Топырақтың жануарлардың мекен ортасына айналуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:

«Топырақтың жануарлардың мекен ортасына айналуы»

Орындаған: Аликеева А.

БЭК 3курс 1 топ

Тексерген: доцент

Жақсыбаев М.

Топырақ - тіршілік ортасы

Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"-аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т. б. ) тіршілік етеді. Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер - педобионттар деп аталады.

Топырақ ортасы - тіршілік атаулының екінші мекені. Өзінің сан алуан құрылымымен топырақ барлық ортаға тән. Теңіз түбі, жағасы, құрлдық, жер асты, қабаттары, биік таулар, шөлдер барлығы да өзіне тән организмдер үшін қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. Өсімдік жамылғысын, көптүрлілігін топырақсыз елестетуге болмайды. Бұл ортаның ерекшелігі - мұндағы организмдер тек топырақта ғана тіршілік етеді. Соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануы, жер ресурстарына түскен салмақ ондағы организмдердің тіршілік ортасын бұзып, оларды ығыстиырып отыр. Кейбір әлсіз түрлер жойылып кетуде. Топырақ - тіршілік ортасы. Топырақ - құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауаме, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:

Микрофауна - топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар, колораткалар, тихоходтар мен нематодтар және т. б. ) . Олар үшін топырақ - микросу тоған жүйесі.

Мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0, 1 - ден 2-3 мм - ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер, алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар) . Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.

Макрофауна - 2-20 мм. -ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар, қырықаяқтар, жәндіктер, шаянтәрізділер) .

Оларға топырақ - қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде аздаған механикалық кедергілер келтіреді. Топырақ мегофаунасы - бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (слепыштар, слепушонкалар, цокорлар, көртышқандар және басқалар), олар өмірін топырақ астында өткізеді де, қазуға бейім келеді. Інде тіршілік етушілер (суырлар, борсықтар, саршұнақтар, тушкандар, қояндар және т. б) . Олар негізінен жердің үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта жүреді. Топырақ жануарлардың эволюциялық дамуында өте үлкен роль атқарды.

Многообразие и взаимосвязи живых организмов в почве:

1 - муха; 2 - личинка мухи; 3 - многоножка; 4 - муравей; 5 - хищный жук; 6 - жук жужелица; 7 - клещ; 8 - ложноскорпион; 9 - вилохвостка; 10 - мокрица; 11 - слизень; 12 - улитка; 13 - дождевой червь; 14 - круглые черви; 15 - плоские черви; 16 - простейшие; 17 - грибы; 18 - бактерии; 19 - микроскопические грибы; 20 - остатки органических веществ; 21 - коллембола

Некоторые многоклеточные животные - обитатели почвы: 1 - дождевые черви; 2 - энхитреиды; 3 - кивсяки; 4 - костянка; 5 - наземные брюхоногие моллюски; 6 - мокрица; 7 - бессяжечник; 8 - коллемболы; 9 - нематода; 10 - камподея; 11 - личинки мух; 12 - клещ; 13 - слизень; 14 - тихоходка; 15 - жужелицы; 16 - медведка; 17 - долгоносик; 18 - жук-трупоед; 19 - жук-могильщик; 20 - жуки-навозники; 21 - жуки-щелкуны; 22 - усачи-корнееды

Топырақ тау жыныстары ыдыраған кезде алынған минералдық заттар қоспасынан, өсімдіктер мен жануарлардың ұсақ ағзалар қалдығының ыдырауы нәтижесінде пайда болған ағзалық заттардан құрылған құрлықтың үстіңгі қабаты болып саналады. Топырақтың үстіңгі қабаттарында әр түрлі ағзалар - өлген ағзалар қалдығын білдірушілер - саңырауқұлақ, бактерия, кұрттар және басқалар өмір сүреді. Осы ағзалардың белсенді әрекетінен көптеген тіршілік иелерінің өмір сүруіне жарамды топырақтың құнарлы қабатын түзу қамтамасыз етіледі. Топырақ - температураның аздаған ауытқуы, орташа ылғалдық, оттегінің тапшылығы және көмірқышқыл газ конңентраңиясының жоғарылығы, үлкен тығыздығымен сипатталады. Топырақ құрамының шұрықтығынан газдардың және судың шұрыққа енуін қамтамасыз етіледі. Ал ол балдыр, саңырауқұлақ, карапайымдар, бактериялар, буынаяқтылар, ұлулар және басқа жөндіктер (омыртқасыздар) тәрізді топырақта өмір сүретін ағзаларға қолайлы жағдай жасайды. Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар эдафобус (грекше «еdарһоs»- топырақ, «bіоs» - тіршілік) . Қазғыш және топырақ арасында тіршілік ететін сүтқоректілер.
Сүтқоректілер арасында топырақ қазып тіршілік ететіндердің басым көпшілігі кеміргіштер болып табылады. Олар: суырлар, құмтышқандары, аламандар, алақоржындар, алып соқыртышцандар, қосаяцтар, жайралар, вискачилар Қоянтәрізділерден - інқояндары мен шақылдақтар. Австралияның қалталыларының арасында топырақ арасында қалталы көртышқан, мүкітістілерден - сауыттылар тіршілік етеді. Кап түтіктістісі және дала ящері індерін өте тез қазады Африка сүйелді доңызы түтіктістінің інін кеңейтіп пайдаланса, ал кейбір
жыртқыштар ( борсықтар, түлкілер, құлақты түлкілер - фенектер ) өздеріне терең ін қазады. Қазғыш сүтқоректілер арасында уақытша ін қазып сыртқа шығатындар және топырақ арасында үнемі тіршілік ететін түрлер бар. Уақытша ін
қазатындардың аяқтары, бассүйегі, сезім мүшелері мен омыртқа жотасында айтарлықтай морфологиялық өзгерістер шамалы болса, ал топырақ арасында тіршілік ететіндер өте жоғары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлардың жіктелуі
Топырақ бактериясының қолданысы
Биологиялық экология туралы ақпарат
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Жалпы Физикалық география
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Негізгі тіршілік орталары
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Экология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz