Суда тіршілік ететін сүтқоректілер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы:"Суда тіршілік ететін
сүтқоректілер "

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2011 жыл

Жоспары:

1. Кіріспе
Сүтқоректілерге сипаттама
2. Негізгі бөлім
Су аңдары
3. Қорытынды
Сүтқоректілерді қорғау

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Cүт қоректілер омыртқалы жануарлар дамуының ең жоғары сатыдағы класы. Олардың дене мөлшері де әр алуан. Ең кішкентай көптісті жертесердің (Suncus etrus Savi) дене тұрқы 38-45 мм, салмағы 1,2-1,7 г болса, ең ірі хайуанат-көк киттің (Balaenoptera musculus L.) денесінің ұзындығы 33 метрге, салмағы 120 тоннаға дейін жетеді. Сүтқоректілердің формасы да әртүрлі. Су жануарлары киттер балық формасында болса, ұшуға бейімделген жарқанаттардың алдыңғы аяқтары ұшу жарғағына айналғандықтан құстар сияқты самғайды. Десе де, көптеген аңдар денесінің негізгі формасы салмағы төрт аяқтарына түсетін денесі жер бетінен көтеріңкі. Денесі жүнді терімен жабылған. Кейбір түрлерінде терідегі жүн инеге, қабыршаққа немесе қылтанаққа айналған. Терілері әртүрлі бездерге (сүт, тері, май және т.б.) бай. әсіресе, жалпы сүтқоректілерге тән ерекшелік балаларын қоректендіруге арналған сүт бөлетін бездерінің болуы.
Сүтқоректілердің дене мөлшері мен пішіні алуан түрлі, ол көбінесе тіршілік әрекеті мен мекендейтін орта жағдайларына байланысты болады. Бұлар -- негізінен құрлықта тіршілік ететін төрт аяқты жануарлар. Рас, суда, топырақтан ін қазып, ұшып жүріп тіршілік ететін де түрлері бар Жануарлардың жүзуі - жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар - кірпікшелерін, шаянтәрізділер - мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз - аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар денесін әр түрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлік т.б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердің де арасында байқалады. Мысалы, камшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.
Ареал (қызыл - байырғы, жасыл - жерсінген. Оңтүстік Америкадағы жерсінген жерлері көрсетілмеген.)Алдыңғы группадағыдай жер бетінде тіршілік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көптеген аралық жағдайлар бар.Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүтқоректілерге - ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда байқалады.
Негізгі бөлім

Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана қоймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады. Мысалы, сасық күзеннің бір түрі - норка тұщы сулардың жағалауынды мекендейді. Ол су жағалауынан қазған інінің аузын әрқашан құрлықтан шығарады. Өзі су маңындағы кемірушілермен, амфибилермен және балықпен қоректенеді.Суда жақсы жүзеді, бірақ оның аяғының құрылысында және жүнінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сумен тығыз байланысты - қамшат. Іні судың жағасында болады да аузын судың астынан шығарады. Камшаттар су жағасынан 100-200 метрден артық қашық кетпейді. Негізінен судағы балықтармен амфибилермен қоректенеді.

Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген түрлері бар. Бұларға ондатрлар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса құрлықтан алады. Жауларынан қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді.

Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) - кеміргіштер отрядына жататын терісі бағалы аң. Қорек талғамайды, негізінен су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 2 - 3 рет көбейіп, 25 - 30-ға дейін ұрпақ бере алады. Көктемде туған жас Ондатрлар шілде - тамыз айларында көбеюге қатыса береді. Олар - туляремия және паратиф ауруын таратушылар. Терісі үшін көп ауланады.

Сипаттамасы
Дене тұрқы 35 см-дей, құйрығының ұзындығы 28 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, жүзген кезде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың да тығыз, қою қоңыр кейде қара түсті. Ұйығу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) заты бөлінеді.

Мекені
Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазір республиканың барлық өзен-көлдерінде 350 мыңдай Ондатр кездеседі (2005). Бұлар өзен жағасы биік болса, бұраңдата ін қазады, аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Суда тіршілік етуге бейім аңның бірі - ондатр. Бұл аңның аяқ саусақтарының арасындағы жүзу жарғақтары шала дамыған, бірақ артқы аяқтарының табанындағы қыры мен саусақтарының шеті түкті келеді. Ондатрдың дене пішіні - 28-35 сантиметр, салмағы 1,5 килограмды құрайды. Құйрығы тықыр, қабыршақты келеді. Ал дене түгі қалың, жұмсақ, су жұқпайды, түсі ашық жирен, қара бурыл. Ондатр су өсімдіктері бар өзен-көлді, батпақты жерлерде мекен етеді. Көбіне батпақты жерлерді құрғақ шөптерден, өсімдіктерден биіктігі 1 метрден асатын үйшік жасайды. Қыс мезгілінде ондатрлар сыртқа шықпай жемін су астынан аулайды. Негізгі қорегі - су жиегіндегі өсімдіктер, шаян, бақа, балық және басқалары. Бұл аң жылына 1-3 рет ұрпақ береді. Еті жеуге жарамды, қоян етіндей дәмді, ал терісі бағалы, берік келеді. Оның терісінен бас киімдер тігіледі.

Ғылыми топтастыруы
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Кіші табы: Eutheria
Ұлы сабы: Laurasiatheria
Сабы: Cetacea
Brisson, 1762

Кіші саптары
Mysticeti
Odontoceti
Archaeoceti

Дүниесі: Жануарлар

Киттәрізділер (лат. Cetacea) - суда тіршілік ететін сүтқоректілер отряды. Ғалымдар киттердің арғы тегі құрлықта тіршілік еткен ежелгі тұяқтылар не қарапайым жыртқыштар (креодонттар), тіпті, бор кезеңінің жәндікқоректілері де болуы мүмкін деген болжам айтады. Бұлардың қазба қалдықтары төменгі эоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда Маңғыстау түбегінен төменгі сармат қабатынан табылған. Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына (тісті киттер және мұртты киттер) жататын 38 туысы, 80-нен астам түрі мұхиттарда, теңіздерде, кейбір түрлері (дельфиндер) өзендерде таралған. Денесінің ұзындығы 1,1 - 33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Дене пішіні жұмыр қос қалақты терілі, құйрық жүзбеқанаты көлбеу бағытта орналасқан. Көпшілік түрінің басы жалпақ, мойны айқын байқалмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Артқы аяқтары жойылған, тек жамбас сүйектерінің (кей түрінде ортан жіліктің) қалдықтары сақталған. Киттердің терісі түксіз жалаңаш, тері астында май қабаты жақсы жетілген (қалыңдығы 18 - 50 см). Бұл дене температурасын реттеуге қатысады. Терісінде май, тері бездері болмайды, сүт бездері жақсы жетілген. Тыныс алу мүшесі - танау тесігі (1 не 2) төбесіне қарай орналасқан. Ол тек тыныс алу-шығару кезінде ғана ашылады. Киттердің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттерінде ерекше белокты зат - миоглобиннің болуы су астында 30 - 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үстіңгі сойдақ тісі алға қарай 3 м-дей созылыңқы болады. Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған. Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді. Киттердің есту мүшесі жақсы дамыған, құлақ қалқаны болмайды. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны күрделі құрылымды (3 - 14 бөлімнен тұрады). Киттердің көпшілігі - моногамды. Олар 2 - 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық мерзімі 10 - 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды. Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін (кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне 450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ қосады. Табиғатта 30 - 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді. Киттердің саны жылдан-жылға азаюда, әсіресе, ірі киттердің біраз популяциясының жойылып кету қаупі бар. Сондықтан кит аулау кәсібін реттеу мақсатында Халықаралық комиссия (оған дүние жүзінің 20 мемлекеті мүше) ұйымдастырылған (1946). Киттердің санын сақтау үшін қорғауға алынып, олардың 18 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.

Мұртты киттер
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кіші сабы: Mysticeti
Cope, 1891

Тұқымдастары
Neobalaenidae
Eschrichtiidae
Balaenidae
Balaenopteridae
† Janjucetidae
† Mammalodontidae
† Cetotheriidae

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Кіші табы: Eutheria
Ұлы сабы: Laurasiatheria
Сабы: Cetacea
Brisson, 1762

Кіші саптары
Mysticeti
Odontoceti
Archaeoceti

Мұртты (тіссіз) киттер (лат. Mysticeti) -- кит тәрізділер отрядының айрықша бір отряд тармағы. Тісі болмайды, тұмсығының үстіңгі жағында ұзындығы 50-ден 450 сантиметрге дейін, саны 360-тан 800-ге дейін болатын кит мұрты деп аталатын мүйізденіп кеткен тақташықтары болады; тіссіз киттің ең ірілерінің ұзындығы -- 33 м, салмағы -- 160 тоннаға дейін барады. Еті мен майы жеуге, тоң майы техникада қолдануға жарайды. Мұның 15 түрі бар, олар: гренланд киті, оңтүстік кит, ергежейлі кит, сұр кит, бүкір кит, көк кит, финвал, сейвал, кіші жолақ, Брайд киті. Бұлардың көпшілігі мұхиттарда тіршілік етеді.
Санат: Ергежейлі кит

Ергежейлі кит және орташа адам көлемдері
Амандық күйі
Дерегі жетіксіз (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кіші сабы: Mysticeti
Тұқымдасы: Neobalaenidae
Miller, 1923
Тегі: Caperea
Gray, 1864
Түрі: C. marginata

Екі-есімді атауы
Caperea marginata
(Gray, 1846)

Pygmy Right Whale

Ергежейлі кит (лат. Caperea marginata) - ергежейлі киттер тұқымдасының жалғыз түрі. Дене ұзындығы 6,4 м. Арқасы қара, бауыры ашық сұрғылт. Ауыз қуысы мен тілі ақ. Ақ сары мұрт пластиналарының биіктігі 70 см, саны 230 жұп. Арқа жүзбеқанатының биіктігі 30 см. Жер шарының оңтүстік бөлігінің коңыржай және суық суларын мекендейді.
Санат: Тегіс киттер
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия Тегіс киттер

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кіші сабы: Mysticeti
Тұқымдасы: Balaenidae
Gray, 1821

Тегіс киттер ареалы
Туыстары

†Aglaocetus
Balaena
Eubalaena
†Balaenella
†Balaenula
†Balaenotus
†Mesoteras
†Morenocetus
†Protobalaena

Тегіс киттер (лат. Balaenidae) - мұртты киттер тұқымдасы. Ұзындығы, 5-21 м-ге дейін. Іші тегіс немесе жатық қатпарсыз. Мойын омыртқалары қосылған. Мұрттарының тақтайшасы жіңішке, ұзын, серпімді. Алдыңғы екі тақтайшасының екі қатары тұтаспайды, тақтайша шашақтары жіңішке, түктілі, (өте ұсақ шаяндарды сүзу үшін). Су атпасы 2-ге бөлінеді. 2 туысы, 4 түрі бар: гренландық кит және оңтүстік киттер (3 түр). Сүттенуі 1 жылдай. Саны аз. Бірінші 2 түрі ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына еңгізілген.
Санат: өк кит
Көк кит

Ересек көк кит
Амандық күйі
Endangered (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кіші сабы: Mysticeti
Тұқымдасы: Balaenopteridae
Тегі: Balaenoptera
Түрі: B. musculus

Екі-есімді атауы
Balaenoptera musculus
(Linnaeus, 1758)

Ареал (көк)
Түршелері
B. m. brevicauda Ichihara, 1966
?B. m. indica Blyth, 1859
B. m. intermedia ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Мысық тұқымдастар
Хордалылар типі
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia)
«Сүтқоректілердің шығу тегі»
Сүтқоректілер экологиясы
Пәндер