Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі


Жоспар
Кіріспе
I Гендерлік лингвистиканың теориялық негізі
- Тіл пен гендер байланысы: лингвомәдени тұжырымдар
- Гендерлік лингвистиканың ғылыми сипаты, даму бағыттары
II Мақал-мәтелдердің линвомәдени аспектіде даму тенденциялары
2. 1 Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
2. 2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты
III
3. 1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдеріндегі гендерлік өлшемдерді салыстыра оқытудағы әдіс-тәсілдер
3. 2. Мақал-мәтелдердегі гендерлік өлшемдерді оқытудағы тәжірибелік жұмыстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 1 Тіл мен гендер байланысы: ғылыми тұжырымдар
Жаңа заман лингвистикасы парадигмасы адамды тілдік тұрғыдан жан-жақты танып білуге бағытталған. Тіл адамзаттың дамуы мен жан-жақты жетілуіне əсер етеді. Ол - тұлғаның тілдік ортадағы қарым-қатынасы барысында қалыптасқан, адамның туа біткен қабілеті арқылы жеткен жетістігі.
Тіл тек денотативтік (таңбалық) сипатты құрал ғана емес, сонымен бірге коннотативтік құрал. Тілдің əлеуметтік қызметін дамыту - ХХI ғасыр тіл білімінің бірден-бір сұранысы, уақыт уағызы.
Кейінгі кездерде ғалымдар адамның биологиялық жынысынан гөрі əлеуметтік жыныс мəселелерін сөз етуге бет алды. Мəдениет аясында еркек пен əйелге тəн қалыптасқан (еркектік, əйелдік) жəне тілде көрініс беретін мінез-құлық ерекшеліктерін біліп, түюдің мəнізор. Ол жыныс өкілдерінің қоғамдағы əлеуметтік орнымен белгіленеді. Жынысқа байланысты тілдік жүйе туралы айтқанда, адамның биологиялық айырмашылығын емес, «мəдени-əлеуметтік құрылымын» танытатын жынысы, яғни гендер сөз болмақ.
Гендер ұғымы адамның туа біткен жынысымен қатар қоғамда, əлеумет ішінде мəдени институттар (тіл, отбасы, білім беру, т. б. ) ықпалы нəтижесінде қалыптасатын əлеуметтікмəдени жынысы тағы бар екендігін білдіреді. Жыныс - адамдардың биофизиологиялық айырмашылықты бітімін білдірсе, гендер - əйел мен ердің қоғам туғызған əлеуметтік бейнесі. Грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін ағылшын термині «gender» лингвистикалық контекстен алынып, алдымен басқа ғылым салаларының - əлеуметтік философия, əлеуметтану, тарих жəне саясаттану ғылымдарының зерттеу нысанына айналды. Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді.
Тұңғышрет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс жəне гендер» еңбегінің атына пайдаланды. Жыныс пен гендер арасындағы терминологиялық айырмашылықты нақты айқындап берген Г. Рубин мен Р. Унгердің еңбектері болды.
Gender терминінің өзі лингвистикалық терминологияға кейіннен енді. Сондықтан тіл білімінде genus, sexus, gender категориялары айқын ажыратыла бермейді. Бұл категориялар тілдегі жыныс мəселесін зерттеудің тарихи ерекшеліктерімен түсіндіріледі. «Ағылшын термині гендер (gender) бекітілді, көптомдық сөздіктерде, өзге де қазақ сөздіктерінде аударылмаған да түсіндірілмеген, бірақ оның қазақша баламасы жыныс екені даусыз. Сырт көзге əр қилы мəтінде бұл балама гендерге барабар бола бермейтін сияқты көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, солай. Ал, байыбына барсақ, гендер сөзінің əрқилы ғылым саласындағы əлеуметтік жүктемесіне сай, оның қазақша баламасы жыныс сөзін де екі мағынада қолдануға болады:
1) биологиялық, яғни жалпы мағынасы. Жыныс деген - еркек пен əйел арасындағы анатомиялық айырманы білдіретін термин. Биологиялық жыныс екеу, ол - еркек пен ұрғашы;
2) əлеуметтік мағына. Бұл жерде жыныс термині əлеуметтік топқа тəн құрылым екенін ескеріп, «əлеуметтік жыныс» деп атағанды жөн көрдік. Тегінде бұл өзі анатомиялық жыныс ұғымынан өрбіген, бірақ оған сəйкес келмейтін, əлеуметтік-мəдени құрылым (орысшасы: социально-культурная конструкция) » [Хасанұлы 2005, 16 б. ] .
Гендер термині лингвистикалық əдебиеттерде жүйелі түрде қолданыла бермейді. Гендерлік ерекшеліктерді зерттеуші ғалымдардың көпшілігі жыныс (пол /sexus) сөзін пайдаланса, ағылшын тіліндегі еңбектерде екі термин де қатар жұмсалады. Кейде гендер термині мен жыныс сөзі қосарлана беріледі. Мұның бəрі гендерлік зерттеулерде терминдік түсініктердің шатасуына əкеп соғады:
1. Қоғамның жыныстық жіктеліміне байланысты жазылған еңбектердің бірталайы гендер термині шыққанға дейін жарық көрген. Сондықтан ол зерттеулерде sex, sexus сөздерін пайдалану орын алған. Тіпті жыныстар арасындағы қоғамдық əрекеттестік жайы да аталған ұғымдарға сүйеніп түсіндірілген.
2. Гендер термині ағылшын тілді ортада пайда болғандықтан, сол тілдегі грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін гендер сөзімен омонимдес. Мұның өзі кей реттерде, əсіресе, лингвистикалық талдауларда түсінбестік тудырады.
3. Бірқатар зерттеушілер жыныстың мəдениəлеуметтік рөлі туралы айта отырып, əлі де болса sex bias, sex role, sex difference, т. б. терминдерін ұстанады. Ағылшын тіліндегі еңбектердің көпшілігінде екі термин жарыса қолданылып келеді. Керісінше, кейбір зерттеулерде жыныс (пол/sexus) сөзін жаңа терминмен ауыстырып беру үрдісі байқалады. Бұл гендер термині пайда болған тұста жарияланған еңбектерде кездеседі.
4. Терминдік түсінбестіктердің туындауының тағы бір себебі: зерттеу еңбектердің қай тілде жазылып, қай тілден аударылғанына да байланысты. Мəселен, неміс тілінде gender ұғымымен қатарласа қолданылатын Geschlecht, das soziale Geschlecht тəрізді аталымдар бар. Ал ағылшын тілінен орыс тіліне аударылып жатқан еңбектерде sex gender (ағыл. ) мен секспол (орыс. ) ескеріле бермейді. Екінші жағынан, батыс елдерінің бірқатарында жыныс мағынасындағы sex сөзін ығыстырып, орнына гендер терминін (ғылыми дискурстан тыс) қолданып саяси түзетулер жасап отырады.
5. Термин таңдауда автордың көзқарасының да өзіндік орны бар. Ерлер мен əйелдер тіліне тəн ерекшеліктердің болу себептерін адамның физиологиялық жəне психологиялық табиғатымен байланыстыра қарайтын биодетерминизм бағытының өкілдерідəстүрлі атауды (жыныс) сақтап қалуды мақсат тұтады. Дей тұрса да, олардың еңбектерінен гендер терминін кездестіруге болады.
6. Орыс тіл білімінде гендер, жыныс, əлеуметтік (мəденигендерлік) жыныс, жыныстық диморфизм, жыныстық жіктелім, адамның биоəлеуметтік (биомəдени) мінездемесі терминдері қолданылып келеді. Алайда гендер терминінен гөрі туынды сөздер (гендерлік зерттеулер, гендерлік қатынастар, гендерлік жіктелім, гендеристер, гендерология) жиі қолданысқа түскен. Осыған ұқсас жайт: неміс тіліндегі еңбектерде гендер терминімен зерттеудің жалпы бағытын атаса, қалған жағдайларда жыныс ұғымы пайдаланылады. Зерттеушілердің пікірінше, орыс тілінде жыныс сөзінің мəн-мəтіндік мағынасынан оның қандай мəнде (биологиялық əлде əлеуметтік) жұмсалып тұрғандығын ажыратуға болатындықтан, кірме сөз гендермен қатарласа қолданыла береді [Словарь гендерных терминов 2002, 24, 25 бб. ] .
Қазақ тіл білімінде гендерлік факторлар бұрыннан да назарға іліккен, бірақ тек қазіргі кезде арнайызерттеу нысаныбола бастады. Осы салада зерттеу жүргізіп жүрген белгілі ғалым Б. Хасанұлы еңбектерінде гендер термині басым қолданылатынын атап өткен жөн. Жыныс сөзі ішінара (əлеуметтік жыныстық жіктелу, əлеуметтік жыныстану) кездеседі [Хасанұлы 2003, 284 288 бб. ] .
Гендер ұғымы ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап ғылыми қолданысқа еніп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Оған себепкер болған: саяси-əлеуметтік жағдай - қоғамдық қатынастардың өзгеруі мен феминистік қозғалыстың өріс алуы; лингвистикалық жағдай - структурализмді сынға алу, тілдің прагматика саласына деген қызығушылықтың артуы жəне əлеуметтік лингвистиканыңдамуы; философиялық жағдай - таным теориясының жаңа бағыт алуы, постмодернизм мен бейқұрылымдау (деконструктивизм) идеяларының кең таралуы (М. Фуко, Ж. Деррида) [Кирилина 1999, 52 б. ] .
Гендер алдымен əйелдердің ерлермен салыстырғандағы əлеуметтік, мəдени, психологиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін қолданылды, содан келіп қоғамда əйел, еркек деп тануға мүмкіндік беретін типтік мінез бітістері, нормалар, таптаурындар, рөлдер ажыратылып қарастырыла бастады. Адамның табиғи жынысы мен əлеуметтік дамуын ескеретін гендерлік факторлар тұлғаның маңызды сипаттамаларының біріне айналды. 80-ші жылдардан бастап гендерлік зерттеулерде əйел тарихы, əйел психологиясы мəселелерімен қатар «əйелдік», «еркектік» белгілерінің əлеуметтікмəдени мəніне де назар аударыла бастады. Ал 90-шы жылдары ерлерге қатысты маскулиндік зерттеулер бой көтерді. Алайда, ғылымда күні бүгінге дейін гендер табиғаты туралы тұрақты, біркелкі көзқарас жоқ. Бір жағынан, гендерді ойлау құрылымы немесе жыныстың биологиялық жəне əлеуметтік мəдени қызметін анықтап айырудың ғылыми үлгісі, екінші жағынан, гендер қоғамда қалыптасатын (соның ішінде тілдің көмегімен) əлеуметтік құрылым ретінде пайымдалуда [Кирилина 1999, 9-10 бб. ] .
О. А. Воронина гендер категориясын зерттеудің батыста қалыптасқан жалпы ғылыми тəсілдерін саралай келіп, қазіргі гуманитарлық парадигмада орын алған мынадай негізгі бағыттарды көрсетеді:
- гендер - əлеуметтік-демографиялық категория;
- гендер - əлеуметтік құрылым;
- гендер - субъективтілік көрінісі;
- гендер - идеологиялық құрылым;
- гендер - желі (сеть) ;
- гендер - технология;
- гендер - мəдени метафора.
Гендер мəселесі əлеуметтік құрылымдық теория, стратификациялық категория жəне мəдени метафора тұрғысынан қарастырылып келеді [Воронина 2001] .
Гендерлік қатынастар адам қызметінің көптеген саласын қамтитындықтан, гендерді зерттеу пəнаралық сипатта гендерологиялық тұрғыдан дамуы тиіс.
Гендерология - қазіргі ғылымжүйесінде ерекше қарқынмен дамып келе жатқан саланың бірі. Ол əлеуметтану, психология, мəдениеттану, антропология, мəдениетаралық жəне бейвербалды қатынас (коммуникация), лингвистика, т. б. ғылым салаларымен бірлікте келіп, адамзат тарихы мен мəдениетін тануда кең көлемді зерттеулерге жол ашты.
Еркек пен əйелге тəн мінез- құлық ерекшеліктері, олардың мəдени-əлеуметтік мəні, дəстүрге сай айырым белгілері, əлеуметтендіру жайы ғылыми зерттеулерде, соның ішінде антропология мен этнографияда ішінара айтылып келгенімен, биологиялық жыныс пен əлеуметтік жынысты ( гендер ) айырып қарау мəселесі тек гендерлік зерттеулер арқылы мүмкін болды. Гендерлік зерттеулер батыстық-гуманитарлық ғылымдардан бастау алып, қазіргі кезде кең тарай бастады. Оның пайда болып, дамуына таным мəселесіне деген жаңа көзқарас, ғылым философиясы, əлеуметтік философия, тұлғатану философиясы мен психологиясы, əлеуметтану мен антропологияның қарқынды дамуының сəйкес келуі жайдан-жай емес [Гендер и язык 2005] . Гуманитарлық ғылым салаларында антропоцентристік ұстанымға негізделген тұлғаның даралық өлшемдерін (параметрлерін) анықтауға деген қызығушылықтың артуы, тіл мен жыныстың өзара байланысын жеке-дара қарастырмай, кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Кейінгі уақытта гендердің жүйелілік сипаты тілдесімдік жəне құрылымдық тəсілдердің жинақталуы, бірігуі мəселелеріне ерекше назар аударып келеді. Гендерлік жүйенің астарында институттар мен идеялар ұғынылса, енді жеке адамның мінез-құлқы мен барлық қарым-қатынастық тілдесімі қатар қарастырыла бастады. Мұндай тəсіл гендерді статикалық əрі динамикалық тұрғыдан зерттеуге жол ашады [Кирилина 2004, 15 б. ] . Зерттеудің гендерлік тəсілі - бұл жыныс факторының көптүрлілігі мен көпқырлылығын ашып көрсету.
Сонымен гендер белгілі бір қоғамда, тарихи дəуірде қалыптасқан еркектік немесе əйелдіктің əлеуметтік-мəдени белгіленген үлгісіне жеке адамның ену үдерісі мен нəтижесін қатар бейнелейді. Тұлғааралық қатынастарда еркектік пен əйелдік белгілерінің қалыптасқан үлгілері (мінез-құлыққа, жыныс өкілдерінің қоғамдағы орнына, т. б. байланысты) мейлінше сақталып отырады. Осының нəтижесінде гендер үйреншікті, жалпылама қабылданған, таныс ұғымға айнала бастайды, əйел мен еркектің нақты белгілерін айқындап, қоғамда гендерлік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді. Гендерлік қатынастар əлеуметтік ұйымның маңызды қыры болып табылады, яғни қоғам дамуын айқындайтын əлеуметтік қатынастарға ықпал етеді. Олар тілде мəдени концептілер түрінде бейнеленеді жəне тұлғаның мінез-құлқы, сөйлеу ерекшелігі, тілдік əлеуметтенуіне ықпал етеді.
Тіл білімі тарихында тіл мен жыныстың өзара байланысын зерттеудің екі кезеңі бөліп көрсетіледі:
- биологиялық детерминистік зерттеулер - жеке-дара деректерге негізделген, ретсіз (аралас ғылымдармен байланысы жоқ), жүйесіз ізденістер;
- гендерлік зерттеулер - ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан кең көлемді, жүйелі зерттеулер. Тіл білімінің прагматика, əлеуметтік лингвистика салаларының қарқынды дамуы, ерлер мен əйелдердің қоғамда қалыптасқан дəстүрлі рөлдерінің елеулі өзгерісі лингвистикалық мəліметтерге жаңаша қарап, жаңа қырынан түсіндіруді қажет етті.
Тіл мен жыныстың өзара байланысын зерттеу тарихы сонау антикалық дəуірден бастау алады. Жыныстың тілге қатысы жөнін дегі мəселе алғаш рет грамматикалық тек (род) категориясына бай ланысты көтерілді [Шахмайкин 1996, 226-273 бб. ] . Ежелгі символикалық семантикалық ілім өкілдері мифологиялық ойлаудың анимизм жəне сүйене отырып, грамматикалық тек категориясын табиғи себептер əсерінен, яғни адамдардың жыныстық əртүрлілігіне сəйкес туындаған деп есептейді [Кирилина 1998, 51-58 бб. ] . Соның нəтижесінде «ер тегі» (мужской род) күш, қуат, белсенділік ұғымдарына тəн келіп жоғары бағаланды да, «əйел тегі» (женский род), керісінше, əлсіздік, бағыныңқылық мағынасымен сипатталды. Сөйтіп, Эрнст Борнеманның пайымдауынша, болмысты тану, қабылдау (грамматикалық текке қатысты) тілдің даму заңына сəйкестендірілді. Дегенмен табиғи жыныс ( sexus) пен грамматикалық жыныстың ( genus) байланысына шүбə келтірмейтін біржақты пікірді қолдаушылар (соның ішінде белгілі ғалымдар Гердер, Гримм, Гумбольдт, т. б. ) көп болды. Сол себепті болар, табиғи биологиялық sexus категориясының genus категориясымен сəйкестігі туралы ілім тіл білімінде ұзақ уақыт үстемдік етіп келді.
