Температураның жануарлардың дамуы мен өлім - жітіміне әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:
Температураның жануарлардың дамуы мен өлім-жітіміне әсері

Орындаған: Аликеева А.
БЭК 3курс 1 топ
Тексерген: доцент
Жақсыбаев М.
Температура - күннің ұзын толқынды инфрақызылсәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті, тіршілік иелері үшін манызды экологиялық фактор. Тірі организмдер жылу энергиясын әртүрлі жолмен алады. Көптеген тірі организмдер температураның 0°С және 50°С арасында тіршілік ете алады. Өйткені зат алмасу процесі осы температурада жақсы жүреді. Өсу және тіршілік ету үшін қолайлы температура (-10°С +30°С) оптималды деп аталады. Бірақ кейбір организмдер жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, ыстық су көздеріндегі цианобактериялар +80°С -қа дейін, бактериялар +88°С -қа дейін тіршілік ете береді. Салқын жерде тіршілік ететін организмдерді криофилдер тобына жатқызады. Олар белсенділігін клеткалардын температурасы -8°С...-10°С жағдайда да жоғалтпайды. Криофилия төменгі температура жағдайында (тундрада, арктикалық және антарктикалық шөлдерде, биік тауларда, салқын теңіздерде) тіршілік ететін көптеген организмдерге - бактерияларға, саңырауқұлақтарға, қыналарға, мүктерге және т.б. тән. Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды. Бұларға микроорганизмдер мен Жануарлардың көптеген топтары, мысалы, нематодтар, жәндіктер личинкалары , кенелер және шөлді аймақта тіршілік ететін көптеген организмдер жатады. Кейбір бактериялардың споралары тіпті +180°С ыстыққа бірнеше минут бойы шыдайды. Лабораториялық жағдайда өсімдіктердің споралары, тозаңдары және тұқымдары, нематодтар, коловраткалар, қарапайымдылардың цисталары клеткаларын кептіргеннен соң -217°С -қа дейінгі температураға шыдап, кейін температура қалыпты жағдайға келгенде бұрынғы белсенділіктеріне қайта оралған. Мұндай жағдайда цитоплазма гранит тас сияқты қатты болып, барлық молекулалар толықтай дерлік тыныштық жағдайға көшеді. Организмдегі барлық тіршілік процестерінің уақытша тоқтауьш жогарыда айтқандай - анабиоз деп атайды. Эволюциялық бейімделушілік тірі организмдер қоршаған ортадағы температура өзгерген кезде зат алмасу процестерін реттейтін әртүрлі эволюциялық бейімделушіліктерге ие болды. Бұл екі жолмен жүреді:
1) әртүрлі биохимиялық және физиологиялық қайта құрулар (ферменттердің концентрациясының, белсенділігінің өзгеруі, сусыздану, дене ерітіндісі температурасының қату нүктесінің төмендеуі және т.б.);
2) қоршаған орта температурасына қарағанда дене
температурасын бірқалыпты деңгейде ұстау, Бұл қалыптасқан биохимиялық реакциялардың жүруінің қатты бұзылмауына алып келеді. Организмде екі экзотермиялық процестер клеткалардағы жылу түзілудің көзі болып табылады: тотықсыздану реакциялары және АТФ-тың (аденозинтрифосфат немесе аденилпирофосфор қышқылы) ыдырауы. АТФ-тың ыдырауы кезінде бөлінген энергия клетканың барлық қызметтерінің іске асуына, ал тотықсыздану энергиясы АТФ-тың қалпына келуіне жұмсалады. Біршама төмен түнгі температура мен күндізгі жоғары температураның алмасуы (термопериодизм) көптеген түрлер үшін өте қолайлы. Континенталды аймақтағы өсімдіктер тәуліктіктік тэмператураның ауытқуы 10°С-15°С -ты құраған кезде жақсы өседі. Коңыржай аймақтағы көптеген өсімдіктер үшін температураның тәуліктік ауытқуы 5°С-10°С -ты, тропикалық өсімдіктерде.3°С -ті, ал кейбір өсімдіктер (қант қызылшасы, жержаңғақ) тіпті температуралық ауытқусыз жағдайда да өсе береді. Экологиялық факторлар - географиялық таралуды анықтаушы шарттар, яғни олар ареалдың орналасуына, пішініне және көлеміне ықпал етеді. Бұл көрсеткіштер бір мезгілде бірнеше факторға тәуелді болады, дегенмен де солардың арасынан бастыларын атап көрсетуге болады. Құрлықта тіршілік ететін түрлер үшін, әсіресе, ауа температурасы осындай фактор қызметін жиі атқарады. Жер бетіне түсетін күн сәулесінің мөлшері жоғары ендіктерден төмен ендіктерге қарай өсіп отыратындықтан, түрлердің көпшілігінің ареалдарына ендік бойымен созыла орналасу тән. Түр ареалдарының шекаралары көп жағдайда температураның орташа емес, ұшқары көрсеткіштерімен анықталатындығын атап өткен жөн. Минималдық
температура шектеуші фактор ретінде көптеген жылу сүйгіш түрлердің таралуына ықпал етеді.
Көшпелі шегіртке (Ьосизіа тщгаіогіа) Шығыс Еуропаның солтүстігінде +20° С маусым айының изотермасынан әрі өтпейді. Скандинавияда бұлан Сібірге қарағанда 10° солтүстікке таман таралады: Сібірде ауаның жылдық орташа температурасы Скандинавиядағыдан жоғары болуына қарамастан, қысы әлдеқайда қатаң. Континенттердің арасында температуралық айырмашылықтар болуына байланысты жыландардың таралуының солтүстік шегі біркелкі емес. Еуропада ол солтүстік ендіктің 67°-на, Азияда - 60°-на, Америкада - 52°- на сәйкес келеді. Өсімдіктерден мысал ретінде
марданды (Rubiа реrеgіпа) келтіруге болады, оның таралуының солтүстік шегі Еуропада шамамен қаңтар айының +4,5° С изотермасымен анықталады. Буктың (емен тұқымдас ағаш - Fagus sp.) ареалы солтүстіктен -2° С изотермамен шектеледі. Суық сүйгіш стенотермдік түрлердің таралуын лимиттеуші фактор қызметін максималды температура атқарады.
Еуропа мен Солтүстік-Батыс Африкада таралған капуста көбелегінің ареалының оңтүстік шекарасы Палестина болып табылады, себебі бұл жерде жазғы температуралар тым жоғары. Мұз басу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Daphnia sp тест - объектісін пайдалана отырып Астана қаласының табиғи және ақаба суларын бағалау
Шошқа листериозы
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы
Шошқа тілмесі
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
Кәсіби жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Пәндер