Тұлғааралық қарым - қатынас педагогикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Ж.А.Мамытбаева І.С.Сманов.,

Тұлғааралық қарым - қатынас педагогикасы
оқу әдістемелік құрал

Шымкент 2017

УДК -159,5
ББК 74.204
С 95

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты оқу - әдістемелік кеңесінің қаулысымен баспаға ұсынылған (№7 хаттама,)

Пікір жазғандар:
1. Әбішева Л.П. п.ғ.к., аға - оқытушы. Педагогика және психология кафедрасының ОҚМПИ
2. Ибрагимов Р. п.ғ.д., профессор. Қазақстан инженерлік педагогикалық халықтар достығы университеті
3. Жаулыбаев Ж. п.ғ.к., аға - оқытушы. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

С 95 І. С. Сманов., Ж. А. Мамытбаева
Тұлғааралық қарым - қатынас педагогикасы. Оқу - әдістемелік құрал - Шымкент, 2017. - 107

ISBN 9965-697-73-6

Тұлғааралық қарым - қатынас педагогикасы Тұлғааралық қарым-қатынас - білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.
Оқу-әдістемелік құралды педагогикалық мамандық студенттеріне, магистрлерге және оқытушыларға арналған.

ISBN 9965-697-73-6

УДК -159,5
ББК 74.204

(C) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 2017 жыл.

Алғы сөз

Білім беру саласында жеке тұлғаның қарым-қатынастық мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін деген Жолдауында ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев Интеллектуалды ұлт - 2020 ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.
Тұлғааралық қарым-қатынас - білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.
Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым - қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір ғылымының өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейін объектіні бірден түсіну қиын, әрі ол - күрделі мәселе.
Психология ғылымы ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі оның дүниеге келген ең алғашқы жері ежелгі Греция . Гректің екі сөзінен тұрады. псюхе - жан, логос- сөз, ілім яғни жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ та мұны психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
Ол құблыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелену қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психология ғылымының негізгі міндеті психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп тану. Осы заңдар ақылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнелентіні, осыған орай оының әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.

№ 1 Тақырып Тұлғааралық қарым - қатынас жайлы түсінік пен
қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызылығы.

Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.
Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады.
Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы - бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады.
Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы - бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.
Адамдардың толық немесе жартылай әлеуметтік және сенсорлық жағынан оңашалану жағдайында болған адамдардың психикалық ерекшеліктерін бақылауға арналған көптеген зерттеулердің нәтижесі мынаны көрсетті: ол қағида бойынша қабылдау, ойлау, есте сақтау, эмоционалдық процестердің, т.б. бірқатар бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты аса белгілі эксперименттердің бірі американың әйгілі зерттеушісі Геронның басшылығымен жүргізілген (1956 ж). Зерттеушілер тобына төлем ақыға оңашаланған камерада неғұрлым ұзақ уақыт өткізу ұсынылған. Арнайы құрылғылардың көмегімен (көзілдірік, сенсорлық изолятор және т.б.) қоршаған дүниемен қарым-қатынас жасау минимумға жетелеп түсірілді. Адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жойылды. Зерттеушілердің көбі бұл экспериментті алғашқыда оңай ақша табу мен демалу тәсілі дегенге сенді. Алайда, тек кейбіреулері ғана мұндай жағдайда 2-3 күнге дейін өмір сүруге шыдам білдірді. Анағұрлым мықтылары 6 тәулікке шыдап, мұндай жетістікті үлкен батырлық деп есептеген. Өйткені зерттелінушілердің 80 пайызынан артығы галлюцинацияның құрбаны болып, дененің екіге бөліну, рухтың денеден бөліну сезіміне душар болды, көбісі қарапайым арифметикалық және логикалық есептерді шеше алмады және т.б.
Оңашалану (изоляция) жағдайында адамның дауыстап, өз-өзімен, қоршаған заттармен, жануарлармен және ойдан шығарылған әңгімелесушілермен сөйлесетіні байқалған. Осы тәріздес жағдайларға өз еркімен немесе кездейсоқтықта қоғамнан және тұлғааралық қарым-қатынастан айрылған адамдар мысалы: (теңіздер мен мұхиттарда жалғыз саяхаттаған, полярлық жағдайда қыстағандар, үңгірлерді зерттеушілер,жер сілкінісі кезінде үйінділер астында, елсіз аралдарда қалғандар, жеке камераға қамалғандар т.б.) дәлел болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді Дзен деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ адамның денесі мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен қарым-қатынас жасауына тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде Моритао делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін тататын болады.
Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй кешіп, кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді. Бұл жайттардан біздер адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп сөйлеу, қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді
Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып табылатындығы туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен Ф. Олпорт ашқан еді. В. Меде мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген (ағылшынның facilitate - жеңілдету). Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас түрінде шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа адам бейнесінің болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар қатысуының өзі адамның іс-әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған. Қасындағы адамдар ұқсас жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-әрекеттердің жекелеген іс-әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді болатындығы В.М. Бехтерев эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа зерттеушілердің эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің жекелеген тәсілден артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда ғылымда басқа адамдармен нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекетнәтижесіне кері әсер ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай әлеуметтік ингибиция феномені айқындалған. Әлеуметтік ингибиция (латынның inhebere - тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы) қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен жылдамдығының нашарлауына әкеледі.
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.
Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса маңызды. Мұны госпитализм деп аталған құбылыстан білуге болады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында балабақшадағы балалардың жақсы тамақтанып, жақсы күтім жасалғанға көңіл бөлінген. Алайда жақын арада мұның жеткіліксіз екендігі анықталды: балалар аурушаң болып даму деңгейінде артта қалды. Олардың қимыл-қозғалысы дамымай сөйлеу әрекеті қалыптасқан жоқ. Оның себебі тәрбие ықпалының жеткіліксіз, аз болғанында еді. Госпитализм құбылысын жеңу жолы әр баламен жекелеп жүйелі түрде қарым-қатынас орнату, қоршаған заттармен баланың әрекетін ұйымдастыру болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы болып табылады.
Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі. Бірақ, қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет - екі дербес, тең құқылы процесс пе деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы және т.с.с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде, оның маңызды ақпараттық аспектісі ретінде, коммуникация ретінде (бірінші түрдегі қарым-қатынас) болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет процесінде белгілі бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту, машина құрастыру және т.с.с.) адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған зат арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің индивидуалдығын басқа адамдарға трансляциялайды, өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Жасалған зат (тұрғызылған ғимарат, нақты поэзиялық шумақ, отырғызылған ағаш, жазылған кітап, шығарылған немесе орындалған ән) бұл, бір жағынан, іс-әрекет өнімі, ал екінші жағынан - адамның қоғамдық өмірде өзін шыңдауына көмектесетін құрал, өйткені бұл зат басқа адамдар үшін жасалған құрал арқылы адамдар арасындағы қатынас іске асады, затты жасаушы мен істеушіге де, оны тұтынушы мен игерушіге де теңдей тиесілі ортақ өнім ретіндегі қарым-қатынас құралады.
Өзін басқаларда жалғастыру ретіндегі қарым-қатынас екінші түрдегі қарым-қатынас болып табылады. Егер бірінші түрдегі қарым-қатынас (коммуникация түріндегі қарым-қатынас) бірлескен іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінсе, екінші түрдегі қарым-қатынастың маңызды қыры болып қоғамдық құнды және тұлғалық мәні бар затты өндіруге байланысты іс-әрекет табылады. Бұл жерде тәуелділік алмасады да іс-әрекет қарым-қатынастың аспектісі, бөлігі, қажетті алғышарты ретінде болады.
Сонымен, іс-әрекет - қарым-қатынастың бөлігі, бір қыры, қарым-қатынас - іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры. Алайда қарым-қатынас пен іс-әрекет барлық жағдайда бөлінбейтін бірлікті құрайды.
Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адама түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық дамуыныңы маңызды факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғаш ролджі атқарады. Бұл функциясын шартты түрде прагматикалық функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша екінші функциясын қалыптастырғыш функция деп атауға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д. Элькониннің айтуынша: Бала әрқашанда 2 адам - оның өзі және ересек адам. Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психолоиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі. 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде - бала өлімі жоқ, ал екіншісінде - балалардың үштен бір бөлігі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде бекітетін, қолдаушы деген функциясын атауға болады. Басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У. Джеймстің айтуы бойынша: Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлде байқамауы - ең зор жаза. Көптеген психотерапевтік жүйелерде адамның мұндай жағдайы қолданылмаған, бекітілмеген деген ұғым арқылы беріледі және де Сенікі жөн емес, Сен жамансың деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу Сен бұл жерде жоқсың, Сен тірі адам емессің дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д. Ленг - бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофренияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткеніндей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауырады екен.
Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер - амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері бекітілу терапиясы деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар - сүйкімді - сүйкімсіз, ұнайды - ұнамайды деген терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өмріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті ролдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі, бесінші функциясы жеке адамішілік функциясы. Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы - диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: ...адам өзімен-өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды.
Сонымен біз қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адамаралық, тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелгені де осы түрі.
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі - эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әр түрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үл деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1. конъюктивті - адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2. дизъюнктивті - адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психолоияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін үйлестіріп немесе үйлестірмей іске асырады. Мұндай үйлестірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың үш жағы. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті (1, 2 схема).
Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни, білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік). Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Осы үш жақтың бірлігінде қарастырылатын қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті және оған қатысушы адамдардың өзара қатынастарын ұйымдастыру тәсілі болып табылады. Қарым-қатынастың заңдылықтарын білу және қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту әсіресе педагогтар үшін өте маңызды, өйткені олар оқушыларды өздерімен бірлесіп әрекет етуге жемісті түрде тарта алған жағдайда, тәрбиешінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін өзара әрекеттестік пен өзара түсінушілікті жолға қоя білгенде, яғни толыққанды педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыра алғанда ғана кәсіби міндетін табысты түрде атқара алады.
Тұлғааралық қарым - қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оғдан қатысушылардың өзін - өзі және өзара түсінісуіне байланысты. Бір адамды екінші адамның қабылдауы қарым - қатынастың міндетті құрамдас белгілі ретінде шартты түрде қарым - қатыналстың перцепциясының жағы болып аталады.
Әлеуметтік перцепция - қарым - қатынас үрдісінде бірін - бірі, өзін - өзі танумен түсіну.
Бағыттаушы бақылаушыны көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең алдымен сыртқы түрін және тәртібін бағалайды.
Әлеуметтік перцепция құрылымы - адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау, талдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын ажырату, соның негізінде бақыланушының іс - әрекетін болжау.
Әлеуметтік перцепцияның қызметтері:
* өз - өзін тану;
* ортақтасу серігін тану;
* түсінісу негізінде өзара іс - әрекет ұйымдастыру;
* эмоциялық қатынас орнату;
Әлеуметтік перцепцияның механизмдері:
* идентификация
* эмпатия
* аттракция
* рефлекция
Идентификация - өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату.
Эмпатия - эмоцияның түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу, өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтытынын дұрыс елестетіп білу.
Аттракция - өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезіне қалыптасуға негізделген.
Әлеуметтік рефлекция - қарым - қатынас барысында өзін -өзі тану механизмі. Қарым - қатынас серігі екені танып - білуі туралы білім, өзге адам екені қалай қабылдайтынын елестету қабілеті әлеуметтік рефлекция деп аталады.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың "Педагогика" (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н.Козлованың "Тәрбие теориясына кіріспе" (М. 1990), В.М.Гинецинскийдің "Педагогика теориясының негіздері" (М.1994), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғ. білім берудің философиясы" (1998), В.А.Сухаевтың "Біз әр түрлі тілде сөйлейміз" (1998), А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың "Философияға кіріспе" (1995), А.С.Арсеньевтің "Жеткіншектер философтар көзқарасымен", А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың "Қазақ философиясының тарихына кіріспе", Д.Кішібековтың "Философия" (1994), Г.К.Нүрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы" (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің өзеісгі мәселелері сөз болады. Әсіресе, Д.Кішібековтың "Философия" атты еңбегінде: "Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?" -- деген мәселелер философиялық тұрғыда жан-жақты талданған.
Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз -- ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына " білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз.
Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде "Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек" -- деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір -- біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.

Тұлғааралық қарым - қатынастың түрлері.
Мақсатына қарай қарым - қатынас психологиясы тұлғааралық қарым - қатынастың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айпа), диалог (қосүн, қос сөз).
Императивтік немесе әміршіл қарым - қатынас - өз қарым - қатынасының серігінің тәртібі мен іс - әрекетіне бақылау жасау мақсаттарындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарым - қатынас партнері тек әсер ету нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айзын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдар ретінде бұйрық, талап, әмір, тиымсалу, нұсқау пайдаланылады.
Манипуляция , алдап - арбау қарым - қатынасы - бұл қарым - қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс - әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор қарым - қатыналс партнерін нысанат ретінде қарастырады.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Ал ерекшелігі: манипуляцияның стильде шынайы, мақсат жарияланбайды, жасырылады.
Алдап - арбау қарым - қатынаслының қоғамдағы ресми дорны - бизнес, сауда - саттық, іскерлік насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрден қарым - қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги. Ал манипуляцияға қарсы шыққан ғалым Э. Шорстон Анти - Карнеги кітабын шығарды.
Диалог қарым - қатынасы. Бұл - тең құқықтық субъедктілердің арақатынасы, қарым - қатынастың мақсаты өзін - өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Бұл қарым - қатынастың айырмашылығы - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтуризиге, өзгеге, басуға бағытталған ұстанымға келу.
Қарым - қатынас өте күрделі феномен. Оның әртүрлігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.
Қарым - қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: Коммуникация, перцепция, интеракция.
Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір - бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін - бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құралатын белгілі тұлғааралық қатынастары.
Қарым - қатынас барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері.
Тұлғаарылық коммуникацияның бір ерекше сипаты оның екідеңгейлі құрылымы. Қарым - қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлер де өткізіледі.
Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы - сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық редакцияларының айнасы ретінде оның қарым - қатынас барысындағы көңіл - күйін түсінуге жәрдемдеседі.
Бейсөз құрамдарға оптикалық - кинестикалық, пара және экстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.
Кинесика - оптикалық кинестикалық жүйе, оны адамның қолының (ишара) - бетінің (шилика), денесінің (пантоминика) қимылдары құрайды.
Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін үш салаға бөліп: қас пен көз, мұрын, ауыз және ерін олардың қимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған. Акустикалық жүйеге паралингвистикалық және экстралингвистикалық жатады:
Паралингстикалық - бұл коммуникатор дауысының сапасы: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интомациясы , логикалық екпіні.
Экстралингвистика - бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар: сөйлескендегі жөтел, күлкі, пауза, жылау т. с. с.

Бақылау сұрақтары:
1. Жеке тұлға мәселесі мен оның дамуы.
2. Жеке тұлғаның дамуы.

№ 2 Тақырып Қарым - қатынастағы әлеуметтік пен биологиялық өзара байланыс.

Адам -- биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды езге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, коғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады. Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезенді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI -- I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдықпен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам -- дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII -- IV ғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін кайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мұндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады.
Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI -- IV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің кұндылығы оның қайталан бастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды кадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты Өзіңді өзің таны нақылы бойынша әрбір адамда ішкі Мен болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі -- оның кызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологиям гректерде антропоцентризмге айналды.
Орта ғасырларда (б.з. ІУ-ХІУ ғғ.) христиандық адамға принципті жаңа тұрғыда қарауды ұсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай, үнді және грек өркениеттерін тұлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады. Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл ортасына қойды. Адам -- бұл храм, ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар.
Қайта әрлеу дәуірінде (XIV -- XVI ғғ.) антик алық дүние мен христиандықтың адамға деген ең он көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне сіңірілді. Бұл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары - Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте -- адам тұлғасының бостандығы мен егемендігін жариялады. Адам тұлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі коғамнан казіргі коғамға өтуімен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен де ерекшеленді. Ал капитализм әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде индивиді жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер, саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық агенттер деп бағалады.
Ренессанстық сана толық мағынада айтқанда, индивид ұғымынан индивидуалдық түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді ақыл-парасат ғасыры деп те атайды, өйткені ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық және топтық дау-дамайлар
Тұлғаның имплицитті теориясы өңдеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Отбасының типтері, отбасының түрлері
Педагогикалық коммуникативті біліктілік
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Пәндер