Популяцияның құрамы туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:
Популяцияның құрамы
Орындаған: Атамуратова Н.
Тексерген: Жаксыбаев М.
Популяцияның құрамы
Популяция (латынша “populus” -халық) бір түрге жататын, бір-бірімен өзара еркін будандасатын, белгілі бір территорияны мекендейтін особьтар жиынтығы. Популяция түрдің табиғаттағы элементарлы структурасы болып табылады. Популяцияда тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу жүріп отырады, нәтижесінде берілген жағдайда пайдалы болатын өзгерістері бар ұрпақтар өсіп, жетіледі, дамиды. Популяцияның бірнеше белгілері сипаттайды, олар популяцияның тығыздығы, саны, туылымы, өлімі, жас құрамы, территорияда таралу және өсу типтері.
Популяцияның тығыздығы - ауданның, не көлемнің белгілі өлшем бірлігіндегі особтар санымен анықталады. Бір түрге жататын әр түрлі популяцияның да, әр түрге жататын әр түрлі популяцияның да алатын территориясы тұрақсыз болып, ол особьтардың қозғалғыштық дәрежесіне байланысты болады. Мысалы кесірткенің бір популяциясы 0, 1ден бірнеше гектарға дейінгі территорияны алады, солтүстік бұғы 100 км 2 ден көп. Әрбір түр үшін белгілі бір қолайлы тығыздық сәйкес болады.
Популяция саны, не популяциядағы особьтар саны әртүрлі түрлерде түрліше және белгілі бір шекте болады. Бұл шектегі санының қысқаруы популяцияның жойылып кетуіне әкеп соғады. Популяцияның саны жыл мен маусымдарда кенеттен өзгеруі мүмкін. Мысалы: кейбір жылдары майда кеміргіштер, шегңрткелер, ауру туғызушы микробтар, т. б. жаппай көбейіп кетеді.
Популяцияның туылымы - түрдің ең алдымен эволюциялық орнымен, оның биологиясымен анықталады. Әдетте ұрпақтарына көп қамқорлық көрсететін түрлерде бұл көрсеткіш төмен болады. Бұдан басқа, популяцияның туылымы особьтардың жыныстық жетілу жылдамдығына, бір жылдағы генерациялар санына, популяциядағы аталықтар мен аналықтардың арақатынасына, қоректен қамтамасыз етілуіне, сол сияқты, ауа райы жағдайларына байланысты болады.
Популяцияның өлімі - белгілі уақыт кезеңіндегі өлген особьтар саны. Бұл көрсеткіш орта жағдайына, популяцияның жасы мен күйіне байланысты болады. Көптеген түрлерде ересектеріне қарағанда жас особьтарда жоғары болады. Популяцияның өліміне себеп болатын факторлар түрлішеболуы мүмкін. Олар: физикалық жағдайлар (төмен не жоғары температура, жауын-шашын, бұршақ, құрғақшылық т. б), биотикалық факторлар (қоректің жетіспеуі, жұқпалы аурулар, т. б), антропогендік факторлар (қоршаған ортаның ластануы, жануарларды жойып жіберу, ағаштарды кесу т. б) .
Популяцияның жас құрамының оның тіршілік етуі мен дамуы үшін үлкен маңызы бар. Қолайлы орта жағдайларында барлық жас топтары болып, популяцияның жас құрамы салыстырмалы тұрақты болады. Тез өсетін популяцияларда интенсивті көбейетін жас особьтар көбірек болады. Популяцияның жас құрамы особьтардың тіршілігінің ұзақтығына, жыныстық пісіп жетілуіне, генерация санына байланысты.
Популяциялардың жыныстық ерекшеліктері де сан алуан. Кейбір организмдер жұптасып тіршілік етіуге бейімдеген. Оларға аққу, ләйлек, бұлдырық, т. б жатады. Енді біреулері топтасып, колония, үйір, тобыр, табын құрып тіршілік етеді. Мұндай популяцияларда особьтардың жыныстық жағынан тепе-теңдігі бұзылып, аталығы (қоразы), не аналығының (мекиендері) біруі басым болады. Мәселен, кекілік, бөдене, шілдер, тауықтар, кептер, қырғауыл, т. б. мекиендері басым болып келеді. Сүт қоректілерде де (жылқы, түйе, сиыр, ақ бөкен, қарақұйрық, т. б) көбінесе еркектері аз, ұрғашыларының көптігімен ерекшеленеді.
Пуляция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы.
Популяция құрамындағы кез келген организмнің өмірін негізгі үш кезеңге:
1. Пререпродуктивтік
2. Репродуктивтік
3. Пострепродуктивтік
деп бөлуге болады. Олардың салыстырмалы ұзақтығы әр түрде әр алуан. Көптеген жануарларда ең ұзағы алғашқы кезең. Соның көрнекі мысалы өмірінің пререпродуктивтік кезеңі 3жылға жететін, ал репродуктивтік кезеңі бар болғаны 2-3 сағаттан 1 тәулікке дейін созылатын бір күндіктер (Insecta Ephemeroptera) бола алады. Американ цикадасының (Cicada septendecim) пререпродуктивтік кезеңі 17 жылды құрайды. Бірақ особьтер дүниеге келісімен көбейе бастайтын түрлер де бар ( бактериялардың көпшілігі) . Популяцияның репродуктивтік мүмкіктері оның жастық құрамына тәуелді болады. Популяция особьтердің өмір ұзақтығын тірі қалу қисық сызықтарын пайдалана отырып бағалауға болады. Тірі қалу қисық сызықтарының үш түрлі типі бар.
Тірі қалған особьтар саны
1
2
3
Уақыт
7. 3-сурет. Тірі қалу қисық сызықтарының әр түрлі типтері. 1 - дрофила (жоғарғы) және адам ( төменгі қисық сызық), 2 - тұщысу гидрасы, 3 - устрица.
Бірінші түрі (1 - қисық сызықтары) особтердің көпшілігінің өмір ұзақтығы біркелкі және қысқа уақыт аралығында өлетін жағдайға сәйкес келеді. Қисық сызықтар өте дөңес пішінімен сипаттталады. Бұндай тірі қалу қисық сызықтары адамға тән (7. 3, 1 - сурет)
Тұяқты жануарлардың да көпшілігінің тірі қалу қиық сызықтары дөңес келеді, бірақ түріне және жынысына байланысты дөңестік дәрежесі әр түрлі. (7. 4-сурет) . Екінші тип өлім жітім коэфиценті өмірінің ұзына бойында тән (7. 3, 2-сурет) . Сол себепті тірі қалу қисық сызығы тік сызыққа айналады. Тірі қалу қисық сызығының бұндай формасы тұщысу гидрасына тән. Үшінші тип өмірінің бастапқы кезеңінде особьтардың өлім жітімі көп болуын көрсететін қатты иілген ойық сызықтар. Кейбір құстардың, балықтардың, содай-ақ омыртқасыз жануарлардың өмір ұзақтығы осындай сызықтармен сипатталады.
Тірі қалу қисық сызығының типін біле отырып, жастарының пирамидасын тұрғызуға болады. (7. 5-cурет) . Бұндай пирамидалардың үш түрін (типін) ажыратқан жөн. Төлдерінің проценттік үлесі жоғары болуына сәйкес келетін алшақ табанды пирамида , ол туылым коэфицентінің шамасы үлкен популяцияларға тән. Пирамиданың ортаңғы типі - біркелкі пирамида - туылым және өлім-жітім коэфиценттері теңестірілген, особьтері жастары бойынша біркелкі бөлінген популяцияларға сәйкес келеді. Тар табанды (теріс) пирпмида кәрі особьтері саны жағынан жас особьтерден басым түсетін популяцияға сәйкес келеді, бұл кеміп бара жатқан популяцияларға тән. Бұндай популяцияларда өлім-жітім коэфиценті туылым коэфиценттерінен жоғары болады.
Популяция снының өзгеруінің маңызды факторы жыныстардың ара шамасы болып табылады. Көпшілік жағдайларда жыныстардың бірі екіншісінен сан жағынан басым болатындықтан, бұл қатынастардың бірге тең болуы сирек кездеседі. Омыртқалы жануарларда көп жағдайларда олардың жаңа туған төлдерінің еркектері ұрғашыларынан біршама көбірек болады. Үйрек тұқымдастарында да еркектерінің ұрғашыларынан артық болуы сирек нәрсе емес. Есесіне ( Sciurus carolinensic) және S. niger тиіндерінің ірі популяцияларында ұрғашыларының саны басым келеді.
Популяция санын ұлғайту үшін ұрпақ қалдыруға жұмсалатын шығынның үлкен маңызы зор, бұл белгілі бір көбею тактикасының ұстануынан көрініс табады. Ұрпақтарының бәрінің құндылығы бірдей емес: вегетациялық маусымның аяғында туылғандарының дүниеге олардан бұрынырақ келген ұрпақтарға қарағанда әдетте ересек жасқа жету ықтималдығы кемірек. Ата-анасы әр ұрпағына қанша күш жұмсауы тиіс? Репродуктивтік күш шамасы тұрақты болған жағдайда жекелеген ұрпақтарының орташа бейімділігі олардың санымен кері тәуелділік қатынасы арқылы байланысады. Көбею тактикасының бір ұшқары варианты - бар күшін өте ірі және жақсы бейімделген жалғыз ұрпаққа жұмсау, екіншісі әр ұрпаққа мүмкін болғанынша аз күш жұмсай отырып, дүниеге келген ұрпақтарының жалпы санын шегіне жеткізе ұлғайту. Дегенмен көбеюдің ең ұтымды тактикасы - ұрпақ санын максималды ұлғайту мен максималды дәрежеде бейімделген ұрпақ берудің арасындағы компромисс.
Ұрпақтың саны мен сапасының жоғарыда аталған арақатынасын графикалық қарапайым модель бейнелейді. ( 7. 6 - сурет ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz