Қазақстан биоресурстары туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “ Қазақстан биоресурстары ”

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2012 жыл

Биологиялық ресурстар - адамдарға қажетті тірі табиғат объектілерінде жинақталған (кәсіпшілік объектілері мәдени өсімдіктер, үй жануарлары, әртүрлі ландшафтар және т. б) материалдық және рухани игіліктің көзі немесе соның алдыңғы жағдайы. Биологиялық ресурстар саны жағынан қалыпқа келеді (мысалы көбею арқылы), ал сапалық жағынан қалыпқа келуі қиын, өйткені түрлердің немесе экожүйенің жоғалуы қалпына келмейді. Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары, жануарлар ресурстары және т. б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы өте зор.

Генетикалық ресурстар - тірі организмдердің генетикалық кодындағы тұқым қуалайтын генетикалық информациялар. Жоғалған генетикалық информация қалыпқа келмейді, өйткені түрдің барлық генетикалық комплексімен қайта жасалып қалпына келуі мүмкін емес. Түрдің жоғалуына жануарларды қолға үйрету, өсімдіктерді мәденилендіру селекция және биотехнология мүмкіншіліктері кедергі бола алады.

Тіршілік жасау үшін адамдар биоресурсты үнемді және тиімді пайдалануы керек. Соған байланысты студенттерді Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары ресурстарының алуантүрлілігімен пайдалы өсімдіктер мен жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихымен, қорғау, сақтау тәсілдерімен, шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру өте қажет.

Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары жатады.

Ол биологиялық ресурстардың табиғаттағы мөлшерін сақтау үшін өсімдіктердің және жануарлардың табиғаттағы алуантүрлілігін сақтай білу керек. Ол үшін әртүрлі қорықтарды ашу жеткіліксіз екендігі белгілі болды. Өйткені қорықтар ұйымдастыруымен ол мәселелер шешуге болмайтындығы айқындалды. Негізгі мәселе кез келген өсімдік немесе жануар түрін табиғатта сақтау үшін ол түрдің популяциясының ең аз
саны қанша болу керек екендігін анықтау басты ең маңызды мәселе екендігі дәлелденді (Яблоков, 1989) . Осыған байланысты ғылымда "Ең аз тіршілікке қабілетті популяция" деген мәселе пайда болды. Бұл салада көптеген ғалымдар еңбек етті. Популяциялардың тіршілікке қабілеттілігі экожүйелердің тіршілікке қабілеттілігімен өзара байланысты болғанымен оларды бір-бірінен бөлек қараған дұрыс. Табиғатты қорғау саласындағы
барлық мамандар табиғи жүйелерді - экожүйелер, қауымдар биотоптар және түрлердің сәттілікте амандығын қорғауға тырысып ұмтылады. Соңғы уақытқа дейін экожүйені толық қорғап сақтауға көңіл аударылды. XX ғасырдың басынан бастап осы мақсатқа жету үшін ерекше облыстар, региондар бөліне бастады. Қазіргі кезде халық санының артуына байланысты мұндай резерваттармен (табиғат байлығы, жануарлар мен өсімдіктер үкіметтің айрықша қорғауында болатын қорық, территория) жұмыс жасау қиын және күрделі бола бастады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІК ЖАҒДАЙЫН ҚЫСҚАША ТАЛДАУ

2724, 9 мың шаршы км алып жатқан кең-байтақ Қазақстан Республикасы территориясы Евразия орталығында Батыс-Сібір тегістігінен және Оңтүстік Оралдан ыстық, құрғақ Орталық Азия шөлдеріне және Тянь-Шань тау жүйелеріне дейін 1600 км, Батыс Шығысқа қарай Волга өзенінің төменгі бөлігі және Каспийден Алтайға дейін 2925 км созылып жатқандықтан, табиғат жағдайларының үлкен әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері кұрғақ субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың, оған қосымша Каспий, Арал, Балкаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстанның ерекше белгісі - ол оның
Евразияның ортасында болуына байланысты, оның қатал климат жағдайы және үлкен тегістігінде дала және шөл ландшафтарының дамуы. Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз, оңай тұрақсызданады және қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.

Бұл региондарда халықтың аздығы кең-байтақ территорияларда қорғаныс базаларын және сынақ полигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің дамуына, ал солтүстікте құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді игеруге алып келді. Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайында экономика табиғат байлығын барынша мол сығып алу мақсатында экстенсивтік жолмен дамыды. Әрине, тезірек жер қойнауы байлықтарын алуды мақсат еткен шаруашылық қызмет жағдайында ол процестің кейіннен экологияға әсері ескерілген жоқ. Соның салдарынан экожүйелер терең, кең көлемді бұзылды, көп жерлер шөлге айналды және биологиялық алуантүрлілікке үлкен зиян келді. Флораның биологиялық алуантүрлілігі және өсімдіктер ресурстары зиян шекті.

Қазақстаның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14%ы -эндемдер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанның тегістік бөліктерінде, шөлдер мен далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі солтүстік-шығыстан (Алтай) оңтүстік-батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 монотиптік эндемикалық туысты ерекше атауға болады: (физандра), (рафидофитон),
(лжепустынноколосник - жалған шөлмесақ), (бочанцевия), (ложная шандра - жалған шандра), (канкриниелла), (таволгоцвет - тобылғытүс), (птеригостемон), (пастернаковник), (недзвецкия) .

Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғары сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек кездесетін түрі енгізілген.

Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықтарда бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Ол түрлер жойылып кетгі деген болжамдар бар. Ол түрлердің Оңтүстік Қазақстан регионында
кездесетіндері: (щитовник менжелькенский - усасыр мыңжылқы), строгановия коренастая - шымыр строгиновая), (прангос), (дорема каратауская - Қаратау сасыққурайы), (аконтолимон минжелкенский - мыңжылқы кемпіршөп), (пустынноколосник-гребенчатый - тарақша шолмасақ), (заразиха каратауская - Қаратау сұңғыласы), (василек культисова - Культисов гүл кекіресі) .

Орталық Қазақстанда: (барбарис каркаралинский - Қарқаралы
бөріқарақаты), ( береза киргизская - қызыл қайың), (вороний глаз обыкновенный - кәдімгі қарға көз), (ольха клейкая - жабысқан қандағаш), (кокушник комариный - масалы көкекшөп), (пальчатокоренник) , (ясенец узколистый - таспажапырақ күймесгүлі) .
Шығыс Қазақстанда: ( марена резниченковская - Резниченко рияны), (песчанка Потанина - Потанин құмдак шөбі) .

Антропогендік азғындаудың (деградация) салдарынан адвентивтік (қосымша) түрлердің таралуы нәтижесінде өсімдіктер жабынында адамдар арқылы таралатын өсімдікгер көбейеді. Яғни, синантронпизация процесі басталады. Адвентивтік түрлердің экспанциясы олардың популяцияларының үздіксіз артуы флораның табиғи даму процесімен
қарама-қайшылыққа келеді.

Адвентивтік өсімдіктер жергілікті өсімдіктер түрлеріне ортаның абиотикалық факторларын пайдалануға бәсекелес болады, өте жиі олармен будандасып, агрессивті қасиеттермен будандар (гибридтер) пайда болады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының кұрамында пайдалы илік д әрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік жэне басқа да түрлер бар.

Илік өсімдіктер - шикізаттық өсімдіктер ішіндегі толығырақ зерттелгені. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда
практикада бағалы, құрамында таниндер бар 20-дан астам
түрлер анықталды, олардың ішінде ең белгілілері: (горец дубильный - илік таран), (горец бухарский - Бұқара тараны), (щавель Тянь-шаньский - Тянь-шань қымыздығы), (щавель Паульсена - Паульсен қымыздығы),
(ревень татарский - түйе жапырақ татар рауғашы), (ревень Максимовича - Максимович рауғашы) . Бұл өсімдіктердің құрғак тамырларыньщ қоры 200 мың тонна шамасында.

Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі

Биологиялық алуантүрлілік өсімдіктер және жануарлар түрлерінің тізімімен шектелмейді. Биота туралы түсінік алу үшін өсімдіктер жабынының алуантүрлілігі туралы білу керек.

Өсімдіктер жабынын өсімдіктер қауымы деңгейінде инвентаризациялау территорияның кең-байтақтығына және табиғаттың
алуантүрлілігіне байланысты өте күрделі.

Өсімдіктердің алуан түрлілігінің жағдайы зоналық аспектіде қаралады. Қазақстанда өсімдіктер жабынының алуантүрлілігін ерекше атап өтуге болады (дала, шөлдер, орман, шалғындық, бұталы тоғайлар, биік таулардағы, тундралар және т. б) .

Дала

Дала зонасының жалпы мөлшері - 128, 8 млн гектар немесе бүкіл Қазақстан территориясының 40%-ын алып жатыр. Бұл зона әртүрлі зона тармақтарына бөлінеді:

  1. шалғынды дала және майда жапырақты ормандар ауданы - 0, 6 млн гектар;
  2. қоңыржай-қуаң мол әртүрлі шөпті қаулы далалар - 8, 5 млнгектар;
  3. әртүрлі шөпті қаулы далалар -13, 6 млн гектар;
  4. құрғақ бетегелі-қаулы далалар -52 млн гектар.

Солтүстік жэне Орталық Қазақстанның есімдіктер картасында далалық қауымдардың әртүрлі комбинацияларының 250 шамасында типтері келтірілген. Қазақстан далаларында кең таралған 10 формация анықталған. Далалық аймақта 200-ге жуық ассоциация сипагталған, бірақ қауымдар деңгейіңде инвентаризация жүргізу жұмыстары әлі толық біткен жоқ.

Қазақстанда адам тіршілігінің нәтижесінде өзгерген регион - ол дала аймағы тың жерлерді игеру барысында (1954-1960 жж. ) жерлерді кең масштабты жырту нәтижесінде негізгі қыраттардағы далалық жерлер жойылды. Орманды далада барлық шалғындық далалар және мол әртүрлі шөпті қаулы далалардың 90%-ы жыртылды, тегістіктегі далалардың « 30%-ы» жыртылды. Тегістіктегі территориялардағы құрғақ далалардың 50-60%-ы, ал майда шоқылардағы далалардың 10-15%-ы жыртылды.

Бұл аймақтарда қалған далалық учаскелер (тасты далалар, тұзды топырақтардағы комплексті далалар) малды шектен артық жаюдың нәтижесінде өзгерген. Бұл региондардың қаулы далалары бетегелі Австрия жусанды әртүрлі арамшөп қауымға айналған және оларда алуантүрлілік айтарлықтай азайған.

Шөлдер

Шөлдер аймағының өте созылыңқы екендігі екендігіне байланысты
шөлдердің ендіктегі ауысуларын көруге болады солтүстік далаланған, астықтұқымдасты, жартылай бұталы ауданы 57, 3 млн гектар) ортадағы нағыз жартылай бұталы және оңтүстік жартылай бұталы және бұталы (ауданы 61, 8 млн гектар) .

Таулар массивтерінің шеттерінде өсімдіктер шабындарының ерекше бірегей типтерін кездестіруге болады. Эфемеройдты- астық тұқымдасты, жартылай-бұташалы, мол эфемеройдты-астықтұқымдасты, жартылай бұташалы және эфемеройдты- бұталы, солармен қатар Батыс Тянь-Шань және Қаратаудың оңтүстігін қоршаған жазықтықта ерекше қуаншылық типті өсімдіктер жабыны - жартылай бұталы - эфемеройдтар қауымы таралған. Олардың әдебиетгегі аттары жартылай саванна, саванна және т. б. барлық тау етектеріндегі өсімдіктер жабындары типтерінің ауданы - 12, 7 млн гектар.

Өсімдіктердің шөлдердегі типтерінде 120 формация бар екендігі туралы мәліметтер бар. Қазіргі кезге дейін 300 шамасында шөлдер қауымдары сипатталған соңғы мәліметтер бойынша шөлдерде өсімдіктер қауымдарынын 400-ге жуық типтері бар екендігі туралы айтылады, Өсімдіктердің қазіргі жағдайы жэне олардың биологиялық
алуантүрлілігінің элсіреуі шөлдердің әртүрлі тармақтарында бір
деңгейде жүрмейді. Негізінен жусанды солтүстік шөлдері өте
жақсы жайылымдықтар болғандықтан, қыстаулардың ауыл-
селолардың айналасында, ошақтық шектен тыс мал жайылуы
байқалады.

Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік шөддерде шектен тыс мал
жаюға қосымша өсімдік жабындарының бүзылуы әртүрлі
техногендік (мүнай, газ өндіру, шөп шабу жэне т. б. ) факторларға
байланысты.

Тау етектеріндегі өсімдіктер жабындарының бүзылуы
айтарлықтай жүруде. Соның нәтижесінде өзіндік ерекшелігі бар
қазақстандық эфемеройдты жусандар шөлдері жойылып кетті
деуге болады. Бүл, негізінен, суарылатын егін шаруашьшығы
жэне шектен тыс мал жайылатын аудандар, сондықган халықтар
көбірек шоғырланған.

Ормандар

Ормандар массиві, негізінен, Алтай Тянь-Шань тауларында және кейбір жеке массивтер Солтүстік Қазақстандағы жазықтықта және ұсақ шоқыларда таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан биоресурстары. Өсімдіктер әлемі туралы ақпарат
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі
Өсімдіктер әлемі
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Қазақстан биоресурстар пәні және маңызы
Қазақстан биоресурстары
Итбалықтар тұқымдасы Дельфиндер, Теңіз пілі
Ботаникалық ресурстану ғылымы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны
Ақ күзен.систематикасы.Құрлыс ерекшеліктері. Сары күзен. Систематикасы. Құрлыс ерекшеліктері. 3.шұбар күзен. систематикасы.құрлыс ерекшеліктері
«Қазақстан биоресурстары» курсы бойынша Оқу - әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz