Қазақ қаһармандық эпосының тарихилығы және көркемдік ерекшеліктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ қаһармандық эпосының тарихилығы және көркемдік ерекшеліктері
Қазақ эпосы елдің тілдік , халықтық тұтастығы орныққан дәуірлерде туған . Оның басы ноғайлы дәуірі ( XV -- XVI ) , аяғы XVIII ғасырдағы қазақ хандықтары болды деген анықтаманың негізі жоқ емес . Алайда халық , феодал сияқты таптық жіктелу ең алдымен феодализм кезеңінде туған болса , тарих иесі , эпостың шын жаратушысы тайпалар ішінде жүрген қалың шаруаларды есептен шығарып тастауға негіз жоқ . Қай кезде болмасын , барлық тірлік , даму тенденциялары , алдымен , тайпа , ұлысқа ұйысқан , хандардан тәуелсіз болғысы келген , өздерінің еркіндігі ұшін сан заман қырда Қытай мен монғол , ойда Иран мен араб империясымен күрескен тайпалар ортасын да болған . Сол үшін қазақ эпосының басы тайпалық бодан , шаруалар ортасында , көбіне антифеодалдық мазмұнда туған дейміз .
Сонымен , біз қазақ эпосы қай кезеңде туды деген мәселені сөз еткенде , оны ең алдымен тарихи оқиғалар ізінен және түрліше тотемдік , мифтік , діни ұғымдардан , жер - су , кісі аттарынан іздеуіміз шарт . Сонда ғана қазақ эпосына таптық сана қай кезде ене бастаған , фольклордағы мифологиялық ойлау қалай туған , тайпалық , ұлттық , халықтық сипат қалай орныққан деген мәселелерге дұрыс жауап бере алмақпыз . Барлық эпос геройларын мезгіл - мекенсіз социологиялаудың берері жоқ . Мұның бәрі фольклордағы фантазия қуаты мен көркем ойлаудың , тілдік құбылыстардың өркендеу процесін рухани мәдениет тарихына жақындау келіп зерттеуге жол ашады . Әрбір образға әдеби мінездемемен қатар тарихи тұсінік беріп отыру шарт . Көркем ойлау , көшпелі өмірде сапа мен тілдің табысы , рухани жағынан ең марқа құбылыс болса , түрлі тарихи формацияларға синантроп , антропология , неолит , андрон мәдениеті деп келуден гөрі фольклор тарихы арқылы келу мақсатқа көп жақын . Бұл үшін қазақ фольклорының табиғаты мен генезисін тілмен қатар қойып зерттеу қажет . Сюжет тарихтан туады . Қазақ эпосының табиғатына қарап отырсақ , көркем ойлау тотемдік , мифологиялық , тарихи реалдық сатылардан өткен екен . Халық санасында тайпалық із , эпос тудырған арна- осы .
Қазақтың қаһармандық эпосы ішінен жұртшылыққа неғұрлым танымал Алпамыс батыр, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр секілді нұсқалардың жалпы бітімінде классикалық батырлар жырына тән өрнектер толығырақ байқалады. Мұның өзі түрлі халықтар эпосы арасында кең мағынасындағы тарихи - типологиялық ұқсастықтар, маңызды заңдылықтар орын алатындығын аңғартады.
Зерттеушілердің көрсетуі бойынша қаһармандық эпостың көбіне тән негізгі белгілердің бірі - болашақ батырдың ғажайып туысы болып табылады. Бұл сарын (мотив) эпостан бұрынғы жанрларда да (ертегі, аңыз) кездесетіні белгілі. Болашақ батырдың ғажайып туысының мифтік персонаждармен генетикалық байланысы, мифологияның ыдырауы кезеңінде пайда болған кейіпкерлерге қатысы бар екендігі кәміл. Қаһарманның қандай жағдайда туғанын тәптіштеп айту тек композициялық тәсіл немесе өмір-баяндық қажетті элемент қана емес, мұның мәні тереңіректе жатыр. Байқап қарасақ батырдың туғанына дейінгі ахуалды ескерту үлкен идеялық қызмет атқарады екен. Қартайған ата - ананың, дүйім бір елдің жаратқаннан перзент сұрап, мінажат етуі жеке семьялық тілек қана емес, белгілі бір ру, тайпаның шын мүддесі де болып есептелуі эпостың басталуына ерекше құпия қуат дарытқандай болады. Демек, қаһармандық дастан экспозициясы аса үлкен көркемдік роль ойнайды.
Бұл жағдай Алпамыс батыр жырында неғұрлым толық түрінде берілген. Бүкіл Жиделі - Байсынды жайлап жатқан Байбөрі байдың салтанатын көсілте суреттеу белгілі мақсатты көздейтінін көруге болады.
Бұрынғы өткен заманда,
Дін - мұсылман аманда,
Жиделі - Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде,
Байбөрі деген бай шықты.
Тоқсан мың екен қарасы
Мұрындық ноқта тимеген,
Түйешілер мінбеген.
Сексен мың екен маясы.
Бірақ осыншама шалқыған байлық Байбөріге бір мысқалдай да бақыт бермепті. Оның себебін жыр соншама бай болса да, жоқ еді ердің баласы деген сөздермен тұжырымдайды. Рулық - патриархалдық заманда, ата мүлкіне бала ғана мұрагер болатын жағдайда перзентсіздік деген кімге де болса үлкен кемшілік саналатын. Билік пен бедел күшке негізделген дәуірдің салт - санасын көп қорқытады, терең батырады, көсеуі ұзынның қолы күймес, көптің бір аты - зорлық деп келетін мақалдардан да байқауға болады. Баласыздықтың зары Алпамыс батырда Байбөрі аузымен былай айтылған:
... Алмадың құдай жанымды,
Бір баланың жоғынан
Ағайын жеді малымды.
Айналайын атыңнан,
Жаратқан жалғыз құдайым,
Бір баланың жоғынан
Зорлық қылды маңайым.
... Баласы жоқ адамның
Әркімге ақы кетеді.
Байбөрі қу бас деген сөз
Сүйегімнен өтеді...
Міне осындай жағдайда тәңірден бала тілеп, сұрауы қабыл болғанын көрсету ерекше мәнділікке ие болмақ. Бұл тұста адамның жаралуы туралы көне ұғым елес береді. Ерте заманда дүниедегі күллі жануардың иесі, жебеушісі болады деген ұғым үстем болғаны белгілі. Баланы мінәжат етіп, тілеп алуға болады деген түсінік осыдан туған. Байбөрі мен Аналықтың перзент аңсаған әрекеті төмен-дегіше жүйеде көрінеді.
Баласыздық зары. Жебеуші күш-терге жалбарыну. Әзірет сұлтанға бала тілеп аттану. Әулиеге түнеу, садақа үлестіру. Бабай түкті шашты Әзіз әулиеге сапар шегу. Намаз оқып мінәжат ету. Таңсәріде ақ сәлделі, қолында асасы бар диуана келіп, бұларға бір ұл, бір қыздарың болады деп аян беруі. Аналықтың қабылан етіне жерік болуы. Алпамыстың дүниеге келуі. Ұлан асыр той жасалуы.
Жырда бұлардың бәрі де кең таратылып, келісімді сипатталады. Айтушы жыршы қаһарманның тууы ғажайып күш-терге байланысты екеніне әдейі мән беріп, мұны айрықша оқиға дәрежесіне көтере суреттейді. Алпамыс туғанда Байбөрі жасаған той да ерекше дарқан пейілді аңғартқандай болады.
Болашақ батырдың ғажайып тууы қазақтың, түркі, монғол тілдес басқа халық-тардың да эпосында жиі кездеседі. Қазақ жырларынан бұл сарынды Қобыланды батыр, Мұңлық - Зарлық, Шора батыр, Едіге батыр аңыздауларынан ұшыратамыз.
Батырдың ғажайып жағдайда дүниеге келуі барлық жырларда түгел тізіліп, жүйелі баяндала бермейді. Оның себебін жырдың айтылу дәстүріне, варианттылығына, не қысқарып, не ұлғайып отыратын табиғатына байланысты қараған жөн. Қазіргі романдарда қаһармандардың туғанынан ер жетіп, кемел істер атқаратынына дейінгі өмір желісі түгел қамтылып айтыла бермейтіні секілді эпоста да мұндай заңдылық орын тебетіндігін көреміз. Мәселе жекелеген жырлардың құрылысындағы әр түрлілік туралы болып отырған жоқ. Қаһармандық эпостың классикалық, неғұрлым барлық нышандары сақталған нұсқаларына тән басты белгілер жайында ғой.
Егер эпикалық батырдың өмір бастауы осындай керемет оқиғалармен өрнектелмесе, оның кейінгі алуан, сұрапыл ерліктерін түсіне алмаған болар едік. Есейіп, ақыл, қайраты толысқан кезде мың жауға жалғыз шабатын батырды жараты-лысынан ерекше ерен етіп көрсетудің психологиялық мотивировкасы осында жатыр.
Қаһармандық эпостың көбіне тән ерекшеліктің енді бірі - батырдың ерте есеюі, алыптықты жастайынан танытып отыруы. Бұл да кездейсоқ емес, эпикалық идеалдандырудың заңды сатысы. Архаикалық элементтері көбірек сақталған саха (якут) эпостарында қаһарманның жедел жетілуі соншалық көтеріңкі, әрі кең таратылып айтылады. Қазақ эпосында да осы дәстүрдің ізі байқалады, жалпы түркі монғол эпикалық жырларымен типоло-гиялық ұқсастық, заңдылығы анық сезіледі.
Қобыланды батыр жырынан үзінді келтірейік:
... Алты жасқа келгенде
Арыстан туған Қобылан -
Қазынадан қамқа киеді.
Өзімнің еншім болсын деп,
Тобылғы меңді торы атты,
Енші қылып мінеді,
Қобыландының тілегін
Бүкіл қыпшақ тіледі.
Қайыры көп халқына
Енді түсіп салтына,
Таулар күйіп, тас жанған
Алты жасар баланың
Елбеңдеген зарпына
Өзі алты жасында
Қаршығасы қолында
Тазысы ерткен соңында...
Қазақ эпосының інжу - маржан-дарының бірі - Алпамыс батырда Алпамыс он жасқа шыққанда алыстағы қалыңдығын іздеуге әзірленген болып көрінеді. Ол жылқыға барып, ат таңдағанда тапқырлық та, қайраттылық та танытады, шұбар атты құйрықтан алып лақтырады, өзінің ырқына әбден көндіріп алған соң ғана тұлпарға мініп, мақсатты жағына қарай тартып отырады. Эпос осылайша, жылдардың оқиғаларын бір ақ аттап, қаһарманды шапшаң сапқа тұрғызады, өзіне тән тәсілмен батырлық пырағына мінгізіп, ерлік ғарышына беттетеді:
... Шұбарды бала ұстады,
Ашуы жаман қыстады.
Үйіне де келмеді
Мен кетемін демеді,
Жалғыз бауыры Қарлығаш,
Кетерін де білмеді,
Саймандарын сайланып,
Алтыннан кемер байланып,
Абжыландай толғанып,
Қызыл найза қолға алып,
Шұбарға қарғып мінеді.
Құдайдан медет тіледі,
Қарғып мініп жас бала,
Ашуы кернеп жөнеді
Қаһармандық эпоста сүйіспен-шілікпен суреттелетін бейнелердің бірі - жүйрік ат бейнесі. Ғасырлар бойындағы көшпелі өмір кешкен қазақ халқының тіршілігінде жылқы малының ерекше маңызы болғаны мәлім. Сауса сүт, мінсе көлік, сойса ет дегендей жылқы түлігі ел санасынан өшпес орын алған, бұл тарапта неше алуан аңыздар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған. Соның бәрінде жүйрік, жорға, тұлпар, арғымақ тұлғасы көкке көтеріле мадақталады.
Көне тарихтың куәгері - жылқының қоғам, жеке адам өміріндегі қызметі алуан түрлі. Орта Азияда жылқы өсіру тарихы біздің заманымызға дейінгі төрт мың жылдыққа барады екен. Бұл әлбетте, осы бір түліктің күллі қасиетін, сыр сымбатын жетік білерлік мерзім екені кәміл. Жылқының барлық тұқымы, жасы, түсі, мүшесі,тілдік қорымызда соншалық анық сипатталып отыратыны осыдан. Аттың сұлу тұлғасын суреттеген өлең, жыр жазба әдебиетте де мол.
Батырдың мінген аты жүйрік болып көрсетілуі қаһармандық эпостың түпкілікті идеясына - елді сыртқы жаудан қорғау мақсатына тікелей байланысты. Ат ердің қанаты деген нақылда замандар бойында қалыптасқан түйінді пікір жатыр.
Қаһармандық эпоста батырдың аты түрлі жағдайда алуан сипат танытатын киелі жануар есебінде елестейді. Сол қасиеттерді жинақтап келгенде мынадай белгілері екшеліп шығады:
- Ұшқан құстан озатын ересен жүйріктігі;
- Алыс жолға алқынбай жететін қайратты, төзімділігі;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
Қазақ эпосындағы өмірбаяндық сарындардың дүниетанымдық негіздері және типологиялық сипаты
Қазақтың көне эпосы
Қырымның қырық батыры жырының лексикалық сипаты
Ежелгі түркі әдебиеті
Қазақ батырлары және көркем әдебиет
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Пәндер