Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: " Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері "

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2012 жыл
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Табиғат - Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандыру - шы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі - қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғит болмысы. Оларды зерттейтін ғылым - география. Табиғатты тану - қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.
Құрлық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері - Жер бетін тұтас қамтып жататын, біртұтас планетарлық табиғат комплексі - географиялық қабық деп аталады. Атмосфера, литосфера, гидросфера мен биосфера - бұл географиялық қабықтың құрамдас бөліктері. Барлық осы қабықтар тұйық өмір сүрмейді, олар бір-біріне өзара әсер етеді.
Географиялық қабық - адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын табиғи орта.
Географиялық қабық - атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін Жер қабығы. Георафиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр түрлі белгілейді. Оның нақты шекарасы жоқ. Көптеген ғалымдар оның қалыңдығы орта есеппен 40-55 км аралығы болар деп есептейді. Жердің көлемімен салыстырғанда ол жұқа қабық.
Компоненттердің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттеріне ие болады. Мұнда тірі организмдер бар, топырақ, жасыл өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, онда органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты, сұйық және газ түрінде болады, мұның Жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар.
Атмосфера (көне грекше: ἀτμός -- бу, шар) - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.
Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің - жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда.
Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Литосфера -- жер қабығы (грекше: λίθος -- тас және σφαίρα -- шар, сфера) -- жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі -- шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Швгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе базальттық аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты , бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді. Биосфера - жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера - заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өкілдері өмір сүргенін дәлелдеуге болады.
Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.
Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен жалғасып отыр.
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады
Литосфера - жердің қатты қабаты . Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат - биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 - 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.
Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барлық процестер күн энергиясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатады.
Географиялық қабықтың барлық компоненттері заттар мен энергияның айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан, осының нәтижесінде қабықтар арасында заттар алмасуы да жүзеге асады. Заттар мен энергияның айналымы - географиялық қабықтың табиғи процестерінің аса маңызыды механизмі.
Жердегі зат айналымы -- географиялық қабық пен жоғары және төмен жатқан геосфераларда болып тұратын процестерде бір зат бірнеше рет қатысқанда болатын құбылыс; бұл -- жерге тән геохимиялық ерекшеліктердің бірі. Жердегі заттардың тұйық айналымының негізгі энергия көзі -- күн радиациясы. Жердегі зат айналымының масштабы, ұзақтығы жағынан көптеген түрі бар. Мысалы: құрлық пен мұхит арасындағы су айналымы, ландшафтағы химиялық элементтердің биологиялық айналымы, микроорганизмдердің зат айналымы, жер қыртысындағы тау жыныстарының арасындағы болатын айналым тағы басқалар. Зат айналымы тұйық цикл емес. Оның символы спираль немесе циклоида. Әрбір зат айналымы нәтижесінде жер қабығы мен ландшафт бұрынғы қалпына қайта оралмайды, ал кейбір жаңа қасиет пайда болады.
Зат пен энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды.
Географиялық қабық үшін ауа массаларының қозғалысы арқылы жүзеге асатын су айналымының маңызы зор. Су үнемі қозғалыста болады. Сусыз өмір жоқ, ол қуатты ерітуші де. Егер Жерде су болмайтын болса, планетада тіршілік те болмас еді және оның дамуы өзгеше өтер еді. Айналымының арқасында мұхит суы 3000 жылда толық жаңарады. Атмосферадағы ылғалды толық ауыстыру үшін 10 күндей керек. Айналымда бола отырып, су басқа компоненттермен өзара тығыз әсер етеді, оларды бір-бірімен байланыстырады және географиялық қабықты қалыптастырудың маңызыды факторы болып табылады.
Географиялық қабықтың ішінде биологиялық айналымның ролі зор. Жасыл өсімдіктерде, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болады. Оны жануарлар қорек етеді. Жануарлар мен өсімдіктер өлгеннен кейін бактериялар мен саңырауқұлақтар минералды заттарға айналып, шіриді, содан кейін оларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді. Белгілі бір элементтер тірі организмдердің органикалық заттарын әлденеше рет түзіп, әлденеше рет қайтадан минералды күйге өтеді.
Табиғат кешені - табиғат компоненттерінің заңды түрде ұштасуы, жер бетінің бір бөлігі, барлық табиғат компоненттерінің өзара күрделі байланыста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бөлігі.
Табиғат компоненттері - өлі, тірі. Өліге: топырақ, су, ауа, тау жыныстары т.б. Тіріге: жануар, өсімдік жатады.
Географиялық белдеулер мен зоналар
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге су деген сөз қосылып айтылады.
Экваторлық белдеу
Экватордың екі жағын бойлап, созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Мұнда жыл бойы ыстық және ылғалды. Қаңтар айының орташа температурасы +24ºС, жылдық жауын-шашын 2000-3000 мм. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсуіне, сан алуан жануарлардың мекендеіне қолайлы.
Экваторлық ормандарда қарашірік жиналмай шайылып кететіндіктен, топырағы құнарсыз келеді. Өсімдік тамыры топыраққа бекуі үшін ғана кіреді.
Тропиктік белдеу
Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30º ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.
Қоңыржай белдеу
Қоңыржай белдеу шөл, орманды дала және дала зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі. Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайы барынша қатал. Жазғы ыстық кейде +50ºС-қа дейін, шөлдің беті +80ºС-қа дейін қызады. Шөлдің тіршілікке ең қолайсыз жағы - ылғалдың тапшылығы. Жылдық жауын-шашын 200 мм-ден кем, ал кей жерлерде 100 мм-ге жетпейді. Буланушылық түсетін жауын-шашыннан 10 есе артық.
Полярлық белдеу
Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық белдеу деп аталады. Екеуін де жапай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатал. Арктикалық белдеудің 2-3 аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 0ºС-тан сәл ғана асады, қыста ол 30-40ºС-тан түспей, қақаған аяз болып тұрады. Жазда мұздан босаған аз ғана жерде қына мен мүк шығады.

Топырақ - ерекше табиғи түзілім
Топырақ - жер бетінің майда ұнтақталынған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады.
Қазақстандағы бүкіл егістік ауданының 80% - ы қара топырақ пен күңгірт қызыл қоңыр өңірінің үлесіне тиеді. Агротехникалық шараларды ұдайы жүзеге асырып отырған жағдайда бұл өңірден жыл сайын тұрақты өнім алынады.
Нағыз қызыл қоңыр топырақ кіші зонасында жауын-шашын аз және барлық жылдардың 50 % -ында құрғақшылық қайталанып тұратындықтан егіс өнімі төмен, әрі тұрақсыз. Бұл өңірде жерді суарғанда тұрақты өнім алуға болады.
Қазақстан аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзаққа созылып жатуын және көпшілік бөлігінде жазықтың жер бедері басым болуына байланысты егіндік топырақ зоналары айқын көрінеді. Қазақстанның жазық бөлігінде негізінен 4 топырақ зонасы орын алады: 1) қара топырақ зонасы 52 0 с.е. солтүстікке қарай таралған; 2) қызыл қоңыр топырақ зонасы 52 0 - 48 0 с.е. аралығын қамтиды; 3) қоңыр топырақ зонасы 48 0 - 47 0 с.е. аралығында; 4) сұр-қоңыр топырақ зонасы 47 0 с.е. оңтүстікке қарай орналасқан.
Қара топырақ зонасы үш кіші зонаға бөлінеді: 1) сілтісізденген қара топырақ - орманды даланың шағын алқабын қамтиды. Бұл кіші зонаның топырақ жамылғысы өте кешенді, шалғын қара топырағы сортаң, шақат көп таралған және орманның сұр топырағы кездеседі; 2) біршама қуаң даланың кәдімгі қара топырағы; 3) қуаң даланың оңтүстік қара топырағы.
Қызыл қоңыр топрақ зонасы да үш кіші зонаға бөлінеді; 1) біршама құрғақ даланың күңгірт қызыл қоңыр топырағы; 2) құрғақ даланың нағыз қызыл қоңыр топырағы; 3) шөлейттің бозғылт қызыл қоңыр топырағы.
Сұр-қоңыр топырақ шөлдің негізгі зоналық топырақ типі. Бұл топырақ типі қайың-көктерек шоқ ормандарының астында қалыптасады. Әдетте шалғын қара топырағымен және сілтісіз қара топырақпен ұштасып жатады. Бұл топырақта карбонаттар төмен қарай 1,5 м тереңдікке жайылып кетеді. Жоғарғы қабаттағы қарашірінді мөлшері 3-5 %.
Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс биік таулы өңірінде топырақ жамылғысы биіктік белдеулік заңдылыққа сәйкес таралған. Биіктік топырақ зоналары белгілі бір мөлшерде ендік топырақ зоналарын қайталайды. Сонымен бірге биіктік топырақ зоналарының құрылымы таудың қандай ендік табиғат зонасында орналасқандығына, абсолют биіктігіне, орографиялық ерекшелігіне және беткейлердің экспозициясына байланысты болады.
Қазақстанда 1950 жылдардағы тың игеру кезінде Павлодар облысында мыңдаған гектар жыртуға жарамсыз жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола т.б. облыстарда сортаң топырақтар жыртылып, көптеген зияндарын тигізді.
Осы сияқты халық шаруашылығына зиян келтіретін жайларға жол бермей, керісінше топырақты өңдеу, мелиорациялау, химияландыру, оның құнарын арттыруға тиіс.
Құнарлы қабаты бір себептерден жойылып кеткен топырақтарды қалпына келтіру үшін өте ұзақ уақыт керек. Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан да одан өзінің тыныс-тіршілінде топырақтың құнарлы су және жел эррозиясынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыру қажет. Ол үшін әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігін, топырағының қасиеттері мен құрамын жете білген жөн.
Қазіргі ғылыми-техникалық үдеу мен қоғамның дамуы нәтижесінде адамзат топырақ түзу құбылысын, оның құнарын арттыру жолын бүтіндей өз қолына алып, жаңа бетбұрыс жасауға қажетті өндірістік күштерінің дамуымен көптеген бүлдірген жерлерді қайта құнарландыру рекультивация жұмысы жүргізілуде. Ол газдар ауа тамшыларымен қосылып кең алқаптарға қышқыл жаңбыр болып жауып, топырақ құрамына мол өзгерістер енгізеді. Сонымен қатар көптеген аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының әсері де аз емес. Әрине, бұл зерттеуді қажет ететін мәселелер екені анық.

Экологиялық мәселелер.
Антропогендік ластанудың негізгі көздері
Антропогендік фактор - адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі
салалары. т.б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар т.б. Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отын - энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б. атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін. Жаңаша әсер - биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді. Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескерме - гендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзы - луынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста география ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа "антропогендік ландшафтар", жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі
Географиялық қабық
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы жер туралы түсінік
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Жалпы жертану (сұрақ-жауап түрінде)
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Пәндер