Қазақ тіліндегі англицизмдер (жарнама материалдары негізінде)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіліндегі англицизмдер (жарнама материалдары негізінде)

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді. .Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз - тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі.
Осындай кірме сөздердің бір тобы- ағылшын тілінен енеді. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер - қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.(Сервис, продюсер).
Соңғы 20-30 жыл бедерінде англицизмдер қазақ тіліне қарқынды əрі үлкен көлемде енгені соншалық, лингвистер оларды ағылшын - қазақ билингвизм құбылысы деп атап жүр. „Қазақ тілі- толерарантты тіл есептелгендіктен, қорына ағылшын, орыс тілді сөздерді қабылдауға бейім келеді",-дейді профессор Б.К. Момынова. Күнделікті пайдалынатын теледидар, газет-журналдар, БАҚ беттерінен төл сөздермен қоса англицизмдерді де кездестіруге аламыз. Мысалы,
Бүгін Jas Otan БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді(Facebook желісінен). Бұл сөйлемде брифинг -кірме сөз, яғни англицизм.
Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми - техникалық, əдебиет пен өнер т.б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мəніне байланысты интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Ондай сөздердің кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызды болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай жəне жиі қолданылатын сөздерге айналады. Мысалы, кастинг, шоу, видеоклип, компьютер, интернет деген сөздер бүкіл əлемге таралып, əр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр.
Ал А. М. Қызырова Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі атты диссертациялық жұмысында ағылшын тілінен енген сөздерді талдап, əр кəсіпке байланысты саралап, талқылап қарастырған: Мысалы:
Ақша жəне ақшамен байланысты ұғымдар: банкнот, инвестиция, депозит, пин код, банк, грин-кард, доллар, цент, шиллинг, пенс.
Ер адам ұғымын білдіретін синонимдер: күзетші-секьюрити, басқарма-менеджер, босс-шеф, жетекші-куратор-тьютор, іскер-бизнесмен, есепші-аудитор, ат қамінер-жокей, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т.б.
Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т.б.
Ойын: керлинг, хоккей, бокс, биллборд, боулинг, гольф, сквош, гейм, гандбол, футбол, кроссворд, аттракцион, крикет т.б.
Спорт: аквалангты пайдаланатын адам - дайвер, культуризм -бодибилдинг, ұзын қашықтыққа жүгіретін адам - стайер, қысқа қашықтыққа жүгіретін адам - спринтер, велосипед - байк т.б.
Ақпараттық терминдер компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі: геймер (компьютерлік ойындарды жақсы көретін адам), хакер, юзер (жеке компьютерді пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, т.б.
Хат-жазбалар: майл (компьютер арқылы жіберілетін хат), сайт, файл, емайл т.б.
Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т.б.
Компьютердің атауы немесе компьютерлік ақпаратқа қатысы бар құрамдық бөлшектердің аты: ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем т.б.
Компьютер арқылы жүзеге асырылатын іс-əрекет: принтовать ету, логиндау (пароль кіргізу), таймерлеу, Internet-браузер, Internet-магазин, Internet-провайдер, онлайн-сауда, дамп, хост, аудит, гамдеу(game ойын), уиндоусты меңгеру (Windows бағдарламасы) т.б.
Қазіргі тіл білімі ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек күніне 300 сөз қазақ тіліне енеді екен. Ол сөздердің басымы ағылшын тілінен енген. Ресей ғалымдарының пікірінше əсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді. Сол себепті де ағылшын тілін үйрену мәселесі- қазіргі таңда басты назарға алынуда.
Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер, ал семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл тілге енген сөздерді айтамыз.
Лексикалық англицизм
Семантикалық англицизм
Антропогендік фактор (human factor),
Демалыс күндер (weekend), сауық кеші (party), демеуші (sponsor), қолданушы (user).

Жаңа сығылған шырын (fresh), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдегі кірме сөздерді зерттеу мәселелері
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздер
Қазақ тіліндегі кірме сөздер
Ағылшын тілінің кірме сөздері
Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер
Тіл экологиясының қалыптасуы
Шет тіліндегі кәсіби бағытталған терминология
Қазіргі түрік тіліндегі ағылшын тілінен енген кірме сөздер
Ағылшын тілі біздің өмірімізде
Пәндер