Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе

Жоғары медициналық колледжі»МКК

Мәнжазба

Тақырыбы: «Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия»

Орындаған:Туманшина Г. Б

Топ: 212 Лабораториялық диагностика

Тексерген:Тобажанова Р. Р

Жоспары:

Эпидемиология және жұқпалы аурулар туралы түсініктерін

  • Эпидемиология және жұқпалы аурулар туралы түсініктерін
  • Жұқпалы аурулардың алдын-алу негіздерін
  • Аллергия және анафилаксия туралы түсініктерін
  • Жұқпалы аурулар диагностикасының маңызды тәсілдерін
  • Жұқпалы аурулары бар науқастардың емін, күтімін
  • Жұқпалы аурулардың алдын-алу негіздерін
  • Аллергия және анафилаксия туралы түсініктер.

Жұқпалы аурулар: Жұқпалы ауррулвр эпидемиологиясы эпид. процесстің объективті заңдылықтары туралы және адамдар арасында инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралуы, алдын алуы туралы ғылым.

Эпид. процессті инфекциялық аурудың таралуы, белгілі бір механизм арқылы берілуі деп түсінеміз. Эпид. процесс даму үшін 3 сатыдан өтеді: 1. инфекция көзі; 2. берілу механизмі; 3. микроорганизм қабылдаушы.

Жалпы және жеке эпидемиологияны бөледі. Жалпы эпидемиология теориялық дисциплина, эпид. процесстің жалпы заңдылықтарын және қарсы күресу жолдарын, инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алуын зерттейді.

Жеке эпидемиология осы сұрақтарды бөлек нозологиялық формалы ауруларды зерттейді.

Инфекциялық аурумен ауырған науқасты амбулаториялық поликлиникалық мекемеде жұқпалы ауруханада және бөлімшелерде арнайы шамандындырылған медициналық көмек көрсетіледі. Амбулатория поликлиникалық бөлімшелердің құрамына жұқпалы аурухана кабинетті, дәрігерлер және учаткелік дәрігерлердің қатысумен науқастарды қабылдайтн бөлме, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу, диагнозды анықтау, госпитализациялауды қаағалау, амбулаториялық нақастарға ем жүргізу, ауырып жазылған науқастарды қадағалау.

Инфекциялық науқастардың тағамдарына, эпидемиологиялық және клиникалық көрсетіп еміне қарай госпитализациялау. Эпидемиологиялық көрсеткіштеріне қара инфекциялық науқастың қауіп қатер тобын анықтауға мүмкіндік береді. Мүмкіәндік болған жағдайда қорғауға алу (жатаққанада болса, балалар үйінде және т. б. ) . Науқаспен үй адамдары және тағамдық өндірістегі жұмысшылармен, балабақшада қатым-қатынаста болған жағдайда. Үйлеріне халық көрсеткіштеріне қарай аурудың ағыныманықтауға болады. Тез арада тексеру жұмысын және ем жүргізу керек. Стационарда меемесін табу, асқуын және қауіп қатер тобын дамуын анықтау. Амбулаториялық жағдайда жүргізілген еленің эффектілігін сатысы, сонымен қатар диагнозды анықтау

Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері.

Жұқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшелігі:

  • контактылығы - жұқпалы ауру қоздырғышының сау адамға берілу қабілеттілігі.
  • арнайылық - әрбір патогенді микроорганизмдер процестің белгілі бір орналасуы мен және зақымдалуымен сипатталатын ауру.
  • циклділігі - аурудың кезеңдерінің кезектесіп ауысуы: жасырын кезең - бастапқы - өршу - жазылу.
  • Залалданған ағзаның микроорганизмге әсері - жұқпалы процесс даму барысында макроорганизм жүйелі түрде әсер етеді (жүрек қан тамыр, жүйке, ас қорыту, эндокринді, несеп шығару жүйелері) .
  • Спецификалық иммунитеттің қалыптасуы - жұқпалы процесс даму барысында спецификалық иммунитет қалыптасады оның ұзақтығы әр ауруда әртүрлі болады.
  • Этиотропты препараттарды қолдану - жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды емдеу кезінде қолданылатын препараттар ауру қоздырғыштарына тікелей әсер етеді.

Эпидемиялық үдеріс

Эпидемиялық үдеріс деп жұқпалы аурудың қоздырғыштары түрлі жұғу жолдарымен берілетін және тұрғындар арасында таралу әсерінен инфекциялық үдеріс дамиды.

Эпидемиялық үдерістің дамуы үшін міндетті турде 3 фактордың болуы қажет:

1 инфекция көзі

2 қоздырғыштың берілу механизмі

3 қабылдағыш макроорганизм

Инфекция көзі деп тірі немесе абиотикалық объект болып келеді, оның табиғи тіршілік ортасында қоздырғыш көбейеді және жиналады және олардан дені сау адамдарға жұғуы мүмкін. Патогенді микробтардың табиғи тіршілік ортасын немесе мекендейтін жерін резервуар деп атайды. Осы резервуарына байланысты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын 3 топқа бөлуге болады: антропоноздар, зооноздар және сапроноздар.

Топтар
Негізгі инфекция көзі
Мысалдар
Топтар: Антропоноздар
Негізгі инфекция көзі: Адам
Мысалдар:

Іш сүзегі, вирусты гепатит

А, дифтерия, қызылша,

бөртпе сүзегі, эпидемиялық паротит және т. б

Топтар:

Зооноздар

(зооантропоноздар)

Негізгі инфекция көзі: Жануарлар (сирек жағдайда адамдар)
Мысалдар:

Құтыру, сарып,

геморрагиялық қызба,

Қу-қызбасы, туляремия

және т. б

Топтар:

Сапроноздар

(сапрозоноздар)

Негізгі инфекция көзі:

Топырақ, су

(жануарлар да болуы мүмкін)

Мысалдар: Ботулизм, иерсиниоздар, легионеллездар, лептоспироздар, сібір күйдіргісі, сіреспе және т. б.

Инфекциялық аурулар кезінде қоздырғыштардың берілу жолдары мен механизмі

Берілу механизмі
Берілу жолдары
Берілу факторлары
Берілу механизмі: Фекалды - оралды
Берілу жолдары:

Алиментарлы

Су

Тұрмыстық - қатынас

Берілу факторлары: Тағам, су, ыдыс және таза емес қолдардан
Берілу механизмі: Аэрогенді
Берілу жолдары:

Ауа - тамшылы

Ауа - шаң тозаң

Берілу факторлары:

Ауа

шаң

Берілу механизмі: Трансмиссивті
Берілу жолдары:

Қан сорушылардың шаққанынан,

парентералды

Берілу факторлары:

Қан сорғыштар, қан, қан препараттары, шприцтер, хирургиялық құрал

жабдықтар

Берілу механизмі: Қатынастық
Берілу жолдары:

Жарақаттық

Жыныстық - қатынас

Берілу факторлары: Топырақ, бездің сөлдері, қан компоненттерінің болуы
Берілу механизмі: Вертикалды
Берілу жолдары:

Трансплацентарлы,

ана сүті арқылы

Берілу факторлары: -

Жұқпалы аурулардың жіктелуі.

Қазіргі кезде жұқпалы аурулардың нақты бір жіктелуі жоқ, бір жағдайларда этиологиясына қарап бөлінсе, бірде қоздырғыштың резервуарына байланысты бөлінді. Ал, қазіргі таңда Л. В Громашевскидің жітелуі бойынша қоздырғыштың орналасуына және жұғу механизміне бағытталған: ішектік, тыныс алу, қанды және тері жабынды инфекциялары.

Ішек инфекциялары. Ішек инфекциялары адам ағзасына ауыз арқылы асқазан ішек трактісіне тағам немесе су арқылы түсіп, біріншілік шоғырланып арнайы өзгерістер туғызады. Ішек инфекцияларына жататындар - іш сүзегі, А және Б қылаулары, дизентерия, тырысқақ, тағамдық токсикоинфекция, вирусты гастроэнтериттер, вирусты гепатит А және Е.

Тыныс жолдарының инфекциялары. Бұл инфекциялардың алғашқы ену қақпасы жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары. Тыныс жолдарының инфекцияларына жататындар - менингококты инфекция, көкжөтел, тұмау және басқа ЖРВИ- лар, қызылша, қызамық, желшешек, жәншау, эпидемиялық паротит.

Қанды инфекциялар. Бұл кезде қоздырғыш қанда және лимфада орналасады. Қанды инфекцияларға жататындар - безгек, бөртпе сүзегі, вирусты энцефалиттер, геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, лейшманиоз және т. б.

Тері жабынды инфекциялары - құтыру, сібір күйдіргісі, сіреспе, сап, аусыл, АИЖВ-инфекциясы.

  • Тұмау этиологиясы, инфекция көзі
  • Берілу механизмдері
  • Патогенез, алдын алу шаралары
  • Емдеу, арнайы профилактика
  • Тұмау эпид. ерекшеліктері

Тұмау - қоздырғышы ауа-тамшы механизммен берілетін, эпидемия және пандемия тудыруға бейім, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен көрініс беретін, жедел респираторлы инфекция.

Этиологиясы. Қоздырғышы - ортомиксовирустар туыстығына жататын РНҚ-ы бар вирус, Вирустың А, В және С серотиптері белгілі.

Вирустар жоғары температураға төзімсіз, төменгі температураға өте төзімді. Әдеттегі физикалық және химиялық дезерітінділерге жылдам жойылады. Бөлме температурасында бірнеше сағатта, 50-60С-та бірнеше минуттың ішінде жойылады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы. Ауру адамнан ауаға бөлінген аэрозоль 1-3, 5 метрге дейінгі қашықтыққа тарала алады.

Патогенезі. Барлық ЖРИ-дың барлық түрлерінің патогенезі ұқсас. Ұқсастығы мынадай жағдайларға байланысты: вирустың эпителиге троптылығы, токсикалық әсеріне және вирусемияға, ағзаның қарсы тұру күшінің төмендеп, екіншілік бактериалды асқынуларының дамуына әкелуі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарында дегенеративті - десквамативті үдерістер жүреді, цилиндрлі эпителийдің клеткалары жартылай өтеді. Шырышты қабат өзінің қорғаныс қабатынан айырылып екінші бактериалды флораға қолайлы жағдай жасайды.

Е. С Кетиладзе (1980) ЖРИ-дың патогенезінде негізгі 5 фазаны бөледі:

1-фаза - вирустың тыныс алу жолдарының эпителиіне репродукциялануы.

2-фаза - вирусемия, ағзалар мен жүйелердің токсикалық немесе токсикоаллергиялық реакциялары.

3-фаза - тыныс алу жолдарында қабынудың дамуы

4-фаза - бактериалды асқынулары.

5-фаза - патологиялық үдерістің кері дамуы.

Клиникасы. Инкубациялық кезең А тұмауда бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады. В тұмауда 3-4 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғарлайды 39-40 градусқа, қалтырап-дірілдейді, басы айналады, бұлшық еттері, буындары ауру мүмкін, жалпы әлсіздік болады. Келесі күндері тұмау белгілері айқындала басталады: қатты бас ауырады, жиі самай тұсы, маңдай тұсы, қас үсті кейде шүйдесі ауыруы мүмкін, ұйқысы бұзылады, құсады, кейде сандырақтау, елестеушіліктер, құрысулар, есінің бұзылуы болады. Катаральды белгілер тұмауда айқын білінбейді, аздап мұрын бітеді, жөтеледі, тамағының жұтынғанда ауырсынуы. Геморрагиялық синдром туындағанда мұрыннан қанайды, көзі қызарады, терісінде петехиальды бөртпелер шығады. Науқас бозарады, қызыл демографизм, терлегіштік, кейде ішінің ауырсынуы.

Күтім ерекшеліктері. Тұмауды емдеудегі ең маңызды роль дұрыс күтімде болады. Науқастарда реинфекция болмас үшін олардың бір палатада орналасу ұзақтығын көңілге алу қажет. Барлық қызба кезеңінде науқас қатал төсектік режимде болуы керек. Науқастың күтіміне және емдік шараларды жүргізіп отырған медбике ауырудың жоғары контагиоздығына байланысты үнемі бетпердеде жүруі міндетті.

Науқастар орналасқан бөлме кең әрі жарық болуы керек. Бөлмені тәулігіне 4-6 рет желдету және бұл кезде науқастар жылы көрпемен оранып төсекте болуы қажет. Науқастарға үнемі жылы сұйықтықтармен (бал қосылған шай, морстар) қамтамасыз ету. Науқаста жоғары тершеңдік болған жағдайда медбике науқастың киімін уақытысымен ауыстырып тұру. Мұндай науқастарда нейротоксикоз белгілері болғандықтан бөлімшеде қорғау режимі сақталу керек.

Медбике науқасты ауырудың клиникалық белгілерінің және асқынуларының дамуын үнемі бақылап отыруы керек. Өкпе қабынуымен асқынған науқастарға төсекте жартылай отыруына ықпал жасап, науқасқа ылғалданған оттегі беріледі. Өкпе ісіну, ми ісінуі және токсикалық шок дамыған жағдайда науқасты жансақтау бөліміне тез арада ауыстырылуы керек.

Емі.

1. Режим (барлық қызба кезеңінде төсектік) .

2. Тұмаумен ауырған науқастарға өте көп мөлшерде сұйықтық (шай, шырындар, морс), № 4 үстел диетасын барлық қызба кезеңінде сақтау керек, және де витаминдерге бай жеміс-жидектер ұсынылады.

3. Этиотропты ем: вирусқа қарсы препараттар - ремантадин арнайы схемамен беріледі, 1-ші күні 100 мг-нан күніне 3 рет, 2-3-ші күні 100 мг-нан күніне 2рет, 4-5-ші күні 100 мг-нан күніне 1 рет. Айқын интоксикация болған кезде тұмауға қарсы гамма-глобулин немесе қалыпты адам иммуноглобулині ( б. е 5, 0 мл-ден 3-5 күн бойы)

4. Патогенетикалық. Ауыр ағымында дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Көрсеткіштер бойынша гемодез, реополиглюкин, альбумин ерітінділері.

5. Симптоматикалық ем. Қызба болған кезде қызбаны түсіруші препараттар парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, анальгин тағайындалады.

Паратұмау - жалпы улану белгілерімен мұрынның және көмейдің шырышты қабаттарының көбірек зақымдалуымен сипатталатын, тыныс алу жолының жедел жұқпалы ауруы.

Этиологиясы. Паратұмау қоздырғышы парамиксовирустар тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ-ы бар, сыртқы ортада тұрақсыз вирустар. Паратұмау вирусының 5 түрі белгілі, барлығы гемагглютинирлеуші белсенділікке ие, барлығында нейроаминидаза табылған.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі науқас адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы.

Патогенезі. Паратұмау вирусы жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатына еніп, эпителиалды жасушаларға шоғырланып, осы жерде көбейіп, қабыну үдерістерін тудырады. Паратұмау вирусы әсіресе мұрын және кеңірдектің кілегей қабатына төзімді болғандықтан, бұл жерде қабыну үдерісі айқын болып, гиперемия және ісінумен сипатталады. Кейіннен эпителиалды клеткалардың қалдық заттары қанға түсіп, айқын емес улану белгілері байқалады.

Клиникасы. Жасырын кезеңі 2-7 күн, орташа есеппен 3-4 күн. Ауру біртіндеп басталады. Алғашта бастың ауырсынуы, әлсіздік. Дене қызуы субфебрилды немесе аздап көтерілуі мүмкін. Катаралды белгілер паратұмауда аурудың бірінші күндерінен бастап айқын білінеді. Дөрекі құрғақ жөтел, тамағы ауырсынады, мұрыннан су ағады, мұрыны бітеді. Мұрыннан алдымен шырышты бөлініс болады, сосын шырышты-іріңді бөлініс. Аңқаны қарағанда, иіндердің, жұмсақ таңтайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, шырышты қабаттары, қызарады, ісінеді кейде лакуналарда іріңді экссудутивті бөлініс болуы мүмкін. Паратұмаудың асқынуы көмейдің тарылуына (стеноз) алып келеді.

.

Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз - ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:

  • Ішек аурулары;
  • Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
  • Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
  • Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.

Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.

Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.

Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Иммунитет теорияларының дамуы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Аллергия. Аллергиялық диагностика
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Қан айналу органдарының аурулары
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Антигенді таныстырушы жасушалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz