Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер.

1.Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.
1917ж. 25 қазан айында большевиктер бастаған төңкеpiстiк күштеp жеңіске жетiп, Уақытша Yкiмет кұлатылып, мемлекет билігі Кеңестеpдiң қолына көштi. Қазан қарулы көтеpiлiсiнiң Петроградтағы жеңiсiнiң және орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен ipгелес ipi қалалар - Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханьда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкiл өкiмет билiгiнiң Кеңестер қолына өтуi үшiн шешуші маңызы болды. Казакстанда Кеңестердің орнауы 1917ж. қарашасынан 1918ж. наурызына дейiн созылды. Бұл процесс өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жеpгiлiктi жұмысшы табымен большевиктiк ұйымдардың сан жағынан аз әpi әлсiз болғандығынан, ұлтаралык катынастардың күрделiлiгiнен туған себебiнен шиелінесе түстi. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату iсiне Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, Я.В. Ушаков, А. Иманов, Т. Рыскулов, Т. Бокин, Т. Отепов және т.б. белсенді қатысты. Кеңес өкіметі орнауымен бip мезгiлде экономика мен мәдениетті кайта құру шаралары қолға алына бастады: өнеpкәсiп кәсіпорындарында бакылау енгiзiлдi, олар мемлекет меншігіне айналдырылды. Кеңестеpдiц Бүкiлpесейлiк II съезінде қабылданған жер туралы Декpеттi жүзеге асыру жөнiндегi алғашкы қадамдар жасала басталды. 1917 ж. қазанда Әулиеата, Перовск, Черняев, Казалы, Орал, Атырау, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Ақмола гарнизондары большевиктер жағына шықты. Казакстанның оңтүстік және солтүстiк облыстырында Кеңес Yкiметi бейбiт жолмен жеңiп шыкты. Өнеркәсіп орталықтары - Ташкенттiң, Омбының, Челябінің, Барнаулдың жақындығы, өнеpкәсiп және темipжол жұмысшылары санының басым болуы зор рөл аткарды. Сiбip, Орал, Жетісу қазақтары және офицеpлеpi мен кулактар бipiккен контрреволюциялык күштеp басым аудандарда Кеңес Yкiметi қарулы күpес нәтижесiнде орнатылды. 1917 ж. карашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық көтеріліс жасап, бүкiл өкімет билiгi қазақтардың Әскери Yкiметi қолына кeштi. Жетiсу әскери Yкiметi де бүкiл өкiмет билiгiн толык басып алды. Осы кезде кескiлiскен ұрыс нәтижесiнде Ташкентте Кеңес Yкiметi орнады, өлкенiң оңтүстiк және солтүстiк-шығыс аудандарында революцияның жеңiске жетуi үшiн оның зор маңызы болды. Казанның 30-да жұмысшы және солдат депутаттарының Перовск Кеңеа өкiмет билiгiн өз қолына алды. Черняевта Кеңес Yкiметi бейбіт жолмен орнатылды. 1917 ж. аяғында Торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кеттi. Карсыласушы күштеp арасында қарулы жанжал күшейді. Атаман А.И. Дутов баскарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә. Бекейханов баскарған Алашорда үкiметi, эссерлер мен меньшевиктер орталық Кеңес Yкiметiне қарсы бipiктi. Дутовтың буйрығы бойынша большевик С.М. Цвиллинг баскарған әскери революциялық комитет пен Орынбордың жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесiнiң мүшелеpi 1917 ж. Карашада қамауға алынды. Өз кезегiнде большевиктер де карулы күштерін құрды. Желтоқсан айында В.М. Чекмаров бастаған балтық теңiзшiлеpi азык-түлiк отрядының қолдауымен Костанайдығ жұмысшылары мен солдаттары өкiмет билiгiн өз қолына алды. 1918 ж. каңтарында болған Қостанай Кеңестер съезi бүкiл уезде Кеңес Yкiметiн орнату туралы шешiм кабылдады. Уездiк аткару комитетiнiң төрағасы болып Л.И. Таран сайланды. Осы уакытта Орынборда өкімет билігі Кеңестеpдiң қолына көшті. Актөбеде Кеңес Yкiметi орнатылып, 1905 жылдан партия мүшесi В.Ф. Зинченко Кеңестiң төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар Ырғыз және Торғай уездеpiнде Кеңес Yкiметi жеңiп шықты, онда А. Иманов, М. Кисилев, О. Асауов, т.б. елеулi рөл аткарды. Наурыз айында Верныйда Кеңес Yкiметi жеңдi. Осы аймакта Кеңес Yкiметi жолындағы күресте Л. Емелев, Т. Бокин, Т. Өтепов, және басқалар белсендi рөл атқарды. Көктемде барлық Жетісуу облысында Кеңес Yкiметi жеңіп шықты.
2. Қазақ елі ақтар мен қызылдар күрестері жылдарында.
Қазан төңкерісінен кейін Ресейде басталған Азамат соғысы, яғни ақ пен қызылдар соғысының зардабы Қазақстанды да шарпыды. Қазақ үшін ағы кім, қызылы кім - түсініксіз еді. Ағы кеп қазақ ауылын бір шапса, аққа көмек көрсеттің деген желеумен қызылы екі шапты. Зардап шеккен - жергілікті халық. Түсі мен идеологиясы өзгерген ақ пен қызыл қазақ үшін сол орыс еді. Қызылдармыз деген бет пердені жамылған большевиктер 1916 жылғы көтерілісте қазаққа кеткен кегіміз деп кей ауылдарды жермен жексен еткені де ақиқат. Азамат соғысы кезінде көшпелі қазақтардың арасында азық-түлік салығы қатаң жүргізілді. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі халықтардың малын күштеп тартып алу үйреншікті әдетке айналады. Астық екпейтін аудандарға астық салығы салынады.1916 жылы басталған дүрбелең 1920 жылға дейін қазақ ауылдарын сансыратты. Әсіресе азамат соғысының зардабы қазақтарға өте ауыр тиді.
3. Қазақ АКСР және Түркістан Республикасы.
Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халықтармен қатар қазақ елі де азаттыққа ұмтылды. Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болып табылады. Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ. 1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты. 1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.А.Радус-Зенькович болды. Съезде Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924) болып белгіленді. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-нің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 жылы соғыс коммунизм саясатының орнына жаңа экономикалық саясат енгізілді. 1921-1922 жылдары жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың гектардан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 жылы 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларының ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімшілігі кіргізген киргиз деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті. Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал облыстарынан және республика Үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді. 1928 жылы Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар, 5 кеңшар құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 жылы 13 округ құрылды. 1929 жылы мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 жылы жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Қазақ саяси партиясы
Қазақ облыстарының автономиясын құру
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Ақпан революциясынан кейін
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Пәндер