Пілдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “ПІЛДЕР ”

Орындаған:Мамытақынова Гүлайым

БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген: аға оқытушы

Сексенова Дана

Алматы 2012 ж.

Пілдер (лат. Elephantidae) - еттұмсықтылар отрядының сүтқоректі жануарлар тұқымдасы. Құрғақ жер бетіндегі ең ірі тіршілік ететін жануарлар осы тұқымдасқа жатады. Қазіргі кезде 2 туысқа жататын 3 түрі бар:

Африка пілдері (Loxodonta)

Саванна пілі (Loxodonta africana)

Орман пілі (Loxodonta cyclotis)

Азиялық пілдер (Elephas)

Африка пілдері (лат. Loxodonta) - еттұмсықтылар отрядының Африканы мекендейтін сүтқоректілер туысы. Екі түрден тұрады: саванна пілі ( Loxodonta africana (L. Blumenbach, 1797) ) және орман пілі (Loxodonta cyclotis (Paul Matschie, 1900) ) . Африка пілдеріне жасалған ақырғы ДНҚ зерттеулеріне сүйенсек, Loxodonta 1, 9 және 7, 1 миллион жыл бұрын пайда болған. Зерттеулерге шейін бұлар тіркім болып саналған (L. africana africana және L. africana cyclotis) .

Үнді пілдері немесе Азиялық пілдер (лат. Elephas) - тұмсықтылар отрядына жататын сүтқоректі. Қазіргі заманғы азиялық пілдің (Elephas) жалғыз түрі және піл тұқымдастығының заманауи үш түрінің бірі.

Азиялық піл - құрлықтағы көлемі бойынша саванналық пілден кейінгі жануар.

Ақырғы зерттеулерге қарағанда жабайы далада, болжаумен 500-600 мың африка пілдері қалған.

Барлық түрлер Халықаралык Қызыл кітапқа енгізілген.

Сыртқы түрі

Үнді пілі африкалық саванана пілінен көлемі жағынан кіші болвп келеді. Дегенмен кәрі пілдің биіктігі 2, 5-3, 5 метрге болғанда, салмағы 5, 4 тонна болады. Ұрғашылары кішірек келіп, орташа есеппен салмағы 2, 7 тонна болады. Ең кішісі Калимантана аралын мекендейтін түрі (2 т) жатады. Салыстырып қарасақ саванналық пілдің салмағы 4 тоннадан 7 тоннаға жетеді. Үнді пілдің дене ұзындығы 5, 5-6, 4 м, құйрығы - 1, 2-1, 5 м. Азиялық піл африкалыққа қарағанда көлемдірек болады. Аяқтары жуан және қысқа.

Таралуы мен түрлері

Көне заманда бұл пілдер Оңтүстік-Шығыс Азияда Месопотамиядағы Тигр мен Евфрат өзенінен бастап, Малай түбегіне дейін және солтүстігінде Гималай тау етегі мен Қытайдағы Янцзы өзеніне дейін жететін аймақтарды мекендеген. Сонымен қатар Шри-Ланка, Суматра аралдарында таралған. 16-19 ғасырларда Үнді пілі Үнді субконтинентінде, Шри-Ланкада және өзінің бұрын мекенден аймақтарында көп кездескен. Қазіргі таңда үнді пілінің мекендеу аймағы қатты қысқарған; жабайы түрінде олар Үнді-малайлық биографиялық аудандарда: Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Таиланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-Батыс Қытай, Малайзия (құрлығында және Борнео аралында), Индонезия (Борнео, Суматра) және Бурней аймағында кездеседі.

Қазіргі заманда азиялық пілдің төрт түрі белгілі:

Үнділік піл (E. m. indicus) - ол Оңтүстік Үндістанды, Гималай тауының етегін және Солтүстік-Шығыс Үндістанды мекендейді. Сонымен қатар Қытай, Мьянма, Таиланд, Камбоджа және Малай түбегінде кездеседі. Еркек пілдердің көбінде сойдақ тіс кездеседі.

Шри-ланкалық піл (E. m. maximus) тек Шри-Ланкада кездеседі. Денесімен салыстырғанда едәуір үлкен келген басының көлемімен ерекшеленеді. Сонымен қатар маңдайында және тұмсығының түбінде түссіз дақтар бар. Олардың сойдақ тістері болмады.

Суматралық піл (E. m. sumatrensis) тек Суматрада кездеседі. Кіші көлеміне байланысты көбінесе «шағын піл» деп атайды.

Борнео пілі (E. m. borneensis) Борнео аралының солтүстік-шығысында (Сабахтың шығысы) кездеседі. Азиялық пілдің ең кіші түрі. Ол өзінің үлкен құлағы, ұзын құрығы мен түзу келген сойдақ тістерімен ерекшеленеді. Митохондриалды ДНҚ-ның (2003) зерттеу нәтижесінде, бұл түрдің ата-бабалары 300 000 жыл бұрын плейстоцен заманында құрлықтық қауымдалыстан бөлектенгенің дәлелдейді. Бұған дейін бұл пілдер 16-18 ғасырда аралға әкелінген пілдердің ұрпақтары деп болжалған. 18 000 жыл бұрын Борнео және Зонд аралдарының арасындағы құрлықтық көпірлер бұзылғаннан кейін пілдер басқа қауымдалыстан бөлініп қалды.

Вьетнам мен Лаостағы қауымдалыс бесінші түр болып саналады. Саны аз (100-ден кем емес) «алып пілдер» Солтүстік Непалдың ормандарын мекендейді. Қарапайым азиялық пілден 30 см-ге биік болғандықтан, Elephas maximus-тің бөлек түрі болып саналады. Қытайлық қауымдалыстың түрі кейде E. m. Rubridens болып ерекшеленеді. Ол біздің заманымызға дейінгі 14 ғасырда жойылған. Сириялық түрі (E. m. asurus) азиялық пілдердің ішіндегі ең ірісі. Ол біздің заманымызға дейінгі 100 жыл шамасында жойылған.

Тұрмыс дәстүрі

Үнді пілі негізінен орманда мекендейді. Олар көбіне жарық, жалпақ және қалың майда ағашты бұталы, әсіресе бамбукты тропикалық және субтропикалық ормандарда кездеседі. Бұрын салқын мезгілдерде жазық далаға шығатын, ал қазір бұл тек қорықтарда ғана мүмкін. Себебі жазық далалар ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылып жатыр. Жазғы күндері пілдер жапырақты беткейлермен таудың жоғары бөліктеріне көтеріліп, Гималайдың 3600 м биіктігіндегі мәңгі қардың шекарасына дейін жетеді. Пілдер батпақты аймақтармен жақсы жүреді. Басқа ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда суықты жақсы көтереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, , денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шанда аунағанды ұнатады. Бұл әрекеттер терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан қорғайды. Өздерінің дене көлеміне қарамастан пілдер епті және тез қозғалғыш және тепе-теңдік сақтау қызметі жақсы дамыған.

Өмір сүру ұзақтығы

Табиғатта үнді пілдері 60-70 жыл, ал ырқынан тыста 80 жыл өмір сүреді. Ересек пілдердің табиғатта жаулары (адамнан басқа) жоқ; тек пілдің балаларына жолбарыс пен үнді арыстандары шабуыл жасауы мүмкін.

Адам үшін маңыздылығы

Азиялық піл қолға тез үйреніп, нәтижесінде ауыр жұмыстарды атқарады. Көп ғасырлар бойы Оңтүстік-Шығыс Азияда пілдерді ауыр жүк таситын, артпа және міну көлігі ретінде қолданды. Әсіресе ағаш дайындау жұмыстарында «тірі кран» ретінде қолданды. Азиялық пілдер ырқынан тыста жақсы көбейгенмен, жұмыста қолдану үшін табиғатта ұсталынған жабайы пілдерді пайдаланатын. Тұрмыстық жұмыстарға 7 жасар, ал ауыр жұмыстарға 12 жастағы пілдерді қолданатын. 30 жастан асқан жабайы пілдерді қолға үйрету қиын болғандықтан қамауға ұсталғандарды босатып жіберетін.

Абул-Аббас

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістанның патшасы
Сауда және тауар алмасу
Жануарлардың санасыз іс - әрекет арқылы өз қабілет ерекшеліктерін көрсетуі
Африканың географиялық орналасуы
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері
Хордалылар типі
Омыртқалы жануарлардың экологиялық топтары
Жануарлар дүниесі
Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz