Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы
Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.
1. Этникалық процестер және олардың әлеуметтік- демографиялық сипаттамасы. Әртүрлі этностардың қоғамда бірігіп өмір сүріп, біркелкі дамуы әрбір көпұлтты мемлекет, соның ішінде Қазақстан үшін күрделі мәселе болып табылады. Егеменді елімізде тұратын ұлттардың өткені мен бүгінін зерттеу, республикада болып жатқан үрдісті жіті қадағалау мемлекеттің ары қарай дамып қалыптасуы үшін қажет. Тарих ғылымының тамаша бір ерекшелігі - адамзаттың өткен жолдары мен жылдарында кездескен кезеңдерді, оқиғаларды оңды-солды бұрмаламай нақты деректермен дәлелдеп көрсетуі.
Адамзат әртүрлі әлеуметтік топтардан тұрады. Этностар мен ұлттар күллі әлеуметтік топтардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Себебі, кез келген адам өзінің тағдырымен тарихи ұштасқан этностың құрамдас бөлігі. Адамды этностан айыруға болмайды. Осы қасиетінің арқасында этнос қауымдастығы адамдардардың әлеуметтік өмірінің ең сенімді нысаны болып табылады. Этностық қауымдастықтың қоғамдағы аталмыш сенімділігі мен шайқалмас тұрақтылығы сан қилы тарих беттерінде қатаң саясат пен біржақты идеология салдарына қарамастан бірнеше мәрте дәлелденді. Этностар әлеуметтік құрылысына, тілдік ерекшелігіне және т.б. белгілеріне байланысты әртүрлі болады. Бұл этностардың өздеріне ғана тән әрқилы құрамдас элементтерден құралатындығын, әлемдегі халықтардың типологиялық қатынастарға байланысты бір-біріне ұқсамайтындығын білдіреді.
Осыған орай, мемлекет жүргізетін этносаясаттың негізін, оның мақсаттары мен міндеттерін, халық аңсайтын бейбіт өмір мен этносаралық тату қатынастардың мазмұны, жоғарыда аталған ұғымдардың алғашқы фундаменті болып табылатын этнос, ұлт және осылардан туындайтын т.б. ұғымдар мен терминдердің түп-төркіні зерттеліп, теориялық-әдіснамалық қыры заманауи талаптарға сай жан-жақты талданады.
Қазақстанның полиэтникалық қоғамға айналу процесі ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды. Қазақстан тарихында ол кезеңдер үшке бөлінеді. Бірінші кезең Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруімен байланысты. Нәтижесінде қазақтардың көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуы арқылы өмір сүру стилі, құндылықты нормативтік жүйесі өзгереді. Осы кезеңде өмірлік маңызы бар құндылықтардың бастамашылары қазақ интеллигенциясы пайда болады.
2. Халықтың полиэтникалық құрамы: негізгі факторлары, қалыптасу негіздері, құрамы. Осы кезеңде Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс өңірлерін отарлаудың әскери-әкімшілік билігінің нәтижесінде славяндықтардың ареалы пайда болды. Олардың көшін казактар бастап келді. Жайық казак әскерінің құрамында славяндардан басқа башқұрт, түркімен, татар, қалмық, қарақалпақтар да болды.
Екінші кезең Қазақстанның КСРО құрамына енуімен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми салаларында жаңа бетбұрыстағы алғышарттар құрылып, жаңа интеллектуалдық мүмкіншіліктер пайда болады, нәтижесінде Қазақстан мемлекеттілікке қол жеткізеді.
Екінші кезеңде Қазақстанның полиэтникалық құрамы жылдам қалыптасты. Оның негізі ретінде КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1924 жылғы 17 қазандағы Отарлау мен көшірудің кезек күттірмес міндеттері туралы қаулысын айтуға болады. Бұл құжаттың отарлаушылық маңызы КСРО аумағынан Қазақстанға адамдарды көшіріп орналастыру арқылы өңделмеген жерлерді шаруашылық айналымға енгізу еді. Бұл процесс екі бағытта жүзеге асырылды: бірі - халықты ерікті жолмен көшіру, екіншісі - күштеп көшіру. Шын мәнінде, ерікті деген болмады, екі акция да күштеп көшіру арқылы атқарылды. 1940 жылға дейінгі уақытта Қазақстанға 65 мың шаруа отбасы көшіп келді. Оның ішінде Украинадан - 6478, Белоруссиядан - 2031, Воронеж облысынан - 1142, Курск облысынан - 1415, Рязанск облысынан - 574, Татарстаннан - 917, Чуваш республикасынан - 876, Мордовадан - 591, өзге де өңірлерден - 1068 отбасы көшіп келді.
3. Қазақ ауылы. Жатақтар. Үшінші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және халықаралық қауымдастықтың субъектісі болуымен байланысты. Бұл кезеңде әрбір этникалық топтың еркін дамуына қол жеткізілді, этникалық ерекшеліктерін қайта түлетуге мүмкіндік туды. Кезінде елден еріксіз кеткен қандастарымыз елге оралуда. Қазақтың біріктіруші рөлін арқау ете отырып, елдің тұтастығы мен этносаралық келісімді сақтауда барлық әлеуметтік-экономикалық шаралар қабылданып, халықтың табиғи өсімі алға басып, балалардың дүниеге келуі артуда. Қазіргі таңда Қазақстанда жүз отыз алты этнос өмір сүреді. 2009 жылғы халық санағының қорытындысына сәйкес Қазақстан халқының саны 16402861 адамды құраса, оның ішінде қазақтардың саны - 10989916 (67 %), өзге этникалық топтар мүшелері - 5412945 (33 %).
Экономикалық жағынан ауылдың көшіп-қонуы, от-суы, қонысы, жайлауы, өрісі біртұтас болғанымен, əрбір үйдің жеке меншігінде, малы, үй-мүлкі мен ұсақ шаруашылығы болды. Сондай-ақ ауыл ішінде əрбір шаруаның малына, əл-ауқатына қарай қоғамда алатын орны да, тіршілік жағдайы да əр түрлі келді. Осыдан келіп, ауыл ішінде өзара: бай, орта шаруа, кедей, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz