Маймылдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: “Маймылдар”

Орындаған: Мамытақынова Гүлайым
БЭК 3 курс 1 топ

Тексерген: аға оқытушы
Сексенова Дана

Алматы 2012 ж.
Маймыл – приматтар отрядына жататын ең жоғарғы сатыдағы сүтқоректі.
Маймылдар және адам тәрізді маймылдар отряд тармағын құрайды. Бұлар 2 топқа
бөлінеді. Кең танаулы маймылдар Оңтүстік және Орталық Американы, ал тар
танаулы маймылдар Азия мен Африканы мекендейді. Құрылысы, тегі жөнінен
адамға тар танаулы маймылдар жақын. Бұларға гиббон, шимпанзе, орангутан,
горилла жатады. Олардың дене тұрқы 15 см-ден (ергежейлі игрунка) 2 м-ге
(горилла), салмағы 400 г-нан (игрунка) 180 кг-ға дейін болады. Маймылдардың
көпшілігі (жерде жүретін павиан, горилладан басқалары) ағашқа өрмелеп,
бұтақтан бұтаққа секіріп, ағаш басында тіршілік етеді, сондықтан бас
бармағы, үлкен башайы қалған саусақтарына қарама-қарсы біткен. Орманды,
орманды таулы жерлерде мекендеуіне байланысты көру, есту қабілеттері жақсы
жетілген, иіс сезімі нашар дамыған. Маймылдар миының көлемі, салмағы, даму
дәрежесі жөнінен басқа сүтқоректі жануарлар арасында жоғары сатыда. Жоғарғы
сатыдағы маймыл тәрізділер таяқты, тасты, т.б. қорегін алуға, жауынан
қорғануға құрал ретінде пайдалана алады. Маймылдардың көптеген мінез-құлқы
(ренжу, қуану, т.б.) – адамның мінез-құлығына ұқсас. Маймылдар өздері
мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Көбіне
ағаш бұтағы арасына бұтақты иіп күрке салып түнейді. Қорегі – өсімдік
жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса
жәндікқоректілер. 4 – 10 ай көтеріп 1, өте сирек жағдайда 2 – 3 ұрпақ
әкеледі. Маймылдарды аулайды, хайуанаттар парктеріне, үйде ұстауға сатады.
Африка мен Азия тұрғындары етін жейді, терісінен түрлі бұйымдар жасайды.
Қазіргі кезде маймылдар Азия, Африка, Американың тропиктік және
субтропиктік аймақтарында, Зонд архипелагы мен Филиппинде тараған. 200-ге
жуық түрі белгілі. Олардың 62 түрі мен тармағы қорғауға алынып, Халықаралық
табиғат қорғау қоғамының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазақстанда
хайуанаттар саябағында ұсталады.
Кеңтанаулы маймылдар, Америка маймылдары (Platyrrhіna) – адам тәрізді
маймылдардың жеке бір тобы. Кеңтанаулы маймылдар эволюциялық даму кезінде
тартанаулы маймылдардан бөлек өз алдына жеке дамыған. Кеңтанаулы маймылдар
палеоген және геоген кезеңдерінде Еуропа мен Солт. Америкада кеңінен
таралған, ал қазіргі кезде олар Оңт. және Орт. Америкада, Африка мен Оңт.
Азияда кездеседі. Ағаш басында тіршілік етуге бейімделген. Кеңтанаулы
маймылдардың танау тесіктерін бөліп тұратын перде жалпақ, ал танау
тесіктері кең әрі екі бүйіріне қарай ашылған. Құйрықтары денесінен едәуір
ұзын, әрі ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Оларда ұрт қалтасы,
мықын сүйегіндегі сүйелді мүшелері болмайды. Денесінің ұз. 24 – 90 см.
Кеңтанаулы маймылдар ағаштан ағашқа секіруге және ағаш басында жылдам
өрмелеп жүруге бейімделген. Құлақ қалқандарының пішіні бір-біріне ұқсас,
дөңгеленіп келген беттерінде түктері онша қалың емес, бас сүйегі едәуір
үлкен болады. Кеңтанаулы маймылдар көбіне өсімдік текті қоректі
пайдаланады, кейде жәндіктерді де, ұсақ омыртқалы жануарларды да қорек ете
береді. Саусақтарындағы тырнақтары жақсы жетілген және 36 тісі болады.
Кеңтанаулы маймылдардың 60-қа жуық түрі екі тұқымдасқа (оралмақұйрықты
кеңтанаулы маймылдар м. және ойыншыл кеңтанаулы маймылдар.) жіктелген.
Олардың 18 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”
енгізілген.
Ойыншыл маймылдар - мормозеткалар. Дене ұзындығы 15 тен 25 см дейін,
құйрығы 25-40 см. тұсі әртүрлі. Көпшілік тұрінің жүні сұр, күміс түсті,
қоңыр, қара; жақ жүндері, (бакенбардалары) жақсы жетілген, құлағының
маңайында өте ұзын бір шоқ ақ түктері бар, мойнына жал біткен. Құйрығында
ақ, қара көлденең жолақтар байқалады. Оңтүстік Американың тропикалық
ормандарында маймылдардың 8 түрі белгілі. Ағаштың ең биік басында топтасып,
(8-12) өмір сүреді. өсімдік пен жәндіктер аулап, азықтанады. Аққұлақ, сары
бас, (С. flaviceps) күміс түсті, (С. argentata) және ақ иық, (С.
humeralifer) маймылдары ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.
Шала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар
Адам эволюциясы
Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны
Адам мен омыртқалы жануарлар құрылысының жалпы ұқсастығы
Антропология ілімі
Кеңтанаулы маймылдар
Хайуанаттар ақылы
Адамның шығу тегі
Адам эволюциясынын факторлары
Жасанды сұрыптау
Пәндер