Гендерлік лингвистикалық зерттеулердің ішінде аз зерттелгені - этно бағыт. Алайда гендеристерді толғандыратын мəселенің бірі - жинақталған тілдік деректердің аздығы. Олар ағылшын тілінің америкалық нұсқасы, бірқатар еуропа тілдері, соның ішінде неміс жəне француз тілдерінің материалдарын ғана құрайды. Сол себепті де зерттеу нəтижелерін басқа тілдерді талдау тəжірибесіне тиімді пайдалану мүмкін бола бермейді.
Тілдің атауыштық жүйесінде еркектік, əйелдік концептілері түрлі тілдерде түрліше сипатталады. Еркектер мен əйелдердің сөйлеу əрекеті де, белгілі бір мəдениетте қалыптасқан нормаларға сəйкес, əр түрлі белгіленеді, яғни əрбір мəдениетті ерекшелейтін гендерлік қарым-қатынас түрлері болуы мүмкін. Бұл жөнінде И. И. Халеева, А. В. Кирилина, т. б. ғалымдар еңбектерінде атап айтылған.
А. Вежбицкая мəдени концептілерді салғастырмалы зерттеудің контрастивтік тұрғыдан маңызды екенін атап көрсетеді [Вежбицкая 1996] . Олай болса, еркектік, əйелдік мəдени концептілерінің мəнін ашып, түсіндірудің қажеттілігі басым. А. Вежбицкая мен В. Н. Телия [Телия 1996] еңбектерінде біршама болса да гендерлік тілдік ерекшеліктер мəдениетаралық салыстырулар жолымен түсіндірілген.
Жыныс мəселесін жан-жақты, тереңінен қарастыру батыс еуропалық мəдениетке тəн. Гендерлік фактордың басқа мəдениеттерде қаншалықты маңызды екенін алдағы зерттеулер ден жəне лингвистикалық талдаулар көмегімен анықтауға болады.
Кейінірек ғылымда тек категориясы жоқ тілдердің бар екендігі мəлім болып, бұл ілімге қарсы морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан күмəн тудыратын пікірлер орын ала бастады. Алайда тек категориясына жіктелген сөздер мен ұғымдардың адам санасында персонификациялануын (жансыз заттардың адам образында кейіптелуін) түсіндіру мүмкін болмады. Айталық, əйел тегі (женский род) мен ер тегіне (мужской род) жататын сөздерге əйелге жəне еркекке тəн қасиеттер телінді. Сөйтіп, грамматикалық тек категориясы қарапайым санада биологиялық жыныс концептіне қатысты фреймдер қызметін арттырып, соған орай жағымды/ жағымсыз коннотациялар қалыптастыруға ықпал етті.
Тілдің жыныстық жіктелуіне байланысты зерттеулердің келесі кезеңі ХVII ғасырды қамтиды. Ғалымдар жергілікті тайпалар тілін зерттеу барысында жыныс өкілдерінің сөйлеу тілінен байқалған белгілерге назар аударады, себебі əйелдердің сөйлеу тілі ерлердікіне қарағанда өзгешеленіп, белгілі бір тəртіпке бағынған. Осыдан келіп, сөйлеу тілінің əйел нұсқасы, ер нұсқасы (1664 жылдан бастап) тіркеле бастады, бірақ арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жинақталған деректердің гендерлік əртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ сипаттама мынадай: ер нұсқасы тілдің қалыпты түрін, əйел нұсқасы нормадан ауытқыған түрін көрсетеді. Сонымен байланысты көтерілген мəселенің негізгісі, ерлер немесе əйелдер тілі туралы емес, тек əйелдер тіліндегі ауытқулар жөнінде болды [Кирилина 1999, 33 б. ] . Бұл кезеңдегі ерекшелік ерлер мен əйелдердің ой-өрісі, когнитивтік қабілеттілігі, сөйлеу тіліндегі барлық айырмашылық биологиялық жынысқа қатысты деп есептелді. Тіл мен сөйлеу əрекетіндегі жыныстық диморфизм белгілерін түсіндіруде олардың табиғи негізіне байланыстыру болды да, жыныс өкілдерінің білім, мəдениет, жас ерекшелігі ескерілмеді. Қорытындылар дəйектелмеген материалдар негізінде жасалды.
Тек ХХ ғасырдың басында лингвистер мен философтар біріге келіп, тіл мен жыныстың өзара əрекеттестігі жайын, сөйлеу тілінде кездесетін жыныстық айырмашылықтардың себептерін, тілде қордаланған жəне т. б. гендерлік мəселелер түйінін шешу үшін алдымен «өркениетті» еуропа тілдерін зерттеуді қажет деп тапты. Бұл ретте Ф. Маутнер, Э. Сепир, О. Есперсен еңбектерін атап өтуге болады.
Фритц Маутнер жыныс өкілдерінің түрлі əлеуметтік ортадағы тілдік қарым-қатынасына талдау жасай отырып, ер мен əйелдің сөйлеу əрекетіне тəн бірқатар айырмашылықтарды көрсетті. Мəселен, фабрика жұмысшылары арасында ерлер лексиканы нормадан тыс көп пайдаланса, жоғары ортада əйелдер эвфемизмдерді қолдануға бейім келеді. Əйелдер тілінде шетелдік сөздер жиі кездеседі, ал білімді ер адамдар ондай сөздердің орнына өз тіліндегі баламасын тауып қолданғанды дұрыс көреді. Ол əйелдердің ерлерге қарағанда, сауаттылығы аз, сондықтан тілдің дамып, жетілуі ерлерге қатысты, ал əйелдер сол жасаған тілді тек қолданушы ғана дей келіп, тілдің жыныстық жіктелуін əлеуметтік жəне тарихи жағдайлармен байланыстырады. Соның ішінде «əйел тілінің» пайда болуын антикалық театрдың тарихи дамуымен сабақтастырады. Онда бастапқыда əйелдер рөлін еркектер орындаған болатын. Сахнаға əйел келе бастағаннан бастап, драматургия техникасында өзгерістер бола бастады, тілдің əйелдер нұсқасын дыбыстауға мүмкіндік туды. Əйелдерге сахнаға шығып сөйлеуге құқық берілгенде ғана қоғам «əйел тілін» қабылдай бастады. Бұл тілдік əлеуметтену жағдайындағы жыныстар теңсіздігіне ықпал ететін тарихи тəсіл дейді ғалым. Жалпы алғанда, Ф. Маутнер идеяларын қолдап, жалғастырушылыр көп болмады [Антинескул 2000, 67 б. ] .
Эдуард Сепир нутка, каосати сияқты үндістер тіліндегі кейбір əлеуметтік ерекшеліктерге назар аударды. Ол жыныс пен мəртебе ұғымдарын, сөйлеу тіліндегі нормадан ауытқуларды əлеуметтік сəйкестендіруге теңестірілетін өлшемдер қатарына жатқызды. Сонымен бірге бір морфема шеңберіндегі фонологиялық ерекшеліктерді жыныстық айырмашылықтарға тəн таңбалық белгі деп түсіндірді. Э. Сепир пікірлері үнді жəне басқа тілдерді зерттеу тəжірибесінде дəлелденіп, одан əрі қарай жалғасын тауып отырды.
Отто Есперсен болса, ерлер мен əйелдер тіліндегі кейбір айырмашылықтардың тамырын ескі салт-дəстүрлерді сақтап келген көне тайпалар тілінен іздеу керек, себебі тілде қолданылып келе жатқан табу сөздер мен олардың орнына қолданылатын неше бір парафразалар ер мен əйел тілін ерекшелейтін белгілер ретінде танылуы мүмкін деген пікір айтады. Ол «Languare: its Nature, Devolopment and Origin» («Тіл: табиғаты, қалыптасуы, дамуы») атты еңбегінің үлкен бір тарауын «əйел тіліне» арнаған. Ұлыбритания, АҚШ елдері қолданысындағы ағылшын тілі материалдары негізінде автор əйел тілінде жиі байқалатын гендерлік белгілерді атап көрсетеді. Солардың кейбіреуіне тоқталып өтейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz