Әлеуметтану ғылымы және оның құрылымдық деңгейлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

images.jpg

Практикалық жұмыс.

Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Курс: 1

Пән: Әлеуметтану.

Тақырыбы: Социология ғылымы және оның құрылымы.

Орындаған: Асан Мөлдір.

Тексерген: Дабылтаева Макпал Мамедалиевна.

Алматы 2021.

Социология ғылымы және оның құрылымы.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.

Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.

Әлеуметтік білім -теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т. б. ) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т. б. ) арқылы іске асырылады.

Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық - ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану - ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

Бұрынғы КСРО-да әлеумет тануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм- бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстратылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М. Вебер, Э. Дюркгейм, К. Маннгейм, Т. Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада: жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т. б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.

Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы: пәні, объектісі, заңдары мен деңгейлері
Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен білім деңгейлері
Әлеуметтану ғылымы: объектісі, пәні, құрылымы және функциялары
Ағза және оның құрылымдық деңгейлері: жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйелері
Әлеуметтану ғылымы: объектісі, пәні, әдістері және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
Әлеуметтану тарихы және оның негізгі даму кезеңдері
Көбею түрлері және тіршіліктің құрылымдық деңгейлері
Тіршіліктің құрылымдық деңгейлері және биосфера мен ноосфера концепциялары
Әлеуметтану ғылымы: объектісі мен пәні, құрылымы және басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz