Қазақстанның қуаң дала және шөлейт аймағының қара- қоңыр топырақтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
11-дәріс. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт аймағының қара- қоңыр топырақтары

1. Қуаң дала аймақшасының күңгірт қара қоңыр топырақтары

2. Қуаң дала аймақшасының қара қоңыр топырақтары

3. Шөлейт дала аймақшасының ашық қара қоңыр топырақтары

1. Қуаң дала аймақшасының күңгірт қара қоңыр топырақтары

Қара топырақты дала аймағының оңтүстік бөлігі біртіндеп Күңгірт қара топырақты куаң дала аймақшасына ауысады. Күңгір қара қоңыр топырақты қуаң дала аймақшасы негізінен Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысының солтүстік бөлігін, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік бөлігін, Қарағанды, Павлодар облыстарының көп аумағын және Шығыс Қазақстан облысының біраз бөлігін алып жатыр. Ауданы 27, 7 млн га.

Климаты күрт континенталды қысы суық аязды, әрі қар жамылғысы жұқа, жазы құрғақ әрі ыстық. Жылына 240-280 мм жауын- шашын түседі. Түскен жауын-шашыннан буланудың мөлшері өте көп. Белсенді температураның қосындысы 2300-2650 0 С.

Топырақ түзуші аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар мен лѐс тәрізді құмбалшықтар, Сарыарқаның аласа шоқылығы аудандарында көне дәуірдің элювий шөгінділері және Ертіс өңірі жазықтығында көне дәуірдің аллювиалді шөгінділері.

Өсімдіктер жамылғысы ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас шөптесін өсімдіктерден тұрады. Баянауылдың аласа таулы өңірі мен Наурзым-Аманқарағай аңғарларында қарағайлы- қайыңды аралас ормандар кездеседі.

Күңгірт қара қоңыр топырақтардың жалпы морфологиялық белгілері мен қасиеттері оңтүстік қара топырақтармен ұқсас болып келеді. Ал айырмашылығы тек қарашірінді мөлшерінде ғана. Сондықтан оны Москеу университетінің профессоры М. М. Филатов 1945 жылы өзінің «СССР Топырақ географиясы» атты еңбегінде күңгірт қара қоңыр топырақты аймақшаны, қара топырақтардың төртінші аймақшасы ретінде атады. Бірақ бұл ұсынысты ғылыми қауым қабылдамады.

А қабаты күңгірт қара қоңыр түсті, қалыңдығы 20-22 см. түйіртпектілігі кесекті, кесекті-дәнді, жыртылма танаптарда шаңды кесекті. Қарашірінді мөлшері 3, 5-4, 5%. Бір қабаттан екінші қабатқа ауысуы қара топырақтардағыдай біртіндеп. В 1 алмаспалы қабаттың түсі күрең түсті болып келеді, түйіртпектілігі кесекті, А+В 1 қабатының қалыңдығы 35-45 см. В 2 қабатының қалыңдығы 11-31 см құрайды, күрең түстің қоюланғаны байқалып, кесекті, призмалы-кесекті түйіртпекті болып келеді. Осы қабаттың астында карбонаттардың ақкөзше тәрізді жиналған В к қабат кездеседі, түсі ашық, карбонаттардың әсерінен тығызыдылығының жоғары болуымен ерекшеленеді.

Күңгірт қара қоңыр топырақтардың гранулометриялық құрамы әртүрлі болып қалыптасады. Аймақтың басым бөлігі ауыр гранулометриялық құрамды болғанымен, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында гранулометриялық құрамы жеңіл құмбалшықты және құмайтты күңгірт қара қоңыр топырақтар таралған. Гранулометриялық құрамы жеңіл күңгірт қара қоңыр топырақтарда қарашіріндінің мөлшері 2-2, 5%-ға дейін кемиді.

Күңгірт қара қоңыр топырақтардың физикалық, физико-химиялық қасиеттері қолайлы болып келеді. Топырақтағы жалпы азот 0, 200- 0, 250%. Қарашіріндінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде, фосфордың жалпы мөлшері - 0, 10%. Өсімдіктерге тиімді алмаспалы сіңген калий қоры мол, жылжымалы фосфордың мөлшері жеткіліксіз. ауыр гранулометриялық құрамды күңгірт қара қоңыр топырақтарда алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100 г топырақта - 25-30 мг-экв. болса, жеңіл гранулометриялық құрамды күңгірт қара қоңыр топырақтарда 15-20 мг. экв. 100 г. топыраққа.

2. Қуаң дала аймақшасының қара қоңыр топырақтары

Бұл аймақша күңгірт қара қоңыр топырақтар куаң дала аймақшасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 24, 3 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында кең тараған. Ақмола және Қостанай облыстарының оңтүстік бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде де бұл топырақ типшесі біраз ауданды қамтиды.

Топырақ түзуші тау жыныстары күңгірт қара қоңыр топырақтардың тау жыныстарына ұқсас. Жауын-шашын мөлшері 230- 250 мм, Ауаның белсенді температурасының қосындысын - 2500-2900 0 . Күңгірт қара қоңыр топырақты куаң дала аймақшасымен салыстырғанда жауын-шашынның азайып температураның жоғарлауына байланысты аймақшада өсімдіктер жамылғысы селдір-сирек таралған, негізінен жусанды бетегелі-бозды шөптер тобынан құралған.

Топырақтың қарашірінділі А қабатының түсі қара қоңыр, қалыңдығы 15-20 см, түйіртпектілігі шаңды-кесекті, В 1 -қабатының қалыңдығы - 20-25 см, түсі күңгірт күрең, түйіртпектігі призмалы- кесекті. Иллювиалды карбонатты қабат (В к ) өте тығыздалған және карбонаттар ақ дақтар ретінде жиналған.

Қара қоңыр топырақтың қарашірінділі А қабатында қарашірінді мөлшері 2, 5-3, 5%, жалпы азот 0, 150-0, 200%. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері - 15-25 м-экв. 100 г топырақта. Топырақ ертіндісінің реакциясы әлсіз сілтілі (рН 7, 3-7, 5), төменгі қабаттарда сілтілі (рН 8, 0- 9, 0) болып келеді.

Қара қоңыр топырақ типшесінің келесідей тектері бар: кәдімгі, карбонатты, кебірленген, тереңнен қайнайтын, толық жетілмеген, аз дамыған.

Қара қоңыр топырақтардың жеңіл гранулометриялық құрамды түршелері негізінен Павлодар облысында кең тараған. Ауыр гранулометриялық құрамды қара қоңыр топыраққа қарағанда, бұл топырақтардың құнарлылық көрсеткіштері төмен және гранулометриялық құрамы жеңіл болғандықтан топырақтардың біріккіштігі төмендеп жел эрозиясына төзімсіз болады.

3. Шөлейт дала аймақшасының ашық қара қоңыр топырақтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрғақ және шөл зоналарының топырақтары
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Қазақстан Республикасының климаты
Қазақстанның топырағы
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Қазақстанның климатына әсер етуші факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz