Шошқа обасы туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет «Ветеринария» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән: Жануарлар патологиясы III

Тақырыбы: Шошқа обасы

Орындаған: Тоқтарханова Ш. Тексерген: Оразалиева С. Б.

Топтың студенті: ВМ-703

Қолы: Қолы:

Өткізген күні:

Комиссия: Қолы:

Баға:

Семей 2020 жыл

Курстық жұмыстың жоспары

1
Өлексені сою барысында жазылған хаттама
3
1: 1. 1
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Кіріспе бөлім (тіркеу, қысқа анамнез)
3: 4
1: 1. 2
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Сипаттау бөлім (өлексенің сыртқы және ішкі көріністері)
3: 4
1: 1. 3
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Қорытынды бөлім (патологиялық-анатомиялық диагноз, қосымша лабораториялық зерттеудің нәтижесі, өлім туралы соңғы қорытынды)
3: 5
1: II
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Анықталатын ауруды талдау:
3: 8
1: 2. 1
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Аурудың қысқаша анықтамасы
3: 8
1: 2. 2
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Этиологиясы
3: 10
1: 2. 3
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Өтуі мен симптомдары
3: 12
1: 2. 4
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Патогенезі
3: 13
1: 2. 5
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
3: 13
1: 2. 6
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Гистологиялық өзгерістер
3: 14
1: 2. 7
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Диагноз
3: 16
1: 2. 8
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: Ауруды анықта
3: 18
1: 2. 9 Дифференциалды диагноз
Өлексені сою барысында жазылған хаттама: 18
1:

III Пайдаланылған әдебиеттер

IV Қосымшалар

Өлексені сою барысында жазылған хаттама:

19

20

  1. Өлексені сою барысында жазылған хаттама

СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН

ПРОТОКОЛ № 340

Түрі шошқа

Жынысы еркек

Тұқым кеш жетілетін шошқа тұқымы

Жасы шошқа

Түсі ақшыл сары

Ерекше белгілері жоқ

Жеке нөмірі №450

Мал иесі Маратов Али

Өлген күні, айы 25. 10. 2020 ж

Өлексенің сойылған жері мен уақыты Көкпекті ауданы Тассай ауылы 25. 10. 2020ж

Союшы Қалиев Қанат

Өлексені союға қатысқандар Сембаев Ермек

  1. Малдың ауруы мен өлімі туралы мәліметтер

Мал қашан ауырған 1 күн бұрын

Қандай ем қолданылған ем жасалынбаған

Өлім қай жерде болған Көкпекті ауданы Тассай ауылы

Малдың тірі кезінде қойылған диагноз шошқа обасы ауруы

  1. Өлексенің жалпы сипаттамасы

1 Өлексенің сыртқы түрі Өлген төлдің өлексесі өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы.

2 Дене құрылымы тұрақты

3 Қоңдылығы төмен

4 Өлексе белгілері Өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы.

5 Тері мен тері астындағы шел терісінің аздаған қажалған іздері бар, түсі көкшіл тартқан, күлдіреуіктер жоқ.

6 Көзге көрінетін кілегей қабықтар мен табиғи тесіктердің жағдайы бозарыңқы, домбығып, қанға кернеліп, жалқақтанады, кей жерлері қанталап тұрады. Қан құйылған.

7 Бұлшық еттері мен сіңірлері бұлшық еттері бүтін, аяқ сіңірлері құрысып, тырысып қалған.

8 Сүйектері мен буындары қанталаулар бар

9 Сыртқы сөл бездері мен тамырлары Шажырқай сөл түйіндері ісініп, тіліп көргенде суланып, жаппай қанталайды. Сөл түйіндері қанға толып, көлемі ұлғаяды.

  1. Қуыстар мен мүшелерді зерттеу

10 Ауыз қуысы табиғи түсті

11 Тілі қызарған

12 Жұтқыншағы сұйықтыққа толы

13 Өңеші көзге көрінетіндей өзгеріс жоқ

14 Танау қуысы кілегей қабықтары қабынған

15 Көкірек қуысы қан аралас сұйықтық пен ірің көрінді, көлемі 35-40мм-дей

16 Өкпесі, бронхылары, бездері өкпенің домбығып, қабыну ошақтары кездеседі.

17 Жүрегі және оның тамырлары жүрек еті бозғылт тартып жұмсарады. Дистрофиялық ошақтар бар.

18 Құрсақ қуысы

а) ішіндегі заты серозды-қан араласқан сұйыққа толы. Геморрагиялық қабынулар бар.

б) ішкі құрылымдардың жағдайы қабырғаларында фибрин жіпшелері шөккен

в) көк шандыры іріңді артерит пайда болған

19 Көк еті сарғыш түсті

20 Қарыны қарынның ішіндегі ақшыл-сұрғылт сұйықтың иісі жағымсыз. Аш ішектің кілегейлі қабықтары домбығып, қанға кернеліп, жалқақтанады, қанталап тұрады.

