Симбиоз еркін тіршілік ететін организмдсрдің бірге тіршілік етулерінің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “Симбиоз ”

Орындаған:Аликеева Айдана

БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген: доцент

Жақсыбаев Мұрат

Алматы 2012 ж.

Симбиоз

Әр түрлі организмдердің арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі түрлеріне симбиоз (селбесу), жыртқыштык, және паразитизм жатады.

Симбиоз еркін тіршілік ететін организмдсрдің бірге тіршілік етулерінің түрлері. Екі симбионттың екеуі де пайда табу үшін селбесіп тіршілік етуіне (мутуализм) казарка қоңызы мен жемістің шіруін қоздыратын саңрауқұлактың бірігіп тұруы мысал болады. Казарка жеміс сабағын зақымдап, жұмыртқасын кемірген кезде пайда болған камераға салады. Сол кезде қоңыздың ішінде немесе құрсағындаеғы түктерде болатын саңырауқұлақтың споралары камераға бірге енеді. Қоңыздың личинкасы саңырауқұлақтың әсерінсн тек жеміс шіри бастаған кезде ғана дами алады.

Симбиоздың екінші түрі - ұсақ организмнің бір жерден екінші жерге көшу үшін өзінен ірі организмнің дснесіне жабысуы. Мұндай симбиозды форезия деп атайды. Мысалы, майка деп аталатын қоңыздың өсімдік гүлінде кездесетін бір жастағы личинкасын ара денесіне жабыстырып өз ұясына апарады, ұн кенесінің нашар қимылдайтын гипопустары насекомдардың немесе кеміргіштердің денесіне жабысып едәуір қашықтыққа таралады. Симбиоздың үшінші түрін комменсализм дейді. Ол симбионттардың біреуі екіншісінің ар-тық қалған тамақ қоры (оған айтарлықтай зиян келтірмей) есебінде қоректенуімен сипатталады. Мысалы, көкек ара мен жылтыр аралардың кейбір түрлері басқа аралардың ұясында тіршілік етіп, солардың тамақ қорымен қоректенеді.

Симбиоз (селбесу) дегеніміз - әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал - шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал - қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.

Селбесу (Симбиоз; грек, symbiosis - бірге тұрушылык) - әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі. Бұл кезде екі организм де (симбионт) немесе олардың біреуі сыртқы ортамен катынаста арғықшылық аланы. Селбесу- кең үғым, бұған өзара көмек көрсететін қатынасты да (мутуализм, комменсализм) және иесі мен паразит үзак уақыт бірге тіршілік ететін паразитизмді де жатқызады. Бұл терминді А. де Бари ұсынды (1879) . Симбиоз, селбестік (грекше symbіosіs - бірігіп тіршілік ету) - екі түрге жататын организмдердің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831 - 88) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады. Симбиоздың бірнеше түрі бар. Факультативті түрі - организмдер бір-бірімен симбиоз құрғанымен, әрқайсысының жеке тіршілік ете алуы. Мыс., үйеңкі ағашы қарағай мен балқарағайдың жақсы өсуіне әсер етеді. Облигатты түрі - симбиоз құрған екі организмнің бір-бірінсіз тіршілік ете алмауы. Мыс., бірі болмаса, екіншісі тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы - қына. Мұнда балдыр саңырауқұлақты фотосинтез процесінде түзілетін органик. заттармен қамтамасыз етіп, өзі одан минералды заттар, су алады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнек бактерияларымен (Rhіzobіun) бірлесіп тіршілік етеді. Бактериялар атмосферадан азотты сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз еткенде, олар мол өнім береді. Сондықтан бұршақ тұқымдастары басқа өсімдіктерге қарағанда азотты қоректік затқа мұқтаж болмайды. Симбиоз жануарлар арасында да жиі кездеседі. Мыс., тақуа шаян актиниямен, термиттер мен құмырсқалар қоңыздармен симбиозды тіршілік етеді. Жалпы симбиозды тіршілік ететін организмдердің бір-біріне деген қарым-қатынасын ескере отырып, симбиоздың бірнеше типі жіктеледі . Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір- біріне еиібір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады. Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорганысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі. Мутуализм - әр түрге жататьш организмдердің бір-біріне қолайлы жагдай тұғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен, тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым - қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы. Зоохария - жануарлардьщ орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер туқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда болып олар құстар, сұтқоректілердің және басқ а да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алые кеңістіктерге тарауы. Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын - пассивті (эктозоохория) дейді. Ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқылы таралады. Оларды - активті (эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды. Аллелопагия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінғен заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тиғізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімғі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т. б. ) теріс әсерін тигізее, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді. Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі белсенді заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - аменсализм деп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

Биотикалық қарым-қатынастар түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Симбиоздық және антибиоздық қатынастардың пайда болуы мен эволюциясы
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
Қоршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты рио-де-жанейро декларациясы
БИОТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР
Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы
Экология. Паразитология ғылым ретінде. Медициналық паразитология. Анықтамасы. Қарапайымдылардың медицинадағы рөлі
Микроорганизмдерге химиялық және физикалық факторлардың әсері
АУТЭКОЛОГИЯ ( Организмдер экологиясы). ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР. ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz