ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері жөнінде


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : ХХ ғ. б. алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері
Орындаған:
Ә. Қойкелді
Тексерген:
Ш. Шортанбаев
Алматы, 2021 жыл
ХХ ғ. б. алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері
«Түркістан уәлаяты» газеті (1870-1882) . Ташкент каласында 1870-1917 жылдары орыс тілінде «Туркестанские ведомости» газеті шығып түрды. Түркістан өлкесін билейтін генерал-губернаторлардын ресми органы болғанымен, бұл газетте жарияланған Орта Азия халыктарының тарихы мен этнографиясы, археологиясы және географиясы жөніндегі материалдардың мәні зор болды. Газетті шығаруға Н. С. Севернее, В. В. Бартольд, II. П. Остроумов, Ш. М. Ибрагимов сияқты белгілі ғалымдар қатысты.
Осы газетке косымша ретінде сол жылдан бастап тұңғыш қазақ тілінде Туркістан генерал-губернаторының ресми органы «Түркістан уәлаяты» газеті щығарылды. Бұл газет ол кезде Түркістан өлкесіне қарайтын осы күнгі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының қазақтарына арналды. Газеттің редакторы және аудармашысы ағайынды Ибрагимовтар болды. Қазак газетін шығару ісіне Хасан Жанышев, Заманбек Шайхыәлібеков, Жүсіп Казыбеков аудармашы әрі әдеби кызметкер болып катысқан.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатын уағыздай отырып, ресми газеттер, кейде Россияның самодержавиелік езгісіндегі ұлттарды ұлы орыс халкының озат мәдениетіне тарту идеясын да насихаттап отырды. «Россия халықтары арасындағы катынастардың мұндай демократиялык және гуманистік бағыт алуына мерзімді баспасөздін ұйымдастырушылары, рсдакторлары және қызметкерлері көбінесе прогресшіл ниетті орыс интеллегенциясының арасынан шыққан кайраткерлер болғаны себеп болды»
«Түркістан уәлаяты» газетінің бетінде өзбек халқыкын, революцияшыл ниеттегі демократ акыны Мұқимидын және ағартушы акыны Фурхаттың, орыс әдебистінің классиктері Крыловтын, Пушкиннін, Толстойдын шығармалары басылды. Осы газет арқылы қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың өмірі мен ісі бүкіл қазақ еліне мәлім болды.
Қазақ тілінде газет шығарылуын жұртшылык куана қарсы алды. Семей жағының казактары бір жиында бұл газетті окығанын, көнілдеріне ұнағанын, бүған дейін тек татар тілінде намаз окуды үйрететін кітапшаны оқитындарын айта келіп, «Біздін қазақты бір жұрт біліп, біздің тілімізде газет бастырғаны үшін» алғыс айтады деп куанды.
«Түркістан уәлаяты» газеті оку-ағарту жоне здебиет мэселелеріне едәуір орын беріп отырды. Ол казак жастарыныя гимназияда, орыс-казақ мектептерінде окн бастағанын кұптады. Әрине, алдымен дәулеттілердік балалары окитыны еоз болды. Жастардын окуға деген кұштарлығын куаттай отырып, газет орысша оқыл білім алған каззктын тұнғыш ғалымы Шокая Уәлихановтын өмірі мен кызметі туралы өнеге ретінде арнайы макала жариялады.
Газет орыс халкының ауыз әдебиеті шығармаларын, шығыстың атақты «Мың бір түн» хикаясын қазақ тіліне аударып басты. Сондай-ак қазақтын ауыз әдебиеті мен белгілі акындарының шығармаларын жариялады. «Түркістан уәлаяты» газеті Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин негізін калаған қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің жаңа бет алыста калыптасуы жөнінде тиісті роль аткарды. Россия мемлекетінің құрылуы тарихын, орыс пен қазақтын ертеден бергі байланысын, Батыс Европа елдерінің өмірін қазақтар өзінің ана тілінде осы газеттен оқып білді.
Орыстың мерзімді баспасөзінің әсерімен алғашкы қазақ газетінде заметка, корреспонденция, мақала, фельетон мен очерк сияқты жанрлар туа бастады.
«Ғылыми хабарлар» рубрикасымен сол кездегі ғылым мен техника табыстары жайында түсінік, сондай-ақ жаратылыс жөніндегі ғылыми такырыптарда мақалалар, ветеринария және зоотехника мәселелері жайында консультациялар жариялануының кандай маңызы болғаны өзінен-өзі түсінікті. Бұлардың бәрі көшпелі халыктың дүниетанымына игі әсер еткені сөзсіз.
Газет окушыларына танымдылык сипатты материалдар қандай әсер еткені қызык. Батыс Европа туралы очерк жөнінде біреу «Осы күнге дейін біз дүниенің бәрінде үш-ак мемлекет бар деп жүруші едік - орыс, түрік және қытай мемлекеті. Карасак, дүниеде мемлекет үшеу емес, көп екен» депті.
Н. П. Остроумовтың «Петр «Ведомостарынын» XVII-XVIII ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уәлаяты» газетінің де XIX ғасырда өзбектер мен қазақтар үшін сондай маңызы болды деген тұжырымымен келіспеуге болмайды.
1870 жылдардың екінші жартысында ашылған газеттің бейресми бөлімінде жарияланған мақалалардың арасында әдеби бағытта жарияланған мақалаларға деген халықтың ықыласы ерекше болды. Газет бетіне басылған әдеби шығармалар арқылы ендігі кезекте бүкіл қазақ жері болып ортақ әдебиетті қалыптастыруға мүмкіндік жасалды. Бұрын тек өз руы мен ауылының әдебишығармаларымен таныс болса енді газет арқылы ортақ шығармалар пайда бола бастады. Газеттің әр санында тарихи жыр дастандары мен сол кезеңдегі ақындардың өлеңдері де жарық көріп тұрды.
Газеттің әр санында сыни мақалалар мен ақындардың өлеңдері да жарияланып тұрған. Оған мысал ретінде «Түркістан уәлаяты» газетінің 1878 жылғы үшінші басылымында Мәделіқожа деген ақынның өлеңін жариялаған екен. Ол жерде негізінен көтерілген мәселе ел ішінде би болсам, билік алсам деген байлардың арасындағы тартысты сынап жазылған өлең еді.
Мәделіқожа ақынның туып өскен жері Ақбұлақ өзенінің бойы. Ол өзі Қоқан хандығына қарсы жүргізілген 1858 жылғы көтеріліске қатысқан ақын. Ақынның «Түркістан уәлаяты» газетіне тағы да «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес», «Арыстанбайға», «Қанай датқа» деген өлеңдері де басылып шыққан. Бұл тек бір ғана мысал. Осылайша қазақтардың да шынайы пікірін, ой таласына еркіндік беріп, өз пікірлерін көпшілікке жеткізуге Остроумов келгеннен кейін көптеген мүмкіндіктер ашылды. «Түркістан уәлаятының газетінде» жарияланған өлеңдердің ішінен бүгінгі шындықты жырлаған, түйінді ойын қара дүрсіндеу баяндаған өлеңнің екі шумағын келтірейік.
Бір жан жоқ болыстыққа талас емес.
Бір-бірінен көңілі аласа емес.
Бір құдайдан басқаға сенбегін,
Біздің қожа үш жүздің баласы емес.
Басынан бұлт кетпейді күн жайланып,
Сақау озды, шолжаңдаған тіл байланып,
Тұлпардан есек озды, бәйге алып жүр,
Бұ күнде заман кеткен теріс айналып, -дегенді (№ 12, 09. 10. 1878) газет редакциясы «өлең тәуір жазылған» деп тапқанда, оның мазмұнына мән бергені сезіледі. Ел арасында болыс, старшын сайлаулары ендеп кіріп, бірін-бірімен қырқыстырып қою, ара жігін алшақтата беру сияқты құбылыстарды отаршылдар іштей де, сырттай да тілеген болатын. Осыны әшкерелеуге бағытталған мұндай өлеңдер бұдан кейін газет бетінен мүлде көрінбей кетті, тыйым салынды
Сондай-ақ Л. Н. Толстойдың, А. С. Пушкиннің, И. А. Крыловтың аудармаларын қазақ бөліміне бастырып тұрған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz