Қазақстанның шөл аймағының топырақтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
12-дәріс. Қазақстанның шөл аймағының топырақтары

1. Солтүстік шөл аймақшасының қоңыр топырақтары

2. Орталық шөл аймақшасының сұр-қоңыр топырақтары

1. Солтүстік шөл аймақшасының қоңыр топырқтары

Шөл аймағы Еліміздің териториясының жартысына жуық аумағын алып жатыр, ауданы 119, 4 млн га. батыста Атырау мен Маңғыстау облыстарының барлық аумағын, Оңтүстікте Қызылорда облысының барлық жер ауданын қамтыса, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстік бөлігін, Шығыс Қазақстан облысының біраз жерін, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін алып жатыр.

Топырақ құралу жағдайларының өзгешелігіне байланысты аймақ екі аймақшаға бөлінеді, қоңыр топырақты солтүстік шөл аймақшасы және сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшасы.

Қоңыр топырақтардың көп бөлігі каспий маңы ойпаты мен Эмбі үстіртінде жатыр, солтүстік бөлігі Торғай ойпатында және оңтүстік бөлігі аласа таулы жер бедерімен сипатталады.

Топырақ түзуші тау жыныстары Каспий маңы ойпатында лөске ұқсас құмбалшықтар, сортаңданған аллювиалды көл шөгінділері және құм мен құмды-балшықты көне дәуірдің аллювий шөгінділері. Сарыарқа төңірегінде құба-сары карбонатты лөске ұқсас құмбалшық және үштік кезеңнің алапес тұздалған шөгінділері. Гранулометриялық құрамы жеңіл шөгінділер де көп тараған.

Климаты күрт континенталды және өте құрғақ, жылдық орташа температурасы 5-7 0 , аязсыз күндері 190 күн, осыған байланысты +10 0 С- тан асатын белсенді температураның қосындысы 3400-3600 0 -қа жетеді. жылына 140-190 мм жауын-шашын түседі, оның басым бөлігі көктемде және біраз бөлігі күзде түседі. Атмосферадан түсетін жауын-шашынның өте аз болуына байланысты топырақтың ылғалдануы беткі қабаттарында ғана болады.

Қоңыр топырақтар туралы К. Д. Глинка 1923 жылы «қоныс аударушыларды басқару» атты экспедициясының жұмыстары барысында алғаш болып сипаттады. Бірақ А. И. Безсонов (1926) өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, қоңыр топырақтардың ерекше аймағының болуына түбегейлі қарсы болып, қоңыр топырақтардың ашық қара қоңыр топырақтардан еш айырмашылығы жоқ деп есептеді. 1939 жылы И. П. Герасимов қоңыр топырақтарды бөлек тип ретінде қарастырмай, оны аз карбонатты Боз топырақтар деп атаған болатын.

Өсімдіктері көбінесе жусанды, ксерофитті шала бұталар мен тұзға төзімді шөптесін өсімдіктер кездеседі, өсімдіктер дүниесі өте сирек таралған болып, ол топырақ бетінің тек 10-15%-ын ғана жауып жатыр.

Тек 1951-1952 жж. Каспий маңы ойпаты топырақтарын зерттеу жұмыстарынның барысында қоңыр топырақтарды жеке топырақ аймағы ретінде бөліп алды. Яғни қоңыр топырақтардың бір қатар белгілері мен қасиеттерінің ашық қара қоңыр топырақтармен салыстырғанда өзгешелігінің бар екенін дәлелдеді. Салыстрмалы түрде қарағанда қоңыр топырақтардың жоғарғы қабатының түсі ашық қоңыр-бозғылт түсті, қарашірінді қабатының қалыңдығы 15 см-дей, жоғарғы қабаттың түйіртпектілігі жоқ, ал ашық қара қоңыр топырақтарда ол ұсақ дәнді түйіртпекті.

Қоңыр топырақтар таралған аймақшада өсімдіктердің түсетін органикалық заттар мөлшерінің аз болуына байланысты, олардың тез минералданып топырақты органикалық заттармен толық қамтамасыз ете алмауынан, топырақ кескінінің қабаттарға жіктелуі әлсіз болады.

Топырақ кескінінің бетінде элювиальды А 1 қабаты орналасқан, түсі қоңыр немесе күлгіндеу сұр. Көп жағдайда ең беткі қабатта жұқа қабыршақ қабат кездеседі, қалыңдығы 2-5 см. Қарашірінділі қабаттың қалыңдығы 10-15 см, оның астында қарашірінділі иллювиальды В 1 қабаты орналасқан түсі күңгірт қызғылт-қоңыр, тығыздалған, түйіртпектілігі ірі кесекті А 1 1 қабатының қалыңдығы 30-35 см. қарашірінділі иллювиальды В 1 қабаттың астында В к карбонатты қабат орналасқан, түсі біртекті емес сарғыштау қоңыр, ақ түсті карбонат дақтарымен көмкерілген. Түйіртпектілігі кесекті немесе жаңғақты. Бұл қабаттың астында тығыздылығы кеміген, кейде ғаныш дақтары кездесетін қабат, содан кейін аналық тау жынысы орналасады. Ол көбінесе карбонатты, сонымен бірге сортаңданған болуы мүмкін. Қоңыр топырақтар тұз қышқылынан көбінесе беткі қабатынан бастап қайнайды. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері өте аз, гранулометриялық құрамы ауыр түршелерінде оның мөлшері шамалы жоғары (А қарашірінділі қабатында 1-2%), ал гранулометриялық құрамы жеңіл түршелерінде оның мөлшері 0, 7-0, 9%-дан аспайды. Алмаспалы сіңген катиондар 100 г топырақта 12-15 м-экв. олардың сіңіру кешендерінде үнемі сіңген натрий болады және оның мөлшері алмаспалы сіңген негіздер үлесінің 5%-дан көбін алады.

Бұл топырақтардың келесідей тектері бар: кәдімгідей; тереңнен қайнайтын, кебірленген, кебірленіп сортаңданған, сортаңданған, әлсіз жіктелген, ғанышты, шала дамыған.

2. Орталық шөл аймақшасының сұр-қоңыр топырақтары

Сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшасы Атырау, Маңғыстау облыстарының біраз жерлерін, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлгін, Қызылорда облысының басым бөлігін және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының біраз жерлерін алып жатыр.

Климаты өте құрғақ, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 150мм-ден аз түседі. Жылдық орташа температура аймақшаның солтүстік бөлігінде 7 0 -тан, оңтүстік бөлігінде 13 0 -қа дейін ауытқиды.

Аймақша Маңғыстау түбегін, Туран ойпатының біраз бөлігін, Бетпақ-Дала үстірті мен Балқаш-Алакөл ойпатының көп бөлігін алып жатыр.

Топырақ түзуші тау жыныстары әр түрлі элювиальды және көне дәуірдің аллювиальды шөгінділері. Бетпақ-Дала үстіртінде үштік кезеңнің тұздалған Элювий шөгінділері. Сонымен қатар Туран ойпаты, Қызылқұм, Мойынқұм, Чу өзені аңғарлары мен Балқаш маңында гранулометриялық құрамы жеңіл құмды шөгінділер бар.

Өсімдік жамылғысы негізінен ақ және қара жусан, кермек және т. б., сонымен қатар көктемде өте аз уақыт эфемерлер пайда болады, бұталы өсімдіктерден негізінен сексеуіл болса, Ал өзен аңғарларында тораңғы, жиде сияқты тоғайлы ормандар кездеседі.

Орталық шөл аймақшасының Сұр-қоңыр топырақтарын көп уақыт бойы боз топырақтармен бірге қарастырып келді, дегенмен оны тау етегінде қалыптасатын боз топырақтардан бөлек, шөл аймағының топырағы ретінде қарастыруды алғаш Ташкент топырақтанушылары ұсынды. Ал сұр-қоңыр топырақтың нақты бөлек топырақ аймағы ретінде қарастырылуы 1960 жылы Е. В. Лобованың «КСРО Шөл зонасының топырақтары» атты еңбегінде жазылды. Онда сұр-қоңыр топырақтардың қоңыр және боз топырақтардан айырмашылығы көрсетілді. Қоңыр топырақтарға қарағанда А қабатының өте жұқа және қабаттарға әлсіз жіктелуімен, қарашіріндісінің аз болуымен ерекшеленеді. Ал боз топырақтардан айырмашылығы, олардың топырақ түзуші тау жыныстарының сәйкес келмеуіне байланысты екенін дәлелдеді, яғни боз топырақтарда аналық тау жыныстары Лѐсс болса, ал қоңыр топырақтарда аналық тау жыныстарының кебірленгені, кейде сортаңданғаны айқын байқалады. Сонымен қатар сұр-қоңыр топырақтар құмды өлкелерден өзге жерлердің барлығында ауыр гранулометриялық құрамды болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Құрғақ және шөл зоналарының топырақтары
Қазақстанның таулы аймақтарының орман топырақтары
Қазақстанның қуаң дала және шөлейт аймағының қара- қоңыр топырақтары
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Жер бетінің биогендік компоненттері Жер шарының топырақ жамылғысы, таралу заңдылығы
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Туристік рекреациялық ресурстар
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры
Орманды дала зонасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz