Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
2 апта
Пән: Экономика негіздері және кәсіпкерлік
Топ: ИЯ 19-04-03
Студент: Құрал Аружан
Тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
1.Меншік категориясының экономикалық және құқықтық мазмұны
Меншік - қоғамдық құрылыстың негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену - шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік - заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1.Иемдену - затты өз игілігіне пайдалану.
2.Жатсындыру - меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4.Қоғамдастыру - еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйымдастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құралжабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда табудың қайнар көзі ретінде саналады. Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік - бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын сипаттайды. Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп түсінуге болады. Меншік нысаны меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді. Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады.
Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі - не, қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді, пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:
1) Иемдену - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі.
2) Пайдалану - белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
3) Билік ету - мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі. Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны бір буда құқық немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:
1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы;
2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген құқығы;
3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі жөніндегі құқығы;
4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Меншіктің экономикалық мазмұны
Жер нарығы
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Экономикалық жүйедегі меншік
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Пәндер