ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары


Семинар
Тақырыбы
: ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Орындаған:
Тексерген:
Қамтитын сұрақтары:
1 . Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі. Ашаршылықпен күрес
2. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері және олардың қуғындалуы
3. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары. Аштықтың демографиялық салдарлары
4. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы. Мәдениетте большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы және рухани қасіреті
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.
Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті "Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы" заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды. Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей аумағын түгел қамтыған "Жер кодексін" қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие болды. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз етілмеді.
Ашаршылықпен күрес
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада
көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа
дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Қара мал ноябрь (1920 ж. - С. Н. ) басынан-ақ қолға 1921 жылы аштықтың қарады. Елде пішен аз. Ет жайлап бара жатқанын салығын айтып, дабыл қаққан ел беріп жатыр. Мал мен газеттердің бірі - «Ақ жанға ауыртпашылық бірдей жол» газеті. Оның түсіп, шаруа күйзеліп тұр»
беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер
жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Аштық кезінде Жетісу өңірінен жиналып алынған өнім көлемі Астық кептірілген тары мал басы жеміс 1652645 пұт 2876 пұт 293040 пұт 520864 Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж. ж. ашаршылықтың шығуына екі себеб, олар: Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз
ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Мысалы, Қостанай губерниясында аштыққандар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмған.
Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық- түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Моңғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және
5 000 ірі қара сатып алды Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мәселен, Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері
Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік
консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы
амбулатория берді.
2.
Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты.
Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына
жатқызады. Ресейде индустрия 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында
дамыды. 1920 ж. 20 жылдардың аяғынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық
режим халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейін күрт шектеу, шаруаларды
қанау есебінен индустрияландыру саясатын жүргізді. Қазақстан осы кеңестік
дәуірде аграрлы-индустриялы елге айналды.
Қазақстандық экономиканың шикізаттық бағыты, оның құрылыстағы көптеген
кемшіліктері мен олқылықтары, сондай-ақ демографиялық проблемалар,
ұлтаралық қатынастар, әлеуметтік топтар мен таптардың даму проблемалары
бүгін күні туындаған жоқ. Бұл проблемалардың алғы шарттары ұзақ жылдар
бойы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі жылдары, әсіресе елді
индустрияландырумен тікелей байланысты кеңестік кезеңде қалыптасты.
Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ
өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері
шикізаты және егіншілік азық-түлігін дайындайтын кәсіпорындар еді. Ал
көмір, мұнай, түсті металлдар және басқа да пайдалы қазба көздері енді
зерттеле бастаған-ды. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз
жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының,
техника, механизмдердің және қаражаттың жетіспеушілігі қосылды.
Бұл қиыншылықтар 1920 жылдар мен 1930 жылдың басында Қазақстандағы
қоғамдық-саяси күштердің арасалмағының күрделі орналасуы, ұлттық жұмысшы
кадрларды қалыптастыру мен республикадағы индустрияландыру мәселесі
төңірегінде таласты пікірлер туғызды. Соған байланысты мынадай көзқарастар
мен ұстанымдар пайда болды.
Бірінші ұстаным: түйеден социализмге өтудің мүмкін еместігі және
көшпелі өмір сүру салты - қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан
индусрияландыру оны ұлттық тұрмыс-салтынан айыратындығына саяды.
Осылайша бұл категориядағы адамдар тобы шын мәнісінде индусрияландыру
саясатын қабылдамады;
Екінші ұстаным: индустрияландыруды орнату, жұмысшы табын жасау
табиғаттан тыс, ғажайып құбылыс, Қазақстан үшін іске аспайтын дүние,
артта қалған көшпелі халық ғажайып индусрияландырудың қарқынын көтере
алмайды, қазахизация өндірісті тым қымбаттатып жібереді, ал қазақ бәрібір
жұмыс ісетемейді, оны даласы өзіне тартып тұрады т. б.
Үшінші ұстаным: одақ құрамындағы республиканың перспективалық даму
идеясын қолдады, бірақ оның ерекше мүдделері ескерусіз қалды. Олар ауыл
шаруашылығымен байланысты партия қолға алған шикізат базасы ретінде ұсақ
өнеркәсіп жұмысын жақсарту және ұлғайту бағытының дұрыстығын жақтады. Бұл
топтағылар Қазақстанның халық шаруашылығы дамуындағы шикізаттық бағытты
қолдады.
Төртінші ұстаным: шеткергі аймақ тек шикізат көзі ретінде қалмауы
керек және индустрияландыруды жүргізу барысында республиканың
ерекшеліктерін ескеру қажеттілігіне баса көңіл аударды. Алғашқы екі
көзқарас өміршеңсіздігін көрсетті. Соған орай соңғы екі көзқарастағылар
арасына күрес күшейді.
Бүгін араға жылдар салып, бұрынғы одақтағы басқа республикалар мен
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында ірі, әрі күрделі
кемшіліктерге жол берілгені айқын көрінді. Олардың бәрі халықтар теңдігі
мен достығы және ынтымақтастығы туралы көтерілген ұрандарға қарамастан
орталықтың шикізат көзі болып қала берді. Олардың бұрынғы одақтағы басқа
аймақтармен экономикалық байланысы үзіліп, біржақты экономикаға бағыт алды.
Мұның бірі елдің ұлттық-мемлекеттік құрылысындағы дөрекі деформацияның
(өзгеріс) зардаптары болды. Федерация унитарлы мемлекетке ауыстырылды, онда
көбіне ұлттық мүдде еленбей, жалпыодақтық мүддеге басымдық берілді.
Кеңес қоғамындағы өзгерістер 1920-1930 жылдары қалыптасқан
тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету
арқылы іске асырылды. Бұл әсіресе, жер мәселесінде, ауыл шаруашылығын
ұжымдық негізде күштеп қайта құру, индустрияландыру саясатында айқын
көрініс берді. 1920-жылдардың екінші жартысынан бастап қоғамды әбден
жайлап алған өте қатал әкімшіл- әміршілдік террор жергілікті халықтарды
индустрияландыру жолына түсіру идеясын бұзып қана қойған жоқ, сонымен
бірге оның аймаққа пайдалы жақтарын да жоққа шығарды. Сөйтіп,
шаруашылықтың қандай саласы болмасын экономикалық заңдылықтарға жатпайтын
Ұлы өзгеріс шаруашылықтағы бұрыннан қалыптасқан жүйені бұзып, қоғамды
әртүрлі қиыншылықтарға ұрындырудың алғы шарттарын жасап берді.
КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе
түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды
іздеу кеңіне өріс ала бастады. Осылайша, 1920 жылдың соңы 1930 жылдардағы
тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді.
1925-1933 жж. Қазақстанды басқарған Ф. И. Голощекиннің саясаты ұлттық
интеллигенция өкілдерін жаппай қырып-жоюға ұласты. Оның саясатына қарсы
шыққан қоғам және мемлекет қайраткерлері С. Сәдуақасов, Т. Рысқұлов,
Н. Нұрмақов, С. Қожанов т. б. жауапты қызметтерінен босатылып, республикадан
тыс жерлерге аластатылды. Осындай ауыр саяси ажағдайдың қалыптасуына
Орталықтағы троцкийшілдерге, Г. Зиновьев пен Л. Каменевтің жаңа
оппозициясына, Н. Бухариннің оңшыл бағытына қарсы жүргізілген жаппай
саяси қуғын-сүргін өте қатты ықпалын тигізді. Қазақ зиялыларының
көзқарастары ұлтшылдық, ұлтшыл-ауытқушылық ретінде айыпталды
Түптеп келгенде, 1929-1931, 1937 жылдардағы зобалаң ұлттық
интеллектуалдық әлеуетіне қанша зардап әкелсе, ғылыми-техникалық прогресс
заманындағы кедейшілік қуғын-сүргіннің ұзаққа созылған екінші нұсқасы еді.
Мұның бірі із-түзсіз кетпеді. Бүгінде Байқоңырды, ірі кен орындары мен
зауыттарды шетелдік инвесторларға жалға беруіміздің себебі, біріншіден
қаржымыздың тапшылығынан болса, екіншіден істі жаңаша жүргізіп кетуге даяр
мамандарымыздың жоқтығынан екенін мойындауымыз керек [3, 178 б] .
Ф. И. Голощекин қазақ ұлтынан шыққан коммунистерге сенімсіздікпен
қарады. Қазақ коммунистерін үш топқа бөліп, біріншілерін тәрбиеге көнбейтін
ұлтшыл уклонистерге, екіншілерін ебін тауып екі асайтын, жағдайға
байланысты құбылып отыратын ешкіемерлерге, үшіншілерін бүкіл қателіктер
үшін жауапкершілікті Голощекинге аударғысы келетіндерге жатқызды [4, 225б] .
Голощекин кіші қазан бағытына сәйкес индустрияландыру идеясын
қорғады. Осы бағытқа қарсы топтың қатарында болған жетекшілердің бірі
С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев, Т. Рысқұлов т. б. қазақ зиялылары өнеркәсіпті
шикізат көзін жақындату идеясын қорғады. 1930-1940 жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, қордаланған мәселелерді шешуде шешуші жылдар болып белгіленгені тарихтан белгілі. Осы мақсатта бесжылдық жоспарлар қабылданды. Бірақ бұл он жылдықта барлық мәселелер шешілді деп айта алмаймыз.
1929 жылдан бастап елдің шаруашылығын дамытудың бесжылдық
жоспарлары енгізілді. Бірінші (1928-1932 ж. ж. ), екінші (1933-1937 ж. ж. )
және үшінші (1938-1942 ж. ж. ) бесжылдық жоспарларда басты назар ауыр
өнеркәсіпті дамытуға бөлінді. Қарқын бәрін шешеді деген ұран негізге
алынды. Жоспарлар шақыруға арналды. Жаңадан жасалынған жоспар өмірдің
шындығына сәйкес келмеді. Өнеркәсіпорындарының мүмкіндіктерін есепке
алмағандықтан, қайта оны құртуға жол берді. Жүздеген обьектілер құрылысы
басталғанымен шикізаттың, отынның, құрал-жабдықтардың, жұмыс күшінің
жетіспеуінен тоқтап қалды. Сонымен біздің тарихымызда қателіктер мен қиындықтар аз болған жоқ. ХХ ғасырдағы реформалар тарихы осыны дәлелдейді. Соңғы кездегі ауыл
шаруашылығын жекешелендіру тұсында өрескел қателіктер орын алды.
Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік -
экономикалық дамуын межелеген мерзімді бірінші бесжылдық жоспары (1929-
1932жж) . БК(б) П 15-сьезінің шешімдері негізінде жасалды. Бесжылдық
міндетіне сәйкес ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүргізілді.
Өндіріс орындарын дамытуға баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде
Қазақстанда 40-қа жуық өнеркәсіп орны салынып, оның ішінде Риддер қорғасын
заводы, Қарсақпай мыс қорыту заводы, Қарағандыда бірнеше көмір өндіру
шахталары іске қосылды. 1706 км. темір жолы салынды. Түркістан - Сібір
(Түрксіб) жолымен жалғастырған Ақмола темір жолдары пайдалануға берілді.
Қазақстанда әуе көлігі пайда болды. Екінші бесжылдық жоспары (1933-
1937жж. ) БК(б) П 17-сьезінде (1934ж) . бекітілді. Бұл жоспар бойынша
Қазақстанда Шымкент қорғасын заводы, Ақтөбе химия комбинаты, Алтай, Ащысай
полиметалл комбинаттары салынып, іске қосылды[24, 300б] .
Бірінші бесжылдық жоспарды жасаушылар: Рыков (Халық Комиссарлар
Кеңесінің төрағасы), Кржижановский (Мемлекеттік жоспар төрағасы), Куйбышев
(Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі (ВДНХ) төрағасы) өнеркәсіптің даму
қарқынын белгілеуде ойлары бір арнаға тоғысты.
Бұл жоспар ЖЭС қағидаларына негізделіп жасалды. Міндет капиталистік
қоршауда отырып, жан сақтап қана қоймай, еңсе көтеріп, ілгерілеу болды.
Бірінші бесжылдықтың алғашқы бағыты ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, яғни
жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ
шаруашылық құру және елді жаппай индустрияландыру болды.
Қазақстан экономикасында бұрынғысынша ауыл шаруашылығы басымдық
танытты. Сонымен бірге жаңа экономикалық саясат жағдайында өлке
экономикасында елеулі өзгерістер болғанын атаған жөн. Иесіз қалдырылған
шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан іске қосылды, кооперативтік өндіріс
жұмыстары жанданды. Ол 1926 жылы Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен
бірін берді. Сауда жандана түсті, Шаруашылық есепті, өзін-өзі өтеуді, өзін-
өзі қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық
саясат арасында дамуына игі әсер етті.
Қазақстанда халық шаруашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді
индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-
жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт,
фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы
КСРО-ның шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді.
Қазақстан жерінде кәсіпорындардың салынуы кенжелеп қалған шет
аймақтарды өндірісі дамыған орталық аудандармен байланыстыру, солармен
теңестіру ұранымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет
аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін
тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар
болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс
орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды.
Индустрияландыру жағдайында жұмысшылар алдында қыруар міндеттер тұрды.
Алдымен, аймақтың техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою
міндеті алға шықты. Осы міндетті шешу үшін Қазақстан елді
индустрияландырудың жалпы одақтық бас жоспарына енгізілді. Социалистік әдіс
бойынша индустрияландыруды жүзеге асыру ауыр өнеркәсіптің жетекші
салаларын, ең алдымен машина жасау саласын дамытуды, шахталар мен
кеніштердің, жергілікті ресурстарды пйадалануға негізделге барлық өнеркәсіп
салалары кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуды,
халық шаруашылығының мұқтаждарына қажетті темір жолдар мен техникалық
байланыс құралдарын орнықтыруды талап етті. Ол үшін бұрынғы халықтарды
кеңінен тарту жолымен жұмысшылар мен өндірістік - техникалық зиялылар
кадрларын қалыптастыру қажеттілігін туғызды.
Қазақстанның экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да артта қалуы
көптеген қиыншылықтарға әкелді. Жаңа экономикалық саясаттың тоқтатылуы,
халық билігінің жеке билікпен ауыстырылуы, әміршілік-әкімшілік басқару
әдісінің енгізілуі елдегі жағдайды бұрынғыдан да ушықтырып жіберді. КСРО-
дағы жаппай жазалау шаралары мен сот процестерінің көшірмесі басқа одақтас
республикалар сияқты Қазақстанда жасалды.
Республикадағы индустрияландыруды іске асыру кезінде жергілікті
партия, кеңес, шаруашылық кадрларының қазақ өлкесі экономикасының алдымен
өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымын қайта қарау қажеттігі
туралы қазақ зиялыларының пікірлерін Голощекин, Құрамысов т. б. жергілікті
ұлтшылдық көріністері деп, ал жоспарлаушы органдардағы бірқатар мамандардың
өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек ресурстарының дәрежесіне сай
келетін индустрияландыру барысы туралы шақыруларын ұлыдержавалық шовинизм
көрінісі деп санады. Табиғи ресурстарды игеру, индустрияны қалыптастыру, республиканың бет- әлпетін түбірінен өзгерту, өнеркәсіпті қажетті жабдықтармен қамтасыз ету арқасында шаруашылықы пен мәдени құрылыс бағдарламасын іске аысруға барлық халықтардың бірлесіп қатысуы негізінде іске асырылды. Елді, соның ішінде
оның шет аймақтарын индустрияландыру ең алдымен шаруалардан алынатын
алымдар мен үстеме салықтар есеьіген жүргізілді. Ол әміршіл-әкімшіл
әдістермен - директивалық жоспарлау, орталыққа сөзсіз бағындыру арқылы іске
асырылды. Экономикалық өмірдің барлық жақтарын жаппай қоғамдастыру және
мемлекет иелігіне қарату - республикалардың барлық жинақтаған қорларын
мемлекеттік бюджетке қосыпа лу, яғни ьонап алу, РСФСР қорынан, одақтық
бюджеттен берілген сияқты етіп, республикалардың өз қорынан субсидиялар
мен дотациялар түрінде қаржы бөлу, өндірісті, өнімді өткізуді және
жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру және т. б. амал- тәсілдер
индустрияландырудың шамадан тыс жоғары қарқынын қамтамасыз етуге тиісті
шаралар еді. Жаппай жазалау саясаты - дүниеден тікенекті сыммен бөліп тастаған лагерьлерді қаптату, көшпенділердің ғасырлар бойы қалыптасқан
тұрмыс салтын күшпен күйрету, халықтардың дәстүрлерін қирату, ақзақ және
бсқа аймақтар шаруаларының қайыршылануы мен аштыққа ұшырауы, халық күшін
барынша титықтату - елді индустрияландырудың аса қайғылы, азапты жолына
айналды. Тоталитарлық режим, ашаршылық пен қайыршылық, зорлық-зомбылық пен
заңсыздық жағдайында жұмысшы табы өзінің қаһармандық еңбегімен тарихи
қысқа мерзім ішінде оразан үлкен материалдық қазыналар, өнеркәсіп
мүмкіншілігін жасады. Көп ұлтты ұжымдар өсіп шығып, адамдарының туысқандығы
нығайды. Елдің басқа да индустриялы аймақтарымен Қазақстанның экономикалық
байланыстары орнықты. Қазақстандағы индустрияландыру ісінде белсенділік танытқан қазақ зиялыларының бірі - Т. Рысқұлов. Ол БКП (б) ОК-нің ұйымдастыру бюросының
шешімі бойынша 1926 жылы наурызда қазақ өлкелік партия комитетінің қарауына
жауапты жұмысқа жіберіледі. Ол 1926 жылы сәуірде өлкелік Еңбекші қазақ
газетінің жауапты редакторы болып тағайындалып, республиканың саяси және
мәдени, шаруашылық өміріне белсене араласып, газет бетіне осы мәселелер
төңірегінде мақалалар жариялауға себепші болды. Өзі де экономикалық
жағдайға байланысты мақалаларын жариялап отырды.
1926 жылы 31 мамырда Тұрар Рысқұлов БКП (б) ОК-нің қаулысы бойынша
РСФСР Халық Комиссары Кеңесі төрағасының үшінші орынбасары болып
тағайындалып, бұл қызметті 11 жыл бойы, яғни 1937 жылдың жазына дейін
атқарды. Осы жауапты қызметте он бір жылдан аса жүріп, шаруашылық өмірінің
көптеген шараларына жетекшілік жасады. Атап айтқанда, Ресей үкіметі
жанындағы мақта жөніндегі кеңестің төрағасы коммуналдық шаруашылығы бас
басқармасының жетекшісі, Түркісіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің
төрағасы, РСФСР экспорттық кеңесінің бастығы, республиканың экономикалық
кеңесі жанындағы кәсіпшілік кооперация комитетінің төрағасы және т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz