Қалталылардың экологиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: "Қалталылардың экологиясы "

Орындаған:Аликеева Айдана
БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген:аға оқытушы
Сексенова Дана

Алматы 2012 ж.

Тасбақалар

Тасбақалар (лат. Testudines) - бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді. Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұз. 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 - 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық Тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су Тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 - 3 ай (піл Тасбақаларында 6 - 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі - дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. Түсі сарғыш қызғылтым кейде жасылдау келеді. Тұрқы 20 см-дей, салмақ 25 кг. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазіргі рептилилерден ерекшелігі -- тасбақалардың денесі-нің сүйекті сауытпен қапталуы. Басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. Сауыты; а) жоғарғы жартысы -- карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырға-лар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; б) төменгі жартысы -- пластрона, бұлда тері тектес сүйектен тү-рады, бірақ мұнымен төс сүйегі мен бұғана қосылып кеткен. Көпшілігінің сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қап-тап жатады. Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бірігіп кеткен. Сол сияқты жауырын мен каракоидта бос болады. Жамбас сүйектері карапаксқа сіңір арқылы бекиді, немесе жіктер қосылып бірігіп кетеді. Оның, бас сүйегіне тән ерекшелік -- екінші реттегі сүйекті таңдайдың жетілуі, тістін. болмауы. Тістін, қызметін жақ сүйектерін қаптап тұратын мүйізді өсінділер атқарады. Сүйекті сауыттың болуымен байланысты тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше мойын, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады. Тыныс алу механизмінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ауыз қуы-сының түп жағы біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, насостың қызметін атқарады. Осы кезде танау тесіктері арқылы ауыз қуысына ауа еніп, одан өкпеге өтеді. Сонымен қатар тыныс алуға мойын мен иықтың қозғалысы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалталылардың экологиясы
Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
«Сүтқоректілердің шығу тегі»
Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиялық мінездемесі
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia)
Владимир Владимирович Путин
Пәндер