Мәңгілік мұздық жағдайындағы жануарлардың тіршілік ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Мәңгілік мұздық жағдайындағы жануарлардың тіршілік ерекшеліктері»
Орындаған: Аликеева А.
БЭК 3курс 1 топ
Тексерген: доцент
Жақсыбаев М.
Антарктида (Арктикаға керісі) -Солтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тының мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашңан. Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы 1500 м шамасындай, ал ең калыңы 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу маңда ұшырасады.
Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы борандар соғып тұрады. Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктикалық суларда итбалықтардың - теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді. Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктика - Жер шарының солтүстік поляр аймағы. Антарктиканың (грекше antі - қарсы, arktіos - солтүстік) табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының біршама жылы және керісінше мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы - антарктикалық конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара негізінен 48 - 60Ә оңтүстік ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан Антарктиканың аумағы шамамен 52 млн. км2. Оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Антарктида құрлығы мен оған жалғас жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичевтер, Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын - Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының антарктикалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 50Ә оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2 болады. Бір жылдық мұздың қалыңдығы 1, 5 - 2 м-ге жетеді, көп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика Арктикамен салыстырғанда табиғатының қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан (89, 2ӘС) . Барлық омыртқасыз жануарлар арасында нематодтар табиғатта таралуы бойынша бірінші орында. Бұл құрттар Антарктидадағы қатал табиғаты мен ыстық гейзерлері бар жерде тіршілік етеді. Олар тіршілік бар барлық барлық биотоптарда мекендейді.
Нағыз итбалықтар
(лат. Phocidae) - ескекаяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Бұларды құлақсыз итбалық деп те атайды. Итбалықтардың бұлай аталуына сыртқы құлақ қалқанының болмауы себеп болған. Олардың артқы аяқтары қысқа, әрі құрлықта қозғалуына қатыспайды. Түгі ірі қылшықты, мамығы болмайды. итбалықтардың жалпы 22 туысының қазіргі кезде 13 туысы 18 түрі Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде, Антарктида жағалауында және кейбір үлкен ішкі су айдындарында таралған.
Итбалықтардың негізгі туыстарына: жолақты итбалық, Гренландия итбалығы, кәдімгі итбалықтар, нерпалар, теңіз пілдері, т. б. жатады. Итбалықтардың көпшілік түрлері қоныс аударады. Итбалықтар ауа-райы күрт өзгерер алдында теңіз жағалауындағы жартастар арасындағы бұғаздарға тығылып, мазасыз күй кешеді. Артқы аяқтары тек суда жақсы жүзу қызметін атқарады. Олар судың терең қабаттарына түсіп, су ішінде ұзақ уақыт бола алады. Солтүстік жартышардағы итбалықтар мұз үстіне шығып тынығады, әрі мұз үстінде күшіктейді, ал Оңтүстік жартышардағы түрлері - тынығу үшін жағалауға шығады. итбалықтардың тері астындағы қалың май қабатының дене темп-расын бірқалыпты ұстаудағы маңызы зор. Итбалықтардың түйсік қабілетінің жоғары дәрежеде дамығаны анықталған. Мысалы, олардың денесіне қатты соққы тиген кезде көздерінен жас ағып “жылайды”, музыка әуеніне еліктейді. Итбалықтың аналығы жылына бір рет күшіктейді. Күшіктерінің көзі ашық, денесі қалың, ақ түсті мамықпен қапталған. Осыған орай оның күшігін “ақүрпек” деп атайды. Күшіктері алғашында суда жүзе де, сүңги де алмайды. Үш аптадан кейін олардың түгі біртегіс, әрі қылшықты күйге ауысады. Итбалықтардың негізгі жауы теңізде - касатка дельфині, ал жағалауда - ақ аю, ал күшіктеріне ірі жыртқыш балықтар шабуыл жасайды. Қиыр Солтүстік тұрғындары итбалықты еті, майы, терісі үшін аулайды. Итбалықтар кәсіптік маңызы бар жануар болғандықтан, жылдан-жылға саны азаюда. Сондықтан Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” 3 түрі және 1 түр тармағы енгізілген. Қазақстанның Каспий теңізінде - каспий итбалығы кездеседі.
... жалғасыПингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері-пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1-2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады. Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Батыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен жэне қанатының жәрдемімен жартасқа, немесе мұзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде ая-ғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюскалармен қоректенеді. Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жағалауында көзілдірікті пингвиндер (Sрһепіsсиs сіетегзиз) тір-шілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері (Аріеподиtеs ра-tасһопіса) деп аталатын, денесінің ұзындығы 90 см (110 см-ге дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі. Пингвиндердін, айта қаларлықтай кәсіптік маңызы жоқ.
Ескек аяқтылар суда тіршілік етуге бейімделген жыртқыштарға жақын сүтқоректілер болып есептеледі. Суда олар қоректенеді және дем алады. Бұлар жағаға немесе мұздың үстіне шағылысу, күшіктеу және түлеу үшін ғана шығады. Құрлықпен байланысы әрбір түрінде түрліше болады. Суда тіршілік етуіне байланысты, дене құрылысында бірнеше бейімделушіліктері бар. Жалпы денесі ұзын және ұршық тәрізді болады. Мойыны қысқа, денесінен айқын айрылып тұрмайды. Аяқтары ескек сияқты болады. Денесінде түгі болмайды. Денесіндегі жылуды реттеп отыратын, сыртқы механикалық әсерден сақтайтын және жануардың меншікті салмағын азайтатын тері астындағы май қабаты жақсы жетілген.
М. М. Слепцовтың зерттеуінің нәтнжесінде, кейбір түрлерінің терісінің астыңғы қабатында өңешпен жалғасып жататын бір немесе екі ауа қапшығының болатыны анықталған. Ауа қапшығындағы ауаның біріншіден - организмнің меншікті салмағын кемітуі, екіншіден - суда жүзген кезде тыныс алуға да пайдаланылуы мүмкін. Құлақ қалқаны редукцияға ұшыраған бірақ бұлар өте нәзік дыбысты естиді. Иіс мүшесі жақсы жетілген, керісінше көзі нашар көреді. Тіс системасы, жер бетінде тіршілік ететін жыртқыштардың тісінің құрылысына ұқсас. Ескек аяқтылардың үлкен кәсіптік маңызы бар. Оларды майы мен терісін пайдаланады. Кейбір түрлерінің терісі өте құнды болады.
Құлақты тюленьдер тұқымдасы. Бұлардың құлақ қалқанының нұсқасы ғана бар. Артқы аяғының ескегі алға карай иіліп, құрлықта қозғалуына мүмкіндік береді. ІІІошақ тістері жақсы жетілген. Бұл тұқымдасқа жататындар - теңіз арыстандары, сивучтар және теңіз мысықтары. Бұл түрлерінің барлығы да туар кезінде жер бетіне шығады.
Теңіз мысығының маңызы үлкен . Бұл ұзындығы 2 метрдей болатын тюленьдердің ірі түрі. Тынық мұхиттың солтүстік жағына тараған. Жазда түлеу және көшу үшін мысықтар кейбір аралдарға жиналады. Жағада май айынан август айына дейін болады. Бұлардың осы топтанып шоғырланған жерін «жатақ» деп атайды. Күзде түлеп болған соң оңтүстікке миграциялайды. Теңіз мысығының мұндай жатағы бізде Командор аралдарында және Тюленье (Сахалиннің жанындағы) аралдарында бар. Теңіз мысығы - полигамдар,
бір еркегі 30-80-ге жуық ұрғашысын ұрықтандырады. Ұрғашысы қара түсті бір ғана күшік туады. Ересектері қоңыр, түсті болады. Терісі қысқа қалың түбітті және бірен-саран қылшығы болады. Терісін өңдегенде осы ұзын қылшығын жұлып тастап, тегіс етіп қырқып, әдетте қара түске бояйды. Теңіз мысығын жазда жатағында жатқанда аулайды, сонымен
катар олардың саның арттыруда ғылми жұмыстар жүргізіледі.Нағыз тюленьдер түқымдасы (Рһосідае) . Бұларда құлақ қалқандары болмайды. Артқы аяқтарынық ескегі алдына қарай бүгілмейді. Сондықтан да артқы аяғының жер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz