеу
Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық нысандарына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz