Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Глосарий:
абдомен -  буынаяқтылардың денесіндегі құрсақ бөлімі, насекомдар
денесінің артқы бөлімі;
акрон - буынаяқтылардың басының алдыңғы буыны;
антенна - мұртша, иiс жене сипап сезу мушесiнiң қызметiн атқарады;
антеннула — шаянтәрiздiлердiң мұртшаларының бiрiншi жұбы;
анофелес - безгек маса;
арахнология - зоологияның өрмекшiлердi зерттейтiн саласы;
атолл – сақина пішінді маржанды арал, теңіз бетінен аздап көтерілген
дөңгелек төбешік, ортасында теңіз суына толы айдын;
ацеоломата - екiншi реттiк дене қуысы (целом) жоқ жануарлар;
биогельминттер – толық дамуы үшін аралық иені қажет ететін паразит
құрттар;
базиподит - кейбiр шаянтерiздiлердiң аяқтарындағы негiзгi бөлiктiң
екiншi бунағы;
бентос - су түбiнде тiршiлiк ететiн организмдер жиынтығы;
билатеральдi симметрия - жануарлардың денесiн  ортасынан тең жарғанда,
оның екі жағындағы        бөлiмдерiнің құрылысы бiрдей болып шығуы;
галла - кейбір насекомдар мен кенелердің келтіретін зардабынан өсімдік
мүшесінде тканьдердің қалыптан тыс ұлғайып өсуі;
гемолимфа - буынаяқтылар мен моллюскалардың денесiндегi сұйықтық;
диапауза - насекомдардың қолайсыз кезеңнен өту құбылысы;
имаго - насекомдардың даму сатысындағы ең соңғы ересек түріне айналған
сатысы;
инсектицидтер - зиянкес насекомдарды құртуға арналғанулы химиялық
заттар;
копуляция – аталық және аналық жыныс клеткаларының бір-бірімен
қосылуы;
миксоцель – буынаяқтылардың аралас дене қуысы;
мандибула – буынаяқтылардың жоғарғы жағы;
мальпиги түтікшелері – өрмекшілер мен насекомдардың зәр шығару
органы; 
макронуклеус –  көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейтін
инфузорияның үлкен ядросы;
мимикрия - жануарлардың  қорғаныш реңі;
нимфа -  кенелердің және шала түрленіп дамитын насекомдардың соңғы
личинкалалық сатысы;
омматидиялар - буынаяқтылардың  фасетті көзін құрайтын жеке көзшелер;
полиэмбриония - бір жұмыртқадан бірнеше ұрықтың дамуы; полоноскалар -
өсімдік биттердің аналық партагенетикалық ұрпағы;
постэмбриональді дамуы - ұрықтың жұмыртқадан шыққаннан кейінгі даму
сатысы;
провизорлы мүшелер - личинкалардың денесіндегі уақытша дамыған
мүшелері, даму барысында олар жойылып кетеді;
ректальді бездер - насекомдардың артқы ішегінде орналасқан айрықша
клеткалар, олар нәжіс құрамындағы денеге сіңбеген ас қалдықтарын және суды
сіңіруге  көмектеседі;
сенсилла - буынаяқтылардың сезім мүшесі;
склериттер - буынаяқтылардың сыртқы хитинді кутикуласының тақталары.

Тақырып 1. Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы, мақсат, міндеттері
және зерттеу әдістері. Насекомдар немес алты аяқтылар класы – Insekta,
Hexapoda.
Дәрістәің мақсаты: Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы, мақсат,
міндеттері және зерттеу әдістері мен танысу. Насекомдар немес алты аяқтылар
класы – Insekta, Hexapoda.
Қаралатын сұрақтар:
1. Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы, мақсат, міндеттері және
зерттеу әдістері.
2. Насекомдар немес алты аяқтылар класы – Insekta, Hexapoda.
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралаған және түрлерінің саны
жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн түрі бар. Жануарлар
жүйесіндегі қалған 22 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және
насекомдар жатады. Буынаяқтылар деп аталатыны да осыдан. Олар екі жақты
симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш
бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін
хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымдаудан
қорғайды жіне оның іші жағына бұлшық еттер бекінеді. Хитинді кутикула
өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы
өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы – жолақ, тез жиырыла алады.
Буынаяқтылар дара жыныстылар. Жыныс диморфизі жақсы дамыған. Эмбриональды
және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады.
Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, ыстық су
қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада
да көп кездеседі. Адам және жануарлар организмдерінде паразиттік тіршілік
ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы өте зор.олар адамның,
жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды
таратушылар, сондай ақ егістік өсімдіктері мен орман өсімдіктерінің
зиянкестері. Екінші жағынан буынаяқтылар азық түлік және техникалық шикізат
есебінде пайдаланылады. Өсімдіктерді тозаңдандырады, топырақты
құнарландырады.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармғына бөлінеді: желбезектыныстылар,
трилобиттәрізділер, хелицералылар, кеңірдектыныстылар.
Бақылау сұрақтары:
• Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы, мақсат, міндеттері және
зерттеу әдістері.
• Насекомдар немес алты аяқтылар класы – Insekta, Hexapoda.
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)

Тақырып 2. Жәндіктердің дене құрылысы. Эйдономия. Бас құрылысының
ерекшеліктері.
Дәрістәің мақсаты: Жәндіктердің дене құрыастырулысымен танысу. Эйдономия.
Бас құрылысының ерекшеліктерін қа.
Қаралатын сұрақтар: Жәндіктердің дене құрылысы. Эйдономия. Бас құрылысының
ерекшеліктері.
Бас және оның қосалқылары. Бас — тканьдері мейліншс тығыздалған жәнс
мидың сауыты болып есептеледі дс, езара бірігіп бітісксн 5 бунақтан тұрады.
Онда симмстриялы орналасқан 1 жұп күрдслі көз, қарапайым кездер (1...3)
және қозғалмалы мұртшалар мен ауыз мүшелері болады.
Бас сауыттыньң өзі бір-бірінен тігіс арқылы ажырайтын бірнеше
балшектсрден құралады. Бастың алдыңғы жағындағы кеңірск келгсн маңдай
бөлігі үстіңгі жағына қарай төбе, одан соң желке (шүйде) дсп аталатын
бөлімдермен жалғасады 2-сурет). Маңдайдың төменгі жағында жоғарғы ерінмен
шектескен жақтау мандайшасы орналасады. Бастың қырын жағы шекараларын нақты
ажыратуға болмайтын слмай (көздің үстіңгі жағында орналасқан) және бет
(кездің астыңғы жагында) деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Бет жоғарғы
жақпсн жалғасады.
Мұртшалар немесе антенналар. Маңдайдың екі жағында көз аралығында
орналасқан, бірнеше буыннан тұрады. Иіс жәнс сезім мүшелерілің қызметін
атқарады. Насекомның мұртшаларының құрылысы қандай түрлсрге немесе топтарға
жататынына байланысты әр түрлі болады (3-сурет). Сондықтан бұл белгі
насеком түрлерін анықтау үшін кең пайдаланылады. Көпшілік жағдайда бір
түрге жататын насекомдардың мұртшаларының құрылысы жынысына қарай әр түрлі
болады: еркек насекомның мұртшалары ұрғашы насекомға қарағанда жақсы
жетілген.
Қоректік заттардың түрлсріне жәнс олармсн қоректену тәсілдсріне байланысты
әр түрлі топқа жататын насскомдардың ауыз мүшелері қүрылысы әр түрлі болып
келсді. Ауыз мүшесі негізінсн ксміргіш жднс сорғышш болып 2 топқа бөлінеді.
Ксміргіш ауыз өсімдіктсрдің әр түрлі мүшслсрі, түқымдары жәнс органикалық
калдықтар сияқты қорсктік заттардың қатты түрлерімсн қоректенуге
бейімдслгсн. Ол шығу тегі жағынан насекомдардың ауыз мүшелерінің ішіндсгі
сң байырғысы жәнс сорғыш ауыз мүшелсрі тұрғысынан қарағанда алғашқы түрі.
Насекомдардың жске бір топтарының сұйық қорекпен (гүл шырыны, өсімдік
клеткасының шырыны, жануарлардың қаны) корсктенуге көшуіне байланысты
сорғыш ауыз мүшелері типінің түрлснгсн езгерістері пайда болған.
Кеміргіш ауызы бунақталмаған бір жұп жоғарғы жақтан, бунақталған бір жұп
теменгі жақтан және бунақталған төменгі еріннен тұрады. (4-сурет). Ауыз
мүшелерін үстіңгі жағынан жоғарғы ерін буркеп тұрады. Жоғарғы ерін, әдеттс
төрт бұрышты пластинка сияқты тері қатпары болып саналады. Ауыз мушелерінің
мұндай түрі тарақандарға, тура қанаттыларға, қоңыздарға, тор қанаттылар мен
жарғақ канаттылардың кейбіреулеріне, көбелектердің жүлдызқұртта-рына және
көптеген- баска насекомдардың личинкаларына тән.
Сорғыш ауыз мүшелері едәуір өзгерістерге ұшыраған, бірақ соған карамай
көпшілік жағдайларда кеміргіш ауыз мүшелері типіне тән жалпы белгілер
оларда сақталып қалған. Мысалы, жалап-кеміргіш ауыз мүшелерінің (бал арасы,
жабайы ара) төменгі жақтары және төменгі ерні ұзын тұмсыққа айналған.
Олардың жеке бөлшектсрі өте ұзарған, бірақ кеміргіш ауыз мүшелеріне
тән бунақталу әлі сақталған. Қандалалардың шаншып-сорғыш ауыз
мүшелерінід жоғарғы және теменгі жақ бөлімдері ете жіңішке жәнс ұзын
шаншығыш қылшықтарға айналған (5-сурет). Олар көп бунақталған ұзын
тұмсықтьң ішінде орналасады. Қандала қоректенген кездс оның тұмсыгы
субстратқа тірсліп, артқа қарай бүгіледі, сонымсн қатар шаншыгыш қылшықтар
жабын қабықты тесіп, өсімдік тканына нсмс-сс қүрбан организмнің денесінс
енеді. Шаншығыш қылшықтың скінші жұбы өзара тыгыз жанасады. Осының
нәтижесінде олардың ішіндс 2 өзск түзіледі. Оның біреуімен өсімдік тканіне
нсмесе орга-низм дснссінс қандала өзінің сілскейін қүяды да, екіншісімен
сыртта алдын ала қорытылған тамақ затын сорып алады. Гүлдің тәтті
сірнссімсн қорсктснстін көбелсктердің ұзын тұмсығы төмснгі жақ мүшслсрінің
бунақталу қабілеттілігін жойып, тым ұзаруынан пайда болған.
Өсімдіктсрдің зақымдану бейнесі мсн оның сипаты насекомдардың ауыз
мүшелерінің құрылысына және қоректену тәсіліне тікелей байланысты.
Сондықтан олардың құрылыс ерекшеліктерін білу керек. Ол өсімдіктің
зақымдану сипатына қарай зиянкестің қандай түрге жататынын анықтау үшін
ғана емес, сонымсн қатар күрес шараларын ұймымдастыруда инсектецидтерді
таңдап алу үшін де қажет. Мысалы, ауыз мүшелері кеміргіш насекомдарды құрту
үшін олардың ас қорыту жүйесінс әсер ететін инсектицидтерді пайдалану
керек. Ондай инсектицидтер қоректік заттармен бірге ішекке түседі де қанға
етіп, насекомды уландырып өлтіреді.
Өсімдіктің үстіне шашылған ішек инсектицидтері ауыз мүшелері сорғыш
насекомдар үшін нәтижелі емсс. Олармен күресуде тері қабат арқылы ішкі
мүшелерге өтетін немесе жанасып тиіскенде әсер ететін инсектицидтсрді
немесе тыныс мүшелері арқылы өтетін фумиганттареды пайдалану керек.
Ауыз мүшелерінің сыртқы шығыңқы бөліктерінің орналасуына карай
насекомдардың басын үш типке бөледі: гипогнаттық, прогнаттық, және
опистогнаттық бас. Гипогнаттық баста ауыз бөлімшслері төмен қарай
бағытталған (шегіртке, қандала, қоңыздардың көптегсн түрлсрі), прогнаттық
баста ауыз бөліктсрі алға қарай бағытталған (бармпдақ қоцыздар, алтын
кезділсрдің личинкалары), опистогнаттық баста ііуыз беліктсрі темсн жәнс
артқа қарай бағытталған (бітслср, бүргс, шірксй, цикада).
Бақылау сұрақтары:
• Жәндіктердің дене құрылысы.
• Эйдономия.
• Бас құрылысының ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)

Тақырып 3. Жәндіктердің кеуде бөлімінің құрылыс ерекшеліктері.
Насекомдардың аяқтарының құрылыс ерекшеліктері. Қанаттарының құрылысы және
типтері.
Дәрістәің мақсаты: Жәндіктердің кеуде бөлімінің құрылыс ерекшеліктерін
қарастыру. Насекомдардың аяқтарының құрылыс ерекшеліктерін талдау.
Қанаттарының құрылысы және типтерімен танысу.
Қаралатын сұрақтар:
1. Жәндіктердің кеуде бөлімінің құрылыс ерекшеліктері.
2. Насекомдардың аяқтарының құрылыс ерекшеліктері.
3. Қанаттарының құрылысы және типтері.
Кеуде. Насскомның кеуде бөлімі — алдыңғы, ортаңғы, артқы кеуде деп
аталатын 3 бунақтан түзілген. Бунақтардың әрқайсысы арқа, немссе тергит дсп
аталатын жоғарғы жарты сақинадан, тес, немесе стернит деп аталатын теменгі
жарты сақинадан және плейрит деп аталатын бүйір жағындағы бөліктерден
тұрады. Бунақтардың жоғарғы жарты сақина тәрізді бөлігін көрсету үшін
алдыңғы арқа, ортаңғы арка, артқы арқа, ал төменгі жарты сақина тәрізді
бөлігін көрссту үшін алдыңгы төс, ортаңғы төс және артқы төс деген атаулар
пайдаланылады.
Кеуде бөліктің әрбір бунағында бір жұп аяқ (барлығы 3 жүп аяқ), ал
ортаңғы жәнс артқы көкіректе бір жұптан (барлығы 2 жұп) қанат болады.
Насскомның аяғы жамбас (төспен жалғасқан)., үршық, сан, жіліншік
(сирақ), табан деп аталатын бірнеше бунақтан түрады. Та-бан бунақтарының
саны қандай түрге, топқа жататынына байланы-сты 1...5 дейін болады.
Табанның ең соңғы бунағы арасында 1...3 төмлсшік орналасқан, бір кебінесе
екі тырнақшамен бітеді. Бу-нақтардың, тырнақшалардың және темпешіктердің
саны насекомдар-дың түрін анықтау үшін пайдаланылатын негізгі белгі
қатарына снсді.
Тіршілік ету жағдайларына және жеке топтардың мамандану дәрежесіне
байланысты насекомдардың аяқтарын, бірнеше типке бөледі (6-сурст).
Мысалы, тарақан, барылдақ қоңыз, қандала сияқты жылдам жүгіретін
насекомдарға жіңішкерген ұзын сирақты аяқ тән. Ал төрт бунақтан тұратын
жалпақ табанды жуандау жәнс қысқарақ келген жүргіш аяқ типі қоңыздардың
бірқатар тұқымдастарының (жапырақ жсгілср, бізтұмсықтылар, мүрттылар т. б.)
өкілдерінде кездеседі. Тіршілік жағдайларына немесе қозғалу тәсілдеріне
бейімделу алдыңғы немесе артқы аяқтардың мамандауьша себеп болған. Мысалы,
бұзаубастың, зауза қоңыздың жетіліп дамуы ұзақ уақыт топырақ арасында
өтуіне байланысты алдыңғы аяғы жерді қазуға, дәуіттің алыдыңгы аяғы
құрбанын шап беріп ұстауға, шегірткенің артқы аяғы секіруге, суды
мекендейтін насекомдардың (жүзгіш қоңыз т. б.) артқы аяғы жүзуге, араның
артқы аяғы гүл тозандарын жинауға бейімделген. Осы айтылғандарға
сәйкес насекомдарда қазғыш, ұстағыш, секіргіш, жинағыш аяқ типтері
пайда болған.
Насекомдарда әдетте 2 жұп қанат болады. Алайда кейбіреулерінде тек қана
алдыңғы жұп қанат (қос қанаттылар немесе шыбындар, кокцидтсрдің біраз
түрлерінде) кейде артқы жұп қанат (жслпуіш қанаттылардың срксгінде)
дамыған. Қанаттары мүлде жоқ немесе дамымаған насекомдар да (алғашқы
қанатсыздар класс тармағының окілдсрі, біте, бүргс, төсек қандаласы тағы
басқаларда) жиі кездеседі. Насскомдардың қанаты шыгу тегі жағынан тері
жамылғысының екі кабатты қатпары больш саналады: ересек насеком пайда болар
кезде тері қабаттары бірімен-бірі жанасып жұқа және икемге өте көнгіш
(эластикалы) пластинкаға айналады.
Насеком қанаттарын қатайтатын тіреуіш қызмстін жүйкелері атқарады. Жүйке
тамырлар немесе жүйкелер деп трахсялар мен гемолимфа түтікшелерінің қатайып
кетксн бөліктерін айтады.
Қанаттың жүйкслсну сипаты, яғни жүйкелердің пішіні, саны жәнс олардың
орналасуы әр түрлі насекомдардың түрлсрін анықтау үшін ең кажетті негізгі
белгілердің бірі болып саналады.
Қанатты насекомдардың қарапайым топтарында бойлық (қанаттың үзына бойына
орналасқан) жүйкелердің мынадай түрлері болады: костальды немесе коста (С),
субкостальды немесе субкоста (Sc) радиальды немесе радиус (R), медиальды
(ортаңғы) немесе медиа (М), кубитальды немесе кубитус (Си) және анальды
немесе аналис (А). Бұл жүйкелердін көбі бунақталған (7-сурет).
Насекомның қанатында бойлық жүйкелерден басқа көлденең жүйкелер де
кездеседі. Олар көбінесе өздеріне көрші бойлық жүйкелердің аттарымен
аталады. Мысалы, радиомедиальды жүйке (радиалды жәнс медиалды жүйкелерді
қосатын), медиалды жүйке (екі мсдиалды жүйксні қосатын) және тағы
басқалары. Кейбір насекомдар қанаттарының жүйкеленуі әдеттегідсн өзгеше:
жекеленген бунақтары бірімен-бірі қосылып немесе жоғалып кетеді.
Насекомдарда кездесетін алуан түрлі қанаттардың барлығы 3 түрлі
белгілеріне, яғни консистенциясына (біртекті, әртекті), тұйықталған тор
көздсрінің санына (торлы немесе жарғақты) және қабыршақтану немесе түк басу
(жалаңаш немесе жабық) дәрежесіне қарай жіктеледі.
Алдыңғы жұп қанаттар консистснциясына байланысты берік тығызданып,
жүйкелері жаксы көрінетіндей жарғаққа айналуы (шсгіртке, дәуіт, тарақан)
немесе жүйкелері үстінен қарағанда керінбейтіндей мүйізденіп (коңыздар
нсмссс қатты канаттылар) кетуі мүмкін. Мүндай қанаттарды үстіңгі қанаттары
немесе элитралар деп атайды. Қандаланың алдыңғы жұп қанатының тек негізгі
түпкі бөлігі ғана теріге немесе мүйізге айналған. Сондықтан ондай қанатты
жартылай үстіңгі қанат немесс жартылай элитра дейді. Егер насекомның
қанатында көлденең жүйкелердің саны көп болса (осыған байланысты
тұйықталған тор көздердің саны да көп болады), оны тор қанат деп атайды
(мысалы, инеліктерде, тор қанаттыларда, тура қанаттыларда). Ал түйықталған
тор кездердің (ячейкалардың) саны аз болса (20-дан ксм болса), ондай
қанатты жарғақ қанат (тең қанаттылар мен жарғақ қанаттыларда және қос
қанаттыларда) дейді.
Қанат пластинкасын түгелдей қысқа түктер (мысалы, жылғалықтарда) немесе
жұмсақ қабыршақтар (көбелектерде) бүркеп тұрса, ондай қанатты бүркемелі
қанат дейді, ал түктер мен қабыршақтар аз немесе мүлде жоқ болса, жалаң
қаиат дсп атайды.
Осы жоғарыда кғлтірілген классификация насекомдардың ксз-келген отрядының
қанаттарына қысқаша, бірақ жетерліктей дәрежеде сипаттама беруге мүмкіндік
туғызады. Егер насекомдардые қанаттары жалаңаш та әртекті болса, бірінші
жұбы тері жарғақты, екінші жұбы торлы болса, онда олар тура қанаттылар
отрядына жатады. Сол сияқты қанаттары біртекті де, жалаңаш жарғақты болса
жарғақ қанаттылар отрядына жатады. Қанаттары біртекті және жаргақты
қабыршақтармсн бүркелген болса, қабыршақ қанаттылар отрядына жатады.
Бақылау сұрақтары:
• Жәндіктердің кеуде бөлімінің құрылыс ерекшеліктері.
• Насекомдардың аяқтарының құрылыс ерекшеліктері.
• Қанаттарының құрылысы және типтері.
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)

Тақырып 4. Ұшу механизмі. Жәндіктердің құрсақ бөлімінің ерекшеліктері.
Құрсақ қосымша өсінделері
Дәрістәің мақсаты: Ұшу механизмінің ерекшеліктері. Жәндіктердің құрсақ
бөлімінің ерекшеліктерімен танысу. Құрсақ қосымша өсінделерін қарастыру.
Қаралатын сұрақтар:
1. Ұшу механизмі.
2. Жәндіктердің құрсақ бөлімінің ерекшеліктері.
3. Құрсақ қосымша өсінделері
Құрсақ. Құрсақ насекомның денесінің үшінші бөлігі, ол азды-кепті өзара
ұқсас бірқатар бунақтардан тұрады. Ересек насекомның құрсақ бунақтарында
аяқ болмайды. Ең қарапайым насекомдардың құрсағы II бунақтан тұрады
(протуралар). Жойылып немесе жекеленген мүшелерінің қосылып кестуіне
байланысты, көзге көрінетін бунақтардың саны 9...10 (тура қанаттыларда)
немесе әуелі 4...6 (жарғақ қанаттыларда, қос қанаттыларда) шамасына дейін
қысқарған. Көптеген насекомдардың жекелеген бунақтарында косалқы мүшелер
болады. Жыныс қосалқылары VIII жэнс IX құрсақ сегменттерінде
орналасқандықтан, оларды генитальдық бунақтар деп, I-VIII бунақтарды
прегенитальдық, ал Х-ХІ бунақтарды постгенитальдық бунақтар деп атайды.
Прегенитальдық сегменттерде қосалқылардың болуы тек алғашқы қанатсыздар
класс тармағының өкілдеріне ғана тән. Мысалы, құрсақ аяқтарының қалдығы
протуралардың I-VIII бунақтарында сақталған: аяқ құйрықтылардың I —
бунағынды құрсақ түтігі, III — бунағында ілгек және IV бунағында секіргіш
айыр болады.
Жыныс косалқыларына ұрғашы насекомның жұмыртқа қынабы және еркек
насекомның сыртқы жыныс мүшелері жатады. Жұмыртқа қынабы тура қанаттылар
(әсірссс шскшсктср мсн шілдсліктсрде өтс ұзын) мен жарғақ қанаттыларда
(шаншарларда) жақсы жетілген. Мысалы, перуан шаншарының денесінің ұзындығы
2 см, ал жұмыртка салғышының ұзындығы 15 см. Ара және басқа шағып алатын
насекомдардың жұмыртқа салғышы бізгекке айналған. Еркек насекомның сыртқы
жыныс құралы копулятивті мүшеден және әр түрлі құрылысты бірнеше
қосалқылардан тұрады.
Постгенитальдық қосалқылардан насекомдардың кейбір топтарында церкі және
грифель (8-сурст) деп аталатын қосалқылар жақсы жетілген. Мысалы,
тарақандікі бунақталған жұпты, ал айырқұйрықтікі бунақталмаған ірі
қысқышқа, шымшуырға айналған. Грифельдср жоғары сатылы насекомдардың ішінде
тек қана шекшектер мен тарақандардың еркектерінде сақталған.
Құрсақ артқы көкірекпен тұтаса жалғасады. Құрсақтын мұндай түрін қондырма
құрсақ дейді. Жарғақ қанаттылардыц көптсгсн түрлерінің құрсағы көкірек пен
түрі өзгерген II жәнс III құрсақ бунақтары 6олып саналатын сабақша арқылы
жалғасады. Бұл жағдайда сабақша қысқа болса, онда аспа құрсақ (арада, түкті
арада), ал ұзын болса сабақшалы құрсақ (қүмырсқада, шаншарда) деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
• Ұшу механизмі.
• Жәндіктердің құрсақ бөлімінің ерекшеліктері.
• Құрсақ қосымша өсінделері
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)

Тақырып 5. Наскеомдардың ішкі құрылыс ерекшеліктері немес анатомиясы. Тері
жамылғысы және оның туындылары.
Дәрістәің мақсаты:
1. Наскеомдардың ішкі құрылыс ерекшеліктері немес анатомиясы.
2. Тері жамылғысы және оның туындылары.
Қаралатын сұрақтар: Наскеомдардың ішкі құрылыс ерекшеліктері немес
анатомиясы. Тері жамылғысы және оның туындылары.
Насекомның тіршілігі үшін тері жамылғысының маңызы өте зор. Ол бұлшық ет
жүйесінің тірегі бола отырып, дененің ылғал режимін реттеуді қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар тыныс алу, зәр шығару, денені механикалық зақымданудан
жәнс зиянды заеттардың сіңуінен қорғау қызметтерін де атқарады.
Насекомдардың түсінің дс әр түрлі болуы осы тері жамылғысына байланысты.
Тсрі қабаттың туындылары болып ессптелстін сыртқы қосалқылар (түк, қылшық,
қабыршақ) ішкі нсмесе эндоскелеттік, өсінділср жәнс әр түрлі тсрі бездсрі
(балауыз шығаратын, лак бсретін, иіс шығаратын жәнс тагы басқалар) маңызды
роль атқарады.
Тсрі жамылғысы кутикула, гиподерма жәнс өте жұқа базаль жарғағы деп
аталатын 3 компоненттен тұрады. Кутикула тері жамылғысының ең сырткы бөлігі
клетка құрылысты емес. Кутикуланың өзі екі қабаттан тұрады: сыртқы және
ішкі қабаты. Сыртқы қабат немесе эпикутикула өте жұқа, онда кутикуланың
гидрофобиялық қасиетін (суды өткізбейтін) және кейбір улы заттардан қорғау
қызметін қамтамасыз ететін балауыз және липоидтар бар. Бірақ эпикутикула
табиғаты липоидтық болу себебінен, майда еритін улар (гексахлоран) үшін
тосқауылдық қызмет атқара алмайды. Протикуланың, әсіресе оның үстіңгі
қабаты — экзакутикуланың түсі қарақоңыр және ол, құрамында дубилді (тері
илеуге пайдаланатын) заттар және қосылыс түзетін хитин мен белоктардың мол
болуынан әжептәуір қатыңқы келеді. Эндокутикула (прокутикуланың астынгы
қабаты) өте серпімді келеді де, насекомның тері жамылғысының созылғыштығын
қамтамасыз етеді.
Гиподерма цилиндр немесе текше пішінді эпителия клеткаларының қабатынан
тұрады. Гиподерма клеткалары кутикуланы жасайтын заттарды сонымен қатар
насекомның әрбір түлеуі алдында кутикуланың астыңғы қабатын ерітетін
заттарды бөліп шығарады.
Базаль жарғағы гиподерма клеткаларының төсеніші ретінде тері жамылғысы
мен дене қуысының арасындағы шекара қызметін атқарады. Онда клеткалық
құрылым болмайды.
Бақылау сұрақтары:
• Наскеомдардың ішкі құрылыс ерекшеліктері немес анатомиясы.
• Тері жамылғысы және оның туындылары.
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)
Тақырып 6. Бұлшықет жүйесі. Дене қуысы ішкі мүшелердің орналасуы. Ас қорыту
жүйесі құрылысы. Қоректенуі
Дәрістәің мақсаты:. Бұлшықет жүйесімен танысу. Дене қуысы ішкі мүшелердің
орналасуы. Ас қорыты жүйесі құрылысын қарастыру. Қоректену ерекшеліктері.

Қаралатын сұрақтар:
1. . Бұлшықет жүйесі.
2. Дене қуысы ішкі мүшелердің орналасуы.
3. Ас қорыту жүйесі құрылысы.
4. Қоректенуі
Ас қорыту жүйесі. Насскомдардың ас қорыту жүйесі ішектен және қызметі
жағынан сонымен байланысты сілекей бездерінен тұрады (9-сурет). Ішек ауыз
қуысынан басталып, дене бойымен өтеді де құрсақ соңындағы артқы тесікпен
аяқталады. Ішек 3 бөлімнен тұрады: алдыңғы ішек, ортаңғы ішек және артқы
ішек. Алдыңғы ішек пен артқы ішек ұрықтың дамуы кезінде сыртқы ұрық
жапырағының (эктодерманың) ішке қарай ойысуынан пайда болған және ол ішкі
жағынан хитинді кутикуламеи астарланған. Ортаңғы ішек ішкі ұрық жапырағынан
(эндодермадан) пайда болған және оның ішкі керегелері кутикула емес, безді
эпителияның клеткаларымен астарланған. Алдыңғы және артқы ішектерден тағы
бір айырмашылығы оның етінің ішкі қабаты сақиналы еттерден, ал сыртқысы
салалы еттсрден тұрады.
Алдыңғы ішек жұтқыншақ, өңеш, жемсау және алдыңғы қарын немесе етті қарын
деп аталатын 4 белікке бөлінеді. Өңеш-айқын шекарасыз едәуір көлемді
жемсаумен ұштасатын ұзын түтікше. Жемсауда тамақ уақытша жиналып алдын ала
қорытыла бастайды. Бірақ, ішектің бұл бөлімінде тамақтың сіңірілу процесі
жүрмейді. Кебелек пен шыбынның кейбір түрлерінде жемсау өңештен оқшаулау
орнала-сады да онымен жіңішке түтікше арқылы жалғасады. Етті қарында (егер
ол жақсы жетілген болса) күшті бұлшық еттер бар жәнс оның ішкі керегелері
хитинді тістермен жабдықталған. Оның қызметі әр түрлі. Мысалы, тарақанның,
шекшектің және мұртты коңыздың ксйбір түрлерінің етті қарны тамақты
майдалау қызметін атқарса, бал арасында оны бөлшектеп ортаңғы ішекке
өткізіп тұрады, ал ба-рылдауық қоңызда ас қорыту ферменттерін ортаңғы
ішектен жемсауға жәнс өңешке жіберу қызметін атқарады.
Ортаңғы ішек - ас қорыту жүйесінің ең негізгі бөлімі. Ол қи қоңызы және
өлсксе шыбыны сияқты қиынырақ қорытылатын заттармен қоректенетін
насекомдарда өте ұзын болады да, иіріліп орналасады. Сонымен қатар ортаңғы
ішектің сіңіру аумағы ұштары бітеу қосымша тармақтар мен қатпарлар есебінен
де үлғая түседі. Тең қанатті насекомдарда ортаңғы ішектің сіңіру аумағын
тиімді пайдалану артық заттардан (балластан) құтылу арқылы да іске
асырылады. Олардың ортаңғы ішегі мен артқы ішегінің түйіскен жеріндс сүзгіш
камера бар. Сол арқылы құрамында азды-көпті қант ерітіндісі бар артық су
артқы ішекке өтіп, одан жабысқақ тәтті шырьш немесс бал шығы түрінде сыртқа
шығарылады. Ал белоктар және басқа жоғары молекулалы қосылыстар осында
тоқталып жиналады да одан ортаңғы ішекке өтеді.
Ортаңғы ішекте ас қорыту ферменттері бөлініп шығады және қорытылған тамақ
сіңіріледі. Көпшілік насекомдардың ортаңғы ішегінің элителиясынан
перитрофты қабық түзіледі. Ол эпителия клеткаларын тамақ түйіршіктерінің
зақымдауынан қорғайды және осы қабық арқылы ішектің ішіне оңай енетін
фсрмснттерді толық пайдалануға мүмкіндік туады.
Артқы ішек, мальпиги түтікшелері келіп құйылысатын, қысқа бөліктен және
аш ішек пен тура ішектен тұрады. Артқы ішекте тамақ қалдықтарында болатын
судың сорылу процесі жүреді. Оған кейбір насекомдардың тура ішегінде
болатын ректаль бсздері дс көмектеседі. Экскрсмснттің біржола қалыптасуы
жәнс оның сыртқа шығарылуы артқы тесік арқылы іске асырылады.
Насекомдарда 3-4 жұп, кейдс одан да көп, сілекей бездері болады. Олар
әдетте жоғарғы ерінмсн жәнс жоғарғы жақпен, төменгі жақпен байланысты
болады да түтікшелер арқылы алдыңғы ауыз қуысына немесе тұмсық қуысына
ашылады. Сілекей бездері мен ортаңғы ішек ас қорыту ферменттері түзілетін
орын. Фермснттср тамақтың қорытылуы үшін өте қажет. Насекомдарда
пайдаланылатын қорек заттарының негізгі категорияларына сәйкес
ферменттердің мынадай түрлері бар: белокты ыдырататын протеаза, углевод
гидролиздейтін - карбогидраза және майды қорытуға қатысатын липаза.
Насскомдардың мамандануына байланысты әр топқа жататын фсрменттердің ара
қатысы да езгереді. Мысалы, жыртқыш насекомдарда протеаза, ал өсімдік
қоректі түрлерде карбогидраза басым болады. Кейбір насекомдар қиынырақ
қорек заттарын ыдырата алатын арнаулы ферменттерді бөліп шығарады. Мысалы,
клеткамен коректенетін мұртты қоңыздың личинкасында целлюлаза, қатайып
мүйізденген заттармен қоректенетін тері жегіш қоңыздың личинкаларында
кератиназа дсп аталатын ферменттер болады.
Қоректік заттардың әуелі ішек қуысына түсуден бұрынақ фсрменттсрдің
көмегімен қорытыла бастауы жиі байқалады. Мұны ішектен тыс қорытылу дсйді.
Мысалы, бақашық қандала астықтың дәнін тұмсығымсн шаншыған кезде оған
сілекей ферментін құяды. Фермент дән ішінде биохимиялық өзгерістср жасап,
оны соруды жеңілдетеді. Ішектен тыс қорытылу әсіресе жыртқыш насекомдарда
өте айқын байқалады. Мысалы, алтын көзділердің және басқа да тор
қанаттылардың личинкалары ас қорыту фсрменттерін құрбандарының денесіне
жақтарында болатын түтікше арқылы жібереді. Одан соң бірнеше минуттан кейін
сол түтікшс арқылы гидрализденген қоспаны соруға кіріседі.

Бақылау сұрақтары:
• Бұлшықет жүйесі.
• Дене қуысы ішкі мүшелердің орналасуы.
• Ас қорыту жүйесі құрылысы.
• Қоректенуі
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)

Тақырып 7. Қан айналу жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Нерв жүйесі мен сезім
мүшелері.
Дәрістәің мақсаты: Қан айналу жүйесімен танысу. Тыныс алу жүйесі
ерекшеліктерін қарастыру. Нерв жүйесі мен сезім мүшелерін талдау.
Қаралатын сұрақтар:
1. Қан айналу жүйесі.
2. Тыныс алу жүйесі.
3. Нерв жүйесі мен сезім мүшелері.
Қан айналу жүйесі. Насекомдардың қан айналу жүйсеі ашық. Ол құрсақтың
үстіңгі жағына орналасқан арқа тамырдан немесе жүректен, одан алға қарай
барып, бас қуысына ашылатын қолқадан тұрады. Жүрек бірнеше камераға
(қуысқа) бөлінеді. Әр камерада бір жұптан бүйір тесіктері устьицалар бар.
Камера кеңейген кездс олар арқылы қан ішке сорылады. Жүректің камсралары
кезекпен бірінсн соң бірі жиырылып қанды алға қарай (қолқаға) айдайды.
Қолкадан шыққан қан бас қуысына одан соң ішкі дене қуысына құйылады.
Құрсақта қан өкпе қапшықтарын және трахея жүйесін аралап өтіп, оттегінсе
қанығады да одан соң қайтадан жүрекке барады. Қанның дене қуыстарын және
ондағы ішкі мүшелерді аралап айналып шығуына белгілі дәрежеде арқа және
құрсақ диафрагмалары кемектеседі. Жүректің соғу саны (камералардың ауық-
ауық жиырылуы) насекомның қандай түрге жататындығына, оның физиологиялық
күйіне жәна орта жағдайларына байланысты минутына 15-30 шамасынан 150
аралығында құбылып тұрады.
Насекомның қаны сұйық фазадан (немесе гемолимфадан) және қан
клеткаларынан (немесе гемоциттерден) тұрады. Гемолимфа әдетте түссіз мөлдір
нсмесе жасыл түсті болады. Тек қана ылайлы жерде тіршілік ететін маса
личинкасының қаны, гемолимфа құрамы омыртқалылардың гемоглобиніне жақын
заттың болуынан қызыл түске боялады. Қан қоректік заттарды тасымалдайды,
олармен дене ткандарын қамтамасыз етеді, зат алмасу процесінде пайда болған
сұйық заттарды сіңіріп мальпиги түтікшелеріне жеткізеді, көптеген
физиалогиялык, процестерді реттейтін гормондарды тасымалдайды. Сонымен
катар ол ішкі қысымды қалыпты деңгейде сақтайды немесе оны жоғары көтеріп
(мысалы, түлсу процесі кезінде) механикалық қызмет атқарады.
Гемолимфада денеге енген микроорганизмдерді құртуға көмектесетін
клеткалар — фагоциттер де болады. Гемоглобиннің жоқтығынан гсмалимфаның
сыйымдылығы онша зор емес және онда еріген оттегінін мөлшері өте аз,
сондықтан қанның тыныс алу қызметіне катысы шамалы ғана.
Тыныстану жүйесі. Насекомның тыныстануы денесінің өн бойына түгел
таралған трахея (ксңірдек) жүйесі арқылы, өте сирек тері жамылғы арқылы
жүзеге асырылады. Трахея дегеніміз ішкі керегелері хитинді қабықпен
астарланған қуыс түтікшелср. Хитинді қабық бұрала спиральданып қалыңдаған.
Бұл жағдай қозғалған немесе иілген кезде түтікше қуысының тарылуына кедергі
жасайды.
Трахеялар ауадағы оттегін тікелей клеткалар мен тканьдарға жеткізетін
диаметрі 1 мкм-ден де кіші ете ұсақ капиллярларға-трахеолдарға
тармақталған. Трахеялар сыртқы дененің екі жақ бүйіріне орналасқан жұпты
тыныс тесіктері арқылы ашылады. Әдетте 10 жұп тыныс тесігі болады. Оның 2
жұбы дененің кеуде бөлігінде жәнс 8 жұбы құрсақта орналасады. Кейде олардың
оннан аз болуы немесе біржола жоқ болуы (алгашқы канатсыздарда, суда жәнс
паразиттік тіршілік ететін насекомдардың личинкаларында) мүмкін. Тікелей
тыныс тесіктсрінен басталатын трахеялар кеңейіп ауа қапшықтарына айналады.
Олар әдетте жақсы ұша алатын насекомдарда жетілген. Ауа трахея жүйесіне
құрсақтың қимылдау әрекеті нәтижесіндс қарқынды түрде енеді. Осы кезде
тыныс тесіктерінің біреуі ашылып, екіншісі жабылып тұрады да дем алу немесе
дем шығару қызметі орындалады. Тыныстану қимылы насекомның қай түрге
жататынына, оның физиологиялық күйіне және сыртқы орта жағдайларына
байланысты минутына 4-5 шамасынан 120 дейін өзгеріп тұрады. Ауада көмір
қышқылы орта шамадан артық болса немесе оттегі жеткіліксіз болса, онда
тыныс тесігінің ашылып тұру мерзімі ұзарады. Насекомдарға қарсы
фумиганттарды пайдаланғанда осы жағдайды есепке алудың маңызы зор.
Суда тіршілік ететін насекомдар ауық-ауық су бетіне көтерілгенде жиналған
атмосфсра ауасымсн (сүңгуір қоңыз, су елшсуіш қаидала жәнс басқалары)
немесе өсімдіктердің өткізгіш түтікшелері арқылы алатын ауасымен (қүбылмалы
қоңыз) тыныс алады. Сонымен қатар олар желбезектердің көмегімен суда еріген
ауаны да пайдаланады. Желбезектер жойылып кеткен тыныс тесіктсрінің орнына
бунақталған немесе тақта тәрізді сыртқы мүшелер түрінде пайда болған. Олар
біркүндіктердің, инеліктердің және кейбір қос қанаттылардың личинкаларында
кездеседі.
Алғашқы қанатсыз насекомдардың көпшілігінде және эндопаразиттердің
личинкаларында трахеялар болмайды. Сондықтан олар тікелей тері жамылғы
арқылы тыныс алады. Оттегіне қарағанда көмір қышқыл газының диффузиясы
жануардың денесі арқылы 35 есғ жылдам жүреді. Осыған байланысты тыныс
тесіктері жақсы жетілген насекомдарда барлық бөлінетін көмір қышқыл газының
25% шамасы тері жамылғы арқылы сыртқа шығарылады.
Тыныстану дегеніміз — ауадағы оттегін пайдалану және сонымсн бірге көмір
қышқыл газын бөліп шығару түрінде жүретін табиғи процесс. Ол тотықтырғыш
ферменттер-оксидазалардың қатысуымсн жүзеге асады, сонымен қатар жұмсалатын
қосылыстардың-углсводтардың, белоктардың, майдың молекулаларының біртіндеп
ыдырауы нәтижесінде энергияның бөлінуімен бірге жүреді. Бұл қосылыстардың
ыдырауының ең соңында көмір қышқыл газы мен судың түзілуімен, ал белоктар
ыдырап, организм үшін қауіпсіз мочевина және оның тұздары тектес
қосылыстардың, ягни ыдырау продуктыларының түзілуімсн аяқталады. Сөйтіп
тыныс алу газ алмасумен бірге жүреді. Газ алмасу процссі-бөлініп шыққан
көмір қышқылы мен сінірілгсн оттегі мөлшерінің қатынасын көрсететін, тыныс
алу коэффициентімен сипатталады. Углеводтар тотыққан кездс тыныс алу
коэффициснті 1 болады. Егер организмде газ алмасу белоктар мен майлардың,
яғни аз тотыққан қосылыстардың есебінде жүрсе, онда тыныс алу коэффициенті
0,7-0,8 шамасына дейін темендейді.
Насекомдар денесінің температурасы тұрақсыз және ол жылу шығару және оны
қайтарып беру процестеріне байланысты өзгеріп тұрады. Насекомдарда жылу
шығарудың көздері біріншіден, жылу энергиясын бөліп шығаратын зат алмасу
процесі болса, екіншіден, күн сәулесінің энергиясы немесе онымен қызған ауа
болып саналады.
И. Д. Стрельниковтың (1934, 1935) мәліметі бойынша тыныштық қалыпта
түрған және күн сәулесінің әсеріне ұшырамаған насекомдардың денесінің
температурасы, шамалап айтқанда, қоршаған орта температурасына тең.
Насекомдардың көптеген түрлері үшін ең қолайлы температура 20-25°С
шамасында болатындықтан, олар күн сәулесі түсіп тұрған жерге немесе
көлеңкелі салқын жерге ауысу арқылы дене температурасын белгілі бір
аралықта реттей алады. Дене температурасын реттеуде организмдегі артық
суды буландыру жәнс оны трахсямен, әсірссе ауа қапшықтарының көмегімсн,
желдендіру де маңызды қызмет
Бақылау сұрақтары: Қан айналу жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Нерв жүйесі мен
сезім мүшелері.
Әдебиеттер тізімі: (1,3,4,5,6,7,16,17,21,25,26,29)

Тақырып 8. Өсімдік зиянкестерімен күрес тәсілдері.
Дәрістәің мақсаты: Өсімдік зиянкестерімен күрес тәсілдері.
Қаралатын сұрақтар:
1. Өсімдік зиянкестерімен күрес тәсілдері: агротехникалық, биологиялық,
генетикалық, химиялық, механикалық және физикалық тәсілдер.
2. Өсімдік карантині.
3. Өсімдік қорғаудың негізгі бағыттары..
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянксстсрімсн күресу шаралары агротехникалық,
биологиялық, генетикалық, химиялық, механикалық, физикалық жәнс өеімдіктер
карантині деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.Күресудің
агротехникалық тәсілі өсімдіктер мен зияикестердің және сыртқы ортаның
арасындағы өзара к.арым-қатынастарға негізделгсн. Агротехникалық шаралардың
әсерінен зиянкес организмдердің өсіп-өніп, дамуы үшін қолайсыз жағдайлар,
ал зақымданатын өсімдіктер мен пайдалы организмдср үшін қолайлы жағдай
туады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің закымдануға төзімді немссе
зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөитіп, агротехникалық
тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ
кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп
соқтырады.
Өсімдік қорғау түрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте
маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты ендсу жүйесі,
тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптсрмсн күрссу, егінді егу мсн өнімді
жинаудың тәсілі мсн мсрзімі жатады.
Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің ролі. Ауыспалы сгістср дақылдарды
алмастырып тұру-топырақтағы қорсктік заттарды, ылғал қорын, тыңайтқыштарды
жәнс т. б. толығымсн пайдалану үшін қажст. Сонымсн қатар өсімдік қорғау
түргысынан қараганда ауысда-лы сгіс танаптарының қайсысын болса да
зиянксстсрдің қорсктенуін қиындататындай нсмесс олар зақымдай алмайтындай
стіп күруга бо-лады. Бүл ең ақырында енімнің жоғары болуын нсмесс оның
жогары сапалы болуын қамтамасыз стсді. Ауыспалы егісті пайдалану әсірссс
монофагтардың сан мөлшсрі мсн зияндылығын азайту үшін өтс тиімді. Мысалы,
бүршақтың аса қауіпті зиянкссі дәнск қоңызы бүршақтан басқа ешбір өсімдіктс
дами алмайды. Сондықтан бүршақты ауыспалы сгіс жүйесінсн 2-3 жыл қатарымсн
шығару арқылы осы зиянкестің сан мелшсрін жәнс зияндылығын сдәуір азай-туға
болады. Ауыспалы сгісті олигофагтардың да змянды әссрін төмендсту үшін
пайдалануға болады. Мысалы, К:ізақстанның солтүстік облыстарында және
солармсн шсктсс Рсссйдің бірқатар аудандарында тың жәнс тыңайған жсрлсрді
игсру ксзіидс бидайды 5ірнсше жьтл қатарынан ауыстырмай сгу нәтижссіндс
дәннің сүр көбслсгі жаппай еніп-өсіп көп шығынға үшыратқан. 1957 жылы
пдннің сұр кебслсгі жаппай көбсйген ксздс Омбы облысында әр түрлі
учаскслсрдсгі пардан ксйін сгілгсн бидайдың осы зиянксспсн Зик.ымдануы 6-
12%, ал бидайдан ксйін қаіітадан бидай ссбілгсн уча-скелсрдс 35-94,5%
болған. Бүл мысалдан астык. түқымдастарді.ің оли-гофагтармсн зақымдану
мөлшсрі ауыспалы сгістсгі алгы дакылға байланысты сксндігі анык. көрінсді.
Ауыспалы сгісті тіпті полифагтардың сан мөлшсрі мсн зиянды-лыгын төмсндсту
үшіндс пайдалануға болады. Мысалы, Ресейдің св-ропалық бөлігінің
ылғалдылығы жоғары солтүстік-батыс аудандарында ауыспалы сгістсрінс сүлы-
сиыржоңышқа скпе парын снгізу арқылы күздік көбслектің сан мелшсрі мсн
зиянды әссрін сдәуір төмсндстугс болады. Ссбебі күздік кебслск
жүмырткаларын шөбі сирск, топырагы тсз қызатын учасксгс (мысалы, арам шеп
өсксн қара парға) салады. Ал шебі қалың учаскс ол үшін қолайсыз, сондықтан
сүлы-сиыржоңышқа екпс парынан ксйін сгілгсн күздік би-дай бүл зиянкеспсн
өтс аз зақымданады, нсмссс тіпті зақымданбайды дссе дс болады.
Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде ты-ңайтқыштардың ролі.
Ауыл шаруашылық дақылдарының есуі, дамуы жәнс олардың өнімінің жоғары болуы
үшін минсралдык,, органикалық жәнс сидералдық тыңайтқыштардың қандаіі
жағымды әссрі бар сксні жалпыға мәлім. Осыган қоса тыңайтқыштар
есімдіктсрдің рсгснсра-тивті қабілсттілігін зиянксстердің зақымдауына
тезімділігін арттыра-ды, ал кейбір жағдайларда зақымдану қарқынын
темсндстсді.
Тыңайтқыштардың көптсген түрлерін зиянксстсрді қүрту үшін пайдалануға да
болады. Мысалы, тозаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы энтомология пәні
Энтомологияның қысқаша тарихы
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Мал дәрігелік энтомология
Қойма зиянкестерімен күрес
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Мамықжегіштер тобына жалпы сипаттама
Күздік көбелек - кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Пәндер