Павлодар мұнай-химия зауытының технологиялық жаңғыртуы және атмосфераға шығарындыларды азайту стратегиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Павлодар мұнай-химия зауыты

Павлодар МХЗ 1978 жылы пайдалануға берілген. Зауыттың мұнай өңдеу жөніндегі жобалық қуаты жылына 6 миллион тоннаны құрайды. 1978 жылы битум өндіру жөніндегі қондырғы пайдалануға берілген болатын. 1983 жылы мұнай өңдеу зауытында терең өңдеу кешенін іске қосудан тұратын ірі кеңейту жүргізілді, бұдан кейін 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылған болатын. Зауыт Омбы-Павлодар мұнай құбыры арқылы келіп түсетін батыссібірлік шикі мұнайдың қоспасын өңдейді.
Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5, 0 миллион тонна шикі мұнайды құрайды.
Мұнай өңдеу зауыттарының негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У кешені (атмосфералық ректификациялау, каталтикалық риформинг, газойлді гидротазалау қондырғысы, газбен фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі - КТ-1 кешені (вакуумдық айдау қондырғысы, вакуумдық газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газбен фракциялайтын қондырғы) .
Қазіргі уақытта шикізат санының жеткіліксіздігіне, пайдалануға дайын болмауына және жабдықтың кейбір маңызды бірліктерінің бөлшектелуіне байланысты көптеген қондырғылар жүктемесінің төмен коэффициенттері (FСС және газойлді вакуумдық тазалау қондырғысы үшін 45 % шамасында, атмосфералық ректификация, риформинг және баяу кокстау қондырғысы үшін - 70 %) байқалуда.
2008 жылғы қыркүйекте зауытта сутегін өндіру қондырғысы пайдалануға берілді, ол гидрогенизациялық процестер үшін сутегісі бар газдың тапшылығын жоюға және тиісінше дайын өнімнің сапалық сипаттамаларын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде кәсіпорын ЕУРО-2 талаптарына сәйкес келетін автомобиль бинзинін және дизель отынын шығарады.

Ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары

Өңдеу көлемінің ұлғаюы аясында ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендету «ПМХЗ» ЖШС-нің қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға бағытталған мақсаттарының бірі болып табылады.

Атмосфералық ауаға әсерді азайту жөніндегі негізгі шаралар зауытты модернизациялау шеңберінде жүзеге асырылды.

Жаңа Күкірт өндіру кешенінің пайдалануға берілуі күкіртті қайта өңдеуді (түйіршіктеуді) арттыруға, сонымен қатар өнімдердегі күкірт мөлшерін азайтуға мүмкіндік берді. Бұл автомобильдерден шығатын газдардағы ластаушы заттардың азаюына және елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасының жақсаруына әсер етті (К4 бензиніндегі күкірт зауыт жаңартылғанға дейін өндірілген отынға қарағанда 10 есе аз) .

Жаңғыртудан кейін тазартылған мұнай көлемінің ұлғаюына қарамастан, күкірт диоксиді шығарындылары азайды. Төмендеу зауыттың жанармай желісіне қайтарылған алаудағы жағылған газ көлемінің ұлғаюына төменддеу есебінен газдар көлемінің азаюына байланысты болды.

Кәсіпорында «ПМХЗ ЖШС шығарындыларын басқару жөніндегі саясатты» бекітілді және қолданылады (мына жерде таныса аласыз) . Ұзақ мерзімді жоспарлар мен жол карталары әзірленді, олар басқалармен бірге атмосфераға шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді.

Осы іс-шаралардың бірі - ашық мұнай өнімдеріне арналған автоматтандырылған нүктелік құю қондырғысын (АНҚҚ) салу. Бұл қондырғы қолданыстағы құю эстакадаларда көмірсутектердің шығарындыларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бизнестің экологиялық мәселелерге қатынасы оның имиджін, тұрақты жұмыс және даму мүмкіндігін анықтайды, сондықтан біз қоршаған ортаға, оның ішінде атмосфералық ауаға әсерін төмендететін жобаларға қаражат салуды жалғастырамыз.

Атмосфераға ластаушы заттардың үлестік шығарындылары

Парник газдарының атмосфераға шығарындылары Климаттың өзгеруі

«ПМХЗ» ЖШС - Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ірі өндірістік кәсіпорын, оның негізгі қызметі мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру болып табылады.

Мұнай өңдеу кәсіпорындары- отын-энергетикалық ресурстардың, оның ішінде жылу мен электр энергиясының ірі тұтынушылары. Мұнайды өңдеу процестерінде оларды қолданудың тиімділігі мен ұтымдылығы көбіне технологиялық жабдықтың жұмысымен анықталады.

Күн сайын өсіп келе жатқан климаттың өзгеруі проблемасының маңыздылығы парниктік газдар шығарындыларына мұқият назар аударуды қажет етеді.

Климаттың өзгеруінің саласындағы қызметтіміздің басым бағыттары - бұл парниктік газдар шығарындыларын азайту, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеуді арттыру.

Парниктік газдар шығарындылары

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау кезінде көміртек реттеуге қатысты тәуекелдерді тиімді басқару және біздің кәіпорынның қызметіне байланысты тікелей және жанама парниктік газдар шығарындыларын бағалау маңызды аспектілер болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің құрылымына және салаға қойылатын талаптарға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын келесі критерийлер бойынша бағалаймыз:

- көмірсутегі отынының жануымен, өндіріс объектілерінің жұмысымен және технологиялық шығындармен байланысты парниктік газдардың тікелей шығарындылары;

- жанама электр энергиясын, жылуды, буды, салқындатуды тұтынумен байланысты жанама энергия шығарындылары.

«ПМХЗ» ЖШС 2020-2024 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша шаралар әзірленді. Іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру ластаушы заттардың, парниктік газдардың, атмосфераға шығарындыларының төмендеуіне әкеледі.

Атмосфераға парниктік газдардың меншікті шығарындылары

Кәсіпорынның меншікті (өндірістік) қажеттіліктері үшін нақты су шығыны

Ластанған сулардың жер үсті су қоймаларына тазартусыз немесе жеткіліксіз тазартылмаған лақтырылуы, м3 / тонна өңделген мұнай (тккф)

Мәлімет көздері : https://www. pnhz. kz/kaz/ecology_and_safety//otsenka-vozdeystviya-na-okruzhayushchuyu-sredu/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Павлодар мұнай-химия зауытының өндірістік қызметін ұйымдастыру және тиімділігін бағалау
Мұнай өнімдерін резервуарларда сақтау кезіндегі булануды азайту және пайдаланылған газдарды талдау мен уытты шығарындыларды азайту тәсілдері
Павлодар мұнай-химия зауытындағы ауаға зиянды қалдықтардың есебі және тазарту шаралары
Автокөліктердің қалалық экологияға әсері және шығарындыларды азайту шаралары
Өндірісте аз қалдықты технологиялар мен Вентури скрубберлер арқылы ауаға шығарындыларды азайту
Атмосфераға ластауды бағалау және шығарындыларды реттеу: ҚОӘБ әдістері мен нормативтік негіздер
Моноэтаноламиннің регенерациясының экологияға әсері және мұнай өңдеу зауыттарының атмосфераға шығарылымдарын есептеу
Атырау мұнай өңдеу зауытының тарихы және Қазақстандағы мұнай өңдеу саласының дамуы (1945-2010)
Қазақстан экономикасының өнеркәсіп салаларын дамыту стратегиясы: мұнай-газ, металлургия, химия және энергетика
Семей цемент зауытының атмосфераға шығарындылары және қоршаған ортадағы ауыр металдар ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz