Қазақстан флорасындағы эфир майлы өсімдіктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “ Қазақстан флорасындағы эфир майлы өсімдіктер ”

Орындаған:Мамытақынова Гүлайым
БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген: Джунусова Раушан
Аға оқытушы

Алматы 2012 ж.

Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б.
органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар
өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен
шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты
температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары,
жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және
өзінің иісін өзгертеді . Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және
тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия
өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде,
скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.
Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады.
Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды
хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті
заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және
сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз
иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б.
заттардың түзілуіне негізделген. Қазакстанның территориясында, әсіресе
Оңтүстік, Оңтүстік - Шығыс және Шығыс аудандарында табиғи фитоценоздар
кұрамында өте мол эфир майлы өсімдіктер кездеседі.
Қазақстанда өсетін 500 эфир майлы өсімдік зерттелген. Ғылыми
әдебиеттерде кұрамында эфир майының мөлшері 0,5 мг 100 гр құрғақ массасында
болатын өсімдіктерге сипаттама берілген. Эфир майлы өсімдіктер, негізінен
қарағайлар (сосновые), кипаристер – (кипарисовые), астралар (астровые),
селдерейлер (селдерейные), тауқалақайлар (снотковые) тұқымдастары өкілдері.
Сондықтан осы негізгі тұқымдастарға жататын ең маңызды саналатын кейбір
түрлеріне қысқаша сипаттама беріп өтейік.
Түркістан аршасы. Осы бес түрдің ішінде қызыл арша өсімдігіне толығырақ
тоқталып өтейік.
Көпжылдық төселіп өсетін өсімдік, биіктігі - 1 -2 м бұта. Қабығы қызыл-
сұр, көлеңке жағындағы жапырақтары ине тәрізді. Бүршікжемістілер. Өте мол,
дара орналасқан, майда, сұр-қара түсті, тұқымдары екіден. Екі үйлі өсімдік.
Негізінен құмда, таулы жерлерде төменгі белдеуінде құрғақ бөктерлерінде
өседі. Жалпы таралуы Оңтүстік, Батыс Европада, КСРО-да,
Қырымда, Кавказда, Батыс жэне Шығыс Сібірде кездеседі. Көк бұташықтары
дәрілік зат ретінде пайдаланылады, оларда эфир майлары болады. Қазақстанда
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
популяциялары молырақ таралған. М.Қ. Кукенов (1990) және т.б мәліметтері
бойынша Шығыс-Қазақстан облысында бұл өсімдіктің 100 гр
құрғақ массасында 2,473-4,72 мл эфир майы болатындығы анықталған, Ал Жоңғар
Алатауында 1,600-2,420 мл алынған. Бұл өсімдіктің эфир майының құрамында
сабинен, пинен, сабинола - 10-17 %, сабинолацетат - 50%, цитронилол,
гераниол, казцинел, дегидрокумин спирті болатындығы
анықталды (Горяев, 1952, Горяев, т.б., 1972).
Қызыл аршадан эфир майларынан басқа биологиялық белсенді заттар: рутин,
апитенин, катехиндер бөлініп алынған.
Мускат шалфейі - шалфей мускатный.
Көпжылдық. Сабағы тік. биіктігі 20-100 см, қалың түктелген. Таудың ұсак
тасты, тасты бөктерлерінде, шатқалдарда, аңғарларда өседі. Мысалы, Іле
Алатауының Батыс бөктерлерінде, Шу-Іле тауларында, Қаратауда. Батыс Тянь-
Шаньда кездеседі. Мускат шалфейі кұрамында бағалы эфир майы болады. В.А.
Вышивкин (1935) Румыния жағдайында бұл өсімдіктің мүшелерінде (сабағы,
гулшоқтары, т.б) эфир майының мөлшері 0,24-0,37 % болатындығын анықтады.
Бұл өсімдіктің эфир майының кұрамында: линалоол – 10 - 15%, липалилацетат -
70%, склереол - 42% және гераниол, терпинеол болатындығы анықталған. С.В.
Шевченко, Л.И.Тихомирова (1973) және т.б мәліметтері бойынша табиғи
фитоценоздар жағдайында және екпе жағдайында өскен мускат шалфейінің
құрамындағы эфир майларының сапалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өсімдіктер әлемі және эфир майлары
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Балды өсімдіктер
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану
Ботаникалық ресурстану ғылымы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Қазтамақ тұқымдасының түрлері
Пәндер