Қорекке бейімділушілік


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Қорекке бейімділушілік»
Орындаған: Аликеева А.
БЭК 3курс 1 топ
Тексерген: доцент
Жақсыбаев М.
Қоректік заттардың мөлшері мен сапасының жануарлардың
тіршілігіндегі рөлін талқылау үшін, олардың азықтық режимдері
мен азықтық мамандануын қарастырып өтейік. Азықтық режим
ұғымына жануарлардың қандай да бір түрі үшін энергия көзі
болып табылатын азықтық материалдардың өзіндік ерекшелігі,
табигаты кіреді. Азықтық режимдердің негізгі үш типі: зоофагия,
фитофагия жэне детритофагия ажыратылады. Солардың
алгашқысы жануарлар организмдерін және олардың тіршілік
әрекетінің өнімдерін азық ретінде пайдалануға негізделген. Жануар
тектес азықтың сипатына қарай зоофагтардың төмендегідей
топтары ажыратылады: тірі ұлпамен қоректенушілер (биофагтар),
өлексемен қоректенушілер (некрофагтар), экскременттермен
қоректенушілер (копрофагтар) .Жануарлар өндіретін балауыз, жүн, жібек сияқты
материалдармен қоректенушілерді зоофагияның ерекше түрлері
ретінде қарастыруға болады. Қоректенудің мүндай түрлері
қорытылатын азықтардың табиғатын жане организмде олардың
ыдыратылу механизмін зерттеп білу түрғысынан қызықты.Фитофагия - қоректену үшін өсімдік тектес организмдерді жане
солардың өнімдерін пайдалануға негізделген. Фитофаг түрлердің
саны өте көп. Азыққа гүлді өсімдіктердің барлық мүшелері-
жапырағы, күлтесі, тамырлары пайдаланылады. Ағаш сүрегімен
қоректену, яғни ксилофагия кең таралған.Шіріген өсімдіктер, яғни детрит жане олардың ыдырау өнімдері
детритофаг түрлерге азық болады. Олардың арасында, әсіресе
топырақта тіршілік етуші формалар өте көп. Орман төсенішін
ыдыратуға белсене қатысатындықтан, детритофагтар топырақ пен
өсімдік жамылғысының арасындағы заттар алмасуында үлкен рөл
атқарады. Микроорганизмдермен қоректенуші жануарлар
детритофагтармен бірлесе әрекет етеді, оларды бір бірінен ажырату
қиын нарсе. Бұл жануарлардың көлемі шағын бактериялар мен саңырауқүлақтарды жеу қаблеті бар, бірақ детриттің өзін жей
алмайды. Детритофагтар барлық типтегі құрлықтық тіршілік мекендерін
қоныстанған. Әдетте олардың түрлері өте коп, саны да жоғары
деңгейде болады. Мысалы, қоңыржай белдеудің ормандарында 1м
квадрат топырақ бетінен жануарлардың 1000-ға жуық түрін табуға
болады, соның ішінде нематодалар мен қарапайымдардың саны 10
миллионнан астам, аяққұйрықтылар мен топырақ кенелері - 100
мың, өзге омыртқасыздар - 50 мыңға жетуі мүмкін. Қүрлық
қауымдастықтарындағы микро-, мезо- жэне макрофаунаның
арасалмағы меридиандық бағытта, тропиктерден полюске қарай
өзгереді. Органикаға бай солтүстік ормандарының, тундраның жэне
қүлазыган поляр жазықтарының топырақтарында микрофауна
маңызды рөль атқарады.Азықтық режимдерден азықтық мамандануды, ягни белгілі бір
түр пайдаланатын азықтық материалдар шеңберін ажыратқан жөн.
Бүл шеңбердің кең немесе қатаң шектеулі болуы мүмкін. Азықтық
раңионның шектелу дэрежесіне қарай гетеротроф түрлер
полифагтар, олигофагтар жэне монофагтар болып үш топқа
бөлінеді.
Полифагтар
жануарлар мен өсімдіктердің ауқымды тобын азық
ретінде пайдаланады. Олардың қатарына жануарлардың көптеген
түрлері: таракандар, қарасекіртпелер, қоңыр аю, т. б жатады.
Паразиттердің көпшілігі өзі маманданған иеленушісін ғана
пайдалана алады, дегенмен олардың кейбіреулері полифагтар
болуыда мүмкін.
![]()
![]()
Олигофагтар үшін азықтық объектілер спектірі
біршама тар аралықпен шектеледі. Паразиттер, жыртқыштар және
фитофагтар көп жағдайда жануарлар немесе өсімдіктер әлемінің
белгілі бір туыстастарының немесе тұқымдастарының өкілдерімен
ғана қоректенеді.
![]()
![]()
![]()
![]()
Монофагтардың қоректену объектілерінің тізімі
өсімдіктердің не жануарлардың бір ғана түрімен немесе бір
туыстастыққа жататын бірнеше жақын түрлерімен шектеледі. Шөпқоректі насекомдардың ішінде арамшөптерді жою үшін
пайдаланылатын кейбір түрлер монофагтар болып табылады.
![]()
![]()
Зиянды арамшөп - опунция кактустарымен күресу үшін
Үндістаннан Австралияға экелінген сымыр (қосқанаттылар
отрядына жататын жэндік) өте тар маманданған монофаг
болғандықтан, опунциялардың бір ғана түрінің кобеюін тежей
алады. Келесі мысал тағы да Австралияға байланысты. Австралия
континентінде мал шаруашылығы қауырт дамып, үлан байтақ
алқаптар жайылымдықтар ретінде игеріле бастаған кезде, қалталы
жануарлардың қиымен ғана қоректене алатын жергілікті қи
қоңыздары фаунасының қой мен ірі қараның қиымен қоректенуге
бейімделмегендігі анықталды. Жердің бетінде жиналып қалған
қорда шөптің өсуін қиындатып, жайылымдықтардың өнімділігін
төмендетті. Бүзылған экологиялық тепе теңдіктің зардаптарын жою
үшін, қи қоңыздарының бірнеше түрін Оңтүстік Африкадан
Австралияға интродукциялауға тура келеді. Малдың қиымен
қоректенетін иетродукцияланған қоңыздар жайылымдарды
тазартып, топырақты қорданы өңдеу өнімдерімен тыңайтуға
мүмкіндік берді. Моно-, олиго- жэне полифагтардың арасындағы шекара, әрине, шартты. Аталған топтардың біріне жатқыза салу қиын болатын
жануарлар аз емес, дегенмен жануарлардың барлығында да
азықтың белгілі бір көзін артығырақ көру жэне азықтық мамандану
тэн екендігі күмэн тудырмайтын фактор. Азықтық мамандану эр
түрлі себептерге азық табу әдісіне, реакция шапшаңдығына жэне
т. б байланысты болады. Жыртқыштардың қоректік обьектілерінің шеңбері бірінші кезекте
жемтігін аулау тәсілімен және жұлдызқұрттарға шапшаң қимыл
реакциясы тән емес, сондықтан олардың олжасы тек бір жерге
бекіген немесе баяу қозғалатын жәндіктер ғана бола алады. Ал
дэуітті оның назарына іліккен обьектінің қимылы шабуыл баға
итермелейді, соған байланысты дәуіттер бір жерге бекіген сымыр
немесе қалқанша тәрізді жәндіктермен қоректене алмайды. Әр түрлі мысық туыстастарға да шабуылдың әрқилы әдістері тэн.
Мысалы, қабылан өз жемтігін қуып жетіп алса, леопард ағашқа
шығып аңдып жатып алады. Азық табудың жануарлар үшін уақыт пен энергия шығынымен өлшенетін белгілі бір құны бар. Жануар азық арқылы келетін энергия қоректенуге жұмсалған шығынның артық болып,
активтіліктің өзгедеформаларына соның ішінде кобеюге уақыт
қалған жағдайда ғана тіршілік ете алатыны анық. Табиғи сұрыпталу
барысында азық арқылы келіп түсетін энергия мен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz