Ораз Жандосов


О. Жандосов -қайраткер, қаламгер
1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып аталғаны жұртшылыққа мәлім. Журнал басшылары жылдың осылай аталуына байланысты тарих қойнауынан материал берсек дегенді айта берді- Сондай нұсқауларға сәйкес елімізде 1917-1937 жылдардың аралығында шыққан мерзімді басылымдарды қарап шығуға тура келді.
Сол мерзімде «Мухбир», «Көмек», «Тілші», «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Жаңа мектеп», «Қызыл Қазақстан» сияқты басылымдар жарық көріпті. Бұларда көптеген проблемалық материалдар жарияланған. Олардың авторлары мемлекет қайраткерлері мен интеллигенция өкілдері. Солардың арасынан газет, журналға көп қатысқандардың бірі -Ораз Жандосов екен.
Біз Ораз Жандосовты ірі мемлекет қайраткері ретінде жақсы білеміз. Ал, оның публицист болғанын, кезінде проблемалық мақалаларды көп жазғанын жалпы журтшылықтың біле бермеуі мүмкін. Ораз Жандосов өз уақытысында өте сауатты болған адам. Ол орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген азамат. Мұның, әрине, өзіндік себептері бар.
Айталық, оның әкесі Қиқым кедейліктің тауқыметін көп тартады, жастайынан орыс байларына жалданып, күнелтеді. Міне, бұл оның орыс тілін үйренуіне түрткі болады. Осыбір оқиға себепші болған болу керек, кейіннен ол баласы Оразды Алматы (Верный) қаласындағы орыс гимназиясына оқуға береді.
Зерек бала бұл оқу орнында жақсы оқиды. Сондықтан да болу керек, оны достары кезінде «ғалым бала» деп атап кеткен.
Орыс гимназиясын ойдағыдай бітірген Ораз қызметте біртіндеп өсе береді. Кейіннен ол Қазақстан Өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі басшысына дейін көтеріледі. Осы жұмыстарда жүргенде ол қазақ халқының келешегі үшін жан аямай тер төккені байқалады. Әсіресе ол халық арасынан шыққан таланттарды қолдауға үлкен күш салады. Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев сияқты еліміздің біртуар ұлдарының творчестволық жағынан өсуіне жағдай жасайды.
Сондай-ақ ол мемлекет алдында тұрған проблемалар жөнінде көптеген мақалалар жазған. Бұл мақалалар сол кездегі «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттерінде және басқа журналдарда басылған. Бір атап көрсететін нәрсе - ол мақаланы екі тілде бірдей (орысша, қазақша) жазған. Оларда көкейкесті мәселелер тілге тиек етілген. Солардың кейбіреулерінің фактілері бүгінгі біздің тұрмыс-тіршілігіміздегі түйткілдермен үндесіп жатады. Сондықтан біз сол мақалалардың бір-екеуін қаз-қалпында оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
Ауылға бет бүрдық
Елде әлі де болса саудагерлердің, алыпсатарлардың ықпалы күшті. Елдің байына, ескі әдетіне сүйеніп, ауыл мен қала арасында делдалдық қылатын, кедейдің еңбегін өндірмейтін, бар тапқанын қағып алатын солар. Олар көп жерде кедей шаруасы алға баспайды.
Шикі күйіндегі шаруаға сауда-саттық, ақша араласқан дәуірде жоғарыда айтылған алыпсатардың, саударгерлердің ылаңынан ауыл шаруасы, әсіресе, әлсіз шаруалар алғашқы кезде жарлыланады. Осы дәуір қазақ елінің көп жерінің басында бар.
Жыл сайын шаруасынан қол үзіп, жұмыс іздеп қаңғырғандардың, белшесінен борышқа батып, малдан айырылып, шарасыздан егін шаруашылығымен айналысқандардың көбеюі бұған дәлел. Мұның бәрі жөнді жүргізілмеген сауданың нәтижесі. Кедейленіп, күнін көре алмай, ауру қаптап құрып бара жатқан ел аз емес.
Өкімет басында байлар болса - бұл жол тура капитал тұрмысына бастар еді. Бірақ бізде, Қазақстанда еңбекшілер өкіметі. Шаруаның, сауданың, ақшаның тұтқасы еңбекшілер өкіметінің қолында.
Кеңес өкіметі тұсында бұрын езілген елдердің алға басуы капитал дәуіріне соқпай өтеді. Бұл Ленин жолы. Бұрын езілген елдерді, соның ішінде қазақ елін капитал дәуіріне соқтырмай, алға бастырдық.
Бұл жұмыстарды іске асыруға қосшы ұйымы ұйтқы болуда.
Өкіметтің шаруашылық, сауда жұмыстарын (қоныстандыру) қарыз, ұйым шаруа) сияқтыларды ел ішінде дұрыс жүзеге асырып отырушы осы қосшы ұйымы . . .
Еңбекшілер төңкерісінің бар мәні - капитал дәуіріне соқпай алға басуда. («Қызыл Қазақстан» . журналы 1921 жыл, 15 қыркүйек) .
Қазақстанды зер ттеу қоғамы
Соңғы екі жылдағы жұмыстардың қорытындысы Қазақстан одақтық шаруаға шикізат беру жағынан күрделі орын алатындығын көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанның астық шаруашылығының келешегі үлкен екендігі көрінді. Және Қазақстанның кен байлығының да мол екені байқалды.
Міне, бұлардан талай мәселелер туындайды. Егін, мал, жер шаруашылықтары жөніндегі бұрынғы әдістер қазіргі жүргізіліп жатқан социалистік құрылыстардың қажетіне төтеп бере алмайды.
Осылардың барлығын жиіп келгенде, менімше, ғылым және мәдениет жұмыстарының ішінде қазіргі күнде ең алдымен көзге де, ауызға да бұрын түсетіні: ғылыми зерттеу жұмыстары, тәжірибе жұмыс-тары.
Қазақстанды зерттеу қоғамы 1920 жылы Орынбор қаласында құрылды. Қазіргі уақытта оның 600-дей мүшесі бар. Мүшелерінің 48-і қазақ, партия мүшелері - 62. Қазақстан зерттеу қоғамының оқуқанасында 37. 772 ғылыми кітап бар. Қоғам баспа кітаптарын алмасып отыру жөнінен Кеңес Одағында 350 мекеме, шет елдерде 50 шамалы орындармен қатынас жасап
келеді.
Қоғамның экспедицияға - шығу жұмыстары мақтарлық емес, нашар. Жұртшылықтың тұрмыс-жайын тексеру, ескі мәдениетті зерттеу жөнінен бірақ рет экспедиция жасалды. Оның жұмысын жандандыруды қолға алуымыз керек.
Тегінде Қазақстанның өзінде арнаулы ғылыми-зерттеу институты болғаны жөн. Бұл мәселе Қазақстан өкіметі орындарының алдына қойылып отыр. Алматы қаласында жоғары дәрежелі екі мектеп (мемлекет университеті мен мал дәрігерлік институты) болуы - бұл мәселенің шешілуіне жеңілдік келтіруде.
Қоғам жұмысын күшейту үшін керекті істің бірі - қоғамға қазақ қызметшілері мен ауыл, поселке оқығандарын көбірек қатыстыру, көзі ашық қара шаруаларды қоғам ісіне тарту керек. Сонымен қатар жалпы аймақ тану жөніндегі әдебиеттердің басылуын күшейту қажет. Бұл жұмыс бізде өте нашар. Қазақстан ғылыми-зерттеу және тәжірибе лабораторияларына ділгер. Бұларды ұйымдастырмай, татымды іс шығару мүмкін емес.
«Еңбекшы қазақ» газеті
1929 жыл, 31 қазан
ОРАЗ ЖАНДОСОВ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Берімізге белгілі, ұзақ уақыт тарих бұрмаланып келді. Ресми саяси идеологияға көлеңке түсірмеу үшін көптеген деректер зерттеушілер үшін жабық болды. Осы жағдай 20-30 жылдардың тарихи мәселелеріне де қатысты. Бұл жылдары сөз жүзінде айтылатын табыстар мен қасіретті нәубеттер қатар орын алды. Зерттеушілер осы кезеңге көп көңіл бөліп, тарихтың ащы шындықтарымен оқырман қауымды таныстыруға тиіс.
Биік мұраттарды өмірлік шындыққа айкалдыратын - нақты қайраткер адамдар, солардың мыңдаған кедергілерді жеңген жігері көзге бірде көрінсе, бірде көрінбейтін мыңдаған түрлі қиындықтарға мұқалмаған қайсар рухы. Басқаша айтқанда, белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе деуірлерде халықтың асыл арманын тілек-мұратын білдіруші де - сол қайраткерлік дережеге көтерілген адамдар. Өтпелі күрделі кезеңдерде халық олардың тарихи тұлғасына қайырылып, олардың іс-әрекетімен, мақсат-мүддесінен, тіптен мінез-құлқынан бүгінгі өзінің алдында тұрған азапты сауалдарға жауап, іс-қимылына негіз боларлық сүйеніш іздейді.
Зиялылар тарихына - адамзат ойы мен мәдениеті тарихына тоқталмай тарихи дамуды толығынан көрсету мүмкін емес. Біздің елімізде бұл меселе жетпіс жылдан аса коммунистік партияның тарихымен тығыз байланысты болды. Сол себептен де партия мен зиялылар саяси қарым-қатынас мәселесін зерттеу арқылы ұлттық зиялыларының төңкеріс кезіндегі рөлі мен орнын анықтап, қазіргі кезеңдегі оның көптеген мәселелерінің мәнін түсінуімізге болады.
20-30 жылдардағы ұлттық зиялылар мәселесі - өте аз зерттелген. Себебі, зерттеушілер тек жеке оқиғаларды, деректерді көрсетіп қоймай, жеке тұлғаларды, олардың идеяларын, позицияларын беруі қажет еді.
Ұлы Қазан төңкерісінің пісіп-жетілуі қазақ зиялылары арасына жік салып, әркімнің саяси келбетін, бағытын анықтап берді. Қазақ зиялылары тағы да екі жікке жарылды. Олардың бір тобы «Алаш» партиясын құрып (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және т. б. ) . қазақ ұлтының, қазақ халқының тәуелсіз ел болуы үшін күресті. Ал екінші топ кеңес өкіметін жақтап шыққандар (Т. Рысқулов, С. Қожанов, С. Сәдуақасов және т. б. ) болды. Өкініншке орай, бұл топтың, да кеңес екіметі кезінде нәубетке ұшырамағаны жоқтың қасы. Еліміз тәуелсіздік алып, егеменді ел болғалы халыққа оның бостандығы, тәуелсіздігі жолында арпалысқан қазақ арыстарының, аққан жұлдыздай келте ғұмыр кешкен ардақты ұлдарының есімдері қайтарылуда.
Ал біздің мақаламызда сөз болғалы атырған азамат жоғарыда көрсетілген екі топқа да жатпайды. Ол большевиктік Қазан төңкерісінің қазанында қайнаған, оның өзі туғызған, өзі тәрбиелеп, шыңдап жетілдірген, мемлекет қайраткері дәрәжесіне дейін көтерген Қазан төнкерісінің төл перзенттерінің бірі - Ораз Қиқымұлы Жандосов. Біз осы соңғы үшінші топ зиялыларын да, олардың елімізді өркендетуге қосқан үлесін де ұмытпауға тиістіміз. Бүгінгі күнге дейін жабық болып келген жаңа деректер, ұмытылған өмірбаяндар ғылыми айналымға қайта қосылғанда, зерттеушілер алдынан жаңа міндеттер бой кетерді. Соның бірі - ұлт зиялыларының саяси жікке белінуі жеке жеке басқа табынушылықтың ұлт зинлыларының қалыптасуына кері әсері. Осыған сәйкес енді 20-30 жылдар толығымен тарихы қайта қарастырылып, тек демократиялық лагерьдегі зиялылар қызметі ғана емес, коммунистік қозғалыс қайраткерлерінің еңбектері де өзінің жаңа бағасын алуы қажет.
О. Қ. Жандосонтың қызметін сипаттау біз үшін өте ауыр. Дегенмен де, оның еңбектерінің ауыр да азапты 20-30 жылдардың тарихи дерегі екендігі сөзсіз. О. Қ, Жандосов шығармаларымен таныса отырып, олардан сол кезеңнің уақыт тынысын, талабын сезінеміз. Оларды жазылу уақытына қарай үшке бөлуімізге болады:
1. 1919-1923 жылдарда жазылған еңбектер;
2. 1924-1928 жылдарда жазылған еңбектер;
3. 1929-1937 жылдарда жазылған еңбектер.
Басқаша айтсақ, мұны еңбек жолының қалыптасу, өрлеу, құлдырау кезеңдері деп саралауға да болар еді.
Жалпы, О. Қ. Жандосов еңбектерін хронологиялық шеңбермен шектемей, оларда көтерілген мәселелер тұрғысынан талдауға да болар еді. О. Қ. Жандосов- өз мақалаларында Қазақстанда кеңес билігі орнағаннан кейінгі өзекті мәселелерге тоқталып отырғаны белгілі. Олар: қазақ ауылына әлеуметтк-экономикалық өзгерістер енгізу, жер мәселесін шешу, индустриализациялауды іс-жүзіне асыру және т. б. болып табылады, өлкелік партия комитетінің 1926 жылы қараша айында өткен ІІІ пленумында көп дау туғызған мәселе-қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүргізудің жолдары болды. О. Қ. Жандосов бұл мәселе бойынша ең басты назарды ұлт ішіндегі таптық міндеттерді шешуге аудару қажеттігін айтып, қазақ ауылында байлармен күресті тек бейбіт экономикалық әдістер арқылы емес, сонымен бірге саяси зорлау әдістері арқылы да жүргізуді ұсынды.
Оның түсінігі бойынша бұл шара қазақ қоғамын байлардың зорлығынан ғана емес, сондай-ақ феодалдық, рулық, қатынастардың қалдығынан да құтқару үшін қажет еді. Ораз ауыл кедейлері мен орташа шаруаларды кеңес өкіметі жағына толығымен шығару үшін мынадай шараларды ұсынды: 1 Егемендік және шабындық жерлерді ықтиярсыз - теңестіріп қайта бөлуді соңына дейін жеткізу және оған реформа деп ат беру; 2. Ауылдағы қанаушы тапты еңбек құралдарынан айыру; 3. Байлардың саяси сахнадағы өкілдері - атқамінерлермен күресте зорлау әдісін қолдану (Қазақстан Республикасы Президентінің архиві 141-к,, 1-т, 485-іс, 107-118 пп) . О. Жандосовтың бұл бағытын О. Исаев, А. Мусин сияқты қайраткерлер де қолдады.
Шындығына келсек, О. Жандосовтың бұл пікірі Ф. И. Голощекиннің «Қазақ партия ұйымында большевиктендіру тек 1925 жылдан басталады, Қазақстанда 1917 жылғы Қазан төңкерісінен 1925 жылдың қыркүйегіне дейінгі уақытта кеңестік өкімет болған жоқ, қазақ ауылы Қазан төңкерісінің лебін әлі сезінген жоқ» (Голощекин Ф. И., Партийное строительство в Казахстане: Сборник речей и статей. М. А. 1930, с. 72), - деген ойының логикалық жалғасы сияқты. Бұл өзі қазақ өлкелік комитетінің жоғарыда аталған, 1926 жылы қараша айында еткен III пленумында қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалык, өзгерістерді қалай іске асырамыз немесе ауылды қалай кеңестендіру керек деген мәселенің төңірегінде туған пікір еді. Ал бұған қарама-қарсы пікірді ХҚК-нің сол кездегі төрағасы Н. Нұрмақов, Халық ағарту комиссары және «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы С. Сәдуақасов, ҚазОАК-нің төрағасы Ж. Мыңбаевтар айтты. Бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі пікірлер төмендегідей мазмұнда болды: бірінші пікір - қазақ ауылындағы түпкі мақсатымызға бейбіт жолмен жетуімізге болады (С. Сәдуақасов, Н. Нұрмақов, Ә. Әлімбеков және басқалар) ; екінші пікір - қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды өзгертуге саяси зорлау әдістерін де қолдануымыз керек (О. Жандосов, О. Исаев, А. Мусин, Ф. И. Голощекин) . Талас кезінде туған осындай екі түрлі бағыт жауапты хатшы Ф. И. Голощекиннің тарапынан қорытынды баға алды. Ол О. Жандосовтың бағытын қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси ерекшеліктерді есепке алмайтын «солшыл» ауытқушылық десе, ал екінші бағытты ең қауіпті де, күшті «оңшыл» ауытқушылық деп анықтады. Одан ары екінші бағыттағы коммунистерді ауылдағы төңкерістік өзгерістерге қарсы шығушылар қатарына жатқызған Ф. Голощекин: «біз Жандосов пен басқалардың өз пікірін айтып, нағыз партия мүшелеріндей сөйлегеніне риза болуға тиістіміз. Менің Жандосовқа қарсы сөйлегенім «солшылдықтың» қауіптілігін көрсетпейді, қайта «оңшыл» ауытқушылықтың ең қауіпті күш екенін айта кетуіміз қажет» (Аталған архив, 141-қ, 1-т, 485-іс, 127, 131-132-пп. ) - деген еді. Голощекин осы III пленумда өзінше объективті пікір айтуға тырысқан түр байқатса да оның сөзі мен ісінен шын мәнінде «солшылдар» жағында екендігін байқау қиын емес еді.
Сонымен, Қазақ өлкелік партия комитетінің 1926 жылы қараша айында өткен III пленумда Ф. И. Голощекиннің жеңіл қолымен қазақ партия ұйымында «оңшыл» және «солшыл» ауытқушылар дейтіндер пайда болды. Дегенмен де біз осы ауытқушылықтар туралы III пленумда сөйлеген С. Сәдуақасовтың пікіріне толығымен қосыламыз. Ол «қолдан солшыл және оңшыл ауытқушылар жасау кунделікті жұмысқа, творчестволық ізденіске үлкен кедергі жасайтынын, қазақ коммунистері алдарында тұрған негізгі міндеттерін тура түсінетіндігін, жалпы алғанда сол бағытта жұмыс істеп отырғандығын, ал арада қайсыбір мәселелерді жете бағалай алмайтын немесе асыра бағалайтын партия мүшелерінің болуы толық табиғи құбылыс» екендігін ескертіп, О. Жандосов ұсынысының мәжбүрліктен туғандыгын айтып, оның екі есебін керсетті: оның «бірі - орталықтың жергілікті жағдайды нақты терең білместен төңкерістік шараларды тез іске асыруды талап етуі, екіншісі - жергілікті басшылардың қазақ ауылын тым қораш көрсетуі, болып жатқан өзгерістерді өз дөрежесінде бағалай алмауы. Қазақ ауылында анау жоқ, мынау жоқ, түк істелмей жатыр, қазақ ауылы тағы дегендей бояуы қою пікірлер қазақ қайраткерлерін шалыс бастырып, сол арқылы тіптен біздің онсыз да шиеленісіп кеткен жағдайымызды қиындата түсуі мүмкін» (Көрсетілген архив, 141-қ, 1-т, 485-іс, 144-146-пп. ) .
Біз О. Жандосовтың ІІІ пленумда қазақ ауылында саяси куштеу әдістерін қолдану ұсынысының дұрыс емес, қате пікір екенін оның өзінің замандасы қызметтес жолдасы С. Сәдуақасовтың пікірін келтіру арқылы дәлелдеуге тырыстық. Яғни, сол кездің өзінде Қазақстандағы тығырықтан шығудың басқа жолдары, балама әдістері ұсынылғанын және орын алғанын көрсеттік. Өкінішке орай, бұл ұсыныстар есепке алынбады. Тең емес жағдайда жүргізілген күресте жауапты хатшы мен оның төңірегіндегілер өз мүмкіншіліктерін, яғни насихат құралдарын, түрлі мінберлерді өз қарсыластарымен жүргізген пікір сайысы арқылы Қазақстанның экономикалық, және әлеуметтк өзекті мәселелеріне жауап іздеу үшін өмес, керісінше қарсы топтағылардан қаралау үшін, олар ұсынған балама жолдарды халық мүддесіне қайшы келетін, байлардың таптың мүддесін жақтайтын шешім ретінде көрсету мақсатында пайдаланды. Ал мұның өзінің қазақ халқын қандай қасіретке душар еткеніне тарих куә. Біздің ойымызша, О. Жандосовтын «қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жолдарын тек бейбіт жолмен емес, саяси күштеу әдістерін қолдану арқылы да жүзеге асыруға болады» деген ұсынысы, оның, біріншіден, қазақ ауылының сол кезеңдегі ахуалына дұрыс баға бере алмауынан, барлық байларға бірдей қарауынан, екіншіден, оның сол жылдары атқарған жауапты қызметі Орталықтың саясатын жүзеге асыруды міндеттегендіктен туындады.
О. Жандосов қызметіндегі келесі бір өзекті мәселелердің бірі - республикадағы мемлекеттік және партиялық аппаратты жергіліктендіру мәселесі еді. О. Жандосов «жергіліктендіруде функционалдық әдіс өте дұрыс, бұл біртіндеп аппараттың жоғарғы деңгейінде отырғандарды да қазак, тілінде сөйлеуге мәжбүр етеді» - деді (141-қ, 1-т. 490-іс, 529-п}. Яғни, оның түсінігінше жергіліктендіру саясаты - қазақтарға қазақ тілінде қызмет етумен, қазақ қызметкерлерінің санын көбейтумен ғана шектелуі тиіс еді. Шындығына келгенде, бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарау қажет еді. Ғасырлар бойы патшалык Ресейдің езгісінде болған қазақ халқына рухани бостандық ауадай қажет болатын.
Ал енді сол кездегі аса даулы жер мәселесі төңірегіндегі шиеленіскен ұлтаралық қатынасты шешуде О. Қ. Жандосов «жерге орналастыру саласында ең алдымен байырғы халықты, әсіресе олардың отырықшыланып жатқандарын қамтамасыз ету жөнінде міндет қойылатын болсын-, - деп Қазақ өлкелік партия комитетінің 1925 жылы қыркүйек айында өткен бюро мәжілісінде өте дұрыс мәселе көтерді (141-қ, 1-т, 18-іс, 96-п. ) . Ол бірінші кезекте - қазақтарды, екінші кезекте - 1918 жылға дейін қоныс аударған орыс, украин, өзбек, дунған халқын, үшіншіден - 1922 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың тамызына дейін өз бетінше қоныс аударып келгендерді жермен қамтамасыз етуді ұсьінды (17-іс, 462-471-пп. ) - О. Қ. Жандосов Жетісу өңірінде 1921-1922 жылдары жүргізілген жер-су реформасын жүзеге асырушылардың бірі болғандықтан жер мәселесінің қазақ халқы үшін тоғыз жолдың торабындай мәселе екенін түсінді. Қазақстанда жер мәселесі ауыл шаруашылығы өндерімен ғана байланысты қаралмауы керек, ол ұлт мәселесімен де, партияның жалпы саясатымен де сабақтас деп ойлады ол. Сондықтан да Ораз отырықшылыққа ойысып қоныстанғанда, шаруашылық жүйесін белгілегенде әр ауданның табиғи жағдайын, ерекшелігін есепке алу қажеттігін дұрыс көрсетті. О. Жандосовтың жерге бірінші кезекте қазақтарды орналастыру қажет деген көзқарасы 1925 жылғы қазақ коммунистерінің де, сондай-ақ , партияда жоқ қазақ зиялыларының да ортақ пікірі еді. Мүның өзі 1925 жылдың желтоқсанында өткен Қазақ өлкелік партия комитетінің 5-ші конференциясында мынадай сипат алды: қазақ шаруаларын жермен қамтамасыз ету өте әлсіз және баяу жүргендіктен, ендігі кезеңде жерге бірінші кезекте соларды орналәстыруымыз қажет-(Резолюция 5-ой Все казахстанской конференции РКП (б) 1-7 декабря 1925 г. Кзыл-Орда. 1926 с. 31) .
Қазақстанға 1925 жылдың қыркүйегінде келген Ф. И. Голощекин қазақ өлкелік партия қомитетінің 5 конференциясында жоғарыда көрсетілген қарарды қабылдауға кедергі келтіре алған жоқ. Мұның себебі: 1) . Жауапты хатшының республикаға қызметке келгеніне көп болмаған еді; 2) . Ол әлі кімнің-кім екенін жете танып үлгермеген әрі оған жаңа ортамен танысып, үйренісу үшін уақыт та керек болды. Бірақ Ф. И. Голощекин өз "серіктерін» көп күттірген жоқ. Оның жана шешім қабылдауына 1926 жылы 26 ақпандағы БОАК Қазақстандагы жергілікті басшылықпен көп кеңесіп жатпай-ақ жоғарыдағы конференцияда бекітілген жерге орналастыру шараларын жоққа шығаратын арнайы қаулысы ықпал етті. Көрсетілген нақты тұжырым «жаппай жерге орналастырылатын аудандарда жерге орналастыруда қазақ халқының (батырақтардың, кедейлердің және әлсіз орталардың) басымдық құқы сақталады», - деген екі ұшты пікірмен ауыстырылды (Қазақстан Коммунистік партиясы сьездерінің, комференцияларының және пленумдарының қарары . . . 338 б) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz