Қоғамдық өндіріс факторлары мен фазалары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Өндіріс факторлары дегеніміз-бұл өндіріс процесінің шешуші нәтижесіне әсер ететін элемент. Өндіріс факторларына жататындар: Жер, еңбек, капитал. Яғни өндіріс факторлары осы үш элемент арқылы жүзеге асады деуге болады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары әдеттегідей жетістіктерді саралап, келешекті бағдарлауға, ең бастысы-баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларында мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Үстіміздегі жылы Үкімет олардың орындалуы жөнінде есеп беруі тиіс.

Өткен жылы Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.

Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.

Ел конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда «Нұр Отан» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкімет жасақтады.

Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.

Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8, 5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, ¥лттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына кетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.

Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 5 еседен астам үлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бүрынғыға қарағанда екі есеге артық.

Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі І. ітриллион теңгеден асып түсті.

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Бүгін мен сіздерге еліміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуы жайындағы өз пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік туғызады.

Әңгіме еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді.

1997 жылы сіздер мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен біздің мемлекеттің ұлық мұратына деген көзқарас таныстырылған болатын.

Бұл әлі қанаты қатая қоймаған жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы еді. Сол кезде осы Стратегия турасында күмән аз бола қоймағанын білемін.

Сол уақытта, естеріңізде болар, біздің жинақтаған қорымыз негізінен зілбатпан әлеуметтік-экономикалық проблемалардан және егеменді даму мен либералдық реформалардың азын-аулақ алғашқы тәжірибелерінен ғана тұратын.

Сол тұста, 10 жыл бұрын, біз өз таңдауымызда қателескен жоқпыз.

Нақ сол уақыттан Қазақстан нарықтық экономиканың теоремалары мен демократиялық дамудың аксиомаларын бірінен кейін бірін игере отырып, дәйектілікпен ілгері адымдай бастады.

Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демокра¬тиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік.

Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты.

Біз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қойдық. Бұл өткен 10 жылдағы жұмысымыздың басты қорытындысы.

Енді келесі онжылдықтағы одан арғы жұмысымызды белгілеп бергім келеді.

1. 1 Қоғамдық өндіріс факторлары мен фазалары

Қоғамдық өндіріс-адамдар өмірінің негізі. Қоғамдық өндіріс адамның табиғатпен екі арадағы өзара эрекетінің процесін (бұл өндіргіш күштердің жайын сипаттайды) және осы кездегі пайда болатын экономикалық қатынастардың (өндіріс процесін қоғамдық жағын ) жиынтығын қамтиды. Адамның табиғатпен екі арадағы өзара эрекетінің процесі дегеніміз-еңбек процесі, ол эрқашан да белгілі бір қоғамдық түрде өтіп жатады.

Еңбек процесіне мыналар жатады:1) адамның еңбегі ; 2) еңбек заты және 3) еңбек құралдары.

Еңбек-адамның өзіне қажетті игіліктерді өндіру үшін жүмсаған дене және ақыл-ой энергиясы. Адамға ғана тэн ерекше қасиет-еңбек арқылы ол табиғат заттарына ықпал жасапдүрін өзгертеді, өңдейді. Сөйтіп өнім шығарады және оны реттейді, бақылайды.

Адам еңбегінің ерекшеліктері бар. Оның бастылары:саналылығы, алдын-ала ойлап істеу, нақтылы мақсат қою, нәтижелі жұмыс атқару, еңбек құралдарын жасау және жетілдіру, мамандық шеберлігін арттыру, керегін табиғаттан қажетінше алу, оны қорғай білу т. б.

Барлық адамзат қоғамында өндірістің негізгі жағдайы болып есептелетін адамның дене және ақыл-ой қабілетінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеті жү_мыс күші болады.

Еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, еңбек пен өндірісті қоғамдастырудың формалары жиынтық жұмысшы күшін құрайды және қалыптастырады. Жұмыс күші қоғамдық өндіргіш күштің-бірінші және басты элементі.

Өндірісті үйымдастыруға жұмысшы күшінің болуы жеткіліксіз. Оған қоса өндірістің заттық факторлары-еңбек заттары және еңбек құралдары қажет.

Еңбек заттары еңбек ету процесінде адам эсер ететін табиғат заттары. Оған жататындар:шикізаттар, материалдар, қосалқы материалдар және т. б. Оларсыз өнім жасап шығару мүлдем мүмкін емес. Өйткені еңбек заттары сол өнімнің нақтылы негізі, тулғасы.

Қоғамдық өндірісті үйымдастырудың келесі факторы-еңбек қ^ралы. Еңбек құралының түрлері көп. Олардың негізгілері:еңбек құралдары(машиналар, механизмдер және т. б. ) ; өндірістің ыдыс жүйесі(құбырлар, сауыттар, бөлшектер және т. б. ) ; жер, электр қуаты, бу, химиялық және ядролық реакциялар; өндірістік объектілер(құрылыстар, жолдар, өндірістік үйлер және т. б. ) . Міне осыларсыз қоғамдық өндірісті үйымдастыру, адамға қажетті игіліктерді шығару тіпті мүмкін емес. Әрбір заман мазмүны және ерекшелігі не өндірілгенімен емес, оны қалай өндіргенімен бейнеленеді. Демекдандай еңбек құрал-жабдықтаымен өндірілгенімен сипатталады. Еңбек құрал жабдығы-қоғамдық прогрестің айнасы.

Қорыта айтқанда, игіліктерді өндіру үшін оның қажетті жағдайлары -жұмысшы күші, еңбек заттары, еңбек құралдарының жиынтығы ғана өндірісті үйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұларсыз өндірісте ілгерілеу де, игіліктерді өндіру де, тіршілік те, адамзат қоғамының дамуы да жоқ. Осылардың жиынтығы

Сонымсн өндіріс процесінде еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп, өндіріс кұрал-жабдықтарын құрайды.

Өндірісте жұмыс күші - жеке фактор ретінде, ал күрал-жабдықтар -заттай факторы ретінде тығыз байланыста болады.

Өндірістің келесі факторлары - жер және капитал. «Жер» кең мағыналы үғым. ол табиғаттың койнауындағы барлық байлыктарды: жерді, су және орман ресурстарын, пайдалы қазбаларды және т. б. қамтиды. Жер түрлі мақсаттарда пайдаланылады. Алайда, олардың ішіндегі бастапқысы жердің ауылшаруашылығында пайдаланылуы болады.

Жердің табиғи қасиеті деп, яғни оның жаратылысына байланысты және жасанды қасиеті деп, яғни жерді суландыру, мелиорациялау, тыңайтқыштарды шашу және т. б. байланысты белгілеріне қарай екіге бөлінеді. Бұл жағдайлар жерден алынатын табысқа - жср рентасына эсер етеді.

Капитал дсп тауарлар мен қызметтерді ендіруге колданылатын, адамдар жасап шығарған өндіріс күрал-жабдықтары мен жинақталған ақшалай қаражаттарды айтады.

Маркстік теория өндіріс факторларын ерекше жіктейді: оған заттай факторлар(өндіріс құрал-жабдыктары) және жеке фактор (жұмыс күші) жатады. . Марксизмнің осылайша жіктеуінің зор маңызы бар, өйткені қосымша құнды (пайданы) факторлардың барлығы емес, оны тек қана жеке фактор (жұмыс күші) өндіреді.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция өмірімізге бүрын мәні елеусіз болған, қазіріі кездс маңызды, орынға шыққан өндірісгің жаңа факторын экелді. Ол информация. Информация элемдегі мемлекеттердің қай-қайсысының болмасын жаңа экономикалык өрлеу кезеңіндс өсуінің және өмір сүруінің күдіреітт күшіне алналды. Бүкіл дүние жүзілік шаруашылық жүйесінің және элемдік нарықтың қалыптасуы, информацияны пайда табудың бұлағына айналдырды. Сондықтан информадияны қолга уыстап, үстемдік жасаү. жаңа экономикалық өрлеудің, демек, өндірістің негізгі факторларының біріне айналды.

Өндірістің жемісті дамуы үшін оның эрбір жаңа даму кезіне қажет жаңа факторлар пайда болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызмет, информация, технология, экология және басқа да факторлар - қазіргі кездегі өндірістің құрамдас бөліктері.

Алайда, оған арқау болатын ең бастылары: еңбек, жер және капитал. Жеке, өзара оқшауланып бұл фактордар өнім өндіре алмайды және табыс әкелмейді. Сонымсн, өндіріс дегеніміз оның факторларының өзара эрекеттерінің нәтижесі. Мейлінше көп өнімдер өндіру ушін, жекелеген кэсіпкерлер - өндіріс факторларының өзара үйлесімді қатынастарын табуды мақсат етуі қажет.

Игіліктерді өндіру бір жағынан, адам мен табиғаттың өзара эрекеттесуін, ал екінші жағынан шаруашылық қызметінде адамдардың өзара карым-катынас процесін бейнелейді. Алғашкы калыптаскан өзара байланыстар өндіргіш күштер дсп, ал екіншісі - өндірістік қатынастар деп аталады. Бү_л қатынастар қоғамдық өндірістің өзара тығыз байланысты екі жағы болады. Өндіргіш күштерге - өңдіріс құрал-жабдықтары және белгілі бір өндіріс тэжірибесіне, еңбек дағдыларына ие

болған әрі осы өндіріс құрал-жабдықтарын іске қосатын адамдар жатады. Адамдар - қоғамныц өндіргіш күштерінің негізгі элементі.

Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын қайта құрайды. Мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары - имформатика, есептеу-электрондық және компьютерлік техникамен еркендейді. Еңбектің сапалык жағынан ілгерілеуі болады: оны ғылыми үйымдастыру пайда болды, қызметкерлердің біліктілік және интеллектілік деңгейі жоғарылап, адамның іскерлік қабілетінің рөлі мен маңызы күшейеді.

Экономикалык қатынастар дегеніміз - материалдык және рухаии игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі кезінде адамдар арасында қадыптасқан катынастар.

Экономикалык катынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасы арқылы аныкталады.

Олар, біріншіден, тек кана өндіріс салаларында ғана пайда болатын өндірістік қатынастардан, екіншіден, өндірістік емес сферадардан қалыптасатын катьнастардан құралады.

Экономикалық қатынастар өз құрылымы жағынан ү_йымдық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарға бөлінеді . Ұйым д ық-экономикалық қатынастар дайын өнімді өндіру, бөлу және айырбастау, тұтынуды жүзеге асыруға байланысты қалыптасады. Оны ұйымдастыру формаларына: еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндірісті шоғырландыру (фирмалардын іріленуі) және онын орталықтануьі (көптеген шаруашылык орындарының біртұтас кү_рылымға бірігуі) және т. б.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал жабдықтарына меншік түрі анықтайтын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады.

1. 2 Өндіріс факторларының ерекшеліктері

Жалдамалы еңбектегі жү_мысшылардың табысының негізгі бөліпн жалақы күрайды. Жалақы адамдардың іс-эрекеттерін қамтамасыз ететін көзі ғана болып қоймайды, ол, экономикалык мүддені реттеуші ірі құрал ретінде қызмет аткарады.

Жалакының мәнін анықтауда экономика ғылымында екі әдістемелік көзқарастар бар.

1. Маркстік тұжырымдама бойынша жалақы жұмыс күші -тауардың күнының ақшалай көрінісі (багасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшіиің күны), нарықтық факторлар сұраныс, үсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалакының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

2. Неокласси. ктердің түжырымдамасы бойынша жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), онын дэрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар - сүраныс және үсыныспен анықталады.

Маркстік тұжырымдамаға сэйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені жалақы жұмысшы еңбегіне төленбейді, оның еңбекке деген қабілеттілігіне төленеді, яғни жұмыс күшін бағамдайды.

Шыныңда да еңбектің күны бар деп есептесек, онда оны немен өлшеуге болады деген сүрау туады. Бэлкім, еңбеқті сіңірілген өнімнің құнымен өлшеуге болады? Бірак IV - тақырыпта көрсетілгендей, тауар күнының өзі оны өндіруге жүмсалған, еңбектің мөлшерімен өлшенеді. Еңбектің құны енбекпен өлшенетін болып шығады, ал мүның өзі жоқ бір сөзді мәнсіз кайталай беру болып шығар еді. Оның үстіне, егер еңбектің құны шынында да ол жасаған өнімнін құнымен өлшенетін болса, онда жұмысшы жалақы түрінде өз еңбегі үшін өзі жасаған құнның бэрін алуы тиіс болар еді. Бірақ бұл жағдайда өндіріс иесінің қолында жұмысшыға төленген жалақыдан тыс құнның ешқандай артығы қалмас еді, сөйтіп, өзінің ынталандырушы аркауынан -косымша құн ондіру мүмкіндігінен, айырылган өндіріс мәнін жойып, оның өмір сүруі мүмкін болмас еді. Ал еңбек тауар бола түрса да, дегенмен басқа барлық тауарларға қарағанда, . құнынан темен сатылады деп есептесек құнның еңбек теуриясымен қайшы келгендік . болар еді. Демек, еңбектің езі тауар болады деп есептеу құн заңына және косымша күн заңына кайшы келеді.

Іс жүзінде тауар нарыгында ақша иесі тікепей еңбекпен емес, өндіріс құралдарынан айырылған және сол себепті өзінің бірден-бір мүлкі -жұмыс күшін сатуга мәжбүр болган жұмысшымен қарама-қарсы тұрады. Оның еңбегі шын мәнінде басгалған кезде, еңбек оған тиесілі болудан қалады, демек, ол еңбегін сата алмайтын болады.

Жұмысшы еңбек процесінде өзінің жұмыс күші құнын өндіреді және мүның үстіне меншік иесіне тегін икемденетін қосымша қү_н жасайды. Меншік иесі жалақы түрінде жұмысшы жасаған құнның бір бөлігін ғана атап айтқанда оның жұмыс күші құнының эквивалентінің ғана орнын толтырады.

Ақшамен бейнелеген жұмыс күшінің құны -жұмыс күшінің бағасы деген сөз. Жұмыс күшінің бағасы әртүрлі факторлардың ықпалымен оның құнынан ауытқи алады. Сырттай қарағанда ол еңбек бағасы түрінде көрінеді. Демек, жалақы дегеніміз-ерекше тауар-жұмыс күші құнының, оның бағасының өзгерген түрі болып табылады.

Неоклассиктер жалақыны еңбектің бағасы ретінде қарады. Оларды жалақының мәні емес, оның деңгейі қызықтырады. Олар жалақы деңгейін сүраныс пен үсыныстың еңбекке деген тепе-теңдігі жалақының тепе-тең деңгейін құрайды.

Еңбекке деген сүраныс шекті өніммен анықталады, яғни, өнім өсімінің адам санына тікелей байланыстылығы. Егер шекті өнім пайдаланылған факторға қарағанда, демек еңбекке деген сүраныс жоғарылайды немесе керісінше болады.

Қорыта айтқанда, егер екі эдісті де тереңірек зерттейтін болсақ бұл арадағы айырмашылық болу қатынасына эртүрлі көзқарас та бар. Марксистік түжырымдама құрал-жабдықтары меншік сипаты болу қатынасының анықтаушы мотиві деп қарстырса, ал неоклассиктік түжырымдамада жоғарыдағы айтылған қатынасты толығымен жоққа шығарып, бөлу қатынасының тек экономикалық жағын ғана негізге алады.

Жалақыны дифференциалау бес принпипке негізделген. Олар:еңбек күрделілігі; еңбек жағдайы(жеңіл және ауырдалыпты және зиянды т. с. с) ; еліміздің дамуының негізін қалйтын приоритетті салаларға жеңілдік беру(өсімдер қолдану, жоғары жалқы дайындау т. с. с. ), аймақтар мен аудандардың табиғи және ауа-райының жағдайының өзгешеліктеріне есепке алу; жұмыскер еңбек ететін ұжымның еңбек нәтижелерін есепке алу;

Жалақының түрі мен жүйесі
Төленетін ақының сиапаттамасы
Жалақының түрі мен жүйесі: Мерзімді түрі:
Жалақының түрі мен жүйесі: а) жай мерзімді
Төленетін ақының сиапаттамасы: ИТЖ -ның (ИТР) жұмыс істеген уақыты үшін, жұмысшыларға таривтік ставка бойынша төленетін жалақысы.
Жалақының түрі мен жүйесі: ә) мерзімді - сыйлықты
Төленетін ақының сиапаттамасы: ИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға таривтік ставкадан басқа сыйлықтар беріледі.
Жалақының түрі мен жүйесі: Кесімді (жеке және ұжымдық) түрі:
Жалақының түрі мен жүйесі: а) тікелей кесімді
Төленетін ақының сиапаттамасы: Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.
Жалақының түрі мен жүйесі: ә) кесімді - сыйлық
Төленетін ақының сиапаттамасы: Сапа, үнемдегені үшін және (жұмысты) өнімді артық орындағаны үшін сыйлық қосылады.
Жалақының түрі мен жүйесі: б) кесімді прогрессивті
Төленетін ақының сиапаттамасы: Әрбір шығарған затқа норманы артық орындағаны үшін ақы прогрессивті өсім бағамен төленеді.
Жалақының түрі мен жүйесі: в) ұжымдық - кесімді
Төленетін ақының сиапаттамасы: Металургия, өндірісінде, легтік автомобиль жасауда құрастыру желілерінде қолданады. Әрбір бөлімше, желі мүшесінің жалақысы барлық ұжым өндірген өнім көлеміне байланысты.
Жалақының түрі мен жүйесі: г) аккордтық жүйе жалақысы - кесімді жалақының өзгерген түрі болып табылады.
Төленетін ақының сиапаттамасы: Бұл жүйе бойынша ақы төлеу жұмысшылардың бір немесе топтарына әуелден жалақының жалпы сомасы объект, агрегат, жұмыс көлеміне байланысты көрсетіледі.

Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында растовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Пайда қазіргі өндірісте де қосымша құнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді.

Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық қатынаста барлық өндірістің және шаруашылық салаларынын негізгі нақты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, атап айту қажет, экономикасы дамыған елдерде инфрақұрылымды, қоғамдық шаруашылықтағы пайда ала алмайтын қосымша бюджеттен қаржы бөліп қолдауға тура келеді.

Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметіне және

экономикалық теорияның обьектісі болуына қарамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі түрлі көзқарастар бар: Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім.

1. Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К. Маркстың Капиталының ІІІ-томында зерттелген. Маркстың тұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді, пайдалаланылғаны да қажет. Соңдықтан пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы ретінде анықталады (егер тауар құны бойынша сатылса) . Ескеретін жай, пайданы тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан. сатылған қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады), да, пайдаға айналады (өзгереді) . Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу, тауар өндірушілер алатын пайда мөлшерін анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын орта пайдамен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы енбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Экономикалық өсу жайында
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық даму
Экономикалық цикл және оның фазаларының сипаттамасы
Экономиканың циклдық концепциялары
Көлемдік экономикалық эффект
Жастардың әлеуметтену механизмі
Экономикалық өсудің теориялары
Жиынтық ұсыныс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz