Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№ 64 арнайы «Асыл бөбек» балабақшасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Тыңдаушы тәрбиеші:

Айгабулова Г. Н

Нур султан 2020

Жаңару заманында білім технологиясыда жаңарып жатыр. Бұл дегенің мына біздерге яғни тәрбиешілерге, педагогтарға тамаша мүмкіндік .

4к модельі, бала үні, ойын, бақылау, тұтас бала бейнесі - жаңартылған бағдарламаның басты негізі. Осы бағдарламаны іске асыра отырып, өз мақсатымның идеяларын пайдалана алдым.

Күнделікті күн тәртібіне ойндарды біршама қостым. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойын түрінде оқыту балаларға қызығырақ, жалықтырмайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Жалпы айтқанда, бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алып дүние сырын ашады демекпін.

Жаңа білім технологиясында ойын түрінің үш түрімен таныстық.

Тәрбиеші жетекшілігімен ойнатылатын ойын

ОЙЫН ҚЫЗМЕТІ Құрылымдалған ойын

Еркін ойын

Сәбилік кезенен бастап бала ойынға құмар болады, ойын арқылы дүниені танып біледі. Ойынан басталған таныстық ары қарай баланың болашақ өмірінде оқу, еңбек арқылы жалғасады.

Осы ойындарды қолдана отырып күнделікті күн режиміне қосуды жөн көрдім. Себебі қабылдау кезінде құрылымдық, оқу қызметінің мақсатына жету үшін педагог жетекшілігімен ойындар, серуенде еркін ойын түрлерін ойнату. Мектепке дейінгі білімнің жаңа бағдарламасында көрсетілген ойындар арқылы баланың қызығушылығы мен қажеттілігін анықтай отырып, оқытудың тиімді әдістерін жүзеге асыруды мақсат қылып алғандықтан өз тәжірибемде қолданып көрдім.

Педагог жетекшілігімен ойын

«Әр көлiктiң өз жолдарын тап?» үстел ойынын ойнату арқылы көліктер жайында білімдерін анықтағым келді. Ойынның шарты былай, төрт түрлі көлік жолдары (әуежолы- аспан, темір жол, көлік жолы трасса, су жолы-теңіз) Суреттерді үстел үстіне жайып, балаларды топтық жұптарға бөлу. Балалар үстел үстіндегі үлестірме суреттегі көлік түрлерін өз тиісті жолдарына орналастырады. Ойын барысында балалар бір-біріне сұрақтар қою арқылы, жетелеу арқылы ізденеді. Көлік түрлерін тануға және олар қайда жүреді деген дұрыс жауапты біліуіне ықпал етеді. Әрине менің де көмегім артық болмады.

Бұл ойын арқылы балалардың бір- бірімен қарым қатынасының дамуы көрініс тауып отыр. Себебі әр түрлі қиындықтары бар балалардың немесе қабілетті, дарынды балалардың оқуына ықпал етті. Бұл ойындағы Інжу есімді баланың топтағы Марс есімді баламен қарым қатынасы төмен болды, Марс есімді белсенді баламен жұптасу барысында ойынның жүзеге асуы орын тапты. Командамен жұмыс жасау арқылы балалар арасында бір біріне достық сенім пайда болды.

Құрылымдалған ойын

«Менің сүйікті түсім» Бұл ойында бала үні орын алып отыр. Өйткені ойын барысында баланың қызығушылығы ескеріледі, өзінің сүйікті түстерін сурет салуда қолданады. Ойында бояулармен, баланың өз қиялынан сурет салу орындалады.

Айша есімді бала мінезі тұйық, адамға ашыла қоймайды.

Құрылымдық ойын арқылы, арт терапияны қолдана қолдану барысында ойлау, сөйлеу дағдыларын, ішкі жан дүниесін сурет салумен жеткізді.

Үнемі топпен бірге жұмыс жасау барысында қиындық туғызған Айша есімді баланың дағдыларын қалыптастыруға өз ықпалы тигеніне өте қуандым.

«Ұшты ұшты» еркін ойынын түрін жүргіздім. Бұл жерде бала үні тыңдалды. Себебі балалар кім кімнен кейін кілемге отыратынын балалар өздері шешті. Ойын барысында балалардың көңіл күйі көтеріліп, ойын ережесін сақтап ойнады. Бір -бірімен сөйлесе отырып, сөйлеу дағдысы мен достық қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік бердім. Ойын шарты бойынша сұрақтарға жауап беріп, ойыннан алған әсерлері туралы әңгімелеп беріп, сөздік қорлары молайды. Балалардың ойлау сөйлеу, бір-бірін силаға үйрену, ойынға деген қажетті дағдылары көрініс тапты.

Жаңартылған оқу бағдарламасындағы құрылымдалған, педагог жетекшілігімен және еркін ойындарын кіріктірген себебім, балалар белсенді түрде дамиды, барлық балалар ойынға қатысады, тұйық балалар ашыла бастайды, балалар жұппен, топпен жұмыс жасауға үйренеді .

Айша және Раяна есімді қыз балаларымыз «Анасы мен қызы» «Дәрігер» желілі ойындарын қызыға ойнайды.

Қорытындылай келсем, егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады.

Курстың мазмұны мен курс тыңдаушылардың бағдарлама мазмұнына, топтағы әрекеттеріне саралай, зерттей қарайтын болсам, бағдарламаның дамуы, тәрбиешілердің жігерленуі, өмірге деген көзқарасы, білімге деген құлшынысы дамып келеді. Себебі, нағыз педагогтар жаңалыққа жаны құмар, өзгеріске бейім, өмірге құштар, бала жанын түсінетін қамқор тәрбиешілер білім алуда деп ойлаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді бағалау тарихы
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін lesson study әдістемесі арқылы дамыту механизмі
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Педагог кадрларды даярлау процесі
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz