Логопедиялық тексеру


Логопедия негіздері 04. 02. 2021ж.
БМ -29 2 курс ІІ пар
оқытушы Кулмырзаева Ф. С.
лекция мәтіні
Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тілі жүйелерінің қай бөлігінің ақауланғанын анықтай білу және тексеру барысында алынған мағлұматтарды сапалы талдау қажет.
Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Анықтау немесе диагностикалау барысында тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайлары анықталады.
Диагностикалық іс-әрекеті - түрлі тексеру тәсілдерін пайдалану үрдісінде сөйлеу жүйесінің әртүрлі компонентерінің бұзылуын анықтау мен қатар, оның сипаты, денгейі, күрделілігі және болашақ мүмкіндігі анықталады.
Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
-ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжатармен танысу барысында
баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау;
-жетекші әс-әрекетінің денгейін анықтап жас мөлшеріне сәйкестендіру;
-танымдық процестерінің, эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-байланыстырып сөйлеуін анықтау;
-тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру денгейін анықтау.
Логопедиялық тексеру барысында алынған мағлуматтарды жинақтап, талдап, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтауда толығымен келесі қағидаларға сүйену қажет:
-даму қағидасы;
-жүйелік;
-сөйлеу тілінің бұзылыстарын психикалық дамудың басқа жақтармен байланысты көрсету.
Логопедиялық тексеру қағидалары
Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың өзінің диагностикалық және коррекциялық іс-әрекетінде негізгі теориялық ұстамдарды басшылыққа алуы деп түсіну қажет.
Диагностикалық және коррекциялық жұмысты ұштастырудың басты теориялық негізі Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің еңбектерінде қарастырылған компенсаторлық және даму заңдылықтары, баланың дамуының қозғалтқыш күштері туралы ілімдері болып саналады.
Тексерудің бірнеше қағидалары белгілі:
- Жүйелі тексеру қағидасы сөйлеу тілінің әр түрлі компонентерінің:
дыбыстық, фонематикалық, лексикалық, лексикалық-грамматикалық жағының жүйелі байланысына негізделген.
- Кешенді ықпал - сөйлеу, интеллектуалдык, танымдық іс-әрекетінің
мағлұматтарымен қатар көру, есту, қимыл сферасы, соматикалық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
- Іс-әрекеттік қағида. Аталған қағиданың іске асыру - түзету жұмысының мақсатын, бағытын анықтап, түзету тәсілдерін, жұмыс барысында қолданатын іс-әрекет түрлерін (ойлау, оқу, танымдық) анықтауға мүмкіндік береді.
- Динамикалық тексеру қағидасы- баланы оқыту процесінде бақылап,
тексеріп оның потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауды көздейді.
- Онтогеникалық қағида. Тексеру және түзету жұмысын
ұйымдастыруда баланың онтогенезде сөйлеу тілінің, психикалық даму заңдылығын ескеру.
- Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру және түзету жұмыс барысында
алынған мағлұматтарды сапалы талдау қағидасы динамикалық тексеру қағидасымен тығыз байланысты. Барлық аталған қағидалар өзара тығыз байланысты және бұл қағидалар түзету жұмысында кеңінен қолданылады
Логопедиялық тексерудің кезеңдері
Балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың тәсілдері
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тіліндегі мүкістіктің ішкі сырының ерекшелігін және оның ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сөйлеу тіл жүйелерінің қайсы бөлігінің ақауланғанын талдай білу қажет. Сөйлеу тілнің мүкістерінің ерекшелігі мен оның күрделілігіне байланысты әрбір нақтылы жағдайға сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу керек. Бірақ қандай жағдай болмасын кейбір негізгі талаптарды естен шығармау қажет.
Мүкістіктер сөйлеу тілінің фонематикалық, лексикалық және грамматикалық жақтарын да қамтитыны белгілі. Бұл сөйлеу тілінің фонематикалық барысын, сөздік қорын, грамматикалық құрылысын жан-жақты тексеру деген сөз. Сонымен бірге мектеп оқушыларының оқуы мен жазуын да тексеру қажет.
Сөйлеу тілінің мүкістерін талдауға жүйелі тәсілді қолданудың, сөйлеу тілінің қайсы бөлігінің бұзылғанын анықтап қана қоймай, сонымен бірге оның басқа бөлімдерімен де қандай байланысының бар екенін шамалауға мүмкіншілік беретін ерекшелігімен маңызды. Мысалы, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы өз бетімен дербес болып келуі белгілі, бірақ ол көп жағдайларда сөйлеу тілінің фонетикалық жағын, ал кейде, тіпті фонетика-фонематикалық және лексика-грамматикалық жақтары сияқты жалпы дамуын да қамтитын бұзылудың күрделі нышанын білдіретін ақаулықтарға сай келуі мүмкін. Осының барлығы тексеру барысында ашылуы керек.
Бірақ, логопедиялық жұмысында бұл әрдайым ескеріле бермейді, осы уакытқа дейін ақаулыққа қолданылатын әрекеттер оның ең жиі көрінетін сыртқы белгісіне қарап белгіленеді, оның басқа бөлімдерімен байланысы ашылмайды, нәтижесінің қандай болатыны, қандай зардапқа әкеліп соғуы мүмкін екені ескерілмейді. Мысалы, сөйлеу тілі дыбыстарын естіп қабылдауының, ажыратуының жеткіліксіз дамуы жекелеген дыбыстардың айтылуындағы бұзылуына және баланың фонематикалык түсінігінің кешеуілдеп қалуына себепші болуы мумкін. Сондай-ақ ол сөйлеу тіліндегі дыбыстардың талдауының қалыптаспауына, демек оқуы мен жазуын менгеруіне де әсер етуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендей, сөйлеу тілі бұзылуының әрбір көрінісі бір мезгілде басқа да бұзылулардың шығуына себепші болуы мүмкін. Бұл жағдай сөйлеу тілі мүшелерінің қайсы бөлігінің бұзылғанын анықтағаннан кейін, соған қатысты басқа мүшелері қандай жағдайда екенін байқап көріп, тексерген кезде назарда болу қажет.
Сөйлеу тілі құрамын, дыбыстардың айтылуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылысын, жазуы мен оқуын тексерген кезде қолданылатын тәсілдерге және нақтылы әдістерге тоқталамыз. Тәсілдің немесе әдістің қайсысын болмасын әйтеуір біреуін қолданғанымен сөйлеу тілі бұзылуының ерекшелігі туралы бірден қорытынды жасауға болмайды. Тек тексерудің нәтижесін салыстыру және талдау арқылы сөйлеу тілінің ақаулығы туралы анық айтуға болады.
Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізу қажет. Әңгімелесу барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жара-қаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (анамнез жинақтау) . Ата-аналардың берген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді.
Сөйлеу тілі ақаулыктарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру керек. Сондықтан, баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан ары қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет.
Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлтттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоктығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына ортаның қандай ықпал тигізгендігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедтен бұрын кеңес алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек. Егер бала бұған дейін балалар мекемелерінің қайсы біреуінде тәрбиеленген болса, онда ата-ананың берген мәліметтері педагогикалык мінездемемен толықтырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz