Әлеуметтік мәртебе (статус) туралы қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің танымдық ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік мәртебе (статус) туралы қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің танымдық ерекшелігі.
Әлеуметтiк статус (мәртебе) - қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қандай да бір құқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. Әлеуметтiк статус- жеке түлғаның немесе қоғамдағы дәрежесінің, кәсібінің, білігінің, лауазымының, материалдық жағдайының, саяси ықпалының, іскерлік байланыстарының, үлтының, діншілдігінің, жасының, отбасылық жағдайының, туыстық байланыстарының интегралды көрсеткіші. Әлеуметтiк статус танылған, яғни, субъектінің өз қалауынсыз, әдетте, туа бітті (нәсіл, жыныс, жас, үлты) және жеке түлғаның өз күшімен қол жеткізген табыстары болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ жеке түлға аралас, яғни, жоғарыда аталған екі түрінен қүралған Әлеуметтiк статусқа ие болуы мүмкін. Әдетте жеке түлғаның бір мезгілде бірнеше әлеуметтік статусы болады, бірақ соның ішінде біреуі (мысалы, қызметі) негізгі болып табылады.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның əлеуметтік мінез-құлқы негізгі екі ұғыммен түсіндіріледі: Олар: "əлеуметтік статус" жəне "əлеуметтік рөл" . Енді бұларға толығырақ тоқталайық. Мысалы, əрбір адам əлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. Əрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ, оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы,директор, профессор сияқты əлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құлқы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мəнері) жəне басқа əлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-əрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады. Əлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі - қоғамнан берілген (предписание), екіншіадамның өз еңбегінің нəтижесінде қол жеткізген (приобретенный) статус. Қоғамнан берілген статус - бұл тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен, т.б. байланысты. Еңбегі арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор, т,б, Статустың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы адамның мəнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, əйел, бала, жасөспірім, қарт, т.б. ) Кəсібіне, қызметіне (лауазым) байланысты статус - тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі, Ол ересек адамның интегралдық статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның əлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі, орны (мысалы, дəрігер, инженер, мұғалім, банкир, т.б. ) жатады.
Әлеуметтік статус -жаңа заман мәселесі емес, бұл қоғамда әрқашан болған жайт десек те болады. Бұған дәлел ретінде ертеректегі адамдардың ақсүйек немесе кедей, бай не жарлы болып қоғамда бөлінуі. Халық ауыз әдебиетінде бұл тақырып жиі қозғалады. Мақал-мәтелдердің ерекше сарыны, бұл тақырыпты оданда аша түскендей.
Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыбы сан алуан. Әр оқырман өзіне қажеттісін таба алады. Бүгінгі күні көбімізді толғандырып жүрген әлеуметтік мәртебе, яғни статус мәселесі. Мысалы, Тең-теңімен, тезек қабымен, Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш баланы ойламайды, Бай мақпалын киеді, Кедей тапқанын киеді... Әлеуметтік мәртебе тақырыбына қатысты мақал-мәтелдердің астарында қоғамдық теңсіздік пен әлеуметтік орын кеңінен сөз болады. Қай кезде алмасақта, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Мақал - мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Мақал - сөздің мәйегі
Пәндер