Қазақстандағы орманды және далалық аймақтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Қазақстандағы орманды және далалық аймақтар

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2021

Жоспары

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 2 Қазақстанның орманды аймағы

2. 3 Қазақстанның далалық аймағы

ІІІ Қорытынды

Кіріспе

Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі - мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді. Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен жаз айларында азорлық антициклондық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт. -батыс және батыс, ал жазда солт. -батыс бағыттан соғатын жел басым келеді.

Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.

Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 - 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160 - 170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы - көктем, ұзақт. 1, 5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа температурасы жоғарылайды.

Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 - 300 мм, оның 70 - 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 - 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100 - 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 - 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады) .

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 - 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 - 45, 35°С-тан жоғарғысы - 10 - 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 - 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 - 29 күнге созылады.

Қазақстанның орманды аймағы

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек солтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0, 4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.

Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т. б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда сауықтыру және демалыс үйлері орналасқан. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т. б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т. б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді") . Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман - географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т. б. өседі.

Орманды дала белдемдері - табиғи күйінде орман мен дала алқаптары кезектесіп орналасатын географиялық белдемдер; қоңыржай және субтропиктік белдеулерге тән; табиғат ландшафтыларында далалармен алмасып отыратын ормандары басым құрлықтың табиғи зоналары.

Қоңыржай белдеуде орманды-дала зоналары, негізінен, Солтүстік жарты шардағы Еуразия мен Солтүстік Американың материктік ішкі аудандарында дамыған. Қазақстанның солтүстік жағын қамтиды. Климаты қоңыржай континенттік, қысы суық, өсімдіктердің өніп-өсуі қыста тоқтайды. Табиғи өсімдігі бойынша орманды даланы жалпақ жапырақты және қылқанды-ұсақ жапырақты ормандар мен прерийлерге бөледі. Субтропиктік белдеулерде орманды-дала зоналары Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африканың оңтүстік-шығысында, Шығыс Азияда және Аустралияда таралған. Климаты субтропиктік, қысы жылы, жазы ыстық. Субтропиктік саванналар мен прерийлерде шөптері биік, әр түрлі бұталар мен ағаштар сирек өседі.

Қоңыржай белдеудің орманды дала белдемдері тек солтүстік жарты шарда ғана бар. Еуразияда Карпаттан Алтайға дейін үздіксіз созылып жатады. Орта Дунай жазығында, шығыста Орта Сібірдің оңтүстігінде, Амур-Сахалин аймағында және Қытайдың солтүстігінде жеке аралдар түрінде ғана кездеседі. Солтүстік Америкадағы Ұлы жазықта меридиан бағытымен созыла орналасқан (жауын-шашынның шығыстан батысқа қарай өзгеруіне байланысты) . Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -2 - 20 0 С-қа дейін. Жазы жылы, шілденің орташа температурасы 18 - 25 0 С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 - 1000 мм. Негізінен, Орманды дала белдемдерінде орманның сұр топырағы мен қара топырақтың түрлері (сілтісіз, күлгінденген, шалғындық) тараған. Климаты континенттік, ішкі аудандардың топырағы сор, сортаң. Табиғи өсімдік жамылғысында шағын орман массивтері мен шалғынды дала алқаптары кезектесіп келеді. Ормандары қылқанды, жалпақ жапырақты және ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен тұрады. Еуропалық Орманды дала белдемдерінде орман негізін емен мен жөке құрайды, оларға батысында граб пен шетен қосылады. Батыс Сібірде - қайың мен көктерек, Орта Сібірде - қайың, қарағай, балқарағай, Солтүстік Америкада - қайың, көктерек, батысында емен өседі. Белдемнің орманнан басқа жерлерінде шалғынды және әр түрлі шөпті-астық тұқымдас дала өсімдігі өседі. Фаунасы орман мен дала өкілдерінің қосындысынан тұрады. Орман өкілдерінен - бұлан, тиін, орқоян, елік, сусар; далалық жануарлардан - қосаяқ, саршұнақ, суыр мекендейді. Белдемнің климат-топырақ жағдайлары бидай, сұлы, жүгеріден және технологиялық дақылдардан мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Субтропиктік белдеудің орманды дала белдемдері негізінен Солтүстік Америка (Ұлы жазықтың батысында) және Оңтүстік Америка (Бразилия таулы қыратының оңтүстігінде) құрлықтарында таралған. Климаты субтропиктік, муссондық. Қысы жылы. Ең салқын айдың орташа температурасы 4 - 12 0 С, ең жылы айда 20 - 24 0 С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 600 - 1200 мм. Шығымдылығы өте жоғары қызғылт-қара топырақ сипатты. Өсімдігі негізінен астық тұқымдас және емен мен карри басым ксерофильдік сирек ормандар мен бұталар өседі. Оңтүстік Американың орманды дала белдемдерінің ішкі аудандарын саванна мен пампа алып жатады. Орман өсімдігі шеткі аудандарында таралған (мимоза, акация, т. б. ) . Африка мен Австралияның Орманды дала белдемдерінің ағаш өсімдігі негізінен өзен аңғарларында өседі. Жануарлар әлемін дала мен саваннаға тән түрлер құрайды. Қоңыржай белдеудің орманды дала белдемдерінің бір шеті Қазақстан жеріне кіреді. Белдем ''54 0 солтүстік ендіктен солтүстікке қарай таралған. Аумағы 66 мың км², ені 100 - 250 км. Орманды дала белдемдері Қазақстан аумағындағы агроклиматтық тұрғыдан ең ылғалды және шағын табиғи белдем. Жер бедері өн бойында тегіс жазық (Есіл аккумуляц. жазығы) . Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 350 - 400 мм. Жазы қоңыржай, шілденің орташа температурасы 18 - 19 0 С. Қысы қатаң, аязды. Қаңтардың орташа температурасы -18 - 19 0 С. Ең төменгі температура -53 0 С. Қара топырақтың кәдімгі, сілтісіз және шалғын қара топырақ тәрізді түрлері таралған. Өте аз мөлшерде орманның сұр топырағы кездеседі.

Орманды дала арасында қияқ пен астық тұқымдастар басым өскен түкті қайың, шоқ қарағайлардан тұрады. Мұндай шағын ормандардың аласа ағаштары ретінде солтүстіктің талдары - шілік, сушілік, ақшілік, ойпаң жерлерінің тұзды топырағында қызыл немесе қырғыз қайыңы, құмды, құмдақ жерлерінде қарағайөседі. Құрғақ жерлерінде астық тұқымдас шөптер: қызыл боз, құмдақ боз, бетеге, қоңырбас, арпабас, бидайық, сұлыбас, т. б. тараған. Орманды дала белдемдеріне тән сүт қоректілерге ақ қоян, орқоян, ақкіс, түлкі, қасқыр, елік, бұлан; құстардан құр, кекілік жатады. Қайыңды шоқ ормандарында күйкентай, бөктергі, ителгі, бүркіт, тоқылдақ, торғайдың түрлері, батпақты жерлерде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей кездеседі. Орманды дала белдемдері - Қазақстандағы астықты аймақ қатарына жатады.

Қазақстанның далалық аймағы

Дала - Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау, боз бетеге, қоңырбас, т. б. ) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шөл жағдайындағы жайылым
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Қазақстанның климатына әсер етуші факторлар
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Биогеохимиялық аймақтар, олардың сипаттамалары және тұрғындар денсаулығы
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Қазақстанның табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz