Маусымдық циклдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “Маусымдық
циклдар”

Орындаған:Аликеева Айдана
БЭК 3 курс 1
топ

Тексерген:доцент
Жақсыбаев Мұрат

Алматы 2012 ж.

Биологиялық ырғақтар

Тірі табиғаттың бір қасиеті – мұнда болып жатқан көптеген
процестердің циклді түрде жүруі. Жер бетіндегі бар өмір клеткадан бастап
биосфераға дейін белгілі бір ырғақтарға бағынышты. Кезінде академик
А.А.Богомолец 1928 ж тіршілік процестерінің ырғақтары табиғи циклдерге
сәйкес келетінін байқаған. Ол өз еңбектерінде табиғи ырғаққа сәйкес
организмдегі бүкіл процестер: жүректің соғуы, тыныс алу, жүйке жүйелері
және т,б. Белгілі бір ырғақпен жүретінін атап көрсеткен болатын. Кез келген
организм үшін табиғи ырғақтарды; ішкі организмнің тіршілігіне байланысты
және сыртқы қоршаған ортадағы өзгерістер деп екі топқа бөледі.
Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың
қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер
реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол
клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды
қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология. Биологиялық ырғақ
табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді,
“Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте
бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға
мүмкіндік береді. Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте
жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ
тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады. Ал жануарларда
биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура
ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың
бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың,
тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың
мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық
процестердің үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және
табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы
болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді
және эндогенді болып бөлінеді.
Экзогенді биологиялық ырғақ — сыртқы циклдар организмнің сыртқы күш
әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.Организмдер
тіршілігіндегі көптеген өзгерістер мезгілі бойынша сыртқы геофизикалық
циклдарға сәйкес келеді. Бұл адаптациялық биологиялық-тәуліктік, айға
байланысты су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы және жылдық ырғақтар.
Осы ырғақтардың арқасында организмдегі маңызды биологиялық процестер –
қоректену, өсу, көбею тәуліктің немесе жылдың қолайлы кезеңдерінде жүреді.
Ішкі циклдар – ең алдымен организмнің физиологиялық ырғақтары. Организмдегі
жүріп жатқан физиологиялық процестердің ешқайсысы үздіксіз жүре бермейді.
Клеткадағы белок, ДНҚ және РНҚ синтезделуінде, ферменттер жұмысында
ырғақтылық байқалады. Сондай-ақ клеткалардың бөлінуі, ішкі секреция
бездерінің жұмысы, жүрек соғуы, тыныс алуы, жүйке жүйесінің қозуы, яғни
организмнің бүкіл мүшелері, ұлпалары, клеткалары белгілі бір ырғақтылыққа
бағынышты. Айта кетерлігі, әр жүйенің өзіндік мезгілдері бар. Организм
өзінің физиологиялық қызметін ырғақты түрде жүргізе отырып уақытты санайтын
сияқты. Ішкі және сыртқы ырғақтар үшін келесі фазаның басталуы уақытқа
байланысты. Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің
өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол
қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын
биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік,
популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты
биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және
экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне
мүмкіндік беретін) болып бөлінеді. Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі
бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану
мерзіміне қарай биологиялық ырғақ
ультрадианды (1 минуттан 10 — 12 сағат аралығында),
циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық
құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура,
ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына — айдың
толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын
қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу
қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының
планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес
(24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары:
қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы,
т.с.с.) болып бөлінеді. Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса,
бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан
соң әр түрлі уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн
мен түннің дүрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардығң ұйқы мен
белсенді тіршілігінің периодтары синхронды болады. Олай болса, сыртқы
тітіркендіру туа пайда болған циркадтық ырғақтармен реттейді. Көптеген
жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялардың айтарлықтай
ауытқуына әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен
көрінеді. Бұл – сыртқы экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтылық
күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән. Су қоймаларының
планктонының күндізгі және түнгі араласуы байқалады. Жарық күннің
ұзақтығының көктемнен күзге қарай өзгеруі жануарлардың тәулік бойынша
белсенділігіне әсер етеді. Олай ьолса тәуліктік ырғақтылық экзогенді
ырғаққа жатады. Климаттық факторлардың жануарлар мен өсімдіктердің өмірінде
жүріп жатқан периодтық процестермен байланысын фенология ғылымы(құбылыс)
зерттейді.Жануарлар да, әсіресе бунақденелілер күн ұзақтығына сезімтал.
Тек күннің ұзақтығы жағдайында ғана капустаның ақ көбелегі дами алады, ал
қанатты шегірткелер , тұт жібек көбелегі, қоңыр көбелек – нағыз қысқа күн
бунақденелілері болып табылады. Жануарлардың қолайсыз маусымдық
құбылыстарға бейімделушіліктері алуан түрлі. Қыстап шығу кезіндегі
жануарлардағы метаболизмнің қайта құрылуы бір түрлердің суыққа төзімділігін
арттырса, екіншілерінің жылу түзілу деңгейі артады. Құстар мен
сүтқоректілерде жүн және қауырсындарының өзгеруі, яғни түлеу болады.

Тәуліктік ырғақтар бір клеткалы организмдерден бастап адамға дейінгі барлық
организмдерге тән. Тәулігінде адамда болатын 100-ден аса физиологиялық
қызметтер: ұйықтау және ояу жүру, дене температурасының өзгеруі, жүрек
соғуының ырғағы, тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі, несептің химиялық
құрамы мен мөлшері, тердің бөлінуі және т.б. бар екені белгілі. Мысалы,
амебаларда клеткалардың бөлінуі тәулік бойында өзгеріп отырады. Кейбір
өсімдіктердің гүлінің ашылуы және жабылуы, жапырақтарының төмендеуі немесе
жоғарылауы, тамыр ұшындағы колеотиленің өсуі тәуліктің белгілі бір
уақыттарында белсенді жүреді.
Жануарлардың ұйықтап және ояу жүруіне байланысты күндізгі және түнгі
жануарлар деп екіге бөледі. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарларға үй
құстары, көптеген торғайлар, сарышұнақтар, инеліктер, құмырсқалар және т.б.
жатады. Ал түнгі жануарларға – кірпі, жарқанат, жапалақ көптеген мысық
тәрізділер тарақандар және т.б. жатады. Кейбір түрлер күндіз де, түнде де
бірқалыпты белсенді жүреді. Олардағы мұндай ырғақты полифазалы деп атайды
көртышқандар кейбір жыртқыштар. Кейбір түрлердің белсенділігі тәуліктің тек
бір мезгілінде жүрсе, басқа біреулерінде түрдің белсенділігі тәулік ішінде
қалыптасқан жағдайға байланысты ауытқуы мүмкін. Мысалы, бәйшешек гүлінің
ашылуы температураға байланысты болса, бақбақтың гүлі жарыққа байланысты,
күн ашық кезде ашылып, бұлтты кезде жабылады. Эндогенді тәуліктік
ырғақтарды сыртқы орта қалдыратын экзогенді ырғақтардан ажыратуды тәжірибе
жүзінде байқауға болады. Көптеген түрлерде сыртқы орта жағдайлары
өзгермеген, тұрақты жағдайда тәуліктік мезгілге жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың тәуліктік миграциясы
Биологиялық процестер ми құбылыстардың сипаты
Жұмыссыздық мәселесі және түрлері
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ЦИКЛДЕРІ
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Арнайы дайындық кезеңі
Экономикалық цикл теориялары
Биологиялық ырғақтылық және денсаулық
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Пәндер