Дидактикалық ойындар арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін табиғат құбылыстарымен байланыстыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Өз білімін жетілдіру жұмысы бойынша тақырыптық жоспар

«Дидактикалық ойындар арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін табиғат құбылыстарымен байланыстыру»

Тәрбиеші: Абилова А. М.

2016-2017 оқу жылы

Түсініктеме

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.

«Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені», яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырумен табылады.

Мақсаты:

  1. Ересек тобы балаларының ойынарқылы заттар, табиғат, адамдар әлеміне экологиялық көз қарасын қалыптастру

Міндеті:

  1. Балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу
  2. Ауа райына байланысты жыл мезгілдерін ажырату
  3. Табиғатпен өзара байланыс негіздерін үйрету
  4. Суреттегі жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету

«Дидактикалық ойындар арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін табиғат құбылыстарымен байланыстыру» тақырыбындағы өз білімін жетілдірудің жылдық жоспары.

Ата-аналармен

жұмыс

Тәрбиешілермен

жұмыс

Балалармен жұмыс

Өтлетін

уақыты

Ата-аналарменжұмыс:
Тәрбиешілерменжұмыс:
Балалармен жұмыс:

1. «Бұл қай кезде болады?» ойыны.

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.

2. « Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата»

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.

Өтлетінуақыты: қыркүйек
Ата-аналарменжұмыс:

Серуен кезіндегі дидактикалық ойындар жинағы

«Серуенде біз ойнаймыз»

(брошюра)

Тәрбиешілерменжұмыс:
Балалармен жұмыс:

3. «Бұл қандай құс?»

Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстарды суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу. 4. «Қай жануар қайда мекендейді?»

Мақсаты: жануарларды ұқсас белгілеріне қарай табу, олардың мекен жайын анықтау.

Өтлетінуақыты: қазан
Ата-аналарменжұмыс:
Тәрбиешілерменжұмыс:
Балалармен жұмыс:

5. Жақсы және жаман істерді тауып көр»

Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Балалар берілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман, жақсы іс-әрекеттер екенін түсіндіреді.

6. Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрлілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.

Өтлетінуақыты: қараша
Ата-аналарменжұмыс:
Тәрбиешілерменжұмыс:
Балалармен жұмыс:

7. «Жапырағына қарай ажырат»

Мақсаты: ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба білуге жаттықтыру. Балалардың сөздік қорын толықтыру, есту, қабылдау қабілетін дамыту. Көрнекі құралдар: әр түрлі жапырақтар

8. «Нан дастарханға қалай келеді?»

Мақсаты: бидайды қалай өсіру және онан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншалардың еңбегін, құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын толықтыру: себу, диқаншы, комбайн, элеватор, диірмен.

Өтлетінуақыты: желтоқсан
Ата-аналарменжұмыс:
Тәрбиешілерменжұмыс:
Балалармен жұмыс:

9. «Туған қалаға саяхат»

Мақсаты: туған қала, онда қандай мамандық иелері тұратындығы, көлік түрлері, ондағы мәдени орындар жөнінде балалардыңбілімдерін бекіту.

10. «Дәміне қарай ажырату»

Баланың көзін байлап, оған тұзды қияр, тәтті кәмпит, ащщы жуа, қышқыл лион дәмін татқызады. Әр затты дәміне қарай ажыратып, не нәрсе екенін айтады

Өтлетінуақыты: қаңтар
Ата-аналарменжұмыс:
Тәрбиешілерменжұмыс:
Балалармен жұмыс: 11. «Жеміс дүкені»
Мақсаты: күнделікті өмірдегі заттардың бейнесін және пішінін ажырату, түріне, түсіне, құрылымына, өлшеміне қарай бірдей заттарды таңдап алу арқылы талғамын дамыту. 12. «Теректің жапырақтарын жинайық» ойыны.
Мақсаты: Теректің түсі бойынша жапырақтарды жинап табуға үйрету
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz