ҚР жер қоры, топырақты қорғау, жерді қайта қалпына келтіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
14-15-дәріс. ҚР жер қоры, топырақты қорғау, жерді қайта қалпына келтіру

1. Қазақстанның жер қоры

2. Топырақты қорғау және қалпына келтіру

1. Қазақстанның жер қоры

Қазақстанның жер көлемі 272, 0 млн гектар, дүние жүзі бойынша 9 орынды алып жатыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы қолданысындағы жерлер 222, 5 млн га. немесе жалпы жер ауданының 82%-ын құрайды.

Су айдындары, құрылыс, жолдар мен басқа да ауыл шаруашылығы емес бағыттағы жерлердің көлемі 50 млн гектардан асады. Ал ауыл шаруашылығы бағытында пайдаланылатын жерлердің үлесі келесідей: егістіктер (жыртылма жерлер) 35, 0 млн га. (15%), көп жылдық орман екпелері 146, 9 мың. га (0, 1 %-дан аз), шабындықтар 5, 1 мың. га (2, 5%), және жайылымдар 181, 7 мың. га (81%) . Жыртылма жерлердің негізгі бөлігі қара топырақты дала аймағы мен қара қоңыр топырақты құрғақ дала зонасында орналасқан (27, 0 млн га немесе жалпы егістік жер көлемінің 80%) Республиканың жер қорының көп бөлігін жайылымдық жерлералып жатыр, олар негізінен шөл және шөлейт аймақтарда таралған.

Суармалы жерлер Қазақстанда 2, 4 млн га. Олардың көп бөлігі оңтүстік шығыс және оңтүстік облыстарында (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда ) пайдаланылады, жалпы суармалы жердің 1, 7 млн га. немесе 72%-ын құрайды. Бұл аймақтарда негізінен күріш, қант қызылшасы, жеміс-жидектердің басым бөлігі, жзім, жеміс- жидек және көп жылдық шөптер өсіріледі.

Еліміздің жер қорының топырақ жамылғасы, оның топырақ түзілу ерекшеліктеріне (климат, жер бедері, топырақ түзуші тау жыныстары) байланысты алуан түрлі болып келеді. Топырақ жамылғысының құрамында құнарлылығы төмен қоңыр, сұр-қоңыр және ашық қара қоңыр топырақтар кең тараған, бұлардың жалпы ауданы жер қорының 40%-ын алып жатыр. Сонымен қатар құнарлылығы жақсы, егіншілікте қолдануға тимді кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар мен күңгірт қара қоңыр топырақтар жалпы жер қорының 20, 7%-ын алып жатыр.

Қазақстанның таулы өлкесі барлық жер көлемінің 12, 5% алады. Жазықтық жердің топырақ типтерімен салыстырғанда тау топырақтарының қасиеттері біршама ерекше болып келеді. Бірақ тау топырақтарында су эрозиясының қаупі өте жоғары болғандықтан, оның құнарлылығын сақтап, өнімділігін арттыру үшін су эрозиясының алдын алу өте өзекті мәселе болып табылады. Таулы аймақтардың топырақтарын орналасқан зоналарына байланысты ауыл шаруашылығында қант қызылшасы, мақта, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктер және астық тұқымдас дақылдары егістіктері ретінде пайдаланады. Ал таулардың биік жерлері климат пен жер бедерінің қолайсыз болуына байланысты көбінесе мал шаруашылығында пайдаланылады.

Еліміздің жер қоры көп болғанымен, оны ауыл шаруашылығында тимді пайдаланбаудың салдарынан топырақ құнарлылығының азайуы, жайылымдық жерлердің тозуы орын алып бүгінгі күнде өте өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан еліміздің жер қорын экономикалық және экологиялық жағынан ғылыми негізделген ұсыныстар бойынша тиімді пайдалану қажет.

2. Топырақты қорғау және қалпына келтіру

Еліміздің топырақ жамылғысы, ауыл шаруашылығына пайдалану көрсеткіштеріне байланысты, әр түрлі сапалық көрсеткіштерге ие.

Топырақ құнарлылығының төмендеуі негізінен антропогендік факторларға байланысты болғандықтан, келесідей жағдайлар топырақтың тозуына акеліп соғады

Эрозия - Латын тілінде «эrosio» - бүліну деген мағынаны білдіреді. Яғни топырақтың беткі қабатының судың (жауын-шашын сулары, еріген қар сулары, тасқын сулар) немесе желдің әсерінен бүлінуін айтады. Сонымен қатар топырақ тозуының жайылымдық, өндірістік және биологиялық эрозиясы сияқты түрлеріде кездеседі.

Топырақтың эрозияға ұшырау қарқынына байланысты геологиялық және жылдамдатылған деп екі топқа бөледі. Геологиялық эрозия өте ұзақ уақытқа созылады, яғни топырақтың майда бөлшектерінің желмен ұшуы немесе сумен шайылуы. Осы жағдайларда нашарлаған топырақ құнарлығы табиғи топырақ пайда болу процесі әсерінен қайтадан толықтырылады. Ал жылдамдатылған эрозия орман ағаштарын кесу, топырақты ауыл шаруашылығында дұрыс пайдаланбау, мал жайылымдарының тұияқ кесті болуы және т. б. жағдайларда пайда болады.

Жел эрозиясы деп топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуін айтады. Топырақтың жел эрозиясына шалдығуына, аймақтардағы жауы-шашын мөлшерінің жеткіліксіздігі және жиі қайталанатын жылдамдығы жоғары жел әсер етеді. Сонымен қатар жер бедерінің жазық, орман мен өсімдік жамылғысының сирек болуы бұл құбылыстың әсерін арттыра түседі. Жел эрозиясының екі түрі бар:

  1. Қара (шаңды) дауыл
  2. Күнделікті (жергілікті)

Қара дауыл желдің жылдамдығы 10-20 м/с дәрежеге жеткенде байқалды және зияны өте жоғары. Ал күнделікті (жергілікті) жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды және шаңның көтерілуі адам бойынан аспайды.

Топырақтың ластануы - топырақ биосферадағы көптеген химиялық заттарды өз бойына сіңіріп ұстап тұрады, осы қасиетіне байланысты ауыл шаруашылығына қолданылатын тыңайтқыштар мен пецтициттерден жинақталатын әр түрлі зиянды заттар, оның құнарлылық қасиеттеріне кері әсерін тигізеді.

Топырақтың техногенді ластануының келесідей түрлері бар: минералды техногенді қалдықтар, улы органикалық және металлоорганикалық қосылысты қалдықтар және радиоактивті заттар.

Минералды техногенді қалдықтар негізінен өнеркәсіп орындарының мұнай немесе газ және аэрозольді қалдықтарды жағудың нәтижесінде пайда болады. Техногенді қалдықтардың құрамына көптеген элементтер кіреді, олардың ішінде уыттылығы жоғарыларға Cr, As, Ni, S, Pb, Mn, Cd, Hg, Ta жатады. Техногенді қалдықтардың әсерінен топырақ ортасының реакциясы өзгеріп, ондағы микробиологиялық және биологиялық құбылымдар өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар улы элементтердің топыраққа түсуі ондағы өсімдіктерге, одан кейін оны пайдаланатын жануарлар мен адамдар организіміне зиянын тигізеді.

Органикалық және металлоорганикалық қосылысты қалдықтар - көп мөлшерде топырақта жинақталуы пестицидтерді қолдануға байланысты болады. Олардың көбі топырақта бірнеше айдан ондаған жылдар бойы сақталып, улы және аса улы метаболиттерді түзеді. Топырақтың пестициттермен ластануының келесідей зияндылығы бар: олар, адам мен жануарлардың интоксикациясы (организмнің улы заттармен улануы), биоценоз популяциясының бұзылуы, пестициттерге төзімді зиянкестердің пайда болуы, топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруі және т. б. зиянды қасиеттерге акеліп соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Жердің жалпы мінездемесі
Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Жерді экономикалық бағалау әдістері
Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі принциптері
Орман шаруашылығы туралы ақпарат
Жер құнын бағалау
«Жамбыл» ЖШС жері егістік алқаптарының пішіні және көлемін қайта орналастыруын анықтау
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz