Мектеп жасына дейінгі баланың тілін ойын арқылы дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін ойын арқылы дамыту

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс - әрекеті - ойын. Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болама?! дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік манызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық , тапқырлық қабілеті оянады. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан. Бала ойын арқылы өзінің қуанышын, ренішін, арманын бейнелесе, ертеңгі күні, яғни болашақта сол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Баланың қуанышы да, реніші де ойын кезінде айқын көрінеді. Ойын кезінде бала ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиялы, шығармашылық қабілеті дами түседі.
Ойын - тәрбие құралы, ақылды, ойды, тілді дамытады, сөздік қорды, сезімді кеңейтеді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Мектеп жасына дейінгі кезендегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешіге:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып , ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір- бірімен өзара қарым- қатынас жасайды, тілдері дамиды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызды фактор екендігі түсінікті. Баланың сөздік қорын дамытудағы ойынның ішінде дидактикалық ойынның маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны, сөздік қорларын дамыту мқсатын көздейтін іс - әрекет. Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан - ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, тілдік қоры, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалар
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Пәндер