21 Ащы шегі мен оның бездері ішінде иісі жағымсыз ақшыл-сұрғылт сұйық болады, кейде қан араласады

22 Тоқ шегі мен оның бездері ішек көбінесе газға толып тұрады, кілегейлі қабықтарын қан кернеп, асты қанталайды.

23 Бауыры мен бездері бауырда дисрофиялық өзгерістер болады.

24 Ұйқы безі қызару, қанталау пайда болған

25 Талағы, бездері толығымен қанталауға ұшыраған күйде, көлемі ұлғайған.

26 Бүйректері, несеп жолдары, бездері бүйрек қабынып, қанталаулар байқалады.

27 Қуығы, несеп шығаратын түтігі қан аралас несепке толы, кілегей қабықтары қанталаған

28 Жыныс мүшелері қанталаған, артқы тесік маңындағы тері көгеріп кеткен

29 Желіні мен бездері қызарулар пайда болған

30 Миы мидың қан тамырлары білеуленіп, мидың өзі домбығады

31 Жұлыны қызарған

32 Ерекше қоспалар экссудат жиналған

  1. Патологиялық-анатомиялық диагноз

1 Арықтау, кілегейлі қабықтарына қан құйылу.

2 Геморрагиялық қабыну.

3 Өкпедегі катаральді және крупозды қабыну.

4 Көкбауырда инфарк ошақтары кездесуі.

5 Жүрек, бауыр, бүйректегі дистрофия.

  1. Алдын ала қойылған патологиялық-анатомиялық қорытынды

Клиникалық белгілері мен лабораториялық зерттеу нәтижелеріне және анамнезге сүйене отырып алдын-ала қойылған патологиялық-анатомиялық қорытынды жасадық. Диагноз расталды.

  1. Лабораториялық зерттеулер нәтижелері

(материалдардың зерттелген уақыты - күні, айы, экспертизаның №, лабораторияның мекен-жайы)

а) гистологиялық зерттеу: аш ішектің кілегейлі қабықтары қызарған, қанталаулар пайда болған. Арнайы әдіспен дайындалған гистопрепараттары торшалар сынықтарының арасында қоздырушы микробтарды көрді.

б) бактериологиялық: оба қоздырушысы бар екендігі анықталды. Ішекте токсиндер табылды.

в) химиялық-токсикологиялық: зерттеу нәтижелері оң нәтиже берді. Аурудың қоздырушысы бар екендігі анықталды.

25. 10. 2020 ж ШҚО Көкпекті ауданы Ветеринариялық зерттеу жүргізілетін лабораториясы

Патологиялық материал ретінде торайлардың өлексесін түгелімен немесе қанын, ішкі үлпершек ағзапарын, сөл түйіндерін жібердік.

  1. Мал өлімінің себебі туралы соңғы қорытындылауы

(Өлексені союға, көруге қатысқандардың қолы)

Барлық аталған клиникалық белгілерге байланысты өлген шошқаны сою нәтижесінде паталогиялық-анатомиялық өзгерістерге байланысты “Шошқа обасы” деген алдын-ала қойылған диагнозымыз расталды.

  1. Анықталатын ауруды талдау

2. 1 Аурудың қысқаша анықтамасы

Шошқаның обасы (Pestis suum, чума свиней) - аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлітиіп, геморрагиялық диатезбен, ал жітілеу жэне созылмалы түрде өткенде өкпенің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Шошқа обасы алғаш 1833 ж Солтүстік Америкада анықталып, жазылған болатын. 19-ғасырдың 60-жылдарында оба Еуропа елдерінің көпшілігінде кеңінен тарап, 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін шошқа өсірумен шұғылданатын дүниежүзі елдерінде індет ретінде жиі байқалды. Оба вирусын алғаш 1903 ж американ ғалымдары Швеиниц пен Дорсет анықтады. 1908 ж Дорсет пен Уленгут обаға қарсы гипериммунді қан сарысуын алып, оны вируспен бір мезгілде егіп, обаға қарсы иммундеудің симультанды эдісін пайдаланды. АҚШ-та 1936 ж Мак-Браид, КСРО-да 1939 ж И. И. Кулеско шошқа обасына қарсы өлтірілген кристаллвиолет вакцина әзірледі. Үстіміздегі ғасырдың 50-жылдарынан бастап шошқа организміне реактогендік қасиеттері эр түрлі, қоян организмінде өсуге бейімделген элсіретілген штаммдардан (Ровак, SFA, Гудзон) дайындалған қүрғақ вирусвакциналар пайдаланыла бастады. Сондай-ақ, К штамынан торша өсіндерінде өсірілген вирусвакцина да дайындалды. Бұрынғы КСРО да обаны зерттеп, оған қарсы шараларын ұйымдастыруда П. С. Саломкин, Н. В. Лихачев, И. И. Кулеско еңбектерін атаған жөн.

Қоздырушысы - European shwinefever pestivirus, қүрамында РНҚ бар Togoviridae түқымдастығына Pestivirus туыстастығына жатады. Көлемі 35-40 нм. Иммунологиялық қасиеті жағынан бір-біріне туыстас екі серологиялық топтан (A, В) түратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқаларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген жэне төменгі температурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созылмалы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бүл топтарды бір-бірінен ажырату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау, иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану жэне торайларға қойылатын биосынама пайдаланылады. Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік туыстығы бар. Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді. Бүл вирусқа тек қана шошқа бейім. Ауырып жазылған жануарлардың қанында вирусты бейтараптайтын, агглютинациялайтын жэне комплементті байланыстыратын антиденелерді кездестіруге болады. Вирус шошқа эмбрионының алғашқы торша өсінінде жэне қайталап егілетін ПК-15 торшасының өсінінде өсіп-өнеді, ЦПӘ тудырмайды. Вирустың өсінде бар-жоғын жэне індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды. 368 Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады, соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайындайтын штаммдар (SFA, К) алынады. Сондай-ақ вирустың торша өсіндерінде өсуге бейімделген штаммдары да бар.

Төзімділігі. Вирус 60°С 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0, 5% карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңазытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай, мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2, 5% ерітінділері, хлорлы эктің судағы 15-20% түнбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.

2. 2 Этиологиясы

Табиғи жағдайда обамен жасына, тұқымына қарамастан үй жэне жабайы шошқалар ауырады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді. Жабайы шошқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар. Ауруды таратуда жэне індеттік жағдайдың сақталып, шиеленісуінде анықталмай қалған жасырын вирус алып жүрушілер ерекше қауіпті болады. Вирус алып жүру 3-10 айға созылады.

Ауру жануарлар вирусты несеп, нәжіс, танау мен көзден аққан сора арқылы бөліп шығарады. Вирусты сыртқы ортаға бөлу аурудың жасырын кезінде басталып, клиникалық белгілері білінген сайын үлғая түседі. Берілу факторларына вируспен ластанған су, жемшөп, төсеніш, көң, өлексе, малдан алынған өнімдер мен шикізат, ет комбинаттары, қасапхана мен асхананың зарарсыздандырылмаған қалдықтары жатады. Сондай-ақ, індеттің таралуында механикалық тасымалдаушылардың (үй жэне жабайы жануарлар) алатын орыны ерекше.

Оба көбінесе ауру жэне аурудан айыққан вирус алып жүрушілерді жануарлармен бірге ұстағанда немесе шошқаларға вируспен ластанған жем, әсіресе, зарарсыздандырылмаған қасапхана жэне асхана қалдықтарын бергенде жүғады. Вирус шошқа денесіне негізінен ас қорыту жүйесі, тыныс мүшелері арқылы енеді. Сондай-ақ кілегейлі қабықтар жэне жарақаттанган тері арқылы да жүғуы мүмкін.

Шаруашылық ішінде ауру негізінен жануардарға бір-біріне көлбеу жолмен (алиментарлық, аэрогендік), ал оба өзіне тэн емес түрде өткенде тікелей, яғни вертикальді (плацента арқылы), берілуі мүмкін. Аурудан сау шаруашылықтарға әдетте ауру қоздырушысы зарарсыздандырылмаған асхана, қасапхана қалдықтарымен, эр түрлі көлік-қатынас қүралдарымен, вирус алып жүрушілермен енеді. Сондай-ақ, шошқаны сойып, оның өнімдерін өңдейтін кэсіпорындағы ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамау, алынған өнімдерді бақылаусыз сату аурудың таралу себебі болады.

Оба жылдың кез келген мезгілінде байқалуы мүмкін, дегенмен, көбінесе күзге қарай шошқаны жиі араластыру, сату жэне сою аурудың шығуына әceрін тигізеді. Жаңадан пайда болған індет тез тарап, кең етек алады. Егер оба шаруашылыққа вирус алып жүрушілермен енген болса, эуелі шошқалардың аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет жаппай байқалуы мүмкін. Ал егер вирус жеммен әкелінген жағдайда, 2-3 күннің ішінде шошқалардың басым көпшілігі, кейде тіпті түгелдей, ауруға шалдығады. Ауруға шалдығу көрсеткіші 95-100%, ал өлім көрсеткіші 60-100% жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқалардың африкалық обасы
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Шошқа обасы кезіндегі биопрепараттар
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар жайлы
Шошқа обасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz