ҚОЛҚАНАТТЫЛАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “ҚОЛҚАНАТТЫЛАР ”

Орындаған:Мамытақынова Гүлайым

БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген: аға оқытушы

Сексенова Дана

Алматы 2012 ж.

Қолқанаттылар

Қолқанаттылар (лат. Chiroptera) - сүтқоректілер класының отряды.

Қазба қалдықтары Еуропа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан белгілі. Қолқанаттылар Арктика мен Антарктидадан және кейбір мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кеңінен таралған. Отряд 1000-ға жуық түрді біріктіреді. Олар итбас жарқанат (Megachіroptera) және жарқанат болып 2 отряд тармағына бөлінеді. Әсіресе, тропиктік, субтропиктік аймақтарда көп кездеседі. Дене тұрқы 2, 5 - 40 сантиметр, салмағы 2-900 грамм. Денесі жалпақ, түсі сұр, қоңыр, қара-сұр, тері жамылғысы жұмсақ, үлпілдек. Төсінде бұлшық еттер орналасқан қыр сүйегі болады. Бұғана сүйектері жақсы жетілген, жауырыны жалпақ. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған. Білек, алақан сүйектері және саусақтары (бірінші саусақтан басқалары) ұзын, аралары тері жарғақпен жалғасқан. Көпшілігінің құйрығы бар, әдетте ол ұшу жарғағымен байланысады. Сезім мүшелері, иіс сезу, есту мүшесі жақсы дамыған, көру мүшесі нашар жетілген. Қолқанаттылар шығарған ультрадыбыстарын әр түрлі заттарға соғылып қайтадан қайтқан жаңғырық түрінде қабылдайды. Қолқанаттылардың кейбір түрлерінде жылдың салқын маусымдарында дене қызуы қоршаған орта температурасына байланысты -7, 5 градустан 48, 5 градусқа дейін өзгеріп тұрады. Аталықтары жыныс жағынан көктемнен күзге дейін, аналықтары күзден көктемге дейін жетіледі. Осыған орай, шағылысу көктемде, жаздың аяғында, не күздің басында жүзеге асады. Жылына 1, кейде 2 рет шағылысып, көпшілігі 1-2, кейде ғана 3 ұрпақ әкеледі. Ұрпақтары тез жетіліп, 30-45 күнде өз бетінше тіршілік ете бастайды. Көпшілігі 8-9 жыл өмір сүреді. Қолқанаттылар, негізінен, жәндікқоректілер (жарқанат), кейбіреулері өсімдік жемісімен және шырынымен (итбас жарқанат) қоректенсе, кей түрлері (десмодтар) жануарлар мен адамдардың қанын сорады. Су ішеді. Індерді, үңгірлерді, қуыстарды, үй шатырларын, ағаш қуыстарын паналайды. Топтанып тіршілік етеді. Демалу кезінде басын төмен салбыратып ілініп тұрады. Қолқанаттылар қиы (гуано) - құнарлы азотты тыңайтқыш. Медицинада қолқанаттылардың дене қызуының төмендейтін ерекшелігі зерттеліп, оларды кейбір ауруларды емдеуге қолданады. Қолқанаттылар құтыру, т. б. ауруларды, үй малдарының түрлі індеттерін де таратады. Сирек кездесетін 8 түрі және 4 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының, 5 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Жарқанаттар

Жарқанат - қолқанаттылар отрядының бір тармағы. Арктика, Антарктида және Мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кең тараған. Дүние жүзінде 20 тұқымдасқа бірігетін 700-дей түрі, Қақстанда 3 тұқымдасы: тағатұмсықтылар, бір туысы, үш түрі (кіші тағатұмсықты жарқаннат, үлкен тағатұмсықты жарқанат, Бұхар тағатұмсықты жарқанаты) ; жалтыртұмсықтылар, оның 8 туысы 23 түрі (Азия жалпаққұлақты жарқанаты, ақбауыр жарқанат, Бобринский жарқанаты, Иконников жарқанаты - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) ; иттұмсықтылар, онын бір туысы, бір түрі (кеңкұлақты жарқанат - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) бар. Бұлардың дене тұрқы 3 см-ден (кіші тағатұмсықты жарқанат) 9, 2 см-ге (кеңқұлақты жарқанат) . Салмағы 3, 5 г-нан (ергежейлі жарқанат) 47 г-ға (қызғылт жарқанат) дейін жетеді. Тері жамылғысында қоңыр және сұр түстері басым. Көздері нашар көреді. Тырнақтары болмайды. 18-20 тісі бар, азу тістері бұдырлы. Жарқанаттардың есту мүшесі жақсы жетілген. Кеңістікте өзі шығаратын жоғарғы жиіліктегі ультрадыбыстарды (40-80 кГц), сондай-ақ, адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) қайта қабылдау арқылы бағдар алады. Жарқанат ұя салмайды, үңгірлерді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс шатырларын, жарқабақтардағы құс індерін мекендейді. Күндіз жеке не топтанып, бастарын төмен салбыратып, аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жабысып демалады. Кешкі ымыртта және түнде жемтігін қалықтап ұшып жүріп аулайды. Әр түрлі омырткасыздар, әсіресе, түн жәндіктерімен қоректенеді. Қазан-қараша айларында қысқы ұйқыға кетеді. Бұл кезде жарқанаттардың дене температурасы қоршаған орта температурасынан 1-2°С-ка ғана жоғары болады. Наурыз, сәуір айларында оянады. Ал қыс жылы болған жылдары қысқы ұйқыға кетпейді. Жарқанат табиғи жағдайда 20-25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір рет көбейіп, жалқы кейде егіз табады. Балалары анасына жабысып өмір сүріп, бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанаттар өсімдіктерге зиянды әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда да келтіреді. Сондай-ақ, түрлі аурулар (әсіресе, құтыру) таратып, адамға, жануарларға залалын да тигізеді. Олигоцен дәуірінен белгілі. Арктика, Антарктида және Мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кең тараған. Дүние жүзінде 20 тұқымдасқа бірігетін 700-дей түрі, ал Қазақстанда 3 тұқымдасы: тағатұмсықтылар (Rhіnolophіdae), оның 1 туысы, 3 түрі (кіші тағатұмсықты жарқанат, үлкен тағатұмсықты жарқанат, бұхар тағатұмсықты жарқанаты) ; жалтыртұмсықтылар (Vespertіlіonіdae), оның 8 туысы 23 түрі (Азия жалпаққұлақты жарқанаты, ақбауыр жарқанат, Бобринский жарқанаты, Иконников жарқанаты - Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген) ; иттұмсықтылар (Molossіdae), оның 1 туысы 1 түрі (кеңқұлақты жарқанат - Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген) бар. Бұлардың дене тұрқы 3 см-ден (кіші тағатұмсықты жарқанат) 9, 2 см-дей (кеңқұлақты жарқанат) . Салмағы 3, 5 г-нан (ергежейлі жарқанат) 47 г-ға (қызғылт жарқанат) жетеді. Тері жамылғысында қоңыр және сұр түстері басым. Құлақ қалқанының жиегі дөңгелек емес. Көздері нашар көреді. Тырнақтары болмайды. 18 - 20 тісі бар, азу тістері бұдырлы. Туысын, түрін анықтауда тіс құрылысының, олардың орналасуының үлкен маңызы бар. Жарқанаттардың есту мүшесі жақсы жетілген. Кеңістікте өзі шығаратын жоғарғы жиіліктегі ультрадыбыстарды (40 - 80 кГц), сондай-ақ, адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) қайта қабылдау арқылы бағдарланады. Жарқанат ұя салмайды, үңгірлерді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс шатырларын, жарқабақтардағы құс індерін мекендейді. Күндіз жеке не топтанып, бастарын төмен салбыратып, аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жабысып демалады. Кешкі ымыртта және түнде жемтігін қалықтап ұшып жүріп, тасадан тосын шабуыл жасап, шап беріп аулайды. Әр түрлі омыртқасыздар, әсіресе, түн жәндіктерімен қоректенеді. Қазан - қараша айларында қысқы ұйқыға кетеді. Бұл кезде Жарқанаттардың дене темп-расы қоршаған орта температурасынан 1 - 2°С-қа ғана жоғары болады. Наурыз - сәуір айларында оянады. Ал қыс жылы болған жылдары қысқы ұйқыға кетпейді. Жарқанат табиғи жағдайда 20 - 25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір рет көбейіп, жалқы кейде егіз табады. Балалары анасына жабысып өмір сүріп, бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанаттар әр түрлі зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда да келтіреді. Сондай-ақ, түрлі аурулар (әсіресе, құтыру) таратып, адамға, жануарларға зиянын да тигізеді; Жарқанаттар. Құлақ қалқандары үлкен, тістері өткір, ұсақ жануарлар жатады. Қазіргі кезде олардың 800-ге жуық түрі белгілі, оның СССР-де 40-қа жуық түрі кездеседі. Бұлардың көпшілігі насекомдармен, кейбір түрлері жануар тектес азықпен қоректенеді, мысалы, найза тұмсықты жарқанат (Рһуllоgtоm һаstatиm), Оңтүстік Америкада мекендейтін десмодус (Dоsmоdиs) ұйықтап жатқан сүт қоректілердің, кейде адамның да қанын сорып қоректенеді. Көптеген түрлері солтүстіктен қысқа қарай оңтүстікке ұшып кетеді. Кейбір түрлері мекен егкен жерлерінде қысқы ұйқыға кетеді. Қысқа қарай бірнешеуі бір жерге жиналады, мысалы, Бахардан үңгіріне (Түркмения) 4-ға жуық жарқанаттар жи-налған., Өте баяу көбейеді, 1-2 бала туады. Шағылысуы күзде жйне көктемде орындалады. Күзде шағылысқанда сперма жұмыртқаны ұрықтандырмай, аналық жыныс жолында қыстап қалады. Ұрықтану тек қана көктемде, аналықта овуляция болғанда орындалады. Көктем-дегі шағылыс кезінде овуляция мен ұрықтану бір мерзімде өтеді. Біздің жерімізде ушандар (Рlесоtиs аигіtиs) және жирен түн жарғанаттары (Nусtаlиs поtиlа) көбірек кездеседі.

Ақбауыр жарқанат

Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 66 - 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 - 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 - 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды мекендейді. Республикада екі жерде - Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ақбауыр жарқанат

Таксондық классификация

Тип Хордалылар (Chordata)

Клас Сүтқоректілер (Mammalia)

Отряд (Chiroptera)

Тұқымдас (Vespertilionidae)

Туыс (Otonycteris)

Түрдің авторы Peters, 1859

Қысқаша сипаттамасы Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Республикада екі жерде - Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселелерін дайындау қажет.

Кеңқұлақты жарқанат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Хордалылар типі
Мысық тұқымдастар
Жарқанат
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Приматтар отряды – Primates
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Тіршіліктану курсында танымдық қызығушылықты қалыптастыру
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz