Жануарлардың топтық тіршілік етуі


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: “Жануарлардың топтық
тіршілік етуі”
Орындаған:Аликеева Айдана
БЭК 3 курс 1 топ
Тексерген: Жақсыбаев Мұрат
Алматы 2012 ж.
Жануарлардың топтық тіршілік етуі
Биотикалық фактор дегеніміз даралар мен популяциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Биотикалық факторлардың екі тобы белгілі: түршілік (гомотиптік, грек тілінен аударғанда homois - бірдей) және тұрарлық (гетеротиптік, грек тілінен аударғанда heteros - әр түрлі) . Гомотиптік реакциялар деп бір түрге жататын дара ағзалар арасындағы өзара әрекеттесулер түсініледі. Бірлесіп күнелткен жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті едәуір дәрежеде популяцияның саны мен тығыздығына тәуелді болады. Сол себепті топ және масса эффектілерімен байланысты құбылыстардың экологиялық мәні үлкен. Гомотиптік реакциялар бір түрдің дараларының арасында байқалады. Гомотиптік реакциялардың ішінен экологиялық маңызды түрлеріне топ пен масса, түршілік бәсекелестік эффектісін атауға болады.
Топтық эффект - топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез - құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Өзімен бір түрге жататын дара организмдерді сезім мүшелері арқылы түйсінуден туындайтын, топтың өзінің және топ құрамындағы индивидумдар санының дара организмдердің мінез-құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы болып табылады. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т. б. ) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді. Көптеген жануарлардың түрлері тек үлкен топқа біріккенде ғана қалыпты дамиды. Мысалы, африка пілдерінің өмір сүруі үшін үйірде 25 дарадан кем болмауы керек, ал солтүстік бұғыларының өнімділігі жоғары үйірлері 300 - 400 дарадан кем емес. Топтанып өмір сүру жануарларлың азығын іздеуі мен табуын, жауларынан қорғауын оңайлатады. Қасқырлар үйірі ірі жануарларға шабуыл жасайды, ал жеке даралар мұны жасай алмайды. Бірқазандардың үйіріне балықтарды таяз суға айдап ұстау оңай.
Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабылетін артуына әкелетін физиологиялық процесстердің тиімділігін «топтық эффект» деп атайды. Көп жағдайларда топ эффектісі екі жануар бірлесіп тіршілік еткенде-ақ біліне бастайды. Ол жағымды ғана емес, жағымсыз нәтижелерге де әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, топ ішінде шөміш балықтардың өсуі баяулайды. Әдетте, саны шамалы кезде жағымды эффектілер басым болып, ал жануарлардың тығыздығы тым өсіп кеткенде, жағымсыз құбылыстар көбірек орын алады. Мысалы, үй тышқандарының аса тығыз орналасқан топтарының өсімталдығы төмендеп, тіпті көбеюі мүлдем тоқтап қалады. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психо-физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы, қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді. Жалғыз қыстайтын жарқанаттардың зат алмасу деңгейі, колониямен салыстырғанда жоғары болады. Бұл энергияны көп жоғалтуға, нәтижеде өліммен де аяқталуы мүмкін. Көптеген жануарлардың топтан тыс өнімділігі іске аспайды. Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды. Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштер қалыпты шамадан ауытқиды. Мысалы, құлақты кірпілерді топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134 %-ға оттегін көп пайдаланады. Даралар санының шектен тыс артуы мен популяция тығыздығының артуы арқылы массалық эффекті қоршаған ортаны өзгертеді. Масса эффектісі өнімдік өсу жылдамдығы жануарлардың өмір сүру жасы кері әсер етеді. Мысалы, ұндағы ұн құртының популяциясының дамуы барысында экскременттер түлеу өнімдері жиналып, ұнның мекен ету ортасы ретіндегі қасиетін нашарлатады. Бұл осы бунақденелілер популяциясындағы өнімділіктің төмендеуі мен өлімнің артуына әкеледі. Табиғатта топтық эффект пен массалық эффект бір уақытта байқалып отырады. Әрбір жануардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оитималды тығыздығы болады (Олли принципі) .
Жануарлардың үлкен топ құрып бірлесіп тіршілік етуі - колониялар, үйіірлер, табындар. Олардың негізінде популяциядағы байланыстардың күрделене түсуі жатыр.
Колония - жануарлардың бір жерде топтасып тіршілік етуі. Олар ұзақ уақыт бойы немесе уақытша көбею кезінде ғана болуы мүмкін. Мысалы: шағала, гагар, тупиктерде уақытша. Колонияның күрделі түрі - особьтар арасында қызметтердің бөлінуі. Бұл кейбір особьтардың тіршілігін сақтап қалуға әсер етеді. Мысалы, бір-бірін әртүрлі белгілер беріп сақтандыру және жауларынан бірігіп қорғану. Кейбір қаздар, шағала, қарлығаштар шулап жауларынан ұяларын, балапандарын қорғап қалады. Ең күрделі колониялар кейбір жәндіктерде - термиттерде, араларда, құмырсқаларда кездеседі(көбею, қорғану, ұя салу) . Мұнда тіпті еңбекті бөлісу де байқалады.
Үйір - жануарлардың уақытша бірігіп тіршілігін жеңілдетуі(жауларынан қорғану, қорегін табу, миграция) . Мұндай бірігу құстарда, балықтарда, иттерде көп кездеседі.
Қимыл-қозғалыстарын үйлестіру бойынша үйірлер екі топқа бөлінеді:
1. Эквипотенциалды, яғни, үйір мүшелерінде айқын доминанттар болмайды (балықтарда, кейбір құстарда) .
2. Көсемдері бар үйірлер ( ірі құстарда, сүтқоректілерде) .
Табын - үйірлерге қарағанда біршама ұзақ, тұрақты тіршілік етеді. Мұндай топтардың негізін доминант-бағыныштылық қатынастар құрайды. Табындардың бір түрі - уақытша немесе біршама уақытта тұрақты көсемдері бар топтар. Көсем - бұл тәжірибелі топ мүшесі. Табынның миграциясын, қоректенетін жерді және т. б. қасиеттерін көсемдері анықтайды. Көсемдердің биологиялық маңызы - жеке особьтардың тәжірибесі бүкіл топқа пайдалы болуында.
Бөкен үйірлі жануар . Жүздеп-мыңдап топталып үйір үйір болып жүргенін қыстың екінші жартысында, жазда, көктем мен күзде де көз шалады. Ақбөкендерге қыстың ауыртпалығы қанша күшті бола тұрса да, үйір құрып топтанып тіршілік етуі арқылы олар бұл қысылшаң кезеңді жеңіл өткізеді. Топтанып жүргенде алдыңғылары қарды аршып отырады да, соңғыларының жайылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар біріне-бірі суық желден қорғайтын ықтасын жасайды. Бөкендер ауа райының күрт өзгергенін тез сезеді. Алдын ала қары жұқа, ықтасыны бар жаққа қарай ауып кетеді. Бір үйір екінші үйірді жатырқамай бір-біріне араласып қосылып жүре береді. Белгілі бір жерде тұрақтамайды. Жайылымның түрлі шөбін, ықтасын жылы жерді іздейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда төлдейтін аналық бөкендердің бір жергетоптасуының биологиялық мәні зор. Көп жиналған жерде тұтқиылдан төнген қауіпті тез сезіп, қас жауынан қорғану әрекеті күшті болатын көрінеді. Жабайы жануарлар өзі сезгенқауіпті екіншісіне жеткізу үшін кенеттен қимыл жасайды, дыбыс шығарады. Бөкен лағын іздегенде қатты маңырайды. Төнген қауіптерді сезген заматта-ақ олар серпіле секіріп, бір-біріне сақ болыңдар дегендей белгі береді. Қарақұйрық та топтанып тіршілік ететін жануарларға жатады. Қарақұйрықтың көру және есту мүшелері өте жақсы жетілген. Ол екі шақырым жердегі қозғалған нәрсені көріп, 300-400 м қашықтықта естиді сөйтіп бір - біріне хабар береді. Өте сақ, қозғалмай 5-8 минут тұра алады. Қарақұйрықтың денесінде көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері жақсы жетілген. Бқл бездердің шығаратын заттары арқылы түз тағылары бір-бірімен табысады. Оның ақбөкеннен айырмашылығы - қауіп төнгенде кішкентай құйрығын жоғары көтеріп, басын сәл артқа шалқайта, тік ұстап жортады.
Маралдар - шағын табын құрып, тіршілік ететін жануарлар. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін қоныстарына байланысты. Күзде салқын түсе үлкен топтар бірте-бірте ыдырап, екі-бестен топтанып, жылы орман ішін жайлайды.
Теңбіл бұғы - кішігірім аралас табын құрып, қонысын көп аудармай тіршілік ететін орман жануары. Тұзат табиғатта 5-10 бастан тұратын үйір құрып тіршілік етеді. Көбіне таңертеңгі және
кешкі уақыттарда жайылады, ал күндіз көбіне тынығады. Топтанып тіршілік етеді, әрбір топта он басқа дейін болады. Бұдан да ірі топтар жануарларға қолайсыз кезең туған жағдайда құрылады. Мысалы: қыстың ең қолайсыз күндері, қардың қалыңдығы 70 - 100 см биіктікке дейін жеткенде 60 бастан тұратын табын құрады. Сондай-ақ ересек бұғылардың аталықтары мен аналықтары күйекке түсу кезінде бір жерге топтасады. Басқа уақытта аталықтары орман алабының шеткі аймақтарында, ал аналықтары орманның ішінде мекен етеді.
Топтасып тіршілік ету- жануарлар әлемінде кең таралған құбылыс. Бұл түрге жататын жануарлардың ішінде жеке-дара тіршілік ететіндер де, бүкіл тіршілігін топтасып «тұқымтоп» (семья) болып өткізетіндері де бар. Сондықтан соңғыларды «қоғамдық жануарларға жатқызады». Табиғи жағдайда бунақденелілердің «үйлерін», балара, аралар кәрездерін, құмырсқалардың илеуін жиі кездестіруге болады.
Қоғамдасып- бірлесіп тіршілік ететін жануарларға топтық мінез-қылық тән. Мысалы, құлан үйірлерінде айғыр бүкіл үйірді басқарады, ал бие бүкіл үйірдің орнын алмастырып, қозғалуын бағыттап отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz