Қазақстанның таулы аймақтарының орман топырақтары
13-дәріс. Қазақстанның таулы аймақтарының орман топырақтары
1. Тянь-Шань тауларының топырақтарына сипаттама
2. Алтай тауларының топырақтарына сипаттама

Тау топырақтары ТМД елдері бойынша үлкен аумақта алып орналасқан. Оларға Карпат, Қырым, Кавказ және Орал таулары, сонымен қатар Шығыс және Оңтүстік Сібір, Қиыр шығыс және Орталық Азиядағы тау сілемдер жүйесі жатады. Жалпы ауданы 650 млн. га. болып, ТМД елдерінің жалпы жер қорының 28,8%-ын құрайды.
Ал Елімізде таулы өлкелер негізінен шығыс, оңтүстік шығыс және оңтүстік аймақтарда орналасып, жалпы жер ауданының көлемінің 13,4%-ын (су айдындарын қоса есептегенде) алып жатыр, оларға Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань таулары жатады.
Таулы өлкелерде топырақтардың қалыптасуы және таралуы В.В. Докучаев ашқан тік аймақтық топырақ таралу заңдылығына бағынады. Таулы өлкелерде ауарайының өзгерісі жазықтық жермен салыстырғанда өзгеше. Жауын-шашынның мол болуына байланысты ауаның ылғалдылығы артып, температура төмендейді және күн сәулесі радияциясы күшейеді.
Еліміздегі ең биік таулар Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан. Олардың ішінде Іле Алатауында топырақтардың тіктік бағытта таралуы анық байқалады. Оның ең биігі Талғар шыңы 5017 м, шөл аймағының оңтүстігінде орналасқан, батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылған.
Жотаның Солтүстік-Батыс бөлігі абсолютты биіктігі 1600 м болатын Чу- Іле таулары, шығысында Бұғыты және Торайғыр таулары орналасқан. Іле Алатауында Талғар шыңынан өзге, биіктігі 4000-5000 м болатын шыңдарда кездеседі (Алматы шыңы және т.б.).
Іле Алатауының климаттық жағдайы - Биіктігі 605 м-де орналасқан Шелек аймағында орташа жылдық температура - 8,9 [0]С, ал орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 198 мм-ді құрайды. Алматыда 848 м биіктікте орташа жылдық температура 8,7 [0]С, орташа жылдық жауын-шашын 557 мм-ді құрайды. 1350 м биіктікте орташа жылдық температура - 8,1 [0]С, орташа жылдық жауын-шашын 779 мм. Ал Іле Алатауында ең көп жауын-шашын 2254 м биіктікте болып, орташа есеппен 881 мм құрайды. Сонымен қатар орташа жылдық жауын- шашынның азайуына байланысты, температурада төмендейді, 2511 м биктікте орналасқан Үлкен Алматы көлі маңында орташа жылдық жауын-шашын 753 мм болса, орташа жылдық температура 0,8 [0]С.
Іле Алатауындағы топырақтардың тік аймақ болып таралуы - 600 м биіктіктен бастап, тау етегінің боз топырақтарын ашық қара- қоңыр топырақтар алмастырады. Жазық жердің ашық қара қоңыр топырақтарымен салыстырғанда таулы ашық қара қоңыр топырақ кебірленуінің жоқтығымен және жалпы фосфор мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді.
Таудың 700-900 м биіктігінде ашық қара-қоңыр топырақтар типшесі күңгірт қара-қоңыр топырақтар типшесімен алмасады. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері 3-4%, жалпы азот 0,25-0,30%-ды құрайды. Күңгірт қара қоңыр топырақтарда кебірленген тектер болмайды, бірақ карбонатты тектері кездеседі. 900-1500 м биіктікте таудың қара топырағы орналасқан және оның үш аймақшасы бар. 900- 1000 м биіктікте аз қарашірінділі (5-5,5%) оңтүстік қара топырақтар кездеседі, жалпы азот мөлшері 0,4%, топырақтың алмаспалы сіңген негіздерінің мөлшері жазықтық жердің оңтүстік қара топырақтарымен ұқсас болып келеді. Одан жоғары 1000-1200 м биіктікте орташа қарашірінділі (7-8%) қара топырақ орналасады. жалпы азот мөлшері 0,5% шамасында. 1200-1500 м биіктіктен бастап көп қарашірінділі қара топырақ таралған, бұл топырақтың қарашірінді 10-12%, жалпы азот 0,6- 0,7%, жалпы фосфор 0,2%, сіңіру сыймдылығы 50-55 м-экв. 100 г. топыраққа.
Аймақшада орташа және көп қарашінділі қара топырақтардың ішінде кәдімгі және сілтісізденген типшелері тараған. Сілтісізденген қара топырақтардың кәдімгі қара топырақтардан айырмашылығы, карбонаттардың 90-100 см тереңдікте жиналуымен ерекшеленеді. Олар көбінесе солтүстік беткейлерде орналасқан. Барлық таулы қара топырақты аймақта, кебірленген қара топырақтар кездеспейді, оның себебі жауын-шашын суларының төменгі қабаттарға жақсы өтуімен байланысты.
1500-1800 м биіктікте таулы орманды далалар басталады. Бұл жерде ағаштардан қайың, көктерек және бұталар өседі. Осы ағаштардың астында күңгірт сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтар қалыптасады. Күлгінденген қара топырақтарда А мен В қабаттары арасында сұр түсті дақтар болады (силикаттар шоғыры). Бұл топырақтардың сіңіру кешенінде сутегі иондары 5%-ыз мөлшерінде кездеседі. Орманды дала аймағының ашық далаларында қарашіріндісі мол (12%) сілтісізденген қара топырақтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz