БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Балықтар – жер шарының суларын мекен еткен және бiрте-бiрте көне
омыртқалылар – жақсыз балықтарды ығыстырып тастаған, алғашқы су жақауызды
омыртқалылар. Олардың барлық құрылымы суда белсендi желбезекпен тыныс алуға
және тiстейтiн жақтарымен қоректi белсендi ұстау жолымен қоректенуге
бейiмделген.

Олар желбезек доғалардың сыртқы бетiнде отырған, елгезек бөлшектенген
желбезектермен тыныс алады. Жүзудiң негiзгi мүшесi болып құйрық бөлiгiнiң
жанама (бүйiр) қимылдары болып табылады. Көбiсiнiң денесi қабыршақпен
қапталған, нағыз тiстерi, қимылды реттейтiн жұп аяқтары - көкiрек және
құрсақ жүзбе қанаттары және жұп емес жүзбе қанаттары – тұрақтандырушылары
болады. Одан басқа иiс, көру мен статоакустика сезу мүшелерi жақсы дамыған
және дөңгелекауыздылардағы сияқты терi бүйiр сызығы бар. Қанайналым шеңберi
бiр.

Қаңқасы сүйектi немесе шемiршектi болады. Бас сүйегi омыртқа жотасымен
қозғалмай буындасқан бас сүйек қорабынан және жақ пен желбезек аппараттарын
ұстап тұратын, қаңқалы доғалардың бассүйегiмен қозғалмалы буындасқан
түрiндегi висцеральдi қаңқадан тұрады.

Балықтар суда көбейедi, көбiсi уылдырық шашады, ұрықтануы сырттай.

БАЛЫҚТАР КЛАСС ҮСТIНIҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Балықтар морфо-физиологиялық және экологиялық қатынастағы ең сан-алуанды
жануарлар тобы. Олар жер шарының барлық су қоймаларында мекендейдi, әр-
түрлi қоршаған су ортасына бейiмделген, экватордан Солтүстiк полюсқа дейiн,
мұхит түбi мен жер асты суларынан биiк таулы бұлақтарға дейiн және алуан
түрлi формаларды құрайды. Қазiргi балықтар түрлерiнiң саны 20 мың
шамасында. Балықтар ең көне (дөңгелекауыздылардан кейiн) жануарлар тобы
болып есептеледi. Барлық ғалымдар қазiргi балықтар екi дараланған топқа
жiктеледi дегенге келiседi: шемiршектiлер және сүйектiлер, оларды қазiр екi
дара класс ретiнде қарастыруда.

Шемiршектi балықтардың сүйегi болмайды және олардың iшкi қаңқасы түгел
шемiршектен тұрады. Олар екi тең емес топқа бөлiнедi: қаңқаның қарапайым
құрылысын сақтап қалған бiрақ аса жетiлген көбею мүшелерi мен жүйке жүйесi
бар тақташажелбезектiлер немесе акулалы балықтардың үлкен тобы және жоғары
жақтары бассүйек қорабымен қосылып, өздерiне негiзгi қорек болатын,
ұлулардың бақалшақтарын шағуға қажеттi ерекше берiктiлiк тапқан, химералар
немесе бүтiнбастылардың аздаған тобы.

Сүйектi балықтардың көбiсiнiң шығу тегi терiлi – сыртқы да, iшкi де аса
жетiлген және олар желбезекпен желбезектiк қақпақшалар көмегiмен тыныс
алады және желқабыздары болады. Олардың арасында ең жетiлгендерi – 19,5 мың
түрдi құрайтын, сүйектi балықтар, ал басқа балықтардың барлығын қосқанда
бар-жоғы 500 жуық түрi бар.

Сүйектi балықтардың жүйелiлiгi жөнiнде ғалымдар арасында көптеген пiкiрлер
бар. Ихтиологтар сүйектi балықтарды жиi екi класс тармағына бөледi:
қостыныстыларға және барлық басқа балықтар жататын аяқауыздыларға.
Морфологтар қостынысты балықтарды саусақ қанаттылармен қоса хоандiлер класс
тармағына бiрiктiредi, ал басқаларын болса сәулеқанаттылар класс тармағына
немесе - көне-және жаңа қанаттылар класс тармағына жатқызады.

Төмендегi, отрядтарға дейiн жеткiзiлген классификация, бiздiң оқулықта
қабылданған қазiргi балықтар жүйелiлiгi туралы көрiнiстi бередi. Сүйектi
балықтарды 30-40 отрядқа бiрiктiредi, бұл жерде ең маңызды 15 аталған

Балықтар класс үстiнiң классификациясы

Балықтар класы

1 класс. Шемiршектi балықтар. 2 класс. Сүйектi
балықтар.

1 класс. Шемiршектi балықтар (Chondichthyes).

1 класс тармағы. Акулалылар немесе тақташажелбезектiлер (Elasmobranchi).

Акулалар отряды (Selachiiformes немесе Selachoidea).

Скаттар отряды (Rajiformes немесе Batoidea).

Химералылар отряды(Chimoerae).

2 класс. Сүйектi балықтар (Osteichthyes).

1 класс тармағы. Сәулеқанаттылар (Actinopteryqii).

1. Отряд үстi. Шемiршектi ганоидтар немесе сүйекшемiршектiлер
(Chondrostei).

Бекiрелер отряды (Acipenseriformes).

2. Отряд үстi. Сүйектi ганоидтар (Holostei).

Сауытты шортандар отряды (Lepidosteiformes).

Амиялар немесе тұнбалы балықтар (Amiiformes).

3. Отряд үстi. Сүйектi балықтар (Teleostei).

Майшабақ тәрiздiлер отряды (Clupeiformes).

Тұқыбалық тәрiздiлер отряды (Cypriniformes).

Жыланбалықтәрiздiлер отряды (Anquiliformes).

Тұқыбалықтiстiлер отряды (Gyprinodontiformes).

Шортантәрiздiлер отряды (Esociiformes).

Саргандiлер отряды (Beloniformes).

Жұмсаққанатты треска тәрiздiлер отряды (Gadiformes).

Колюншоттәрiздiлер отряды (Gasterosteiformes).

Шоқ желбезектiлер отряды (Lophobranchiiformes).

Басқынбалықтәрiздiлер отряды (Muqiliformes).

Алабұғатәрiздiлер отряды (Perciformes).

Жабысқақ балықтар отряды (Echeneiformes).

Түйетабантәрiздiлер отряды (Pleuronectiformes).

Аяққанаттылар отряды (Pediculati, немесе Lophiiformes).

Жабысқан жақтылар отряды (Plectognathi немесе Tetradontiformes).

2 класс тармағы. Көпқанаттылар (Brachiopteryqii).

Көпқанаттылар отряды (Polypteriformes).

3 класс тармағы. Саусақканаттылар (Crossopteryqii).

Целокантини отряды (Coelacanthiformes).

4 класс тармағы. Қостыныстылар (Dipnoi).

Бiрөкпелiлер отряды (Monipneumones).

Косөкпелiлер отряды (Dipneumones).

БАЛЫҚТАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН КӨБЕЮI

Балықтардың барлығы уылдырықтарын суға шашады, кейбiр түрлерi көптеген
миллион уылдырықты бiрден тастайды. Мұндай көбею сыртқы ұрықтану жолымен
жүредi. Аналықтар уылдырық шашса, аталықтары оларды ұрықтандырады. Теңiз
балықтары саны жағынан өте көп жұмыртқалар шашады, бiрақ бұл салада
рекордсмен болып, алып ай-балық есептеледi: оның бiр аналығы бiр мәртеде 30
млн-ға жуық жұмыртқа шашады. Бiрақ уылдырық шашылған соң өздерi ғана
қалады, олар ауруға, аштыққа және жыртқыштардың шабуылына шалдығады.
Жұмыртқалардың өте көп болуы, аман қалуды қамтамасыз етуге қажет.
Балықтардың көбею нақты белгiленген жерлерде – уылдырықтамаларда өтедi.

Жұмыртқалайтындар. Оларға балықтардың басым көпшiлiгi жатады. Албырттардың
көбеюi мен дамуын мысалға келтiруге болады. Көбею мақсатында олар сөздiң
тiкелей мағынасында – алысқа барады. Атлант албырты уылдырық шашуға дайын
болғанда коректенетiн Лабрадар мен Гренландия су асты жайлымдарынан, өзi
туылған жерi, Атлантиканың арғы бетiндегi өзенге жүзiп баруға дайын.

Өзен ағысына қарсы көтерiлiп, албырт аналығы таза суы мен қиыршық тастар
кенi бар жерiн iздеп табады. Ол құйрығымен кiшкене шұңқыр немесе
бекiрелiлердiң ұясы деп аталатын төбешiк қазып, сол орынға жұмыртқалайды.

Аталығы жұмыртқаларды ұрықтандырады, сонан соң аналығы ұрықтанған
жұмыртқаларды қиыршық тастармен көмiп тастайды. Уылдырық шашқан соң
әлсiзденген балықтар ағыспен ағып ауытқиды: кейбiреулерi мұхитқа жетпей
өледi, бiрақ көбiсi келесi миграция мен уылдырық шашуға дейiн тiрi қалады.

Жаңадан уылдырықтан шыққан патшабалық дернәсiлiнiң сарыуыз қабы болады,
оның iшiнде өзi қоректенетiн сарыуызы бар. Сарыуыз дернәсiлдiң әрi қарай
дамуына және оның шабаққа айналуына қажет.

Сол шетте – бiрнеше апталық дернәсiлдер.

Оң шетте – сарыуыз қабы жоқ албырт шабағы.

Өзеннiң жылдам ағымы оларды ашық теңiзге алып кеткенше дейiн, шабақтар
жетiлудiң бiрнеше кезеңiнен өтедi, сол уақыттың iшiнде олар туған ұясының
маңынан алшақтамайды. Шабақтар басынан өтетiн метаморфоздар, оны тұзды суда
тiршiлiк ете алатын балыққа айналдыруға бағытталған. Мұхитқа жетiп, өзi
ағымға қарсы көтерiлiп және көбеюдiң жаңа циклiне бастама бергенше, албыр
бiр метр ұзындыққа дейiн өсуi мүмкiн.

Басқа өрiстегiш балықтар арасында ұзын жылантәрiздi денесi бар жыланбалық
қызығушылық тудырады. Ғасырлар бойы осы балықтың көбею жұмбақ болып келiп,
жақын уақытта ғана анықталды. Еуропа өзендерiнiң жыланбалықтары Атлант
мұхитымен батысқа қарай жүзедi. Солтүстiк Американың жыланбалықтары Атлант
мұхитымен шығысқа бет алады. Екеулерi де Саргасс теңiзiнде кездесiп, сол
жерде уылдырық шашады. Одан ересек жыланбалыққа мүлдем ұқсамайтын
дернәсiлдер шығады: олар мөлдiр, қысқа денелi және бүйiрлерiнен қатты
қысылған болып келедi. Саргасс теңiзiнен дернәсiлдерi бiреулерi Еуропа
жағалауларына аттанса, екiншiлерi Солтүстiк Америка жағалауларына қарай бет
алады. Бiртiндеп дернәсiл құрылысы өзгередi және өзендерге жыланбалықтар
кiредi.

Қырық түрлi балықтардың аталықтары жынысын керiсiнше ауыстыра алады. Сол
шетте жыланбалық аталығы электрик түсiне боялған. Аналыққа
трасформациаланғаннан соң жыланбалық сары түстi болып шығады.

Аталық пен аналықтың қызметтерi бiр организмде ұштасу құбылысы
гермафродитизм деп аталатын, репродукция тәсiлiн бейнелейдi. Мұндай
түрлердiң жыныс мүшелерi жұмыртқаны да сперманы да өндiредi.

Мұндай түрдегi балықтар топ-топ болып тiршiлiк етедi және үйiр бастаушысы,
ең iрi дарақ және аналық болады. Аталық көлемi жағынан аналыққа жақындайды,
басқа дарақтар болса әлi ересек кезеңiне жеткен жоқ. Аналық өлген кезде,
аталық оның орнын басады; топтағы көлемi жағынан келесi балық аталыққа
айналады.

Шемiршектi және сүйектi балықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типі. Бассүйектілер тип тармағы. Балықтардың класс үсті. Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Балықтар
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Каспий өңірінің флорасы мен фаунасы
Омыртқалылар. балықтардың класс тармағы. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары
Ыстық цех
Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Каспий теңізінің негізгі ахуалы
Пәндер