Симбиоздық және антибиоздық қатынастардың пайда болуы мен эволюциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:
Симбиоздық және антибиоздық қатынастардың
пайда болуы мен эволюциясы

Орындаған: Аликеева А.
БЭК 3курс 1 топ
Тексерген: доцент
Жақсыбаев М.
Симбиоз
Әр түрлі организмдердің арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі түрлеріне симбиоз (селбесу), жыртқыштык, және паразитизм жатады. Симбиоз еркін тіршілік ететін организмдсрдің бірге тіршілік етулерінің түрлері. Екі симбионттың екеуі де пайда табу үшін селбесіп тіршілік етуіне (мутуализм) казарка қоңызы мен жемістің шіруін қоздыратын саңрауқұлактың бірігіп тұруы мысал болады. Казарка жеміс сабағын зақымдап, жұмыртқасын кемірген кезде пайда болған камераға салады. Сол кезде қоңыздың ішінде немесе құрсағындаеғы түктерде болатын саңырауқұлақтың споралары камераға бірге енеді. Қоңыздың личинкасы саңырауқұлақтың әсерінсн тек жеміс шіри бастаған кезде ғана дами алады. Симбиоздың екінші түрі -- ұсақ организмнің бір жерден екінші жерге көшу үшін өзінен ірі организмнің дснесіне жабысуы. Мұндай симбиозды форезия деп атайды. Мысалы, майка деп аталатын қоңыздың өсімдік гүлінде кездесетін бір жастағы личинкасын ара денесіне жабыстырып өз ұясына апарады, ұн кенесінің нашар қимылдайтын гипопустары насекомдардың немесе кеміргіштердің денесіне жабысып едәуір қашықтыққа таралады. Симбиоздың үшінші түрін комменсализм дейді. Ол симбионттардың біреуі екіншісінің ар-тық қалған тамақ қоры (оған айтарлықтай зиян келтірмей) есебінде қоректенуімен сипатталады. Мысалы, көкек ара мен жылтыр аралардың кейбір түрлері басқа аралардың ұясында тіршілік етіп, солардың тамақ қорымен қоректенеді.
Симбиоз (селбесу) дегеніміз -- әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал - шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал - қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.
Селбесу (Симбиоз; грек, symbiosis -- бірге тұрушылык) -- әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі. Бұл кезде екі организм де (симбионт) немесе олардың біреуі сыртқы ортамен катынаста арғықшылық аланы. Селбесу -- кең үғым, бұған өзара көмек көрсететін қатынасты да (мутуализм, комменсализм) және иесі мен паразит үзак уақыт бірге тіршілік ететін паразитизмді де жатқызады. Бұл терминді А.де Бари ұсынды (1879). Симбиоз, селбестік (грекше symbіosіs -- бірігіп тіршілік ету) -- екі түрге жататын организмдердің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831 -- 88) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады. Симбиоздың бірнеше түрі бар. Факультативті түрі -- организмдер бір-бірімен симбиоз құрғанымен, әрқайсысының жеке тіршілік ете алуы. Мыс., үйеңкі ағашы қарағай мен балқарағайдың жақсы өсуіне әсер етеді. Облигатты түрі -- симбиоз құрған екі организмнің бір-бірінсіз тіршілік ете алмауы. Мыс., бірі болмаса, екіншісі тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы -- қына. Мұнда балдыр саңырауқұлақты фотосинтез процесінде түзілетін органик. заттармен қамтамасыз етіп, өзі одан минералды заттар, су алады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнек бактерияларымен (Rhіzobіun) бірлесіп тіршілік етеді. Бактериялар атмосферадан азотты сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз еткенде, олар мол өнім береді. Сондықтан бұршақ тұқымдастары басқа өсімдіктерге қарағанда азотты қоректік затқа мұқтаж болмайды. Симбиоз жануарлар арасында да жиі кездеседі. Мыс., тақуа шаян актиниямен, термиттер мен құмырсқалар қоңыздармен симбиозды тіршілік етеді. Жалпы симбиозды тіршілік ететін организмдердің бір-біріне деген қарым-қатынасын ескере отырып, симбиоздың бірнеше типі жіктеледі .Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір- біріне еиібір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады. Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорганысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі туралы ұғым. Деңгейлер иерархиясы
Экологияның негізгі бөлімдері
Экология туралы жалпы түсінік
Қыналар – төменгі сатыдағы ерекше құрылысты организмдер тобы
Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
Тканьдердің пайда болуы және эволюциялық заңдылықтары
Көк-жасыл балдырлар
Микроорганизмдерге химиялық және физикалық факторлардың әсері
Жасыл балдырлардың биохимиялық құрамын анықтау
Пәндер